Экологиялық мониторинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 01:27, реферат

Описание

Топырақ — тіршілік ортасы. Топырақ құрлықтың беткі қабаты. Ол үнемі литосферамен және атмосферамен жанасып жатады. Топырақ ұзақ уақыттар ішінде үгітілген тау жыныстары мен тірі организмдердің шіріген қалдықтарының қосылуынан пайда болған әрі тарихи, әрі табиғи дене. Сондықтан да топырақ құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақ қабатын педосфера (грекше "podos"—аяк) қабығы деп атайды. Топырақтың беткі кабатында органикалық заттарды ыдыратушы ұсақ организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, құрттар және т.б.) тіршілік етеді.

Содержание

Кіріспе.............................................................................2


Негізгі бөлім
Топырақ қабаты.............................................................3
Топырақтың адамзат үшін маңызы...............................4
Қазақстанның топырақ экологиясы және қазіргі ахуалы............................................................................................6
Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану.......................................................................................13


Қорытынды.................................................................19


Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................21

Работа состоит из  1 файл

Экология реферат.doc

— 1.11 Мб (Скачать документ)

     Мазмұны 

     
  1. Кіріспе.............................................................................2
 
     
  1. Негізгі бөлім
  1. Топырақ қабаты.............................................................3
  1. Топырақтың адамзат үшін маңызы...............................4
  2. Қазақстанның топырақ экологиясы және қазіргі ахуалы............................................................................................6
  3. Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану.......................................................................................13
 
     
  1. Қорытынды.................................................................19
 
     
  1. Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................21
 
 
 
 
 
 
 
 

     Топырақ — тіршілік ортасы. Топырақ құрлықтың  беткі қабаты. Ол үнемі литосферамен және атмосферамен жанасып жатады. Топырақ ұзақ уақыттар ішінде үгітілген тау жыныстары мен тірі организмдердің шіріген қалдықтарының қосылуынан пайда болған әрі тарихи, әрі табиғи дене. Сондықтан да топырақ құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақ қабатын педосфера (грекше "podos"—аяк) қабығы деп атайды. Топырақтың беткі кабатында органикалық заттарды ыдыратушы ұсақ организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, құрттар және т.б.) тіршілік етеді.

     Топырақ қабатының да тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Топырақ қабатындағы тіршілік үшін температура, ылғалдылық және оттек негізгі шектеуші факторлар болып саналады. Топырақ тығыз, онда жарық болмайды, температураның ауытқуы шамалы ғана әрі оттек аз, оның есесіне топырақта көмірқышқыл газы көп болады. Топырақ борпылдақ (саңылаулары мол) құрылымды болып келеді. Топырақ ішіндегі саңылауларды газдар қоспасы және су ертінділері толтырып тұрады. Топырақ көптеген организмдердің тіршілігі үшін өте қолайлы орта. Топырақта тіршілік ететін организмдер — педобионттар деп аталады.

       

     Топырақ қабаты (Горизонт почвы) — топырақ түзілу процесінде жекелеу, жер бетіне параллель  орналасқан біршама  біртекті топырақ  қабаты. Түсі, құрылымы, құрамы, жаңа түзілімдерінің және басқа да белгілері бойынша ерекшеленеді. Топырақ қабаты ендірілу, жылыстау, шығарылу және топырақтағы заттектердің айналуы нәтижесінде пайда болады. Тұтас алғанда олар топырақ қимасын құрайды. Топырақ өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Сазды топырақ құламаларда тұрақты және су бұзып кетуіне қарсы келе алатын топырақ; жолдың негізі үшін жақсы материал болып табылады. Құмайт топырақ ылғалды және құрғақ күйінде байланысы жақсы топырақ: құрғақ және тым ылғалды жерлерде жолға себуге пайдаланады. Шым тезекті топырақ ылғалдылықтың тұрақсыздану кезінде көлемдік өзгерістерге зор бейімі бар, қатты сығылатын орамды грунт, жол себуге қолданылмайды.

     

     Топырақтың  адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер, яғни, топырақсыз адамның өмірі.

     Адамзаттың  бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтқыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне, еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.

     Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте  төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының  едәуір көп бөлігін  жыртып тастады. Артынан  ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жырту зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. Бактериялар массасын топыраққа араластырып, микробиологияық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде. Мыс: фосфорбактерин органикалық заттарды алдыратын, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырады. т.б. Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес. Сирек кездесетін құрамы маңызды элементтердің болмауы, өсімдіктің ауруына, түсімнің аз болуына әкеліп соғуда.

