Қызыл кітап

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 17:07, реферат

Описание

Қызыл кітап
Светофордың көзі қызыл жанып тұрғанда, көшеден өтуге болмайты-нын білесіңдер. Қызыл түстің, кейде осындай тыйым салу белгісі екені бүкіл дүние жүзінің адамдарына түсінікті. Сондықтан да сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, айрықша қорғау шараларын қолдануды қажет ететін хайуанаттар мен өсімдіктер түрлері тіркелген арнайы кітап «Қызыл кітап» деп аталған.

Работа состоит из  1 файл

KK.doc

— 156.00 Кб (Скачать документ)

Шындығына келгенде, Қорғалжын қорығы тек қоқиқаз үшін ғана түрді сақтаудың қамтамасыз етілгенін айта кету керек (онда саны бірнеше мыңға жететін негізгі ұялайтын тобы қорғалады). Территориялық жағынан бірнеше таудағы қорықтарда ұялайтын бүркіт, қара ләйлек және сияқты хайуанаттар біршама жақсы қорғалады. Далалық жерлерде мекендеушілермен салыстырғанда таудағы қорықтарда таралған барыс, түркістан сілеусіні, тас сусары, тянь-шань қоңыр аюы сияқты сүтқоректілердің тіршіліктері де әлде қайда жақсы.

Келешекте ұйымдастырылатын қорықтардың ішінен мыналарды ерекше атап өтуге болады. Олар: өзіне тән ерекшелігі бар реликті өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің комплексін, соның ішінде өте сирек кездесетін арқарды қорғауды қамтамасыз ететін Қаратау қорығы; жусан-сораң өскен тақырлы шөлді және Қазақстан эндемигі Шренк тобылғы түсі мен жалманды қорғауға арналған өзі аттас шөлдің ортасында орналасқан Бетпақдала қорығы; су құстарының тіршілік мекені ретінде халықаралық маңызы бар сазды-батпақты көлдерге бай Торғай қорығы; Іле өзенінің сағасында орналасқан, сақталып қалған шөл өзендерінің ішіндегі ең үлкенінің атырауындағы өзіне тән ерекшелігі бар комплексін, сонымен қатар сол жерде ұялайтын қызғылт және бұйра бірқазандардың негізгі шоғырларын және іргелес жатқан шөл учаскелерінде мекендейтін жыланшы бүркіт, іле сексеуіл жорға торғайы, қылқұйрық және қарабауыр бұлдырықтар, боз ергежейлі қосаяқ және басқа да сирек кездесетін жануарлардың тіршілік ортасы болып табылатын сексеуіл ормандарын қорғауға арналған Балқаш өңірі қорығы; тауда өскен шырша мен майқарағайларды және Тянь-Шань қоңыр аюы, барыс, Тянь-Шань арқары сияқты сирек кездесетін сүтқоректілерді қорғауға арналған Жоңғар қорығы.

Қазақстан Қызыл кітабындағы сүтқоректілер.

 Қызыл қасқыр. Қазақстан территориясынан жойылып кетуі де ықтимал. Себебі аты аңызға айналған бұл жыртқышты 40 жылдан бері ол мекендеген жерлерден (Тянь-Шань мен Алтай таулары) кездескені жайында анық деректер жоқ. Қызыл қасқырды Қазақстандағы хайуанаттар бағында қолдан өсіруді қолға алып, оны бұрынғы мекендеген жерлерге қайта жіберудің жолдарын қарастыру керек.

Тянь-Шань қоңыр аюы. Тянь-Шань тауы мен Жоңғар Алатауында мекендейді. Ол жерлерде тиісінше 200 және 300-дей аю тіршілік етеді. Бұл аңға тиетін негізгі қауіп - адамның тікелей аулауы және таулы аудандарды игеру барысында оны мекендейтін жерлерінен ығыстыру. Жоңғар Алатауында қорық ұйымдастырып, ал Алматы мен Ақсу-Жабағылы қорықтарында аюды қорғауды күшейту керек.

