Электрондық үкіметтің веб порталы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 04:51, реферат

Описание

ХХI ғасыр - ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына - ақпараттық қоғамға аяқ басты. 2006 жылғы 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 мамырды Халықаралық ақпараттық қоғамның күні етіп белгілеу туралы ресми шешім қабылдады. Осындай әлемдік ауқымда жүріп жатқан заманауи үрдістен, өркениеттің көшінен біздің еліміз де қалыс қала алмасы түсінікті.

Работа состоит из  1 файл

Электрондық үкіметтің веб порталы 10 бет.doc

— 82.50 Кб (Скачать документ)

Кіріспе 

    ХХI ғасыр - ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына - ақпараттық қоғамға аяқ басты. 2006 жылғы 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 мамырды Халықаралық ақпараттық қоғамның күні етіп белгілеу туралы ресми  шешім қабылдады. Осындай әлемдік ауқымда жүріп жатқан заманауи үрдістен, өркениеттің көшінен біздің еліміз де қалыс қала алмасы түсінікті.

    Қазақстанның  постиндустриалды даму сатысына өту  мүмкіндігі туралы мәселені алғаш көтерген Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың “Постиндустриалды қоғам қалыптасуының стратегиясы және өркениеттер серіктестігі” атты жаңа еңбегінде заманауи ғылыми-техникалық, ақпараттық және өзге де инновациялық төңкерістер жалпы адамзат өркениетінің, оның ішінде біздің отанымыздың да келешектегі бет-бейнесін айқындайтынын атап көрсетеді .

    Қазіргі кезде қазақстандық қоғамның барлық саласында ақпараттандыру процесі  қызу жүруде, оның ішінде саясат саласында  да жаңа ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік қызмет пен әкімшілік-басқару  істерін әлемдік стандарттарға сай модернизациялауға барынша күш салынып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның саяси жаңғыруындағы аса маңызды факторлардың бірі – электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бұл маңызды мәселеге ерекше мән беріп: “Үкіметке заңдар мен заңнамалық актілерге ғылыми, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасау, мүдделік қолдау (лоббистік) қызметі, электрондық үкімет мүмкіндіктерін неғұрлым кеңінен пайдалану туралы заң жобаларын ең бірінші кезекте әзірлеп, Парламентке енгізуді тапсырамын” - деп әкімшілік реформаларды жүргізудегі басты міндеттердің қатарына қойды

    Ұзақ  мерзімді Қазақстан-2030 Стратегиялық бағдарламасында  электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамуына негіз болатын ақпараттық инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріліп, бұл туралы: “Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының алдында, ең алдымен, болашақта әлемнің дамыған елдерінің ақпараттық инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабілетті, дербес тәуелсіз және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру міндеті тұр” – деп анықталды .  “Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” қабылданып, оның ізін ала 2008-2010 жылдарға арналған электрондық үкімет бағдарламасы қисынды жалғасын тапты.  Бүгінде қазақстандық электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамуы жаңа идеологиялық тұғырнама негізінде жүзеге асып, соңғы бағдарламаға сәйкес белсенді жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар бұл құжаттар 2007-2009 жылдарға арналған ақпараттық теңсіздік деңгейін төмендетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламамен толығып, кешенді мемлекеттік саясатқа ұласты.  
 

     Электрондық үкімет ұғымының мәні мен мазмұны  

     Ізденуші  электрондық үкіметтің әлемдегі саяси шынайылыққа айналған құбылыс екеніне қарамастан, оның мәні мен мазмұны әлі күнге дейін ғылыми тұрғыда нақты ашылмағанына, ғылыми еңбектерде оның жалпы мойындалған ортақ әрі нақты анықтамасы берілмегені, сонымен қатар құрылымы мен қызметі туралы да ортақ пікір қалыптаспағанына көз жеткізеді. Себебі электрондық үкімет мәселесіне әрбір ғылым саласы, әрбір кәсіп иесі өздерінің ғылыми және кәсіби ерекшеліктері тұрғысынан қарай отырып түсіндіреді. Диссертант электрондық үкімет терминіне берілген түрлі анықтамаларды жүйелеп, оларды екі топқа бөліп көрсетеді:

