Ғаламдық экологиялық проблемалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 19:37, реферат

Описание

Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық , ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

Работа состоит из  1 файл

Ғаламдық экологиялық проблемалар.docx

— 49.36 Кб (Скачать документ)

[өңдеу]«Жасыл революция» және оның салдары.


 
«Жасыл революция» ғылыми-техникалық революцияның бір көрінісі - ауыл шаруашылығының қарқынды:

  • ауыл шаруашылығын техникаландыру (машина мен

техникаларды пайдалану);

  • өсімдіктер мен жануарлардың жасанды жолмен алынған

жаңа сорттарын қолдану;

  • химияландыру (улы химикаттар мен тыңайтқыштарды

пайдалану);

  • мелиорация (суғармалы жерлердің көлемін ұлғайту)

жолдармен дамуы. 
 
«Жасыл революцияның» екі түрі бар. 
1. XX ғасырдың 60-70 жылдары пайда болды. Оның бастамасын көтерген мексикандық селекционер Норман Берлоуг болды. Ол ескі сорттарға қарағанда өнімді 3 есе көп беретін жаңа «Мексикале» сортын сұрыптап шығарды. Н.Берлоугтан кейін басқа селекционерлер де жаңа жүғері, мақта, күріш сорттарын сұрыптап шығара бастады. Тек жем-шөппен ғана емес, витаминдермен, антибиотиктермен, сондай-ақ салмағы тез артуы үшін - өсу стимуляторларымен өсірілген өнімділіғі жоғары жануарлар пайда болды. Осы революцияның арқасында астықты дақылдардың өнімділігі 2-3 есе артып, өнімдердің ассортименті екі есе көбейді. Қазіргі шығарылып жатқан өнімдердің жартысынан көбі 1950 жылдарға дейін шығарылмаған. Кейбір дамушы елдер, мысалы, Үндістан астыққа деген сұранысын өзі қамтамасыз ете бастады. «Жасыл революция» халықтардың тағамға деген сұранысын қанағаттандырғанмен, көптеген жағымсыз жағдайларға: топырақтың деградацияға ұшырауына, ауыл шаруашылығы өнімдерінің төмендеуіне және т.б. алып келді.

2. 80-ші жылдардың ортасынан  бастап ғалымдар, егер ауыл шаруашылығы  антропогендік энергияны дәл  осылай жұмсай берсе екінші  «Жасыл революцияның» болатыны  туралы айта бастады. Оның негізінде  - ауыл шаруашылы дақылдарын, мал  шаруашылығы өнімдерін экологиялық  технология бойынша өңдеуге ауысу  принциптері жатыр.

Селекционерлер «рекордшыл»  сорттарға қарағанда қолайсыз жағдайларда, тыңайтқыштың аз мөлшерінде, арам шөптерге, зиянкестерге және ауруларға шыдамды  біршама жоғары өнім беретін сорттарды  шығаруға ауыса бастады. Бұл үшін жергілікті мәдени өсімдіктер популяциясы  кеңінен қолданылуда. Екінші «Жасыл революцияның» бір бағыты, экожүйелерге антропогендік әсердің салдарларымен  күресетін «экологиялық таза» әдістерді  қолдану. Ал негізінен - қоршаған ортаға әсерді мейлінше азайту, антропогендік  энергияны төмендетіп, өсімдіктер зиянкестерімен күресу де биологиялық әдістерді  пайдалану болып табылады.

Экологиялық қауіп. Экологиялық проблемаларды түбегейлі шешу - көптеген аспектілері және бағыттары бар жауапкершілігі мол экологиялық саясат жүргізу жағдайында ғана мүмкін. Кез- келген шаруашылық іс-әрекет нәтижесінде экологиялық зардаптардың мөлшерін минималды, мейлінше төмен жасауды білдіретін экологиялық қауіп концепциясы осы ережелердің бірі болып табылады.

Бұл жағдайда қоршаған ортаға тигізетін зардаптың қауіптің деңгейі  басты мәселе болып табылады. Экологиялық  қауіп концепциясының талабына сәйкес алдымен адамның тұрмыс-тіршілігі  мен қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін факторлар кешенін анықтау  қажет. Осының негізінде әртүрлі  шешімдердің ішінен ең қолайлысы  таңдап алынады. Экологиялық қауіп  — бұл қазіргі кезде немесе болашақта жоспарланып отырған  адамның іс-әрекеті әсерінен, қоршаған табиғи ортаның экологиялық деградацияға немесе тұрақсыз, құбылмалы жағдайға ұшырау ықтималдығы.

Экожүйе өздігінен дамиды, табиғи тепе-теңдік пен жүйенің орнықтылығын бұзатын факторлар болмаған жағдайда өзін-өзі толтырып, қалыпқ а әкеліп отырады. Тепе-теңдікті бұзатын, қауіпті  көздер - табиғи стихиялы құбылыстар (жер  сілкінісі, топан су), тірі табиғат (эпидемиялар, эпизотиялар), сондай-ақ антропогендік  факторлар (авариялар, катастрофалар) болуы мүмкін. Экологиялық қауіп - адам қателігі, адамзат қоғамының іс-әрекеті нәтижесінде тіршілік ағымының бұзылу ықтималдығы. Жақсартуға талпынамын деп, адам көбіне керісінше қарама- қарсы нәтиже алып жатады. Бір жүйені жақсартамын деп, басқа жүйелердің мүмкіншілігін ескере бермейді.

Техникалық ғимараттар мен  коммуникацияларды пайдалану кезінде  экологиялық қауіп арта түседі. Республика аумағында құбыр желілерінің  зақымдануы, темір жол апаттары, өнеркәсіптегі үлкен авариялар  жиі болып тұрады. Мәліметтер бойынша, АЭС-ғы қатерлі жағдайлардың 45%, авиаката- строфалардың 60%, теңіз катастрофаларының 80% адам Қателіктеріне байланысты. Қоршаған ортаның деградацияға ұшырау мен  болып жатқан экологиялық жағдайларға  бақылаудың жоқ екенін мысал түрінде  айта кетуге болады. 1972 жылы қант қамыстарына  зиян келтіретін көртышқандармен күрес  жүргізу үшін Ямайкаға мангустар (Herpestes) алып келінді. Бірақ ол жануарлардың тек көртышқандарды ғана емес, жергілікті фаунаның көптеген түрлерін де құртып жіберетінін ешкім ескерген жоқ. Бар болғаны 10 жыл ішінде Ямайкада биоценоздарда үлкен өзгерістер жүріп, көртышқандар өздері үшін жаңа экологиялық қуыс тауып дәл бұрынғыдай қант қамысына зиян әкелуде. Ал жергілікті жерде жануарлардлың пайдалы  түрлерінің саны күрт төмендеп кетті. Шығыс Африкада леопардтарды (Panthera pardus) жаппай қыру, үй жануарларының  қас жауына айналған павиандардың санының  кұрт көбеюіне алып келді. Ал Колорадо штатында койоттарды (Canis latrans) қыру фермерлер  үшін үлкен проблемаға айналған қояндардың көбеюіне алып келді. [1]

[өңдеу]Пайдаланған әдебиет


  1. ↑ Экология (оқулық) - Алматы, 2008 - ISBN 9965-32-223-6

Информация о работе Ғаламдық экологиялық проблемалар