Биотикалық қарым-қатынас типтері
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 13:37, контрольная работа
Описание
Биотикалық қарым-қатынастар типтері биотикалық факторлар - бір организмдердің тіршілік етуі барысында басқа организмдерге әсері. Биотикалық қарым- қатынастардың негізгі типтері: бәсекелестік, жыртқыштық, комменсализм, мутуализм, симбиоз, синойкия, паразитизм. Биоценозда әртүрлі түрлер арасында белгілі бір қарым- қатынастар қалыптасады. Оның негізі қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі. Десе де, организмдер арасындағы кеңістіктік қарым-қатынастар да негізгі роль атқарады. Қоректік тізбектер өсімдік, құстар және жануарлар арасында болады.
Содержание
Негізгі бөлім
1. Биотикалық қарым-қатынас
2. Биотикалық қарым- қатынастардың негізгі типтері
3. Экологиялық пирамида
4.Экологиялық сукцессия
Қорытынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер
Работа состоит из 1 файл
Биотикалық қарым-қатынас типтері.docx
— 37.76 Кб (Скачать документ)Энергия пирамидасы – қоректік тізбектегі бірінші деңгейден келесі әрбір деңгейге берілетін энергия мөлшерінің заңдылығы. Бұл энергия мөлшері де бір деңгейден екінші деңгейге өткенде 10 еседей азая береді.
Сан пирамидасы – әрбір қоректік тізбек деңгейлеріндегі
организмдер саны арақатынасының заңдылығы.
Қоректік тізбектегі дарабастар саны
келесі қоректік деңгейлерде азая түседі.
Бірақ оның көбеюі де мүмкін. Мысалы, орманда
өсімдікпен қоректенетін жәндіктердің
дарабастарының саны көп болған жағдайда.
Сан пирамидасының диаграммасы биом
Экологиялық сукцессия белгілі бір уақыт ішінде қауымдастықтар құрылып және өзгеріп отырады. Олардың түрлік құрамы, әртүрлі топтағы организмдердің молдыгы, трофикалық құрылымы, өнімділігі және басқа да көрсеткіштері өзгеріп отырады. Бір биоценоздың екінші биоценозбен жүйелі түрде ауысуьш экологиялық сукцессия (латынша succession - ауысу) деп атайды. Жалпы биоценоздардың бірін-бірі ауыстыру тізбегін сукцессиялық катар немесе серия дейді. Сукцессияға мысал ретінде кішігірім көлдің батпаққа, одан орманга айналуын келтіруге болады.
Экологиялық сукцессия биоталық қауымдасгық пен физикалық орта арасында тепе-теңдік орнатып экожүйенің реттелген дамуы, оны болжауға болады. Экологиялық сукцессия бірнеше кезеңнен өтеді, солардың барысында биоталық қауымдастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады. Сукцессия кезінде түрлердің алмасуының себебі, популяциялар қоршаған ортаны өзгертуге үмтыла отырып, өзге популяциялар үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Экологиялық сукцессия барысында организмдердің түрлік популяциялары және олардың арасындағы функциялық байланыстардың түрлері бірін-бірі белгілі заңдылыққа сәйкес кезеңді түрде және қайталанып алмастырып отырады.
Сукцессия - өсу, тұрақтану, климакс сатыларынан тұрады. Экологиялық сукцессияның автотрофты, гетеретрофты, аутогенді, аллогенді, фитогенді, зоогенді, ландшафты, алапатты, антропогенді түрлері бар.
Қазіргі таңда сукцессияның экзогенетикалық және эндогенетикалық түрлерін ажыратады. Экзогенетикалық сукцессия сыртқы абиотикалық немесе антропогендік (батпақтарды құрғату, сулардың ластануы) әсерлерден болуы мүмкін. Эндогенетикалық сукцессия қауымдастықтағы байланыстар жүйесінің немесе құрылымының өзгеруі нәтижесінде болуы мүмкін.
Жалпы сипаты бойынша сукцессия бірінші реттік (алғашқы) және екінші реттік (соңғы) болып бөлінеді. Бірінші реттік (алғашңы) сукцессия тіршілік иелері жок жерде: лава үстінде, сусымалы құмдарда, жартастарда, тасты жерлерде басталады. Бұл жерде алғашқы қоныстанушылардың (бактериялар,қыналар, балдырлар) рөлі зор. Олар тіршілік ету барысында аналық жынысты бүзып өзгертеді, топырақтың түзілуіне себеп болады. Өлген, шіріген организмдер біртіндеп жиналуы және үгілу әсерінен тау жыныстарының үгілуі нәтижесінде мүктер өсетін топырақтың түзілуіне алып келеді. Мүктердің өсіп дамуы кезінде де топырақ түзілу процесі жалғаса береді. Қолайсыз жағдайлар кезінде де тіршілік ете беретін қарапайым қауымдастықтар түзіледі. Сөйтіп, организмдердің адуан түрлілігі арта береді.
Қоңыржай климаттағы екінші реттік сукцессия процесі кезіндегі негізгі стадияларының ұзақтығы:
- шөптесін өсімдіктер жамылғысы стадиясы -шамамен 10 жылға созылады;
- бұталы өсімдіктер стадиясы - 10-25 жылға созылады;
- жапырақты ағаштар стадиясы - 25-100 жылға созылады;
- қылқан жапырақты ағаштар стадиясы – 100 жылдан асады.
Сукцессия - барлық қауымдастықтарға
тән, белгілі бір стадияларда жүретін,
жалпы өзгерісгерді қамтитын бағытталған
және заңды процесс.
Сукцессиялық өзгерістердің негізгі типтері мынадай:
- сукцессия процесі кезінде өсімдіктер мен жануарлар түрлері үнемі өзгеріп отырады;
- сукцессиялық өзгерістер нәтижесінде организмдердің түрлік алуантүрлілігі артады;
- органикалық заттардың биомассасы артады:
Пайдаланған әдебиеттер
- «Экология және табиғатты тиімді пайдалану » ( Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Есполов, Ж.Шілдебаев Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы 2004ж. )
- «Жалпы экология» ( А.Т.Қуатбаев Алматы 2012ж. )
- http://kk.wikipedia.org/wiki