Электрондық кесте MSExcel-де деректер базасы.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 20:26, реферат

Описание

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім мен тәрбие беру жаңа сатыға көтеруді, сабақ өту әдіс – тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр. Бұл информатика мұғалімдерінен информатиканы оқытудың дәстүрлі әдістемелік жүйесін, оны оқыту әдістемесін жақсарта түсуді қажет етеді.

Работа состоит из  1 файл

Электрондық кесте MSExcel-де деректер базасы..doc

— 541.50 Кб (Скачать документ)


Электрондық кесте MSExcel-де деректер базасы.

Ж.С. Мухаметжанова

Балқаш қаласы №15 жбб қазақ орта мектебі

Математика – информатика пән мұғалімі

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім мен тәрбие беру жаңа сатыға көтеруді, сабақ өту әдіс – тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр. Бұл информатика мұғалімдерінен информатиканы оқытудың дәстүрлі әдістемелік жүйесін, оны оқыту әдістемесін жақсарта түсуді қажет етеді.

Информатика курсының мақсаты – бағдарламаны пайдалана алатын қолданушыларды дайындау екендігі белгілі. Қазіргі қолданушылар жұмысын дайын бағдарламада (операциялық жүйе, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, берілгендер базасын құру жүйесімен) жұмыс істеуден бастайды. Соның ішінде, берілгендер базасын басқару жүйесін қолданғанда оқушыларға оның көптеген іс - әрекетті орындай алатын  мүмкіндігін, оларға берілгендер базасын құруды, толтыруды білуді, олардың дұрыс толтырғандығын бақылай білуі, берілгендер базасын басқару жүйесі бұйрықтар жүйесі туралы түсінік алу, мәзір арқылы жұмыс істеу ыңғайлылығын сезіну және бағалау, берілгендер базасын қолдану аймағын анықтау және түсінікті кеңейту болып табылады. Төменде әріптестеріме іс –тәжірибемді ұсынып отырмын.

Сабақтың мақсаты :  Электрондық кесте MSExcel-де деректер базасын құру.

Деректер базасын құруда қолдану дағдысын қалыптастыру.

Деректер базасын пайдаланып оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу.

Жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуын қалыптастыру.

Пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Сабақтың типі:  Жаңа материалды меңгеру сабағы.

 

Оқыту тәсілдері:  Сұрақ – жауап, өз бетімен жұмыс, әңгіме- кеңес.

 

Сабақтың көрнектілері: Кестелер, тесттер, таратпа материалдар.

 

Сабақтың құрал – жабдықтары:   Дербес компьютер, MS Excel  бағдарламасы,

 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, біздің бүгінгі сабақтағы мақсатымыз  электрондық кесте MSExcel-де деректер базасын құрып үйрену, оны ақпараттардың түрлерімен жұмыс жасау барысында  қолдана алу. ДБ практикада  қолданылуы туралы түсінік беру.

 

2. Өткенді пысықтау.

 

1.      SIN_kaz электрондық кітабындағы тапсырмаларды орындау. (1-7)

2.      Ауызша сұрақтар:

-Excel терезелеріне шолу

- Кестелердің құрылымы (бағандар, жолдар, ұяшықтар)

- Мәліметтерді енгізу жолдары

-Біртекті автотолтыру мәліметтерімен кестені автоматты түрде толтыру

3. Интерактив тақтаға оқушы шығарып  терезенің құрылымдық элементтерін толтырту (алдын ала терезе дайындалады, оқушы тек оның элементтерінің аттарын жазады)

4.      Тест:

І нұсқа

1.      Microsoft Excel – бұл …

a)     кесте түрінде құрылымдалған мәліметтерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама

b)    тамғалық кестені өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама

c)     кесте түріндегі мәліметтерді өңдеу процесінде компьютердің ресурстарын басқаратын оның құрылғысы

d)    компьютердің ресурстарын басқаратын жүйелік бағдарлама

2.      Электрондық кесте ... болып табылады.

a)     нөмірленген жолдар мен латын әліпбиінің әріптерімен атау берілген бағаналардың жиынтығы

b)    латын әліпбиінің әріптерімен атау берілген жолдар мен нөмірленген бағаналардың жиынтығы

c)     нөмірленген жолдар мен бағаналардың жиынтығы

d)    пайдаланушы еркін түрде атау берген жолдар мен бағаналардың жиынтығы

       3. Мына аталғандардан ... Excel бағдарламасындағы ұяшықтың сипаттамасы болып саналмайды.

