Операциондық жүйе архитектурасына шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 11:59, реферат

Описание

Батыс және орталық Еуропа мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дөуірі екі ұлы мәдени қозғалысты — Қайта Өркендеу дәуірі мен Реформацияны қамтиды. «Ренессанс» деген атпен белгілі болған Қайта жаңғыру дәуірі ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы — діни бағытта жүзеге асырылды. Қайта Өркендеу дәуірі шамамен алғанда ХІV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.

Работа состоит из  1 файл

Гуманитарлық пәндер кафедрасы.doc

— 60.50 Кб (Скачать документ)

                        

                          

                                  Гуманитарлық пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    Эссе

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қайта Өркендеу (Ренессанс) дәуірі        философиясының ерекшеліктері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Тасболат А.С..

ҚЭФ 2 курс

Тексерген: Билялова Г.Қ.

ассоц.профессор

 

 

Алматы, 2012

      Батыс және орталық Еуропа мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дөуірі екі ұлы мәдени қозғалысты — Қайта Өркендеу дәуірі мен Реформацияны қамтиды. «Ренессанс» деген атпен белгілі болған Қайта жаңғыру дәуірі ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы — діни бағытта жүзеге асырылды. Қайта Өркендеу дәуірі шамамен алғанда ХІV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл кезең мәдениеттің барлық саласында керемет жетісті терге қол жеткізілген, прогрессивті төңкеріс жасалған кезең. Осы дәуір философиясы да өзінен кейінгі философиялық жүйелердің негізін қалаған, әлемдік философия тарихындағы маңызды кезең болып есептеледі. ХV ғасырда басталған бұл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы жаңа жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес енді сауда жолдары өшкен Орта Азия мен Таяу Шығысқа қарағанда орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен Англия дамыған ірі елдерге айналды. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан – жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бүзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан, табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңалықтар ашты. Қалыптасу жағдайлары: 
1) Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде капиталистік қатынастардың негіздері қаланды. Ауыл шаруашылығынан – өнеркәсіпті дамыту, ауыл-селодан – қалаға көшу кезеңі басталды; 
2) Ұлттық мемелекеттер мен абсолюттік монархия қалыптасты; 
3) Жаңа тап – буржуазия пайда болды; 
4) Терең әлеуметтік конфликтілер: Германияда Шаруалар соғысы Франция мен Нидерландыда діни және буржуазиялық соғыстар жүрді. 
Осы әлеуметтік-тарихи жағдайлардың бәрі жаңа көзқарастар қажеттілігін туғызды. Бұл кезең Орта ғасыр кезеңі мен антикалық мәдениеттің жалғасы, әсіресе, антикалық мәдениетті қайта Өркендету, қалпына келтіру болды. Дәуірдің Қайта Өркендеу деп аталуы да сондықтан. 
Қайта Өркендеу Дәуірінің дамуы үш кезеңнен тұрады: 1) гуманистік немесе антропоцентристік; 2) онтологиялық мәселелер шешілген неоплатонизм кезеңі;                 3) натурфилософиялық кезең . Бұл жіктеудіш салыстырмалы екендігін ескерткен дұрыс. 
Ерекшеліктері: 
1) Қайта Өркендеу философиясында да басты орынға Құдай ие, бірақ философиялық талдау объектісі – Адам, ол космостық болмыстың негізгі звеносы. Орта ғасыр философиясы адамды күнәһар, құдайдың құлы ретінде карастырса, Өркендеу философиясы адамды жоғары көтерді, оның еркіндігін дәріптеуге ұмтылды; 
2) Өркендеу философиясы жаратылыстану саласындағы жетістіктермен, географиялық жаңалықтармен, медицина, математика, табиғат туралы ғылымдармен тығыз байланысты дамыды; 
3) Осы ғылымдардың жетістіктері негізінде философия дүниені жаңа, пантеистік бейнесін жасауға тырысты, табиғат пен құдай бірлігі, табиғат пен адамның құдайы сипаты идеяларын негіздеуге ұмтылды; 
4) Философиялық ой өнермен тығыз бірлікте дамыды. Адамның өзінің табиғи негізіне оралуы идеясы Өркендеу дәуірінің өнерінде көрініс тапты. Адамның күші Құдаймен тең, ол бәрін де игере алады. Ренессанс адамы – шығармашылықпен айналысатын, қолынан келмейтіні жоқ адам. Ол бәріне қабілетті, дене сұлулығына да, ой сұлулығына да жете алады. Адам – дүниедегі ең әдемі, ең әсем Тіршілік етуші (существо). Осы эстетикалық негіз Өркендеу философиясына ерекше мазмұн берді, Әсемдік, Адамның Әсемдігі асқақтатылды. Тән мен жанның сұлулығы Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рембрандт шығармаларында суреттелді, олар әлі күнге дейін аса қүнды, теңдессіз, баға жетпес дүниелер болып есептеледі; 
5) Ренессанс философиясына гуманизм – адамның тұлға ретіндегі құндылығын, оның еркіндікке, бақытқа және дамуға ие болу құқын мойындайтын көзқарас тән. Гуманизм антика мен Орта ғасырда да болғанымен, қоғамдық қозғалыс ретінде Өркендеу Дәуірінде қалыптасты. Ерекшелігі – гуманистік философия кәсіби философиядан тыс қалыптасты. Ақын-жазушылар, ғалымдар, ритор, педагог, дипломат. саясаткер және тағы баска білімді адамдар гуманистер қауымдастығын құрып, жаңа гуманистер модениетін жасауға талпынды. Олар өздеріне » философ» деген атақ беріп. философияға жаңа мазмұн берді, бұрынғы философтарды философ деп санамады. Гуманизмнің негізін салушылар: Данте Альгиери, Франческо Петрарка, Колюччо Салютати. 
     Данте Альгиери– итальяндық Ренессанстың астанасы Флоренцияда дүниеге келген ақын және ойшыл. Оның «Құдайы комедиясы» – гуманистік ойлардың бастауы. Бір жағынан алып қарағанда, бұл еңбек ортағасырлық христиандық көзқарастар энциклопедиясы, Құдай адам өмірінің басшысы ретінде бейнеленеді. Сонымен қатар, «Құдайы комедияда» адамның жер бетіндегі өмірі, қызметі, жаңа адамның психологиясы мықты суреттеледі.                                                                                                                               