     1) қарапайым түсіндірме бойынша  электрондық үкімет ұғымы мемлекет халқына ақпараттық-коммуникациялық технология мен интернет арқылы мемлекеттік қызметті ұсынуды білдіреді, бұл өз кезегінде азаматтардың уақыты мен қаржы-қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді;

     2) күрделі түсіндірме бойынша электрондық үкімет – мемлекеттік органдардың көрсететін қызметтерін үйлестіру, мемлекеттік басқару мәселелеріне қоғамның қатысу деңгейін арттыру мен ішкі саяси процестерді жетілдіру мақсатында интернетті, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы ішкі және сыртқы қатынастарының трансформациялануы. Электрондық үкіметтің құрылымында э-азамат, э-бизнес, э-үкімет деген терминдер қолданысқа енген.

    Біртұтас  үкіметтік интернет-портал мемлекеттік ұйымдардың барлық қызмет көрсету кешенін ықпалдастырып қамтиды, оған барлық уақытта (электрондық үкімет дұрыс жолға қойылған елдерде 24х7х365 форматы жалпы танылған: 24 сағат, аптасына 7 күн, жылына 365 күн) барша азаматтардың қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Мұндай порталдардың енгізілуі мемлекеттік ұйымдардың жұмыс істеу тиімділігін арттырады, мемлекеттік сектордағы бюрократизм мен сыбайлас жемқорлықтың деңгейін айтарлықтай төмендетеді.

     Электрондық үкіметтегі қарым-қатынас жасасудың басты құралы – веб-сайттар болып табылады. Белгілі бір мемлекеттік органның сайты арқылы интернетке қосылған кез-келген компьютер арқылы азаматтар өздерінің талап-тілектерін, өтініштерін, мұң-мұқтаждарын білдіріп қана қоймай, қажет шаруаларын да тындыра алады: салық төлеу, құжаттарға тапсырыс беру, мамандардың кеңесіне жүгіну, мәліметтер алу т.б. Сайттарда кеңінен таралған коммуникативтік өзара әрекеттесудің түрлері мыналар болып келеді: форум, чат, қонақ кітабы, электоронды пошта, блог.

     Сонымен қатар, диссертацияның бұл тараушасында дәстүрлі үкіметтен толық электрондық үкіметке өту процесінің кезеңдері ашылып көрсетілген. Электрондық үкіметтің басты мақсаты - азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет түрлеріне жылдам әрі сапалы қол жетімділігін қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс жасау нәтижелілігін арттыру, мемлекеттік құрылымда бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыру және дамыту. Бұл басқару жүйесінің тиімді және нақты қызмет көрсетуіне алып келері сөзсіз. 
 

     Қазақстан Республикасындағы электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері”  

     Интернет технологиялардың жедел қарқынмен дамуы жалпы демократияландыру процесіне, оның ішінде демократиялық саяси жүйеге де өзіндік ықпалын тигізетіні қарастырылған. Бұл әсіресе жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен саяси коммуникацияны жүзеге асыру саласында анық байқалады, олардың қатарында Қазақстанның саяси жүйесіндегі электрондық үкіметтің алатын орны мен ойнайтын рөлі туралы мәселе де бар.