Қабылан. Бұрын Қазақстанда Үстірт пен Қызылқұмда мекендеген, бүгін де бұл жерлерде жойылып кетуі де мүмкін. Өйткені, 70-жылдардың ортасынан бастап республика шеңберінде бұл жыртқыштың кездескені жайында анық деректер жоқ. Негізгі себеп - қабыланды және оның ең басты қорегі қарақұйрықтарды тікелей аулап, сандарын азайту. Қолда өсірілген жыртқыштарды табиғи ортаға қайтадан жіберіп, оның санын қалпына келтіру жұмыстарын бастау керек.

Түркістан сілеусіні. Сілеусіннің сирек кездесетін түршесі Қазақстанның тек оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы ормандарда мекендейді. Саны онша көп емес. Оның төмендеуінің негізгі себептері - қасақылық және азық қорының аз болуы. Жоңғар Алатауында қорық ұйымдастырып, бар қорықшаларда сілеусінді қорғауды күшейту керек.

Барыс. Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Алтайдың биік тауларында мекендейді. Саны 200-ден аспайды және жылдан жылға кемуде. Негізгі себептері -қасақылық және таутекелер мен басқа жабайы тұяқтылардың санының кемуіне байланысты азық қорының азаюы. Жоңғар қорығын құрып және таудағы қорықшалар мен қорықтарды оны қорғауды күшейту керек.

Қарақал. Үстіртте тараған, ертеде Қызылқұмда да мекендеген. Санының аздылығы сонша, түр жойылып кету жағдайында. Себептері – басқа да мысықтарға әсер ететін факторлар. Үстірт қорығының территориясына қазіргі кезде қарақал кездесетін жерлерді қосып кеңейту керек. Үстірттің басқа жерлерінде де арнайы зоологиялық қорықшалар ашуды қолға алған да жөн.

Қызылқұм арқары. Қазақстанда Қызылқұмда мекендейді, бірақ ол жерде жойылып кетуі де мүмкін. Өйткені 70-жылдардан бастап бірде-бір рет кездеспеген. Себебі басқа да тұяқтыларға әсер ететін факторлар - қасақылық және үй малдарын көптеп жою. Бұл түршені питомниктерде қолдан өсіруді бастау және алынған төлдерді қорғалатын территорияларға жіберу мезгілі жеткен сияқты. Оларды қорғау үшін Қызылқұм қорығы мен бірнеше қорықшалар ұйымдастыру керек.

Қаратау арқары. Тек Қазақстанда Қаратауда ғана мекендейтін бұл арқар қазіргі кезде толық жойылу шегінде, бар-жолғы 100-150-дей бас сақталған. Осында өзіне тән ерекшелігі бар жануарды сақтап қалу үшін жеделдетіп Қаратау қорығын және осы жотаның солтүстік -батыс шетінде қорықшалар ұйымдастыру керек.

Үстірт арқары. Тек Үстірт пен Маңғыстауда ғана мекендейді. 70-жылдары саны 7-10 мыңнан 3-4 мыңға деійн кеміді, бірақ Үстірт қорығын және 2 қорықша (Ақтау-Базашы мен Қарагие-Қаракөл) құрылғаннан соң саны өсіп, 1991 жылы 5,5 мың басқа жетті. Бұл түршенің шектелген санын пайдалану жөнінде тәжірибелер жүргізу басталды. Үстірт қорығының территориясын кенейтіп, бірнеше қорықшалар ұйымдастыру керек.

Алтай арқары. Тек Алтайда ғана кездеседі. Ол жерде шамамен 80-дей арқар мекендейді, яғни бұл түрше жойылып кету шегіне жақын тұр. Негізгі себеп - қасақылық және арқарлар тіршілік мекенінде пәрменді түрде мал жаю. Мал жаюды шектеп, Күршім жотасының оң жақ беткейінде Марқақөл көрыгының жеке бөлімшесің ашу керек.

