Сызықты программалау есебін шешудің М-әдісі (Жасанды базис әдісі)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 11:40, реферат

Описание

Жоғары экономикалық білімі бар мамандарға қойылатын талаптың бірі математикалық үлгілеу (молельдеу) әдістерін қолдана білу. Онсыз экономикалық жүйелер мен үрдістерді (процестерді) талдау мен болжауды қарастырып, зерттеулер жүргізу мүмкін емес. Математикалық үлгілер ақпараттарды компьютерлік үлгілеу мен өңдеудің де негізі болып табылады.
Экономикада қарастырылатын үлгілер ішінен –сызықты үлгілер ерекше орын алады. Сызықты үлгілерді зерттеулермен математиканың сызықты программалау деп аталатын тармағы айналысады.

Содержание

КІРІСПЕ

I БӨЛІМ. ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОЦЕССТЕРДІҢ НҰСҚАСЫН КЕЛТІРУ ПӘНІНІҢ ЖАЛПЫ МІНЕЗДЕМЕСІ

1.1 Экономика-математикалық моделдеуге кіріспе. Сызықтық программалаудың жалпы және негізгі есебі

1.2 Сызықты программалау есебін шешудің Симплекс әдісі.

1.3 Сызықты программалау есебін шешудің М-әдісі (Жасанды базис әдісі)

Работа состоит из  1 файл

Курстык жоба.doc

— 2.09 Мб (Скачать документ)

2.      Түпнұсқаның қасиеттерi мен өзара әсерi орасан зор болуы мүмкiн. Кейбiр жағдайларда адамды қызықтыратын объектiлердiң қасиеттерiн зерттеу үшiн, оның басқа қасиеттерi ескерiлмей жасалған модельдер түпнұсқаға қарағанда, оның қасиеттерiн зерттеуге тиiмдiрек болады. Объектiлердiң модельдерi ретiнде әдеби шығармалар, архитектуралық ғимараттардың кiшiрейтiлген көшiрмесi, мектептегi оқу жабдықтары болуы мүмкiн. Модель – күн жүйесiндегi планеталар моделi, сутегi атомы және тағы да басқалар. Өмiрдегi нақты бар дүниенi бейнелеуi мүмкiн.

Модель ретiнде нақты бiр заттың абстрактiлi қорытындысын көрсетуге болады. Объектiлердiң немесе құбылыстардың моделiнде түпнұсқаның қасиеттерi, яғни олардың сипаттамалары мен параметрлерi бейнеленедi. Процестердiң  моделiн жасауға, яғни материалдық объектiмен жасалатын iс - әрекеттердi модельдеуге болады. Мысалы, экономикалық немесе экологиялық процестердi бүкiл әлемнiң немесе қоғамның дамуын модель арқылы айтуға болады. Әрбiр адамның күнделiктi iс - әрекетiнде белгiлi бiр мәселенi шешу немесе кез – келген жұмысты орындамас бұрын адамның сана сезiмiнде алдын ала ойлау моделi жасалады.

              Модель – көрнектi түрде, жазбаша жоспар, сызба түрiнде жасалуы мүмкiн. Мұндай модельдер бiздiң ойымызда бейнеленетiн прототип пайда болғанға дейiн жасалады. Кез – келген объект үшiн әр түрлi модельдер жасалуы мүмкiн. Модельдiң жасалуы зерттеу мақсатында және прототип жөнiнде жинақталған мәлiметтердiң көлемiне тәуелдi болады.

Модельдiң түрлерi:

Модельдердi қасиеттерiне байланысты мынадай топтарға жiктеймiз:

      Қолданылу аймағы;

      Модельдiк уақыт факторын ескеру;

      Бiлiм саласына қарай топтау;

      Модельдi көрсету тәсiлiне қарай топтау.