a)     атау             

b)    адрес

c)     мөлшер             

d)    мән

5.      Excel бағдарламасы ... үшін пайдаланылады.

a)     мәтіндік құжаттарды әзірлеу             

b)    электрондық кестелерді әзірлеу              

c)     графикалық кескіндерді әзірлеу             

d)    мәтіндік құжаттарды, кестелер мен  кескіндерді әзірлеу             

6.      Excel терезесі қалай аталады?

a)     Excel кітабы деп

b)    Excel кестесі деп

c)     Excel жұмыс беті деп

d)    Excel жұмыс томы деп

ІІ нұсқа

 

1.  Excel бағдарламасына жаңа парақты кірістіру кезіндегі пернелердің қисынын атап көрсетіңдер . 

a)     <Ctrl>+ <Z >

b)    <конецформыначалоформыAlt >+ <Shift >+ <F1 >

c)     началоформы <Ctrl>+ <F>

d)    конецформыначалоформы <Ctrl>+ <1>

3.      2. 2

2.2. 2жлбжапрбап

2. Excel бағдарламасындағы кестенің ең аз құрауышы ... болып табылады. 

a)     ұяшық

b)    формула             

c)     кітап             

d)    дұрыс жауабы жоқ             

3. Excel бағдарламасында формуладағы ұяшықтардың адресін ... көрсетеді. 

a)     сілтеме              

b)    функция             

c)     оператор             

d)    ұяшықтың атауы             

4. Белсенді ұяшық – бұл ... ұяшық.

a)     команданы жазуға арналған

b)    енгізу командасы орындалатын ұяшықтың атауын қамтитын формуласы бар

c)     ұяшыққа тәуелді барына сілтемесі бар болатын формула

d)    енгізу командасы орындалатын 

5. Excel бағдарламасының кестесіндегі ұяшықтың ауқымын қалай ерекшелеу керек?

a)     Бірінші ұяшықта шертіп, <Shift> пернесін басу керек және оны ұстап тұрып соңғы ұяшықта шерту керек

b)    Бірінші ұяшықта шертіп, <Ctrl> пернесін басу керек және оны ұстап тұрып соңғы ұяшықта шерту керек

c)   Бірінші ұяшықта шертіп, <Alt> пернесін басу керек және оны ұстап тұрып соңғы ұяшықта шерту керек

d)   Түзету – Өту – Ерекшелеу (Пpавка – Пеpейти – Выделить) әрекеттерін орындау керек

Оқушылар тест жазып жатқанда мұғалім тақтадағы оқушының жұмысын тексереді.

Тақтадағы оқушының үлгісі мынадай болады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест жауабын оқушылар бір – бірімен алмасып, интерактивті тақтадағы жауаппен салыстырып, бағалау парағына баға қояды.

5,4,3,2 – алған балаларды қол көтертіп тексеру.

 

3. Жаңа сабақ. Электрондық кесте MSExcel-де деректер базасы.

     

Жаңа сабақ екі бөлімнен тұрады. Яғни, оқушылар теориялық бөлімді меңгере отырып, практикалық бөлімді қатар орындайды.

І кезең:оқушыларға өздерінің ІІІ тоқсандағы үлгерімдерін толтырту:

 

 

Оқушылар кестені толтырып болғаннан кейін мәліметтер базасының негізгі түсініктері түсіндіріледі.

Кестенің А 2:N 22 аймағын мәліметтер базасы деп аталады. Мәліметтер базасында осы кестенің А, B, C, D, E, F бағаналары өріс (поля), ал 3 – 22 жолдары жазбалар (запись) деп аталады. А 2 – N 22 аймағында өрістің аттары жазылған.

              Мәліметтер базасымен атқарылатын негізі жұмыс оның құрамынан айрықша белгілеріне қарай мәліметтерді іздеу болып табылады. Жазбалар саны не ғұрлым көп болған сайын мәліметті іздеу қиындай береді.

Excel программасы бұл қиындықты шешуді мәліметтерді сұрыптау арқылы орындау мүмкіндігін береді.