Италиядағы гуманистік қозғалыстың негізін қалаушы – ақын және философ Франческо Петрарка. Оның поэзиясында Ренессанс дәуірінің жаңа адамының ішкі жан дүниесі тамаша ашылды. Христиан дініне сенуші бола тұра ол схоластиканы «диалектиканың мылжыңы», белсенді адамға қажетсіз оқымыстылық деп сынады, дінбасылардың даңққұмарлығы мен нәпсіқұмарлығын айыптады, алғашқы христиандық гуманизм идеясына сүйенді жәәне антикалық философия мен христиан дінін табыстыруға тырысты. 
     Осы бағытты әрі қарай дамытуға үлес қосқан Колюччо Салюта болды. Ол өз шығармаларында Италия қалаларының қоғамдық өмірін суреттеді, феодалдық қоғамға қарсы тұрған қала еркінді мадақтады. Осы позициясы арқылы оның адам еркіндігін қолдаған көзқарасы керінеді

     Николай Кузанский– оның философиясына ортағасырлық ойлау мен гуманизмнің бірлігі байқалады, себебі ол католик шіркеуінің қызметкері және гуманистер үйірмесінің мүшесі болды.Кузанецтің ойынша, Құдай дегеніміз Болмыс және Болмыстың қылы тасуының мүмкіндігі. Ол құдайды танып-білудін мүмкін екендігін көрсетуге ұмтылады, оның бар екендігін дәлелдеуге тырыспайды, құдайдың интеллектуальдік функциясын ашу арқылы Құдай ұғымының мазмұны түсінуге болады деп есептейді.

      Эразм Роттердамский – католик шіркеуіне қарсы бағытталған христиандық гуманизм бағытының өкілі, жас кезінде Нидерланды монастрінде монах болып, ХV-ғ. соңында Лондонда өмір сүрді. Көне грек тілінде жазылған көптеген еңбектерді латын тіліне аударды. Өз ілімін «Христ философиясы» деп атады, ол алғашқы христиандықтың идеялары мен идеалдарын қайтадан дамытуға бағытталған. Роттердамский адамның Інжіл (Библия) уағыздарына сүйене отырып, өзін сол жоғары деңгейге көтере алатынына сенімді, тек оны толық меңгеру керек, дінге сенушінің кейпіне өтірік ену дұрыс емес дейді.

      Эразм Роттердамский ХVІ-ХVІІ ғғ. ойшылдарының ілімдеріне, әсіресе, француздың философ-гуманисі Мишель Монтеньге мықты әсер етті. Негізгі шығармасы – «Тәжірибелер». Бұл абстрактылы- философиялық еңбек емес, адамға күнделікті қажет, практикалық туынды. Монтеньді Аристотель мен Платон философиясы қызықтырмайды Аристотельді ол тіпті «схоластикалық ғылымның құдайы» деп атайды негізінен скептиктерді жоғары бағалайды. Монтень адам өмірінің мақсаты – табиғатқа сеніп, жалпылық заң бойынша бірқалыпты өмір сүру деп есептейді.

