Экалогияны сактау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2011 в 15:10, реферат

Описание

Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру тетіктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Экологияны сактау.doc

— 141.00 Кб (Скачать документ)

      Ғылыми-техникалық өрлеудің қазіргі деңгейі, қуатты компьютерлердегі талдаудың жүйелілік әдістері үлкен  жобалардың шағын кейпін алдын ала  түсінуге мүмкіндік береді. Оларды іс жүзіне асырмас бұрын табиғатқа  тиетін залалды есептеп, оны болдырмаудың жолдарын іздестіру қажет.

      Табиғат компоненттері өзара үйлесіммен құралған. Оның даму жолының өзіндік  заңдылығы бар. Қазір экологиялық  дағдарыстың түпкі себебі осы  заңдылықты білмеуде, түсінбеуде, оған жөнсіз араласуда жатыр. Осыдан табиғаттың зат және энергия алмасу жүйесі бұзылады. Сондықтан әрбір қоғам мүшесі табиғат құбылыстары негізімен аздап болса да таныс болуы керек. Экологиялық сауатсыздықгы жою - Үкіметіміздің халық арасында жүргізетін негізгі бір жұмысына айналуы тиіс.

      Сондай-ақ, қоғамды экологияландырумен қатар, қоршаған ортаны қорғау әрбір адамның міндеті. Бұған білім берудің барлық кезеңінде балаларды оқыту керек. Экология мәселелері бойынша білім берудің мемлекеттік бағдарламасын жасау да қажет. Қоғамның тұрақты дамуына деген беталыс экологиялық проблемаларды шешуден бастау алады. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" даму стратегиясында халыққа экологиялық білім беру мәселесіне айрықша назар аударылған/20/.

      Республикамыз егемендік алғанға дейін табиғаттың қай саласы болмасын азып-тозды. Бұған еліміздің қазіргі экологиялық жағдайы куә. Экологиялық қауіпсіздікті сақтау проблемасы жеңіл-желпі қарап, құр байбалам салу, дабыраға айналдырып бос уақыт өткізумен шешетін мәселе емес екендігін көп жағдайда түсінбейді. Соңғы кездері экологиялық зардаптардан құтқарудың жолын "халықты басқа жаққа көшіру керек" деп елді босқа қобалжытатын, істің байыбына бармай, нақты жағдайды білмей ұсыныс жасаушылар көбейді.

      Экологиялық қауіпсіздікті сақтауға немқұрайлы қарап, оны шешуді қаржының тапшылығына тірей берсек, ешқандай нәтиже шықпайды. Сондықтан алдымен халықты, экономиканы, экологияны сауықтыру керек. Экологиядан зардап шеккен тұрғындардың қалыпты өмір сүруіне бірінші кезекте жағдайлар жасалуы тиіс.

      Республикада  қазіргі кездегі қол жеткен жетістіктер экономикалық дамуымыздағы тұрақтылықты көрсетеді. Енді бүгінгі күнгі Қазақстанның әлемдік аренадағы орнын айқындап, беделін көтерген табыстар, өсу қарқыны бұдан былай тұрақтылықты қамтамасыз ете ме? Соңғы жылдарда жиі орын алып жүргеніндей біздің негізгі экспорттық тауарларымыздың бағасы әлемдік рынокта төмендеп кеткен жағдайда тұрақтылықты қаншалықты қамтамасыз ете аламыз деген орынды сұрақтардың туындауы заңды. Бұған ғылыми негізделген жауап беру үшін елімізде қалыптасып отырған жағдайға және осындай өсу қарқынының мүмкіндіктерін ашық талдап, баға беруге тиіспіз. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы Ғылым және білім Министрлігінің Экономика институты жүргізген зерттеулер тұрақты экономикалық өсу қарқынының негізгі және қажетті жағдайларына: экономиканың өсуінің жоғары потенциалы, шаруашылық комплексінің қандай да болсын тиімсіз жағдайлардан шыға білуі, ұлттық экономиканың қолда бар белгілі бір қорының жеткіліктілігі, экономика құрылымдарының прогрессивтілігі, халықтың жоғары дәрежедегі табысы, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігі жататындығын көрсетті.

