Қоршаған орта және экология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 21:13, статья

Описание

Сабақ мақсаты: Білімгерлерді жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамкорлық, жанашырлық сезімге баулу, оқушылардың табиғат жөнінде ой-өрісін кеңейту; білімге құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту; табиғатын сүйе білуге, оны қорғауға, ұйымшылдыкка, өзара сыйластықка тәрбиелеу.
Таза болса табиғат – аман болар адамзат

Работа состоит из  1 файл

Қоршаған орта және экология.docx

— 286.90 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЖАМБЫЛ ҚАЗАҚ  – ТҮРІК ЕСЕП – ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ


 

 

Тақырыбы:   Қоршаған орта және экология

 

 

 

Өткізген: Иманов Нұралы

 

 

 

 

Тараз – 2012 жыл.

Сабақ мақсаты: Білімгерлерді жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамкорлық, жанашырлық сезімге баулу, оқушылардың табиғат жөнінде ой-өрісін кеңейту; білімге құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту; табиғатын сүйе білуге, оны қорғауға, ұйымшылдыкка, өзара сыйластықка тәрбиелеу.

 Таза болса табиғат – аман болар адамзат

Адамның табиғатқа сарқылмас байлық деп   қарауы   табиғи   ортадан   тепе-теңдіктің бұзылуына  жол береді. Мұның келеңсіз әсері  соңғы онжылдықта күшейіп, енді адамзат  экологиялық мәселелерді шешуді белсенді түрде қолға алды.Түрліше  табиғат қорғау ұйымдары құрылып, қоғамдык акциялар ұйымдастырылуда, қоршаған  ортаны  қорғау туралы  заңдар  шығарылуда. Табиғатымыз — адамға баға жетпес байлық. 

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді, 

Дархандықты қазаққа дала берген секілді. 

Еркелікті ерікті желден алған секілді, 

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған  секілді,

- деп ақын ағамыз жырлағандай  табиғат тазалығын сақтайтын  да, ластайтын да адам. Сондыктан  мектепте жас ұрпақка экологиялық  білім мен тәрбие беру адамзаттын  табиғатка, қоршаған ортаға, қоғамға   және  адамға деген  көзкарасы   мен қатынасын түбегейлі өзгертудің, сөйтіп нағыз өркениетті адамның  дамуын камтамасыз етудің бірден-бір  жолы. Жер, жалпы табиғат — күллі тіршілік атаулының құтты коныс-мекені, алтын ұя тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау - баршамыздың міндетіміз. Халқымыздың мактанышы болып саналатын     ғалым,     этнограф,     зерттеуші Ш.Уәлиханов былай деген екен: "Табиғат пен адам егіз! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан кұпия не бар?!  Қазақтар дүниеге үлкен мән берді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмыска қажетті заттарды киелі деп қастерледі. Осы айтылғандарды құрмет тұту адам баласына байлық пен бақыт, кұт әкеледі". Табиғат ол бізді коршаған орта: аспан, ай, кун, жұлдыз, ауа, күннің көзі, жылуы, өзен, көл, жарык. Табиғат - байлыктын көзі. Табиғат - күллі тіршілік атаулының кұтты коңыс-мекені, алтын ұя тал бесігі! Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адам біртұтас, бір-бірінен бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына еш уакытта зиян тигізбеген.      Экология – организмдердің бір-бірімен және қоршаған табиғи ортамен әсерлесу заңдылықтарын зерттейтін іргелі табиғаттану ғылымы деп анықтама беруге болады. Жедел дамып келе жатқан және шекарасы көмескі

      Экология жеке  ағзалардың және олардың бірлестіктерінің  арасындағы өзара әсерді, оларға  тіршілік орта факторларының  ықпалын оқытып үйретеді. Ағзаның  құрылысы мен тіршілік әрекетіне,  оның мінез-қылығына қоршаған  ортаның әсерін зерттейді. Белгілі  аумақта әр алуан агзалар бірлестіктері  арасындағы заңдылықтарды анықтайды.

 1 . « Табиғатсыз адамдардың күні жоқ ....»

2 . Табиғат – бүкіл тіршілік  атаулының алтын ұясы ,

 аяулы бесігі құтты қонысы , өсіп - өнетін мекені .

3. Адам– табиғат перзенті . Олай  болса табиғат анаға аялы

 алақан , жүрек жылуын арнау  әрбір саналы азаматтың

 парасатты адамгершілік борышы .

4. Жер – қазына , су – алтын  , мал – байлық .

5. Табиғат – халық қазынасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялык даму бағдарламасында "Қоршаған ортаны ластауға, экологиялык калыпты жағдайды бүлдіруге  жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен окушыларға экологиялык білім беріп, табиғатты корғауға тәрбиелеу – бүгінгі күннін кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі"деген. Осы бағдарламаны басшылыкка ала отырып алдағы уакытта табиғатка деген сүйіспеншілік, табиғат байлығын қорғап молайту — басты  мақсат.