       

       
 
 
 
 

     Топырақтың  адамзат қоғамы үшін маңызын айтып  жеткізу қиын. Егер бұрынғы кезде  өскен өнімді жинау  кезінде топырақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен  қамтамасыз етті, ал жер жыртып, егіншілікпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінің көзіне айналды.

     Сондықтан еңбек адамы ежелден  осы табиғи байлыққа үлкен құрметпен қарайды. В.В.Докучаевтың ойынша, қара топырақты жерлерді Ресейдің негізгі байлығы деп атайды.

     Өндірістің  кейбір салалары топырақты пайдалануға негізделген. Соның бірі маңызды азық-түлік өнімдерін жеткізуші ауыл шаруашылығы. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісін негізгі құралы болып табылады. Топырақтың орман шаруашылығында және құрылыс салғанда – инженерлік құрылғылардың іргетасының негізі ретінде және жол салуда гидротехникалық құрылыста құрылыс материалы ретінде маңызы зор.

     Топырақта жүріп жататын  күрделі биологиялық, физика-химиялық және химиялық процестердің адамзат қоғамының түрлі тіршілік салалары үшін мәні зор. Осы процестерді тану топырақты іс жүзінде пайдалануда жаңа мүмкіндіктер ашады.

     Микробиологиялық  және геохимиялық  процестерді зерттеуге  байланысты топырақтың халық денсаулығы үшін маңызы анықтала түседі. Топырақтағы  физика-химиялық құбылыстарды зерттеудің гидротехникалық құрылыс үшін және алыс қашықтыққа созылған магистралық құбырлар салу үшін маңызы бар.

     Топырақтағы биогеохимиялық және геохимиялық процестерді  пайдалы қазба  кен орындарын  іздеу кезінде  пайдаланады. Жердің ауыл шаруашылығы  үшін маңызы ерекше, сондықтан осы сұрақ алды мен қаралуы керек.  

 

     

     

     Қазақстанның  барлық жер көлемі 2724,9 мың км.кв. Жер  көлемі өте үлкен  болғанымен, оның сапасы соңғы жылдары  күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау  салдарынан топырақ  дегидрататцияға  ұшырап, құнарсыздану,шөлге айналу процестері күшейе түсуде.Соғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн.га. немесе 60% шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн.га. жазық жерлер, 185 млн.га. жайылым және 34 млн га таулы аймақтар алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн.га құнарлы жердің 185 млн.га. жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн.га топырақ эрозиясы, 60 млн.га. тұздану, 10 млн.га. химиялық және радиоактивті заттармен ластанған. Республиканың 30 млн.га. жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып жатыр.

     Солтүстік облыстарда тың игеру науханына байланысты және бірегей бидай дақылын егу, топырақ қарашірігінің 25-30 процентін жоғалтты. Батыс Қазақстан аймағында мұнай-газ өнеркәсібінің қарқындап дамуы 1000 га. астам жерді қамтыса, топырақтың техногенді бөлінуі 2.5 млн. га, ал тозған жайлым 3 млн.га. жерді алып жатыр. Сол сияқты Азғыр мен Тайсойған сынақ полигондарының игілігіне 1.4 млн.га.жер бұйырған. Оның үстіне Каспий теңізінің көтерілуі болашақта осы аймақтың шамамен 2.8 млн.га.жерін су басады деп болжам жасалуда. Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерінде қамтып отыр. Мұнда жердің техногенді бөлінуі, өнеркәсіптік қалдықтарымен ластану, ауыр металдардың жинақталуы, радиоактивті элементтердің және ракета-ғарыштық қоқыстардың шоғырлануы тұрақты жағдайға айналған. Кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, бөлінуі және шөлге айналуы Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендерінің су бассейнінің азаюы, Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағының экологиясына байланысты 2 млн.га.жер шөлейттеніп кеткен және Жаңадария өңіріндегі 3 мың га қара сексеуіл орманы біржола жойылу үстүнде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша, топырақтың химиялық улы заттармен және радионуклидпен ластануы жылдам жүруде. Балхаш-Алакөл және Шу-Мойынқұм аймақтарындағы өзгерістер, Іле өзеніне Қапшағай су қоймасының салынып, судың жасанды реттелуі табиғатқа көп зардаптар әкелді. Су деңгейінің 1,5-2,0 метрге төмендеуі Іле атырабы бойынша топырақтың құрғап, бүлініп, сорланып, тозып кетуіне жол берді. Әсіресе, Іле-Балқаш бассейіні жер жаннаты аталған Жетісу өңіріне экологиялық апатты да ала келді. Іле бойындағы ит тұмсығы өтпейтін тоғай, тораңғы орманы, Шарын өзенінің қайталанбас сұлу табиғаты мен каньондары тозып, жағалаудағы шұрайлы жайылымдар құлазыған сары далаға, шөлге айналып бара жатыр. Ендігі жерде Іле суының 10-15 процентін Қытайдың алуы, бұл өңірдің табиғатын тұл етері анық. Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол республика бойынша 26610,7 мың га.жерді алып жатыр. Соңғы жылдары байқалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі, Қазақстанның шөл, шөлейтті бөлімдеріне әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі және шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайтқыштар беру гербицидтер мен пестицидтерді қолданбаудан арам шөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріліп, жердің сапасын төмендетті. Мәселен,1996 ж.егістіктерде 1млн.т. минералдық және 33,2млн.т. органикалық тыңайтқыш берілсе, бұл көрсеткіштер 1998-2001 жылдары 16 мың тоннаға қысқарған. Топырақтану институтының мәліметі бойынша Қазақстанның құнарлы топырағы өзінің қарашірігінің 19-22 процентін жоғалтқан. Мұның өзі болашақта жер ресурстарының сапасы жақсармайтынын аңғартады. Топырақтың ауыр металдармеy және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр.