     Қайта Өркендеу ғылымы негізінен үлкен екі ошақта шоғырланды: 
1)университеттер мен мектептер – схоластикалық пайымдау басымырақ, тәжірибе-эксперимент аз; 2) суретші, сәулетші, мүсіншілер шеберханасы – өмірдің өзі өнерді ғылыммен, әсіресе, математикамен ұштастыруға итермелеп отырды. 
Қайта Өркендеу Дәуірі ойшылдарының көбі ғылым мен өнердің бірнеше саласын бір басына жинаған тұлғалар ретінде белгілі болды. Солардың бірі – Леонардо да Винчи. Классикалық білім алмаса да, өз бетімен көп оқыды, антика ілімін жақсы таныс болды, өнер туындыларын жасау процесінде ұлы суретші, ойшыл ретінде қалыптасты.. Леонардо да Винчи таным процесіндегі тәжірибенің роліне аса мән берді. Тәжірибе арқылы өтпейтін ғылымдар адасуға ұшырайды деп есептеген оның ойынша ақиқатқа жеткізетін бақылау мен қабылдау емес, тәжірибе ғана: «Даналық – тәжірибенің қызы». Леонардо да Винчи соны мен бірге теорияның ролін де бағалады: «Ғылым – әскер басшысы, тәжірибе – солдаттар». Ең басты ғылым – математика деп түсінді. 
Николай Коперник – поляк астрономы және философ. Өркендеу дәуірінде астрономия жақсы дамыды; оның себебі теңіз сал сының дамуы еді. Астрономия ғылымын тереңдеп зерттеген Коперникт басты еңбегі: «Аспан сфераларының айналуы». Негізгі идеясы: Аристотель-Птолемей теориясын терістеу немесе дүниенің гелиоцентрист жүйесін ашу. 
     Галилео Галилей– итальяңдық Ренессанстың дамуын аяқтаушы. Оның ғылыми қызметін екі бағытқа бөлуге болады: 
1) механика принциптерін, денелердің қозғалысын зерттейтін ғылымды – динамиканы дамытты. Денелердің еркін қүлауы заңы, жылдамдық пен үдеу туралы түсініктер табиғаттың таза, физикалық, объективті заңы туралы үғымды қалыптастырды 
2) астрономия саласындағы ғылыми ізденістері – айдың бетін зерттеді, күннің бетінен дақтар тауып, Венераның фазаларын, Юпитердің серіктерін, Сатурнның айналасындағы жарық құбылыстарын анықтады.Галилейдіц бұл ізденістері аспан дүниесі туралы схоластикалық түсініктерге қатты соққы болды, олар аспанды эфирден түратын тылсым дүние деп түсіндіріп келген болатын.

      Қайта Өркендеу Дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия Ағылшын гуманисі Томас Мор – Эразм Роттердамскийдің Досы, әйгілі «Утопия» еңбегінің авторьі. Латын тілін жақсы меңгерген, заң мектептерінде білім алып, мүғалімдік және адвокаттық қызметтер атқарған.Мордың «Утопия» еңбегі мемлекеттің ең жақсы құрылымы туралы пайымдауға арналған.

    Томмазо Кампанелла – философия, жаратылыстану мәселелерін әлеуметтік мәселелермен байланыстыра білген, Испания монарахиясына қарсы күрескен, сол үшін 30 жылдай түрмеде отырған монах. Басты еңбегі – «Күн қаласы». Кампанелла гипозоизм (барлық нәрсенің жаны бар) идеясын универсумға қолданады: «Әлем – үлкен тірі мақұлық, біз оның ішінде құрттар секілді өмір сүреміз, теңіз – жердің тері». 
«Күн қаласы» еңбегінде қоғамды қалай өзгерту туралы ойларын баяндайды. 
     Никколо Макиавелли – Флорентия республикасындағы кедей заңгердің отбасында дүниеге келгендіктен университеттік білім алуға мүмкіндігі болмаса да, латын тілін игеріп, ежелгі классиктердің еңбектерін жақсы игерді, жас кезінен бастап саясат және мемлекет мәселелеріне ден қоя бастады. Саяси қызметтен аластатылған жылдары жазған еңбектері оның есімін адамзат тарихында қалдырды, олардың арасындағы ең белгілісі -»Билеуші» («Государь»). Бұл еңбек сол кездегі реалды әлеуметтік қажеттіліктен туындады, мемлекет проблемасы Макиавелли үшін академиялық, жәй ғана қызықты мәселе емес, ұлттық феномен, антикалық философтар қарастырған мінсіз мемлекет теориясын жалғастыруға талпыныс еді.

     Қайта Өркендеу Дәуірі философиясы туралы қорыта айтсақ, бұл кезең – адам еркіндігін, жасампаздығын, шығармашылық қуатын, табиғатпен бірлігін жырлаған, дүниенің құрылымы, қоғам мен адамның мәні туралы жаңа ғылыми түсінік-идеялар, болжам-үлгілер ұсынылған адамзат ойының табысты кезеңі. Қайта өрлеу философиясының дүниетенымдық орентациясында басты ерекшелік адамға деген бет бұрыс, қайырлы қоғам дүниедегі адам қызметі, адам бақыты проблемалары көтеріледі. Философия ғылым ретінде түсіндіріледі және оның мақсаты адамның өмірде орнын табу.

 


Информация о работе Операциондық жүйе архитектурасына шолу