Қазақстан арқары. Орталық Қазақстанның аласа қырат жоталарында мекендейді. 60-жылдары саны мен таралу аймағы қасақылық пен тіршілік етуге жарамды мекендердің тарылуына байланысты қысқарды. 90-жылдардың ортасына қарай оның саны 12 мыңға дейін өсіп, бұл түршені белгілі бір қорғалатын жерлерде олардың шектелген саның пайдалану жөнінде тәжірибелік жұмыстар басталды. Қорықшаларда арқарларды қорғауды күшейтіп, далалық қорықтар құрып, оларды Ұлытауға қайтадан жерсіндеру керек.

Тянь-Шань арқары. Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауында тараған. Бұл түршенің саны шапшаң төмендеп, қазір оның саны 1,5 мыңнан аспайды. Себептері - басқа арқарларға әсер ететін факторлар Ақсу-Жабағылы қорығына жақын жатқан арқардың қыстайтын жерлерін қосу, көршілес Қаратау жотасында бұл қорықтың бөлемшесін ашып, Жоңғар Алатауында қорық құрыды жеделдету керек.

Тоғай бұғысы. Жойылып бара жатқан Орта Азиялық түрше. Ертеде Қазақстанда Сырдария мен Іле өзендерінің бойында мекендеген, бірақ 60-жылдардың ортасында толықтай жойылған. 1981 жылы Тәжікстаннан бірнеше бұғы әкелініп, оларды Іле өзенінің сол жағалауында орналасқан Қарашеңгел аңшылық шаруашылағына жіберілді. Саны 200-ге жетіп, одан ары қарай өсүде. Бұл бұғыларды Сырдария мен Іле өзенінің бойында тіршілік мекені әлі де болса сақталған жерлерге жіберу керек.

Түрікмен құланы. Құланның бұл түршесі Үстіртте мекендеген, ал XX ғасырдан 30-жылдары ол жерден жойылып кетті. Қазақстанның басқа шөлді аудандарында басқа түршесі - қазақстан құланы мекендеген, бірақ ол 30-жылдары біржола жойылды. 1953 жылы Түркменстаннан Арал теңізіндегі Барсакелмес аралына әкелінген құландар көбейіп, 1982 жылдан бастап Іле аңғарына, Бетпақдала мен Шығыс Каспий өңіріне жіберілді.

Қарақұйрық. Ертеде шөлді аймақта көптеп кездескен, бірақ қасақылыққа байланысты оның саны 200 мыңнан (30 жылдары) 10 мыңға (70 жылдары) дейін кеміді және көп жерлерде ол кездеспейтін болды. Түрді Қызыл кітапқа тіркеген соң оның саны тұрақталып, жан-жақты қорғалатын жерлерде өсе бастады. Қазір Қазақстанда 30-50 мыңдай қарақұйрық бар. Қорғалатын жаңа территориялар ашу керек.

Орта азия тас сусары. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Алтайда тараған. Қасақылық әсерінен саны біртіндеп кемуде. Тас сусарды қорғау үшін көпшілік халық, әсіресе аңшылар, арасында кең көлемде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу керек.

Орман сусары. Қазақстанда тек Жайық өзенінің жайылмаларындағы ормандарда мекендейді. Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстанның ормандарында бірнеше рет кездескені белгілі. Бұл жерлерге ол Россияның шекаралас аудандарынан өтіп келген. Саның шектеудің негізгі факторлары - қасақылық және азық қорының азаюы. Кирсанов қорықшасында қорғауды күшейтіп, азық қоры аз болған жылдары сусарды қыс айларында үстеме көректендіруді ұйымдастыру керек.

Европа қара күзені. Ертеде Жайық өзенінің алқабы мен Еділдің атырауында мекендеген. Бәсекесі америка су күзенің жерсіндіргеннен кейін қара күзен бұл жерлерде кездеспейтін болды. Қазақстанда оның толық жойылып кетуі де мүмкін. Европа қара күзенін қолда өсірудің шараларын дайындауды қолға алып, оны бұрынғы мекендеген ортасына қайта жіберіп, сол жерлердегі америка су күзенін жоспарлы түрде аулау шараларын қарастырудың мезгілі жеткен сияқты.