      Қазақстан экономикасының қазіргі кезеңіндегі  дамуында осы аталған жағдайлардың бірсыпырасы бар. Атап айтсақ, маңызды  өсу потенциалы бар бірқатар өндірістік салалар (бәрінен бұрын мұнай өндіру), халықтың табысының жеткілікті дәрежеде жоғары болуы (баска ТМД елдерімен салыстырғанда), экономикалық қолайсыздық туындаған жағдайда беріктік қоры (Ұлттық қор) құрылуда және т.б.

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы сөйлеген сөзінде атап көрсеткеніндей, соңғы үш жылда экономикамызда тұрақтылық білінді, зауыттарымызға жан кіріп жұмыс істей бастады, ауылдар да етек-жеңін жиып, қалалар мен аудан орталықтары көркейе бастады, еліміз өркендеу сатысына қадам басты.

      Әлемдік тәжірибе (Жапония, ҚХР) көрсетіп отырғандай, жинақтау нормасы 15 пайыздан төмен  болмайтын деңгейге жеткен кезде  экономиканың тұрақты өсуі басталады. Қазақстан биылғы жылы жалпы ұлттық табыстың 25 пайызға тарта жинақтау деңгейіне шығады. 2001 жылы банктер берген несие көлемі 460 млрд теңгені (3 млрд доллардан астам) құрады. Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 1994 жылы тамыздағы 34% биылғы жылы 9%-ға дейін төмендеді.

      Соңғы бес жылда ІЖӨ-нің (ішкі жалпы өнім) нақты өсімі Қазақстанда 26% деңгейіне жеткенін атап көрсетуге болады. Мысалы: бұл көрсеткіш Венгрияда 26,2%, Польшада 24,4% болды. Нақ осы кезең ішінде инфляция біздің елімізде 52,1%, Польшада 49%, Венгрияда 70%-ды құрады.

      Қазақстан дүние жүзінде бірінші болып өз еркімен ядролық қарудан бас тартты. Мұны жаһандық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, Жер бетіндегі бейбітшілік ісіне қосылған теңдесі жоқ үлес десек, ешбір асыра айтқандық емес. Сонымен қатар, бұл өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге қосылған ең қомақты үлес.

      Осы орайда біз әлемнің барлық ресми  түрғыда танылған ядролық державаларының Қазақстанға бірлескен және жан-жақты  қауіпсіздік кепілдіктерін беруіне  қол жеткіздік.Қазіргі кезде тұрақты  даму концепциясы қабылданғаннан кейін  экономиканың тұрақты даму идеясын практика жүзінде көрсету үшін мемлекет қызметінің барлық саласын қамтитын халықаралық келісім шарттар және келісімдер, республикалық заңдар деңгейіндегі тиісті заңдық және нормативтік, методикалық құжаттар дайындалуы қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

     Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап алға басуы адамзат омірін жақсартуға тікелей игі ықпал  етумен қатар, қоршаған орта-табиғатқа  орны толмас орасан зор зиян да тигізіп  келеді. Бэкон: «Адам табиғатты бағындырумен бірге оған бағыну керек»,- деген сөзін еске салған жөн. Біздер осы қағиданы есмте сақтамағандықтан қазіргі таңда табиғатты қорғау мен экология-экономикалық мәселелер ұлттық дәрежеден көтеріліп, бүкіл дүниеәлемдік аса маңызды проблемаға айналып отыр. Әлі де болса адамзаттың экология-экономикалық зияны ескерілмей, бірыңғай қоршаған ортаны қорғау шаралары оң бағытта дамымай отыр. Жалпы санамызда табиғат байлығын ешқашан таусылмайтын, шексіз жатқан мол дүние деп бағалаудың басым болғандығынан  оны экстенсивті түрде игерумен келе жатқанымыз әлімсақтан белгілі.