 

1.      Қолданылу аймағына байланысты модель – оқу, тәжiрибелiк, ғылыми – техникалық, ойын және имитациялық болып беске бөлiнедi:

    • Оқу модельдерi – көрнектi оқу құралы, әр түрлi жаттықтырушы және үйретушi программалар түрiнде болады.
    • Тәжiрибелiк модель – жобалау объектiсiнiң кiшiрейтiлген немесе өте кiшкентай объектiлер үшiн олардың үлкейтiлген көшiрмесi болып табылады. Бұл модельдер объектiлердi зерттеп, қасиеттерiн болжау, зерттеу мақсатында қолданылады.
    • Ғылыми – техникалық модельдер – процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында жасалады.
    • Ойын модельдерi - әскери, экономикалық спорттық ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлi жағдайда объектiнi бақылауға жаттықтырады. Ойын модельдерi әр түрлi жағдайда адамға психологиялық көмек көрсетедi.
    • Имитациялық модель – шын мәнiндегi нақты объектiнi өте жоғары дәлдiкпен бейнелей алады. Тәжiрибе нақты объектiнi зерттеу, бағалау мақсатында бiрнеше рет қайталанады немесе бiр мезгiлде әр түрлi жағдайларда жүргiзiледi. Дұрыс шешiмдi таңдаудың мұндай тәсiлi – байқау әдiсi деп аталады.

2.      Модельдi уақыт факторына байланысты модель – динамикалық және статистикалық деп екi топқа бөлемiз:

    • Статистикалық модель деп – объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі уақыт үзіндісін айтамыз.
    • Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерістерін көрсету мүмкіндігін береді.

3.      Модельдерді көрсетілу әдісіне байланысты модель - материалдық және ақпараттық деп екіге бөлеміз.

    • Ақпараттық модель екіге бөлінеді: таңбалық және вербальдік.
    • Таңбалық модель екіге бөлінеді: компьютерлік модель және компьютерлік емес модель.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Есептің қойылымы

Берілген мәндерді кесте түрінде бейнелеп, олардың қосындыларын, жол және баған бойынша максимум, минимум мәндерін табу.

Мысал:

12  35  42   58

45   78   90   34

15   17   20   21

19    5     7    12

11   30   24   22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. НҰСҚАСЫН КЕЛТІРУ ЕСЕБІН ШЕШУ

2. 1. Есепті ЭЕМ-ді қолданбай аналитикалық түрде шешу

Есеп:

12   35   42   58

45   78   90   34

15   17   20   21

19    5     7    12

11   30   24   22

Осы мәндерді кесте түрінде бейнелеп, олардың қосындыларын табу үшін келесі кодтарды жазу арқылы есептелінеді:

stringgrid1.cells[1,7]:=inttostr(strtoint(stringgrid1.cells[1,1])+strtoint(stringgrid1.cells[1,2])+strtoint(stringgrid1.cells[1,3])+strtoint(stringgrid1.cells[1,4])+strtoint(stringgrid1.cells[1,5])); //1 баган косындысы

stringgrid1.cells[5,2]:=inttostr(strtoint(stringgrid1.cells[1,2])+strtoint(stringgrid1.cells[2,2])+strtoint(stringgrid1.cells[3,2])+strtoint(stringgrid1.cells[4,2]));              //2 жол косындысы

Ал кесте мәндеріндегі жол және баған бойынша максимум, минимум мәндерін табу үшін арнайы шарт жазу қажет, яғни, сәйкес жол мен бағандар бойынша үлкен немесе кіші мәндерін анықтау үшін. Мысалы, берілген есептегі бір жол бойынша минимум табу коды келесідей:

a:=strtoint(stringgrid1.Cells[1,1]);   //1 Жол бойынша МИНИМУМ табу

a1:=strtoint(stringgrid1.Cells[2,1]);

a2:=strtoint(stringgrid1.Cells[3,1]);

a3:=strtoint(stringgrid1.Cells[4,1]);

begin

if (a<=a1) and (a<=a2) and (a<=a3) then begin

edit21.Text:=inttostr(a); end else

if (a1<=a) and (a1<=a2) and (a1<=a3)then begin

edit21.Text:=inttostr(a1); end else

if (a2<=a) and (a2<=a1) and (a2<=a3)then begin

edit21.Text:=inttostr(a2); end else

if (a3<=a) and (a3<=a1) and (a3<=a2)then begin

edit21.Text:=inttostr(a3);

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.   Есепті шешу алгоритмінің суреттелуі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. ҚОЛДАНУШЫМЕН БАСҚАРУ

Программа жүлтелгенде негізгі форма шығады, программада негізгі мәліметтер StringGrid компоненті арқылы өңделеді және программада меню қарастырылған.