Шұбар күзен. Қазақстанның шөл және шөлейтті аудандарында кең тараған бірақ барлық жерлерде саны өте аз. Кейбір құрғақшылық жылдары саны күрт өзгеріске ұшырап, мүлдем азайып кетеді. Шөлді аймақта Бетпақдала, Балқаш өнірі, Қызылқұм қорықтарын ұйымдастыру, сонымен қатар сирек кездесетін жануарларды қорғау үшін бірнеше зоологиялық қорықшалар құру керек.

Итаю. Өте сирек кездесетін аң. Қазақстанда Оңтүстік Үстірттің шағын ғана территориясында таралған. Ол жерде 15-20-дай ғана итаю мекендеуі мүмкін. Бұл жыртқыш кездесетін территорияларды Үстірт қорығына қосып, кен іздеушілер қатарындағы жұмысшылар мен шопандар арасында итаюды қорғау жайында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу керек.

Шағыл мысығы. Аздаған мысықтар тек Үстірт пен Қызылқұмда ғана мекендейді. Санының кемуінің негізгі себебі - қалын қарғы қатал қысты жылдары азық қорының азаюы, оған қоса адамның тікелей қызметтері әсер етеді. Қызылқұм қорығын ұйымдастырып, Солтүстік Қызылқұмның біршама бөлігін қорықша етіп жариялау керек.

Сабаншы. Қаспийден Алтайға дейінгі шөлді аласа тауларда кең тараған, бірақ сирек кездесетін түр. Себептері: қар көп түскен жылдары азық қорының азаюы, қасақылық қойшылардың иттерінің талап өлтіруі, адамның шаруашылық қызметіне байланысты олардың таралу аймағының тарылуы. Сарыарқа мен Жоңғар Алатауында қорықтар ұйымдастыру керек.

Үнді жайрасы. Өзіне тән ерекшелігі бар, саны төмен, аз зерттелген кеміргіш, көбіне Батыс Тянь-Шань мен Іле Алатауының батысындағы аласа тауларда таралған. Аласа тауларды игеру және соған байланысты қасақылықтын дамуы жайра санының төмендеуіне әсерін тигізеді. Бұл түрдің Қызыл кітапта алатын орынның шешу үшін оның санын анықтап, тіршілігін зерттеу керек.

Жалман. Бетпақдаланы, оның шығысында жатқан шөлді аудандарды районы, Зайсан ойпатын қосы, мекендейтін өте сирек кездесетін кеміргіш. Өте сирек болуына байланысты ол 1938 жылға дейін ғылымға белгісіз болды. Бұл реликті түр - көне туқымдастың осы уақытқа дейін сақталып қалған бірден-бір өкілі. Бетпакдала қорығын құрып, жалманның тіршілігін зерттеп, оның мекенін сақтап қалудың барлық жағдайларын қарастыру керек.

Сары алақоржын. Жылма-жыл саны құрт өзгеріске ұшырап отыратын сирек кездесетін кеміргіш. Саны өте көп болған жылдары Орталық Қазақстаннан бастап Алтайға дейін, ал саны аз жылдары тек Зайсан ойпатында ғана кездеседі. Қар көп жауға қыстар мен құрғақ жаздан басқа әсер ететін анықталмаған факторлар осы түрдің төмендеуінің себебі. Зайсан қорығын ұйымдастыру мен алақоржынды хаиуанаттар бағында өсіріп, оның биологиясын зерттеуді қолға алу керек.