     Әсіресе, Қазақстан бойынша  ірі өнеркәсіптер мен кен орындары, қазба-байлықтарды өндіру, соғыс-өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3млрд.т.жетсе, ал 529 объектіде радиоактивті қалдықтар сақталған. Өнеркәсіптерден шығарылған химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына 5 млн.т. жетіп отырғаны тіркелген. Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақдала, Балқаш өңірі, Мұғалжар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы жазықтарында тым жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор, мыс, бор, пестицидтер және нитраттармен ластанған. Өскемен, Риддер, Зырян қалалары маңындағы жерлерде қорғасынның мөлшері 100 РЗШ, кадмий, мырыш 8-14 РЗШ, мыс 10 РЗШ-ға жеткен. Павлодар, Екібастұз, Қаратау, Тараз т.б.өнеркәсіп орындары аймағы геохимиялық ауытқуларға және уытты заттармен ластануға ұшыраған. Семей өңірінің радиоактивті заттармен ластануы өте жоғары. Осы жерлерде шоғырланған 154 өнеркәсіп орындарынан жылына 294 мың т. улы зат қоршаған ортаға шығарылады. Мәселен,мыс 100 РЗШ, қорғасын 100 РЗШ, мырыш 300 РЗШ, хром 100РЗШ, кобальт 50 РЗШ, никель 50 РЗШ т.б.ауыр металдардың шекті мөлшерінің тіркелгені Семей қаласы бойынша жарияланған әдебиеттерде келтіріледі. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстан аумағында ядролық қарулар сыналған жерлердің көлемі Ақтөбе облысында-4207,5; Атырау-1635,3; Шығыс Қазақстан-11,1; Жамбыл-2576,1; Жезқазған 4900; Батыс Қазақстан-1558,8; Орталық Қазақстан-19,6; Маңғыстау-21,4; Павлодар-717,0; Оңтүстік Қазақстан-8,1; Семей-941,2 мың га. жерлерді қамтыған. Осы жерлерде 50 жыл бойы (1949-1996) бұрынғы Кеңес үкіметі соғыс ведомстволары 503 ядролық сынақ жасап, Қазақстанның шұрайлы жерінің 20млн.га жарамсыз етті. Батыс Қазақстан аймағында 1966-1979 жыл аралығында 24 ядролық қару сыналған, олар Маңғыстау облысында-3, Батыс Қазақстанда-4 және Атырауда-17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыр полигоны ғана 6,1мың.га. жерді алып жатыр. Зерттеулер нәтижелері бойынша Нарын, Азғыр құмдарында радиоактивті элементтері кадмий-80-120, стронций-150, қорғасын-80 және нитрат-8,8 есе шекті мөлшерде көбейіп кеткен. Үстірт платасында 1968-1970 жылдары жер асты ядролық сынағы жасалған. Осы жерлердің бәрінде де суға, топырақ пен өсімдік және жан-жануарлар дүниесіне бұрын-соңды болмаған залалдар келді. Республика аумағында ірі ракеталық полигондар Атырау облысының «Тайсойған», Балқаш көлі маңында «Ташкент-4» және «Байқоңыр» ғарыш айлағында орналасқан. Бұл жерлерде топырақ беті өте қауіпті улы гептил жанармайымен және ракета «қоқыстармен» ластанған.