3.1  Delphi бағдарламалау ортасының мінездемесі

Delphi - бұл  тез өңдейтін программалау тілі ретінде қолданылатын орта. Delphi тілі - қатаң типтелген обьектілі - ориентирлі тіл, ол Object Pascal  негізінде құралған. Қазіргі таңда Delphi пакетінің келесі түрлері қолданылады, олар: Delphi3 , Delphi6, Delphi7, соның ішінде біздің жұмыс істейтін ортамыз Delphi6 болып табылады. Delphi тілі әртүрлі жай бір терезелі программалардан бастап басқару мәліметтеріне бөлінген программаларды жасауға мүмкіндік береді. Пакет құрамына мәліметтер базасымен, XML-құжатымен және әртүрлі есептерді шешуге мүмкіндік беретін утилиталар қосылған.

Delphi–ң жүктеу үшін: Пуск – Программы – Borland Delphi6  Delphi6 қимылдарын орындау керек.

Delphi – ді жүктегенде экранда бес терезе  пайда болады, олар:

  • Негізгі терезе - Project1;
  • Старттық форма терезесі - Form1;
  • Обьектілер қасиеті көрсетілетін терезе- Object Inspector;
  • Обьектілер тізімін көрсететін терезе- Object Tree View;
  • Редактор коды берілетін терезе- Unit.pas, бірақ бұл терезе толығымен старттық форма терезесімен жабық тұрады.

 

 

 

 

3.2  Есептің қойылуы

Есептің аты: «Нұсқасын келтіру»;

Программа аты: Project1;

Программалау жүйесі: Borland Delphi6 

Операциялыќ жүйе: Windows 98, Windows XP

Компьютер: Genuine Intel x86 family 6 model 8 stepping 6.

Принтер: HP LasrJet 1100

Жазылу бейнесі:

              Программаны жүктегенде форма шығады ,ол «Титулдық бет»

 

              «Келесі» батырмасын басу арқылы негізгі формаға өтеміз. Бұл формада «Модельдеу түсінігі», «Есептеу бөлімі» батырмалары орналасқан. Мұнда «Модельдеу түсінігі» батырмасын басу арқылы нұсқасын келтірудің жалпы мінездемесі туралы ақпаратты көруге болады. Ал «Есептеу бөлімі» батырмасы арқылы есептеу формасына өтеміз. Есептеу бөлімінде берілген мәндерді кесте түрінде бейнелеп, олардың қосындыларын, жол және баған бойынша максимум, минимум мәндерін табуға болады.

Әр батырмаларды басу арқылы мәліметтер алуға болады. «Есептеу бөлімі» батырмасына басқанда мынандай  форма ашылады.

«Енгізу» батырмасын басу арқылы қолданушы енгізген мәндер кестеге енгізіледі. «Есептеу» батырмасын басқанда кесте мәндерінің қосындыларын, жол және баған бойынша максимум, минимум мәндерін есептейді. «Тазалау» батырмасы жаңа мәндер енгізу үшін кестені тазалау үшін арналған.

 

Басқару   режимі:

Программада жұмыс істеу режимі клавиатура мен тышқан арқылы орындалады.

Кірістірілген мәліметтер:

              Есептеу үшін «Енгізу» батырмасы арқылы  мәндер енгізіледі.

Шығатын мәліметтер:

              «Есептеу» батырмасы арқылы енгізілген мәндер есеп жауабы шығарылады.

