Коммутация әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 17:14, курсовая работа

Описание

Бұл жұмыста симметриялы xDSL технологияларының өмірге келуінің алғышарттары, олардың орнын басқан технологиялардын артықшылығы, жұмыс істеу механизмдері, қолданылатын компоненттер, іске асырылатын операциялар, оның кемшіліктері және т.б. ерекшеліктері жайлы мәліметтер келтірілген. Бұл технологияның қолданылу аясы, басқа xDSL технологиялардан ерекшелігі, классификациясы туралы айтылады.

Работа состоит из  1 файл

doc.doc

— 705.50 Кб (Скачать документ)
  1. Байланыстың жоғары жылдамдығы.

хDSL технологиясы кеңжолақты технологиялар класына  жатады. Ол ақпаратты тарату жылдамдығын 128кбит/с-тен 13 Мбит/с-ке дейін жететін байланысты қамтамасыз ете алады;

  1. Қосылыстың оңайлылығы.

Коммутациялық қосылысқа қарағанда, хDSL технологиясының  қосылу процедурасы тек қана бір  қосымша этапты, АТС-ты сандық құрылғыға  ауыстыруды, қажет етеді. Қалған процедураларды абонент өзі-ақ жасай алады.

хDSL аббревеатурасында  «х» символы нақты DSL технологиясының  түрін білдіреді, ал DSL – digital subscriber line – сандық абоненттік линия деген сөзді білдіреді. DSL  технологиясы көптеген түрлерге, көптеген параметрлері бойынша бөлінеді (2.2-сурет).

                 2.2-сурет

 

Әр түрін  жеке қарастырайық.

HDSL(High Bit-rate Digital subscriber line – жоғары жылдамдықты сандық абоненттік линия).HDSL технологиясы деректер таратудың симметриялық желісін ұйымдастыруды қарастырады, яғни пайдаланушыдан желіге таралатын және желіден пайдаланушыға таралатын деректер жылдамдығы бір-біріне тең. Деректер тарату жылдамдығының арқасында (екі қоссым бойынша 1,544 Мбит/с және үш қоссым бойынша 2,048 Мбит/с) телекоммуникациялық компаниялар HDSL технологиясын T1/E1 желілеріне альтернатив ретінде қолданады

HDSL технологиясының артықшылықтары:

1)Сигналды адаптивті  сандық өңдеу технологиясының  арқасында байланысты таратудың  сапасы артады;

2)Симметриялаусыз  және параметрлерді терусіз көпсымды телефондық кабельдерінің екі жұбы арқылы сигнал жіберу мүмкіндігі;

3)Регенераторлардың  қолданбауы салыстырмалы алыс  қашықтықта жүйенің сенімділігі  мен өнімділігін арттырады;

4)HDSL құрылғылары үшін қосымша диагностикалық аппаратура кажет емес;

5)Алдыңғы қатарлы  схемотехника HDSL-линияларының бөгеулерге жоғары шыдамдылығын қамтамасыз етеді, HDSL-дың қателік коэффициенті сигналды процессорларды және сигналдарды адаптивті өңдеуді қолдануының арқасында оптоталшықтық линиялардікімен шамалас.

SDSL (Simmetrical/single pair DSL – симметриялық/бір жұпты сандық  абоненттік линия).Бөлек, өзінші  технология болып саналатын, сигналды  жеткізу үшін бір жұп сым  пайдаланылатын, HDSL технологиясының нұсқасы. Іске асырылатын жалдымдық – 128-ден 2323 кбит/с дейін. Тарату әдісі - 2B1Q. Қолданылу аймағы – жеке алғанда, LAN желілерін телефондық линиялар арқылы байланыстыру.

IDSL (ISDN DSL). Стандартталмаған сигналды бір жұп мыс сым арқылы 128 кбит/с жылдамдықпен тарататын технология. Технологияны реализациялау кезінде эхокомпенсациясы бар 2B1Q жеткізу әдісі қолданылады және ISDN желілірендегідей модемдер мен терминалды адаптерлер қолданылады, бірақ IDSL технологиясы, ISDN-ге қарағанда провайдермен тұрақты байланыс режимін ұстап отырады. IDSL бір уақытта ақпарат пен сөзді үлкен арақашықтықтарға(40км дейін) бір жұп сым арқылы жеткізуді ұйымдастыруда қолданылады.

