Биосфераның эволюциясы

Реферат, 15 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя

Описание


Қазіргі кезде әуелгі биосферадан(первичная биосфера) оның жаңа түрі биотехносфераны бөліп қарастырады. Бұл көзқарас бойынша, адамзат келешекте жаңа табиғи техникалық қоршаған ортаның қалыптасуын жобалап, соның орнығуына ықпал етеді. Техника – биосфера құрамына бөтендік етпейді, қайта оның даму барысындағы жаңа бір кезең болып табылады.
Бірнеше миллиард жылдар бойы жаратылыс заңдарына сәйкес өсіп жетілген биосфера біртіндеп ноосфераға, биосфераның жоғары сатысына айналуы тиіс. Бұл мезгілде қоғам мүшелері мен табиғат арақатынасында – адамдардың іс-әрекеті , ақыл-ойы шешуші күшке айналды.

Работа состоит из  1 файл

noosphere.docx

— 27.95 Кб (Скачать документ)

Кіріспе.

Биосфера терминін австралиялық геолог Эдуард Зюсс 1875 жылы алғаш рет қолданған болатын. Биосфера – тіршілік иелері мен тіршілік көздерінің Жер бетіндегі белгілі бір қабаты. Ал тіршілік иелері, яғни, тірі органикалық заттар, биосферадағы еркін энергияның тасымалдаушы көзі болып табылады.

Қазіргі кезде әуелгі биосферадан(первичная  биосфера) оның жаңа түрі биотехносфераны бөліп қарастырады. Бұл көзқарас бойынша, адамзат келешекте жаңа табиғи техникалық қоршаған ортаның қалыптасуын жобалап, соның орнығуына ықпал етеді. Техника – биосфера құрамына бөтендік етпейді, қайта оның даму барысындағы жаңа бір кезең болып табылады.

Бірнеше миллиард жылдар бойы жаратылыс заңдарына сәйкес өсіп жетілген биосфера біртіндеп ноосфераға, биосфераның жоғары сатысына айналуы тиіс. Бұл мезгілде қоғам мүшелері мен табиғат арақатынасында – адамдардың іс-әрекеті , ақыл-ойы шешуші күшке айналды.

Биосфера эволюциясының  келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Ноосфера (грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphere" — қабық) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, sphere — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор; ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Биосфераның эволюциясы.

1926 жылы Ленинград қаласында,  үш жылдан соң Парижде және  кейінірек Берлинде В.И. Вернадскийдің  «Биосфера» деген жалпы атпен  «Космостағы биосфера», «Өмір  аймағы» атты очерктері жарық  көрді.

В.И. Вернадский: «Жердің  келбеті кездейсоқ құбылыстардың  нәтижесі емес, ол нақты шектелген  геологиялық жер қабықшасы –  биосфераға сәйкес келеді. Ол жер планетасына  тән белгілі бір құрылыммен сипатталады. Бұл құрылымды онда жүретін геологиялық  процестердің сипатына қарай ұйымдасқан деп атау дұрыс» - деп жазды. Өзінің өмірінің соңғы жылдарын В.И. Вернадский биосфераның ұйымдасуын сараптауға жұмсады. Бұл зерттеулердің нәтижелері бойынша ол «Жер биосферасының химиялық құрылысы мен оның қоршаған айналасы» еңбегін жазды. Бірақ ұлы ғалым аталған кітабын шығарып үлгермеді. Кітап ол өлгеннен соң 20 жылдан соң 1965 жылы жарық көрді.

Ноосфера терминін 1927 жылы алғаш рет қолданғандар философ, математик, палеонтолог және антрополог Эдуард Леруа мен палеонтолог  Пьер Тейяр Шарден болды. П.Тейяр  Шарден 1959 жылы жарық көрген «Адам  феномені» еңбегінде ноосфераны «жаңа қабат», ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы" деп анықтады.

Ноосфера – табиғат  заңдылықтарының қоғамның ойлау  заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.

Вернадский бойынша ноосфера «адам санасының рөлі және ол бағыттайтын  адам еңбегі күшті, өсіп келе жатқан геологиялық  күшке» айналатын биосфераның даму сатысы болып табылады.

Адам санасы мен ғылыми ойдың рөлін бағалай келе В.И. Вернадский мынандай қорытындылар жасады:

    1. Ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып табылады;
    2. Биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуімен қатар жүретін құбылыстар;
    3. Биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс, стихиялы түрде, табиғи процесс ретінде жүреді;
    4. Тіршілік ортасы – биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геологиялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы – адамзаттың ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге – ноосфераға өтуі табиғи процесс.

В.И. Вернадскийдің «Ноосфера  туралы бірер сөз» деген мақаласы 1944 жылы жарық көрген ең соңғы еңбегі болды.

 

Экологияның төрт заңы.

Ағылшын ғалымы Б. Коммонер (1974 жыл) тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлық экологиялық өзара қарым-қатынастарды төрт заңға біріктірген. Ол заңдарды «ноосфераның қоршаған ортаға әсері»,- деп те атауға болады.

Бірінші заң – барлығы барлығымен байланысты. Бұл заңның негізінде тірі табиғаттағы жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстарда қандай да бір бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір түр көптеген басқа түрлермен байланыста болады.