Ескерту:

              Кестенің әрбір ұяшығына енгізілетін мәндер толық болуы тиіс, толық енгізбеген жағдайда хабарлама шығады.

 

3.3. Пайдаланған ЭЕМ, ОЖ мінездемесі

Программа жасау барысында IBM фирмасының Pentum процессорі компьютері қолданылады.

Тактік тазалығы:  600 (мГц)

Оперативті жады көлемі: 512 МБ

Монитор: LG Flatiron L1753S

Видео жады: Бейне жады 8 МБ

Видиоадептер: Бейне адаптер Inn03D model –64/model 64 Pro

Стандартты пернетақта: 101/102- Microsoft Natural

Стандартты тышқан: Genius M/N : Netscroll EYE/PS2 optical

Баспа принтері: НР Lazer Jet 4100 OP

Операциялық жүйе: Windows XP Professional 2008 қолданылған.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Мен бұл курстық жұмысымда өзіме берілген «Нұсқасын келтірудің жалпы мінездемесі» барысында Delphi бағдарламалау тілінде шығарудың неғұрлым тиімді және қысқа жолдарын қарастыруға, әдісте кездесетін қателіктерді болдырмауға тырыстым. Жалпы курстық жұмыс негізінде әртүрлі әдебиеттерді қолдандым.

Курстық жұмысымда нұсқасын келтіру негізінде берілген мәндерді кесте түрінде бейнелеп, олардың қосындыларын, жол және баған бойынша максимум, минимум мәндерін табуды қарастырдым.

Жұмысты жасауда Delphi бағдарламалау тілін қолдандым. Delphi - бұл  тез өңдейтін программалау тілі ретінде қолданылатын орта. Delphi тілі әртүрлі жай бір терезелі программалардан бастап басқару мәліметтеріне бөлінген программаларды жасауға мүмкіндік береді. 

Бағдарлама интерфейсі пайдаланушыға ыңғайлы және түсінікті. Барлық еңгізілген мәндер  кесте түрінде көрініс тапқан. Бағдарлама қайтаратын шешім есептің жоғарыда қарастырылған мысалдың шешімімен дәлме-дәл. Яғни  алға қойған мақсатым өзінің бір жақты шешімін тапты деген ойдамын.

Қорыта келгенде, мен жалпы нұсқасын келтіру жөнінде, оның есептеулерімен танысып, меңгердім. Сонымен қатар берiлген тапсырманың есептеу жолын құруды да үйрендiм. Сондай-ақ, Delphi бағдарламалау тілі жөнінде алған білімімді шыңдай түстім.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Абрамов Л.М., Капустин В.Ф. Математическое программирование.  Л.,  Изд- Ленингр. ун-та, 1976. - 184 с.

2. Акулич И.Л.  Математическое  программирование  в  примерах  и  задачах:   Учеб. пособие - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Высш. шк. ,1993 - 336 с.

3. Ашманов С.А.Линейное программирование. - М.: Наука, 1981.

4. Банди Б. Основы линейного программирования: Пер. с англ. - М.: Радио  и    связь, 1989. -176 с.

7. Габасов Р., Кириллова  Ф.М.  Методы  линейного  программирования.  Ч.1. Общие задачи, Минск, Изд-во БГУ им. В.И. Ленина, 1977. - 176 с.

8. Габасов Р., Кириллова  Ф.М.  Методы  линейного  программирования.  Ч.2. Транспортные задачи, Минск, Изд-во БГУ им. В.И. Ленина, 1977. - 240 с.

9. Глухов В.В.,  Медников  М.Д.,  Коробко  С.Б.  Математические  методы  и

модели для менеджмента - СПб.: Издательство “Лань”, 2000. -480 с.

10. Основы программирования в Delphi. Никита Культин. БХВ Петербург, 2005

11. Математические методы планирования. В.Г. Воронин 1997г. Москва

12.  Интернет материалдары

3

 



Информация о работе Сызықты программалау есебін шешудің М-әдісі (Жасанды базис әдісі)