Шұжық өнімдеріне санитарлық баға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2011 в 15:50, реферат

Описание

Каспий теңізі — әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйық, су алабы. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи - тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су деңгейі көтерілген.

Работа состоит из  1 файл

колбаса.doc

— 23.50 Кб (Скачать документ)

                                 Шұжық өнімдеріне санитарлық баға.

Шұжық өнімдеріне ветеринарлы-санитарлық анализді олардың  жоғары сапалылығын және өнеркәсіп  шығаратын өнімге сай стандартты және техникалық шарттарын тексеру  мақсатында жүргізеді.

Шұжық өнімдерінің жоғары сапалылығы өнімнің сапасына, дайындаудағы техникалық режимдерді сақтау және де сақтаудан реализациялау шарттарына байланысты.

Бұл зерттеулерден  кейін келесі нормативті-техникалық құжаттандыру (МЕМСТ, техникалық шарттар, техникалық нұсқаулар және т.б.) жүргізіледі.

Технохимиялық анализ шығарылатын өнімдердің әрбір  партиясында : рецепт құрамының сақталуын, органолептикалық белгілерін анықтау  бойынша жүргізіледі.

Зерттеуге әрбір  біржақты партиядағы өнімнен үлгі алады, олар қақталған, түрі, сорты және аталуы бір, бір сменде шығарылған, бірдей технологиялық өңдеу режимінде жүргізілген өнімдер болуы тиіс. Біржақты партия сыртқы түрін тексергенде әрбір партиядағы шұжық өнімінің 10%-на жүргізіледі.

Лабораториялық  зерттеулерді (органолептикалық, химиялық, микробиологиялық) жүргізу үшін келесі үлгілерді алады: қабықшадан және еттен жасалған өнімнен салмағы 2 кг өнімнің екі бірлігін барлық түрінен сынаудан; қабықшадан және еттен жасалған өнімнен салмағы 2 кг-нан аспайтын өнімнің екі бірлігін барлық түрінен сынаудан; қабықшасыз өнімнің үш бірлігін барлық түрінен сынаудан өткен.

Алынған бірліктерден барлық салмағы 800-1000 г болатын органолептикалық сынау жүргізу үшін 1 үлгі алады, ал химиялық сынауға 400-500 г-нан кем  дегенде 2 үлгі алады, 200-250 г-ға әр 3 бірліктен микробиологиялық зерттеу жүргізеді.

 Алынған үлгілерді  әрбіреуін бөлек пергаментті  қағаздарда қаптайды. Егер зертхана  дайындаушы өнеркәсіптен тыс  орналасса, онда үлгіні пломбирлейтін  немесе печать басылған ыдыстарға  (жәшік, пакет, банка) салады. Үлгіге алынған сынаманың актын жапсырады, онда өнеркәсіп аты, өндірілетін өнім, түрі, сорты және өндіру күні, МЕМСТ номері немесе техникалық шарты, яғни шығарылуы, партияның размері, яғни қандай үлгіден алынғаны, партияның сыртқы түрінің қорытындысы, өнімнің зерттеуге жіберілгендегі мақсаты, үлгінің өткізілген орны мен күні, үлгіні таңдаған және тексерген тұлғаның фамилиясы мен дәрежесі.

Информация о работе Шұжық өнімдеріне санитарлық баға