Адамның табиғатқа араласуы күтпеген қолайсыз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, оңтүстік аралдардың бірінде ДДТ препаратының көмегімен  масаларға қарсы күрес жүргізілген. Масалар толық жойылды. Бірақ, біраз  уақыттан соң осы бунақденелілермен  қоректенетін кесірткелер қырыла бастаған. Содан соң осы жорғалаушылармен қоректенетін жабайы мысықтардың саны кеми бастаған. Нәтижеде тышқандардың саны күрт артып кеткен. Кесірткелердің жойылуы нәтижесінде термиттер  көбейіп, үйлердің ағаш тіреулерін зақымдаған. Олай болса масалар да қалыптасқан экожүйенің маңызды құрам бөлігі болып табылады.

Экологияның екінші заңы – материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді. Кез келген табиғи жүйеде бір ағзалардың экскременттері мен қалдықтары екіншілері үшін азық болып табылады. Жануарлардың тыныс алуы нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық көмірқышқыл газы жасыл өсімдіктер үшін қорек. Өсімдіктер жануарлар тыныс алуы кезінде сіңіретін оттегіні бөліп шығарады. Жануарлардың қалдықтары – оларды ыдырататын бунақденелілер мен бактериялар үшін азық. Ал, олардың қалдықтары – бейорганикалық заттар(азот, фосфор, калий, көмерқышқыл газы және т.б.) – өсімдіктер үшін азық көзі болып табылады.

Үшінші заң – табиғат  өзі жақсы біледі. Табиғи жүйеге кез келген ірі антропогенді әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату  жолы болмаса, ешқандай да жаңа органикалық зат жасалмайды.

Тірі ағзада жасалатын  кез келген органикалық затты  ыдырататын фермент болады. Адамның  қолымен жасалған, бұрын табиғатта  болмаған жаңа органикалық затты  ыдырататын фермент жоқ. Сондықтан  бұл зат жинала береді. Бұған улы  химикаттар – пестицидтер мен  гербицидтер мысал бола алады. Табиғатқа  ірі өзгеріс енгізу алдында барлық мүмкін болатын экологиялық нәтижелер  қарастырылуы тиіс. Орта Азияның ірі  өзендері – Сырдария мен Амударияның  суын егістекке пайдалану Арал теңізінің  деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне  әкеліп соқтырды. Арал күннен-күнге  тартылып барады, ал оның маңындағы Сарықамыс ойпаты суға толуда. Шөлді жерлер қолдан батпақтанып барады.

Іле өзененде Қапшағай ГЭС-ның  салынуы Балқаш көлінің деңгейінің төмендеуіне әкелді.

Төртінші заң – тегін  ешнәрсе жоқ. Ғаламдық экожүйе біртұтас бүтінді құрайды. Адамның еңбек  қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың  өзара байланысын практикада пайдалана  білмеуімізге байланысты туындап отыр.

 

Ноосфераның пайда  болуы мен дамуы.

Жер ғаламшарындағы органикалық  дүние эволюциясының бірнеше  кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.

Биогенез (био... және грек. genesіs — шығу тегі, пайда болуы) — органикалық қосылыстардың бәрі тек тірі организмнен ғана пайда болады, соған байланысты тірі организмдердің өлі материядан пайда болғанын теріс деп санайтын теория.

Ал, қазіргі эволюциялық  кезеңнің биогенезден айырмашылығы – ол ақыл-ойдың, сананың жетілуімен ерекшеленеді. Сондықтан да ол ноогенез деп аталынады. Осыған сәйкес, біртіндеп биосфера ноосфераға алмасады, яғни оның заңды алмастырушысы болып табылады. Бұл көзқарас тұрғысынан, ноосфера биосфераның заңды жалғасы және алмастырушысы бола отырып, адамзат қоғамы мен қоршаған табиғи ортаның өзара саналы қарым-қатынас жасайтын кезеңі болып саналады. Ноогенез дәуірі жаңа ғылым саласын, яғни адамзат қоғамы мен табиғаттың өзара қарым-қатынасын саналы ақыл-оймен басқару жолдарын қарастыратын ноогеника ілімін туындатады.

Ноосфера кезінде бүкіл  адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді.

1984 жылы биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған . Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін және биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.

Соңғы жылдары экологиялық  мәселелер — бүкіл адамзатты  толғандырып отырған күрделі  мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын  ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және технологиялық процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның үзақ өмір сүруіне кажетті жағдай жасау — қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі—адам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау.

XX ғасырдың 60-жылдарынан  бастап ауқымды түрде экология  ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына  да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады.

Қорытынды.

Ноосфера (грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphere" — қабық) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, sphere — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор. Бұл ұғымды алғаш қолданғандарЭдуард Леруа мен палеонтолог Пьер Тейяр Шарден болды. Ноосфераның зерттелуіне үлкен үлес тигізген ұлы ғалым – Вернадский Владимир Иванович.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет.

  1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т., «Экология» оқулығы, Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті, Алматы, 2002.
  2. Дәрібаев Ж.Е., Баешов Ә.Б., Сермаңызов С.С., «Экология», «Дәнекер», Астана, 2005.
  3. Википедия – қазақша ашық энциклопедиясы.

 


Информация о работе Биосфераның эволюциясы