Казіргі кезде айналадағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар  аударылып отыр. Экология деген сөз  тіршілік ету мекені, өмір сурген орта туралы ғылым дегенді білдіреді. Оны немістің атакты табиғат зерттеушісі  Эрис Геккель тұнғыш рет 1969 жылы ғылыми сөздікті корға косты.

Табиғатты қорғау - бәріміздін борышымыз. Өйткені казір теңізіміз тартылған, орманымыз кесіліп, кұнарлы жерлеріміз сортанданып қалды. Осының бәріне кім  кінәлі? Әрине, адам. Бәріне адамдардың ракымсыз істерінен, кешегі табиғаттың уылжыған тамаша кездерінде өмір сурген ата-бабаларымыздың ескертпелерін  орындамағанынын кесірінен десек  те болады.Табиғатты аялап, коршаған ортаны корғай білейік!

Табиғаттың тамаша туындыларының    бірі - хайуанаттар. Халкымыз ежелден-ак көптеген жануарларды аялап, камқорлыкка  алған. Оларды жаксылыктың жаршысы, бакыттын бастамасы деп дәріптеген. Олар: далаға ажар берген акбөкен, әні  мен сәннін иесі бұлбұл, су аруы аққу.

Жасыл желекті ағаштарды, әсем гүлдерді, мөлдір бұлақтарды, сайраған құстарды, жан-жануарларды корғаңдар! Жер - сенің  аяулы бесігің. Осы жер үстінде  аштың сен тіршіліктің есігін. Бүкіл тіршілікке жер үлкен кара шаңырақ. Сондыктан да сен өз туған  жерінді, оның табиғатын корғай біл.

 

Қорытынды

        Қоршаған орта – адамзат қоғамы өмір сүретін табиғи және антропогендік орта; адамдар мен олардың шаруашылығына бірлесе және тікелей әсер ететдыін биоталық, абиоталық және антропогендік орталардың жиынтығы; адамдар, жануарлар немесе объектілер тіршілік ететін немесе әрекет ететін орта немесе контекст.

       Қоршаған орта мен өз тәніміз жөніндегі біліктердің негізгі көзі - біздің түйсіктеріміз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөніндегі ақпаратгардың миға жетіп, адамның төңіректегі дүние ортасы мен өз тәніне байланысты бағыт - бағдар түзуіне қажетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер жабық болып, сезім мүшелері керекіі ақпараттарды жеткізіп тұрмағанда, ешқандай саналы өмір жөнінде әңгіме ету мүмкін болмас еді. Деректерден белгілі болғандай, тұрақты ақпарат көзінен айрылған адам мүлгіген кейіпке түседі. Мұндай жағдай адамда кенеттен көру, есту, иіс сезу қабілетінен айрылып немесе сана сезімі қандай да сырқатқа байланысты шектелсе, көрініс береді. Бұл кейіпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына шырмалып, кейін төзіп болмас күйзеліске ұшырайды.

        Көптеген байқаулардың көрсеткеніндей, ерте балалық шақта кереңдік пен зағиптіктен жеткілікті ақпарат ала алмаудан адамның психикалық дамуы күрт тоқтайды. Егер соқыр-керең болып туған баланы немесе ерте жастан мұндай халге душар болган субъектіні арнайы оқытып, кемістіктердің орнын толтырудың жолдары мен әдістерін үйретпесе, олардың психикалық дамуы өрістей алмай, өз бетінше кемелденуі біржола жойылады.

      Түйсіктер адамға қоршаған орта мен өз тәнінің сигналдарын қабылдап, олардың қасиеттері мен белгілерін бейнелеуге мүмкіндік береді. Олар адамды төңіректегі дүниемен байланыстырып, негізгі таным көзі ретінде қызмет етеді, солар арқасында адамның даму мүмкіндігі ашылады. Бірақ аталған тұжырымдардың айдан-анықтығына қарамастан, философия тарихында олар бірнеше рет күмәндікпен сыныға алынды. Идеалист философтар түйсікті біздің саналы өміріміздің емес, ол табиғаттан берілген, сыртқы әсерлерге тәуелсіз санамыздың ішкі қалпы, ақыл-ой қабілетіміз, - деп топшылаған. Рационализм философиямының негізінен алынған мұндай көзқарас мәні: психикалық процестер күрделі тарихи дамудың жемісі емес, сана мен ақылдың қоғамдық болмысқа қатысы жоқ, олардың бәрі адам рухының түсіндіріп болмас, тума берілген қасиеті.

      Экология – организмдердің бір-бірімен және қоршаған табиғи ортамен әсерлесу заңдылықтарын зерттейтін іргелі табиғаттану ғылымы деп анықтама беруге болады. Жедел дамып келе жатқан және шекарасы көмескі

      Экология жеке ағзалардың және олардың бірлестіктерінің арасындағы өзара әсерді, оларға тіршілік орта факторларының ықпалын оқытып үйретеді. Ағзаның құрылысы мен тіршілік әрекетіне, оның мінез-қылығына қоршаған ортаның әсерін зерттейді. Белгілі аумақта әр алуан агзалар бірлестіктері арасындағы заңдылықтарды анықтайды.


Информация о работе Қоршаған орта және экология