MDSL (Moderate Speed DSL – орташа жылдамдықты сандық абоненттік линия).SDSL технологиясының орташа жылдамдықты түрі (384-тен 1168 кбит/с дейін). Технологияда жеткізу жылдамдығы байланыс жағдайына адаптация жасайтын 2B1Q коды қолданылады.

MSDSL (Multirate Symmetrical/single pair DSL – көп жылдамдықты симметриялы сандық абоненттык линия). SDSL технологиясының жылдамдығы 144-тен 2320 кбит/с дейінгі аралықтағы түрі. MSDSL технологиясының реализациясы байланыс жағдайларына жылдамдықты САР модуляция арқылы адаптация қолданылады.

SHDSL (Single-pair High-speed DSL – бір жұпты жоғары жылдамдықты сандық абоненттік линия).ITU-T-мен стандартталған (Рек. G.991.2) бір жұп сым арқылы 192-ден 2320 кбит/с жылдамдықты сандық ақпаратты таратуды қамтамасыз ететін технология. Екі жұп сым арқылы 384-тен 4640 кбит/с жылдамдықпен жұмыс жасау мүмкіндігі қарастырылған. Жиіліктер жолағы 0,05...0,35 МГц. ТС-РАМ тарату әдісі SHDSL технологиясының құралдарының ISDN, HDSL, ADSL жүйелерімен бір кабель арқылы жұмыс жасағанда спектральді сәйкестігін қамтамасыз етеді. Технологияға АТМ, ІР, Frame Relay траснпорттық технологияларының базасында МСС-те жұмыс жасау мүмкіндігі енгізілген.

HDSL2/4.ANSI (T1.TRQ.06-2001)-да стандартталған T1 ағынын бір немесе екі жұп сым арқылы тарататын және SDSL технологиясының аналогы болып табылатын 1,5 Мбит/с жылдамдыққа дейінгі сигналды тарату технологиясы. Қолданылатын тарату әдісі – TC-PAM.

VDSL (Very high speed DSL – өте жоғары жылдамдықтағы сандық абоненттік линия).Асимметриялы VDSL-жүйесінің, ETSI ұйымының ТS 101 270 стандартында көрсетілген, симметриялы жұмыс жасау режимі. Жай мыс сымдық жұпта сандық ағынның таралу жылдамдығы 13Мбит/с дейін жетеді.

 

2.3 xDSL технологиясының қолданылуы

 

xDSL – бөлінген (коммутацияланбайтын) желілерді қарапайым телефон желісі көмегімен ұйымдасытыру үшін пайдаланылады. Коммутацияланатын модемдерден айырмашылығы – басқа жиілік диапазонын қолданады,  және де телефон желелері бойынша сигнал тек АТС-ке дейін ғана беріледі. Көбінесе бір уақытта мәліметтермен алмасуды және телефон желісін пайдалануды қамтамасыз ете алады.

xDSL көптеген салаларда қолданылады:

Телефония - HDSL және  SDSL жүйелерінің басты қолдану  аймағы. Жүйелер бір сымнан  30 жұмыстық линияға дейін байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты жіберу. xDSL технологиялары глобальді (WAN) және локальді (LAN) желілер арасындағы байланыста қолданылады.

Сымдар байланысы  жеткіліксіз аймақтарда  xDSL  қарапайым телефон немесе ISDN-мен қатар сол бір ғана сым арқылы жұмыс істей алады.

 Деректерді  жоғары жылдамдықты тарату мүмкіншіліктері  көп жылдары мәлім экономикалық түсініктерімен бөлектелген талшық – оптикалық желілерді қолдануды өздеріне рұқсат ете алмайтын, шағын бизнестің және жеке абоненттердің миллиондаған өкілдеріне таралған жоқ. Бірақ, абоненттердің осы топтарының сандық тарату технологияларындағы қажеттілігі әрқашан өскен және өседі, соңғы уақытқа дейін оларға тек ортақ пайдаланудың телефондық желі тораптарын қолданатын, деректер тарату ортасынының құралдарына сену ғана қалған. xDSL технологиялары (сандық абоненттік желілер) осындай текті мәселелерді шешудің басты құралдарының бірі болып табылады.