     Саяси жүйе құрылымының ақпараттық-коммуникативті компоненті оның элементтері арасындағы байланыс пен ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. Бұған үкіметтің, тұтастай қоғамның жағдайы және оның жекелеген жүйелері туралы қажетті ақпараттар жинаудың әртүрлі формалары, сондай-ақ, мемлекеттің жүргізіп отырған саяси бағытына ықпал ету мақсатында әрқилы мүдделі қоғамдық топтардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың мемлекеттік органдармен байланыс орнату құралдары жатқызылады. Ақпараттық-коммуникативті компонент сенімді және қоғам мен мемлекеттің жағдайына бара-бар сәйкес келетін, қоғамның саяси жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл сала саяси тыныс-тіршіліктің күретамыры және партиялар мен мемлекеттің арасында, саяси және экономикалық қосалқы ішкі жүйелердің арасында, таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлттардың, елдегі жеке адамдардың арасында белгілі бір саясатты талдауға және өмірге енгізуге байланысты саяси билікті ұйымдастыруға, жүзеге асыруға және дамытуға қатысты қалыптасқан өзара әрекет етудің әрқилы қарым-қатынастары мен түрлерінің жиынтығы. Сонымен бірге ол әрқилы елдердің саяси жүйелері арасындағы байланыстардан да тұрады. Яғни, ақпараттық-коммуникациялық шағын жүйе екі қырлы қызмет атқарады: жүйенің ішкі элементтерінің арасында байланыс орнатады және оны сыртқы әлеуметтік ортамен өзара әрекеттестіреді.

     Интернет технологиялардың және ақпарат таратудың инновациялық түрлерінің дамуымен бірге саяси жүйенің коммуникативтік қызметі де жандана түсуде. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесіндегі әлеуметтік-саяси модернизация жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мен мемлекеттік ақпараттық саясатты оңтайландыруға негізделген. Бұл тұрғыда Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалануды қарастыратын электрондық үкiмет құру саласында аз жұмыстар жасалған жоқ. Қажетті заңдар қабылданып, жүйе құраушы ақпарат жүйелері, дерек қорлары, электрондық мұрағат, веб-портал, э-үкімет элементтері, ведомстволық ақпараттық жүйелер мен нормативтік-құқықтық база қалыптастырылды.

     ҚР Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" электрондық үкіметтің қажетті инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызды.

     Осының  негізінде ҚР Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен елiмiзде электрондық үкiметтi қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы жүзеге асып, бұл ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасына” ұласты. Үкiмет iс-шаралар жоспарын әзiрлеп, оны жүзеге асыру үшiн бюджеттен айтарлықтай қаражат бөлiндi, жоспарланған жұмыстар атқарылуда. Диссертацияда ұлттың және жеке адамдардың  бәсекеге қабiлеттi болуы ең  бiрiншi кезекте олардың ақпаратпен қамтамасыз етiлуінің жағдайына тiкелей байланысты деген тұжырым жасалады. Қазақстанның  әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiруі ақпараттық кеңiстiк пен электрондық үкіметті дамыту iсiне  байланысты.  
 

    “Қазақстан  Республикасындағы  демократиялық процестер  мен азаматтық  қоғамды дамытудағы электрондық жобалардың маңызы” 

    Демократиялық типтегі саяси жүйенің қызмет етуінің негізін мемлекеттік биліктің азаматтық қоғамға тәуелділігі мен есеп беруінен тұратын саяси тізбек құрайды. Жекелеген азаматтар мен азаматтық қоғамның институтталған құрылымдарының жеке және корпоративті мүдделерін мемлекеттік билік саяси шешімдер қабылдау барысында есепке алмаса, яки қолдау жасамаса, бұл өз кезегінде саяси, әлеуметтік, экономикалық сипаттардағы кернеулерді туындатады. Ал мұның барлығы түптеп келгенде саяси жүйенің тұрақтылығын шайқалтушы жағдаяттар болып табылады. Саяси шешімдер жеке тұлғаның немесе топтың белгілі бір мүдделеріне шынайы болмаса жанама нұқсан келтіретіндей жағдай туындаса, ал мемлекеттік билік өзінің шешімдері мен іс-әрекеттерінің мәні мен мазмұнын қоғамға түсіндіру қажеттілігін мойындамаса бұл саяси қатер бірнеше есе артып кетеді.

