Атырау экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 21:21, реферат

Описание

Өлкеміздің қойнауы толған тұнба байлық. Бұл – бізге берген табиғаттың сыйы. Алайда, осы байлықты игеріп, ел игілігіне жарату, өндірістің қарқынды дамуы, өңіріміздің экожүйесіне техногендік салмақ салып отырғаны да рас. Ірі өндіріс орындары шоғырланған Атырау өңірі үшін экология – маңызды мәселе.

Работа состоит из  1 файл

Атырау экологиясы.doc

— 75.50 Кб (Скачать документ)

     Атырау  маңы топырағының табиғи құнары, құбылмалы  ауа райы, қатты жел-дауыл режимі, орман өсірудің шектеулі нормалары  ғылыми ізденіс пен табандылықты қажет етеді. Жобаның табысты болуы тиімді амал-тәсілге, ағаштың төзімді түрлерін егіп, оны қорғай білуге тікелей байланысты. Алайда, мұндай мәселелерді шешудің көптеген жолдары, әлемдік тәжірибеде баршылық. Сондықтан топырақ пен өсімдіктерді зерттеумен ғалымдар айналысып, тұжырымдаманы жасады. Олар халықаралық әуежай, Жилгородок, Балықшы және Ақжар поселкесіндегі саяжай аудандарындағы топырақты зерттеді. Сөйтіп, қалада қылқан және жапырақты ағаш, бұталардың 72 түрінің өсетіндігін анықтап шықты. Алайда, көгалдандыруға топырақтың тұздылығы мен жауын суларының (жылына кем дегенде 300 миллиметр) аздығы кедергі келтіреді екен. Содан да жыл сайын жауын-шашынның азаюы топырақтың нашарлануына соқтырып отыр.

     «Жасыл  белдeу» — ел игілігіне арналған жоба бойынша жасыл желекті өсіру  үш саты бойынша жүргізіледі. Бірінші саты — тез өсетін ағаш түрлері, одан кейін бұталар, оның артына газон егіледі. Жоба аясында он жыл ішінде қала сыртындағы Қарабатан зауыты мен «Теңізшевройл», «АМӨЗ» ЖШС-ның аймағы және қаланың шығыс жағы жасыл желекке оранбақ. Қала аумағынан 5 шақырым қашықтықта жасалатын орманды желектің ұзындығы үш шақырым, ені 100-300 метр болады. Шығыс жаққа баса назар аудара отырып, қала айналасына жасыл алқап өсіру қолға алынады. Бүгінде халықаралық әуежай жолын көгалдандыру жұмыстары басталып кетті. Бағдарлама бойынша алғашқы жұмыс — Нұрсая ықшам ауданында Тұңғыш Президент атындағы саябақты салу. Саябақтың аумағы 5 гектар болмақ. Бұл жер 72 түрлі тал-терек, декоративті бұталар, гүлзарлар мен көкмайса, желекке оранған қаланың ең жасыл да әсем белдеуіне айналады.

     Сонымен қатар Сәтбаев даңғылы бойындағы Жайық өзені жағалауынан 50 га жасыл саябақ және қала аумағында көлемі 73 гектар бірнеше шағын жасыл саябақтар салынады. Оған қоса қала көшелері мен әуежай жолы толықтай көгалға бөленеді. Жеке секторлар да назардан тыс қалмайды.

Сондай-ақ, қала айналасында және өнеркәсіп кәсіпорындарымен шекарада ені 10 метрден 500 метрге дейінгі Қарабатан, Теңізшевройл және АМӨЗ-ның жасыл белдеуі — барлығы 4000 га орналасқан үлкен орман алқабы бой көтереді. Орман алқаптарында міндетті түрде қала кварталдарына жел өту үшін «дәліздер» болады.

     Мамандардың айтуынша, соның нәтижесінде Атырауда бірнеше жыл ішінде 4,2 мың гектар жерді көгалдандырып, біздің табиғат  жағдайымызда барлық өсімдік түрін  өсіруге болады. Мұны жобаны жүзеге асырушылар өздерінің зерттеулерін жүргізу арқылы іспен дәлелдеп көрсетіп отыр.

Осы жоба табысты жүзеге асқан жағдайда, көгалдандырудың  халықаралық нормасына қол жеткізіліп, қалада микроклимат пен экологиялық жағдай айтарлықтай жақсарады. Сондай-ақ, облыс үшін ең өзекті мәселенің бірі - Жайық өзенінің суын молайтуға да бұл жобаның септігі тимек. Мысалы, 1 гектар жасыл желек жылына 57 тонна суды сақтайды екен. Бұдан басқа, егер жағалауды көгалдандыратын болсақ, өзендегі судың мөлдірлігі де 2 есеге дейін артады.

     Сонымен қатар қала көшелерін көгалдандыру ауа температурасын қыста 2-3 градусқа көтеруге, ал жазда ыстықты 3-4 градусқа төмендетуге мүмкіндік береді. Одан басқа тал-теректер қаладағы шудың деңгейін 8-10 дб дейін азайтады.

     «Жасанды  климат» деген, міне, осы.

Ендеше, табиғаты қатал, ауасы тазартуды қажет ететін біздің өңір үшін жасыл желектің маңызы аса зор. Біз осы ұзақмерзімді жобаны жүзеге асыруға батыл қадам.

     Ең  басты мақсат, күтілетін түпкі  нәтиже: ауадағы лас заттар бекітілген нормаға сәйкестенеді, халықтың ауруханаға жатып емделуі 4-6 млрд. теңгеге кемиді, сәби өлімі 50 пайызға азайып, денсаулығы нығаяды, балалар мен жастардың үнемі таза ауада болып, спортпен айналысуына жағдай жасалады, сондай-ақ, 2800 жаңа жұмыс орны ашылып, шағын және орта бизнес субъектілері 140 бірлікке өседі. Жалпы ішкі өнім (ВРП) 0,9 пайызға артады. Қаланың жалпы ахуалы, әсемдігі, өмірге қолайлылығы артады.

     Бұл – қытымыр климатты аймақта, орасан зор аумақты қамтитын жасыл белдеу құрудың батыл жобасы. Бір қарағанда мұның өзі қиял сияқты көрінгенмен, бел шешіп, білек сыбанып кіріссек, мұны да сәтімен іске асыруға болады.

     «Жасыл  белдеу» – ел игілігіне арналған жоба. Сондықтан осы іс-шараларды  жүзеге асыру үшін ондаған жылдарды қамтитын бағыт-бағдарлама қабылдап, іске көшу қажет және бұл уақыт күттірмейтін мәселе. Бағдарлама жобасын жасауға міндетті түрде ғылыми-жобалау институттары, білікті мамандар, оның ішінде архитекторлар, дизайнерлер, экологтар, агрономдар, бағбандар, гидрогeологтар, гидротехниктер, экономистер, қоғамдық ұйымдар өкілдері тартылуда.

     Халыққа кеңінен таныстыру мақсатында бағдарлама алдағы уақытта толықтай газет бетінде  жарияланады. Ендігі жердегі мақсат — туған өлке Атырауды, республикадағы ең әдемі, ең таза, ең үлгілі де қауіпсіз, экологиялық жағынан қолайлы, көк  майса, жасыл желекті, көкорай-шалғынды, гүл қалаға айналдырып, болашаққа ұрпаққа табыстау. «Еге білсең, тасқа да егін бітеді» деген. Сондықтан бұл да қолдан келетін іс, тек соны жүзеге асыру үшін ерік-жігер, ынта-ниет керек.

Информация о работе Атырау экологиясы