ІІ кезең: Жазбаларды ерекшелеп теріп алу.

Деректер, Фильтр (Данные фильтр) командасын орындау арқылы қажетті жазбаларды басқалардан бөліп алуға, ерекшелеп теріп алуға болады. Ерекшелеп теріп алуды автоматты түрде Автофильтр командасының, ал жай әрекеттер арқылы Кеңейтілген фильтр (расширенный фильтр) командасының көмегімен орындауға болады. Әр оқушының жұмыс нәтижесін  ауызша тыңдау.

ІІІ кезең: Автофильтрді пайдалану ерекшеліктерімен таныстыру:

              Автофильтрді пайдаланып, жазбаларды ерекшелеп теру әрекеттерін орындау үшін, алдымен курсорды мәліметтер базасы немесе жазбаларды белгілейміз. Одан кейін Деректер, фильтр автофильтр командасын орындаймыз. Нәтижесінде өріс аттары маңына төмен қарай бағытталған тілсызық батырмалар пайда болады. Осы батырмаларды шерту арқылы әрбір өрістегі мәліметтерді ерекшелеп теріп алу критерилерін таңдай аламыз. Пайда болған ішкі менюдегі Барлығы (Все) бөлімі фильтрден өткізу тоқтатады, ал Шарт (Условие) бөлімін таңдау нәтижесінде ерекшелеп алу параметрлерін тағайындау мүмкіндігін беретін сұхбат терезе ашылады. Бір өрісте орналасқан мәліметтерді ЖӘНЕ не НЕМЕСЕ логикалық функциялармен байланысқан екі шарт бір уақытта тексере отырып, ерекшелеп теруге болады.

Оқушыларға осы айтылғандарды орындату:

 

Автофильтр іске қосылғаннан кейін, оның белгісінде тышқанды

шерткенде ашылатын ішкі меню.

Пайдаланушы автофильтрі сұхбат терезесі

 

ІҮ кезең: Кеңейтілген фильтр

Кеңейтілген фильтрді пайдаланбас бұрын мындай үш аймақты анықтап алу қажет.

      Тізім аралығы (интервал списка), яғни мәліметтер базасы аймағы А 2:N 22;

      Критерийлер аралығы (интервал критериев) – ерекшелеп теру әрекеті өткізілетін аймақ.

      Шығарып алу аралығы (интервал извлечение) – ерекшелеп теру нәтижесі орналасқан аймақ.

Кеңейтілген фильтр көмегімен мәліметтерді ерекшелеп теру алу үшін, Деректер, Фильтр, Кеңейтілген фильтр командасын орындаймыз. Экранда пайда болған Кеңейтілген фильтр сұхбат терезеде аралықтардың  координаталаррын көрсету керек. Егер ерекшелеп теру нәтижесі басқа орынға көшіру қажет болса, онда Нәтижені басқа орынға көшіру (скопировать результат в другое место) ауыстырғышын іске қосамыз.

Ү кезең: Мәліметтерді сұрыптау

              Мәліметтер базасы ретінде қарастырылатын кестені сұрыптау мүмкіндігі бар. Сұрыптау әрекетін орындау үшін, мәліметтер базасын белгілеп немесе меңзерді сол аймаққа орналастырамыз. Деректер, Сұрыптау командасын орындаймыз. Осы мезетте Сұрыптау ауқымы (Сортировка диапазона) сұхбат терезесі ашылады.

Бұл терезеде Жазбаларға (Ауқымның бірінші қатары) ауыстырғышын қосып, сұрыптау жүргізілетін өріс атын таңдаймыз. Сонымен бірге сұрыптау тәсілінің өсу ретімен немесе кему ретімен екі мүмкіндігінің бірін таңдап алғаннан кейін ОК батырмасын шертеміз.

              Мәліметтер базасы осы әрекеттер орындалған соң өзіміз тағайындалған параметрлерге сәйкес реттеледі. Символдық мәтіндерден тұратын өрістер алфавиттік ретпен сұрыпталады.Нәтижесін тексеру.

Сабақты қорытындылау:

Жаңа сабақты бекіту үшін SIN_kaz электрондық кітабындағы тапсырмаларды орындату.

Үйге тапсырма: Деректер базасы тақырыбын оқып келу.

Бағалау.

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Электрондық кесте MSExcel-де деректер базасы.