    Мұндай  саяси қауіп-қатерлердің алдын  алу мен жою үшін демократиялық  саяси жүйелерде жоғарыда айтып  өткен негізгі саяси тізбектермен қатар азаматтық қоғам мен  мемлекеттік билік арасында ақпараттық-коммуникациялық өзара әрекеттесу тұрақты түрде жүзеге асырылады, мұны саяси жүйенің инфо-коммуникациялық тұрақтандырғышы деп те анықтауымызға болады. Ал мемлекеттік билік органдарының жаңа ақпараттық технологияларға сүйене отырып жұмыс істейтін электрондық үкімет жүйесі азаматтық қоғамға жедел және қажетті ақпарат таратудың, халыққа қызмет көрсетудің заманауи үлгісі болып табылады.

     Диссертант  Қазақстандағы электрондық дауыс  беру жүйесін қоғамды демократияландырудағы инновациялық саяси технология ретінде қарастырады. Қазақстан қоғамында болып жатқан демократиялық үрдiстер демократияны қалыптастыру мен дамытудың маңызды институттарының бiрi болып табылатын сайлау жүйесiн одан әрi жетiлдiрудi талап етедi.

     2004 жылғы 15 қыркүйектегi электрондық сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi Мемлекеттiк комиссия “Сайлау” автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн пайдалануға қабылдау туралы актiге қол қойылып, ол нақты Жүйе сайлаушыларды есепке алудан бастап, дауыстарды санау, қорытынды қаулыларды басып шығаруға дейiнгi барлық процедуралардың сайлау комиссиялары мүшелерiнiң араласуынсыз, автоматтандырылған түрде өткiзiлуiн қамтамасыз етедi. Сайлау қорытындысы дауыс беру аяқталған болса бiрден белгiлi болады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе сайлау процедурасын оңтайландырумен қатар сайлауды өткiзу кезiнде уақыт пен материалдық ресурстарды көп үнемдеуге мүмкiндiк беретiн болғандықтан, оның тартымдылығы да арта түседi. Кез келген ақпараттық жүйе ақпараттық технологиялар саласындағы қазiргi заманғы үрдiстерге сай жетiлдiрiлуi тиiс.

     Тараушаның қорытындысында ақпараттық дәуірдегі саяси белсенділік пен саяси қатысудың сапалық өзгерістерге ұшырауы заңдылық деген пікір айтылады. Электрондық БАҚ қоғамдық пікірді қалыптастыруға, азаматтардың бастамаларына күшті әсер ететін факторға айналды. Қазақстандағы электрондық жобалардың жүзеге асуы дамып, қолданыс ауқымы кеңейген сайын оның демократиялық процестер мен азаматтық қоғамды дамытудағы маңызы арта беретін болады. Қазақстан өркениетті елдер сияқты, электрондық демократия деген шартты атауы бар тарихи кезеңге аяқ басты. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ете отырып, еліміз аталған халықаралық ұйымға қатысушы елдердің тәжірибесін зерттеу негізінде электрондық үкімет үшін стандарттар әзірлеу қажеттігі туындайды. Бұл осы заманғы инновациялық технологиялар арқылы демократияны дамыту мен адам құқықтарын қамтамасыз етудің тетігін жетілдіруге ықпал етеді.  
 

 

      Қорытынды 

     Шетелдік  тәжірибеге талдау жасау мемлекеттік  қызметті реформалауға, оның ішінде электрондық  үкімет арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді  жетілдірудің принциптері мен әдіс-тәсілдерін айқындауға мүмкіндік берді:

     - реформалар нақты белгіленген  принциптерге сәйкес жүзеге асырылады, оған басшылық жасау тікелей мемлекет басшысына немесе парламентке бағынатын жоғары деңгейдегі мемлекеттік органға жүктеледі;

Информация о работе Электрондық үкіметтің веб порталы