Жұпар. Саны удайы азайып бара жатқан ұлпа терілі сирек кездесетін сүтқоректі. Қазақстанда тек Жайық өзенінің алқабында ғана мекендейді. Аздап Еділ өзені атырауында кездесіп қалады. Соңғы кезде Қостанай облысының территориясына Россиядан ене бастады. Саны қасақылық пен ол мекендейтін су қоймаларының жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі бар қорықшаларда жұпарларды қорғауды күшейту және Үй-Тобыл қорықшасын ұйымдастыру, жер суару жұмыстарын реттеу, суды ластанудан сақтау керек.

Иконников жарқанаты. Республикамызда тіршілігі белгісіз жарқанаттардың бір түрі. Қазақстанда тек Алтайда ғана бірнеше рет кездескен. Саны мен тіршілігі әлі зерттелмеген. Қорғау шаралары дайындалмаған. Тіршілігін зерттеп, оның Қызыл кітаптан алатын орнын анықтау қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

   Бүгінде экология ғаламшар халқының ең үлкен проблемасына айналды. Табиғи ресурстар азайып барады. Бізді қоршаған орта ластанған. Үлкен қалалардың ауасында адам ағзасына зиян көптеген улы заттар кездеседі. Мысалы, күкіртті сутек, күкірт, көміртек, қорғасын, сынап, т.б. Мұның бәрі - өнеркәсіп өндірістерінің қалдықтары мен автокөліктердің пайдаланылған газы. Бұл – келешекте зор апатқа әкелуі мүмкін.

Табиғат – тірі дүние. Біз табиғаттан тек алуды білеміз. Оның бар байлығын пайдаланып жатырмыз. Ал табиғатқа қамқорлық жасауды ұмытып кетеміз. Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір сүреді. Олардың ұрпақтарына қалдыратын мұрасы бар.

   Еуропа елдері қоршаған ортаны қорғауға көп мән береді. Олар ормандарын күтеді. Оңтүстік Корея еш уақытта ормандарын кесіп, өндіріске

пайдаланбайды екен. Орман  – оттектің жер бетіндегі бірден – бір көзі.

   Ол – атмосфералық ауаны тазартушы. Бір гектар жерді алып жатқан қарағай жыл сайын он тонна оттек шығарады екен. Ал өзі сонша мөлшерде көмірқышқыл газын жұтады.

 Академик К.И. Тимирязев: «Өсімдік жақсы өссе – адам да жақсы өмір сүреді», - деген. Қалай дәл айтылған сөз!

   Біздің республикамыздың көп аймағы көмекке зәру. Экологиясы төмен аймақтарымыз көбейіп барады. Су - тіршілік негізі. Сусыз өмір жоқ. Жер шарының көп бөлігін су алып жатыр. Бірақ сол судың тоқсан пайызы адам өмірі үшін, өсімдіктер мен жан – жануалар тіршілігі үшін жарамсыз тұзды сулар. Оның тек 2,5 пайызы ғана тұщы су. Жер бетінде таза су ресурстары көп емес. Біз судың тазалығын сақтауымыз керек. Ең бастысы, жауапкершілікті түсінуіміз керек.

Табиғатқа келтірмеген  зиян - өзімізге жасаған қастандығымыз. Табиғатымызды аялайық! Марқакөлдің  солтүстігінде- Күршім тауы, оңтүстігінде Азутау қоршап жатыр. Осы жерді мемлекет арнайы қорық ретінде қамқорлығына алған. Қорықта көптеген орман, тоғайлар бар. Онда «Қызыл кітапқа» енген жануалар мен құстардың түрлері де кездеседі.

Сонымен, Қызыл кітап  белгілі бір түрлердің жойылу қаупін, оларды көздің қарашығындай қорғау қажеттігін, оларды аулауға тыйым салынғанын ескертетін белгі және сол түрлерді сақтап, көбейту ісінің программасы болып табылады. Туған табиғатты қорғап, көркейтуді, оны ұрпақтан ұрпаққа жұтатпай жеткізуді көздеген бұл игілікті іс балалардың да аянбай ат салысуын тілейді.

Информация о работе Қызыл кітап