     

     Гептил  өте улы зат  болғандықтан адамдардың өкпе-тыныс жолдарына, жүйке-жүйесіне әсер етіп, бүйрек, бауыр  мүшелерін зақымдайтыны анықталған. Сол сияқты ракета, космос корабльдерінің ұшуы «қышқыл жауындар» жаудырып,  қоршаған ортаны тірі комплексінің 3 түрі 50 процентінің биомассасын жойып жіберді. Мәселен, 1988-1991 ж. аралығында тек қана Тайсойған полигонында ғана 24000 ракета барлығы 30000 тонна жанармай жаққан. 1994 жылы 5 шілде мен 27 қазанда апатқа ұшыраған «Протон» ракета тасығышы Қарағанды облысының жеріне гептилен уын шашып, орасан зор қауіп төндірді. Оның зардабы әлі белгісіз болып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан жерінің 33,6 млн.га жері соғыс полигондарының кесірінен бүлінгені анықталды. Сол сияқты Республика аймағында барлығы 16 млрд.тонна радиоактивті қалдық жинақталған. Ол қалдықтар Ақмола облысының-800 га, Жамбыл облысының-190 га, Қарағанды облысының-25 га, Қызылорда облысының-3 га, Оңтүстік облысының-2 га жерін алып жатыр.Нәтижесінде бүгінгі таңда Қазақстанда радиациялық апат аймақтары мен ондағы қазіргі қалыптасқан жағдайларды келтірілген фактілер арқылы көруге болады. Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер топырақта баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде радионуклидтерді өсімдіктерге одан жан-жануарларға, адамға жеткізіп отырады. Ал адам баласы өз кезегінде генетикалық, соматикалық, онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2.6 млн.адам мутагенез аурумен есепте тұр. Атырау облысында 32 мың адам анемия, сүйек рагі, тудеркулез, жүйке ауруларымен ауырып зардап шегуде. Жоғарыда келтірілген тарихи және шынайы фактілер Қазақстанның қасиетті топырағы, ауасы мен су ресурстарының қаншалықты зардап шегіп келгенін дүние жүзінің адамзат қоғамы соңғы жылдары ғана біліп отыр.

       

     Елбасы  ағымдағы жылғы “Жаңа  онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу  – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына  жолдауында, алдағы онжылдықта ел дамуына  бағытталған жаңа міндеттерді айқындап берді. Онда ел экономикасының дамуы мен оның бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудағы негізгі табыс кілті – ұлттық экономиканы әртараптандыруға басты назар аударылды. Жолдауда әртараптандырудың басты бір сигменті ретінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі үш бағыты атап көрсетілді, яғни оның біріншісі – 2014 жылға аталған салада өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру, екіншісі – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, үшіншісі – экспорттық әлеуетті іске асыру.

     Аталмыш міндеттерді іске асырудағы аграрлық-индустриялық әртараптандыру арқылы ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа құрал-жабдықтар мен жаңа технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығында заман талабына сәйкес, сапалы өнім өндіруге жаңа көзқарасты қалыптастыру, сонымен қатар әлемдік тәжірибені кеңінен пайдалану – бүгінде еліміз өздігінен шеше алатын істер. Бұл ретте, әрине, ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы болып саналатын жер ресурстарын тиімді пайдалану, аталған міндеттерді іске асыруда аса маңызды рөл атқаратыны белгілі.    Ашық нарықтық экономика жағдайында және әлемдік азық-түлік рыногында орын алып отырған үлкен бәсекелестікте ауыл шаруашылығы өндірісінде жетістіктерге жету үшін де жерді тиімді пайдалану басты шарт болып табылады. Қазіргі кезде республикамыздағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің жалпы көлемі 91, 7 млн. га, оның ішінде егістік жерлер – 22,5 млн. га. Бұл ретте, егістік жерлердің 70 пайызы Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында шоғырланған. Сонымен қатар, республика бойынша 2,1 млн. га суармалы жер бар, оның ішінде 1,4 млн. гектары егістік жер және ол негізінен (80%) Алматы,  Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Дегенмен, ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2008 жылы суармалы жерлердің 37%-ы пайдаланылмаған. Оның басты себептері, көп жылдардан бері суару жүйелерінің техникалық төмен жабдықталуы, су тарту мен су бөлу жүйелерінің ескіруі және алаптардың қайта сорлануы топырақ сапасын нашарлатып, аталған жерлерді тиімді пайдалануға кері әсерін тигізуде. Елімізде, ТМД елдері мен басқа да шет мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану қатысты мәселелер негізінен екі бағытта жүргізіледі.

Информация о работе Экологиялық мониторинг