      Осыған  орай Республикамыздың реформа жағдайында әлеуметтік-экономикасының қайта құрылу процесінің онан әрі жүзеге асырылуы экология-экономикалық проблемаларды  талдау мен бағалауды, қоршаған орта проблемаларын зерттеуді талап етеді, яғни осы проблемалар оның әлеуметтік-экономикалық әлуетінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Экономикалық әлует сипаты, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы нақтылы шешімдер қабылдау, көптеген экологиялық және экономикалық процестерді болжау үшін негіз болды.

      Қазақстанның  қазіргі кезеңдегі даму жағдайында экономикалық қауіпсіздік пен экологиялық  қауіпсіздікті сактаудың маңызы ерекше. Сондықтан да, экологиялық  қауіпсіздік тұрғысынан Қазақстанның дамуындағы экономикалық өзгешеліктер және әлеуметтік ерекшеліктерді бөліп көрсете отырып экологиялық қауіпсіздіәкті қамтамасыз ету үшін кешенді іс-шаралар қолдануымыз қажет.

      Ең  алдымен менің ойымша экологиялық  заңдарды жетілдіру арқылы экологиялық  қауіпсіздікті арттыру қажет. Әрине  бізде көптеген экологиялық заңдар қабылданған, бірақ олардың көпшілігі әлі де жақсы жұмыс істей алмай жатыр. Өйткені экономикамыз қарқынды өзгеріп дамып келеді, ал экологиялық заңдардың көбісі осы жағдайларға бейімделмеген.

      Экологиялық қауіпсіздікті арттырудың бір көзі экологиялық білімді жетілдіру, келешек ұрпақтың санасына сіңіру, сонда ғана біздің ұрпақ экологиялық қауіпсіздікті жетілдірудің қажеттілігін сезініп өседі. Осыған орай табиғатты тиімді пайдалануға әрекет етеді деп ойлаймын.

      Қазіргі уақытта экономикада экологиялық бағыттың дамуы қажет, өйткені, экология-экономикалық бағалаусыз шаруашылықтың даму тенденциялары туралы жорамалдау мүмкін емес. Қоршаған ортаның элементтерін дәстүрлі экономикалық есептеулерге уақтылы кіргізе алмау қиындығы туындап отыр. Сондықтан адамның өндірістік іс-әрекетін экология-экономикалық тұрғыдан бағалаудың жаңа әдістемелері қажет.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 
  1. Н.Ә. Назарбаев  «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты 2006 жылғы Жолдауы, www.president.kz. сайты
  2. Бекмаганбетов Р. «Экономико-экологические факторы и механизмы их развития в условиях рынка»// Экология. Устойчивое развитие№12, дек. 2004 г.
  3. Кажымуратова А. «Влияние экологического фактора на уровень жизни населения в Республике Казахстан»// Саясат-Policy №7, 2002 г.
  4. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» дисс. жұмыс. 2003 ж.
  5. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Заңы, 1998 жыл, 26 маусым.// Егемен Қазақстан газеті.
  6. «Қала мен Дала» газеті, «Экологияның өзекті мәселелері» атты мақала, 2004 ж. 26 мамыр.
  7. Ақиқат журналы, «Экологияның экономикалық залалдары» атты мақала, 2006 ж №4, 58 б.
  8. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» диссерт. 2003ж. 45 б.
  9. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы, Алматы. Юрист, 2004 ж.
  10. Қазақстан Республикасының Конституциясының 31-бабы
  11. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» дисс. жұмыс. 2003 ж.
  12. Қазақстан және оның аймақтары. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі. — 2002. - №4
  13. Н.Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл». Алматы: Атамұра, 2003. — Б.240
  14. Нарибаев К.Н. Научно-технический прогресс и занятость: современные мировые тенденции. - Алматы, 1998. —

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ                                         МИНИСТРЛІГІ        

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС» ФАКУЛЬТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

           Реферат 
 
 
 
 
 
 
 

              
 

                                                                                  Тексерген: Спанкулова Л.С

                                                                                  Орындаған:Сабыртаев А  

                                                                                                       Рысбеков Б 
 
 
 
 
 
 

2010 жылы

Информация о работе Экалогияны сактау