Экологияда популяция дегеніміз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 21:58, лекция

Описание

Экологияда популяция дегеніміз – бір бірімен өзара қарым-қатынаста және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. С.С. Шварцтың берген анықтамасы бойынша: популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы.

Работа состоит из  1 файл

1.docx

— 35.81 Кб (Скачать документ)

Популяция  ішілік реттеуші  механизмге  эмиграция  жатады. Эмиграция- берілген  ареалдың  қолайсыздау бөліктеріне  популяцияның бір бөлігінің орнын ауыстыруы. Тіләннің кейбір түрлерінде популяция  тығыздығының артуы қанатты даралардың пайда болуына әкеледі де, олар басқа территорияға орын ауыстыра алады. Тығыздық артып кеткен жағдайда бірқатар сүтқоректілер (әсіресе тышқан тәрізді  кемірушілер) мен құстарда да эмиграция  байқалады.

Популяция тығыздығы  оптималды деңгейден төмендеген жағдайда олардың көбеюі кезіндегі  өнімділігі артып, ерте жыныстық жетілуге әкеледі.

Популяция санын  реттеудің кейбір механизмдері түрішілік  бәсекелестілікті болдырмау мүмкін. Мысалы, егер құстар өзінің ұясын әнімен белгілйтін болса,басқа жұп жерге  ұя салады. Көптеген сүтқоректілердің салған белгілері әр дануардың аң аулайтын территориясын белгілейді. Бұл құбылыстардың барлығы түрішілік  бәсекені жойып, популяцияның тығыздығының шектен тыс артып кетуіне кедергі   жасайды.

И.И. Шмальгаузер (1884-1963) барлық биологиялық жүйелер  белгілі бір дәрежеде өздігінен  реттелуге, яғни гомеостазға қабілетті болады дейді.

Гомеостаз – тірі жүйелердің, соның ішінде популяциялардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайында тұрақты динамикалық тепе-теңдікті ұстап тұруға қабілетті.  Динамикалық тепе-теңдік дегеніміз – популяцияның белгілі бір орташа шама шекрасында ауытқуы. Гомеостаз терминін 1929 жылы ғылымға енгізген У. Кеннон.

Ең алдымен  әрбір жеке дара, содан соң ғана популяция гомеостатикалық жүйе болып табылады. Популяция санын  реттеудің маңызды механизміне  стресс-реакциялар жатады.

 

 

 Бақылау сұрақтары:

1.Популяцияның тығыздығы туралы  не білесің?

2. Популяцияның статикалық сипаттамалары қандай?

3. Популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторларды атаңыз?

4. Популяция қалай реттеледі?

5. Олли принципі қандай?

Ұсынылған  әдебиеттер:

1.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т.  «Экология» Алматы  2002ж 64 - 81 беттер.

2.Ә.С. Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев,  Г.З.Сауытбаева «Экология» Алматы, Ғылым-2001 ж.


Информация о работе Экологияда популяция дегеніміз