xDSL технологияларын  телефондық желінің абоненттеріне  қолдану абоненттік кабельдік  желіні деректерді жоғары жылдамдықты  тарату желісінің бөлігіне айналдыру  мүмкіншілігін берді. Телефондық  компаниялар өз абоненттеріне қолайлы бағамен деректерді жоғары жылдамдықты тарату мүмкіншіліктерін беру үшін бар кабельдік телефондық желіні қолданып, өз кірістерін жоғарлату мүмкіншілігін берді.

xDSL асиметриялық  технологиясы Қазақстан нарығына  нақты баса – көктеп кірді.  Және бұл бәріненде бұрын «Қазақтелеком» АҚ берілген қызметтерін беретін, байланыстың басым болушы оператор жерлеріндегі ұйымдастырылған сұрақтармен байланысты. Негізінде оны ISDN технологиясымен салыстыруға болады, бірақ, деректердің тасмалдау нәтижесі бойынша ADSL технология ISDN желілерде қолданылатын, ақпаратты тарату әдістері басым болады. ISDN сияқты ADSL –дің негізгі нарығы Интернетке қатынау нарығы болып саналады. Бүгінгі күндері Қазақстанда осы технологияны қажетті магистралды инфрақұрылымның жоқ болуынан (өйткені ADSL сервис магистралды деңгейде АТМ технологиясында негізделеді), және де АТМ желісінің трафигін телефондық арналардың трафигіне және керісінше түрлендіруге арналған желіде телефондық шлюздердің жоқ болуынан, «Қазақтелеком» АҚ деректерін тарататын АТМ желісінің бар сегменттерінде телефондық шлюздердің жоқ болуынан мүмкіндік көрсетілмейтін бірлескен желілерге арналған шешім ретінде қарастыруға болады. Қазіргі кездің DSL технологиясы қарапайым телефондық кабельді жоғары жылдамдықты сандық арналарға түрлендіріп, әрбір үй немесе әрбір орта және шағын бизнестің кәсіпорнына Интернетке жоғары жылдамдықты қатынауды ұйымдастыру мүмкіншілігін береді. Деректерді тарату жылдамдығы пайдаланушы мен провайдерді қосатын, желілердің сапасы мен ұзындығынан тәуелді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Соңғы уақытта  желілік технологиялар қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда, Интернетке қатынас  құрудың бірнеше альтернативті  әдістері бар. Олардың ішінен кеңінен  таралынған болып, телефон желісі арқылы коммутациялық қатынас құру болып табылады. Бұл кезде коммутаторлардың өзіндік әдістеріне байланысты болады. Деректің типіне қарай біз каналдар, пакеттер және хабарлар коммутаторын пайдалана аламыз. АлxDSL технологиялары деректерді жоғары жылдамдықта таратуға мүмкіншілік беретін басты құралдарының бірі болып табылады. Бұл жұмыста оның жолдары айқын көрсетілген.

xDSL технологияларының  түрлерге бөлінуі, жұмыс істеу  принциптері, даму жолдары, классификациялануы  жайлы айтылды. Осының барлығы қысқаша түрде ашылды.

Коммутация әдістері жайлы олардың негізгі анықатамалары, даму тарихы, байланыс орнатудағы бір-бірінен ерекшеліктері, физикалық ортаны қолданудағы тиімді және тиімсіз жақтары туралы айтылады. Бұл әдістердің жүзеге асыру механизмдері, олардың қолдану аясы, пайдаланудағы ерекшеліктері жайлы деректер келтірілген.

Уақыт өте келе осы технологиялардың функциялары жетілдіріліп, жылдам қолдануға мүмкіндік береді деген ойдамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Абилов А.В. Сети связи и системы коммутации. - Ижевск: Изд-во ИжГТУ, 2002. 352 с.:ил.
  2. Гольдштейн Б.С. Системы коммутации. - Санкт-Петербург: БХВ – Санкт-Петербург, 2003. – 318 с.:ил.
  3. Берлин А. Коммутация в системах связи. – Москва: Экотрендз, 2006.
  4. А. Гургенидзе, В. Кореш. – Мультисервисные сети и услуги широкополосного доступа. Москва:Наука и Техника,2003
  5. Балашов В., Лашко А., Ляховецкий Л. – Технологии широкополосного доступа. Москва: Экотрендз, 2009

6.Телекоммуникационные системы и сети. Том 1. – Современные технологии /Под ред. В. П. Шувалова.- М.: Горячая линия-Телеком, 2003.7. http://ru.wikipedia.org/wiki/Коммутация

 

 


Информация о работе Коммутация әдістері