Түйсіктің дамуы мен қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 17:54, реферат

Описание

Материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарының біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелеуін түйсік деп атайды. Түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс, осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлай, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз.

Содержание

Кіріспе
І. Негізгі бөлім:
1. Түйсіктің дамуы мен қалыптасуы
2. Адам өміріндегі түйсіктің рөлі
3. Түйсіктердің негізгі заңдылықтары мен түрлері
ІІ. Қорытынды:
ІІ. Қолданылған әдебиеттер:

Работа состоит из  1 файл

туйсик реферат.doc

— 107.00 Кб (Скачать документ)

Түстің қоюлығы — жарықтылығы бірдей сүр түстерден жеке түстердің айырмашылығы. Ең қою түс — қызыл түс болады. 
          Көру мүшесі — көз. Оның  негізгі бөлімі — көз алмасы. Көз алмасы үш түрлі қабықпен      (ақ түсті, тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе.  
                                              Ә. Есту түйсіктері:

 
          Есту мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері — дыбыс толқындары. Ауа бөлшектерінің тербелістері тербелудін жиілігі, амплитудасы (құлашы) және тербелудің түріне қарай ажыратылады. Осыған сәйкес есту түйсіктерінің үш жағы болады.

Олар:

  1. Дыбыстың жоғарылығы — бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі;
  2. Дыбыстың қаттылығы — бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі;
  3. Тембрі — тербеліс түрінің сәулеленуі.

Біздің құлағымыз бір  секунд ішінде 16 тербелістен немесе герцтен 22 мың герц  (тербеліс) ішіндегі дыбыс толқындарын сезе алады. Жиілігі бұдан асатын тербелістерді кұлақ шала алмайды. Өйткені бұлар өте жіңішке, ультрадыбыстар. 16 герцтен төменгі дыбыстарды да құлақ шала алмайды. Дыбыстардың мұндай түрін инфрадыбыстар деп атайды. Құлағы ең сақ  
аң-кұстар дегенде ең алдымен жарғанат айтылатыны белгілі. Оның есту қабілеті 175 мың Гц, одан соң ит — 100 мың Гц, шегіртке — 90 мың Гц, тауық — 38 мың Гц келеді. Адамның естігіштік қабілеті — сайрауық кұстармен бір деңгейде — 20 мың Гц болады екен.

 
 

 

Б. Дәм түйсіктері:

 
              Дәмді айыратын мүше — тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны тітіркендіретін белгілі дәмі бар, суға ерігіш түрлі химиялык заттар. Дәмді тәтті, ащы, тұзды, қышқыл деп төртке бөледі. Дәм, иіс түйсіктері бірімен-бірі араласып жататындықтан, адам көбінесе дәмді де дұрыс айыра алмайды. Мәселен, тұмауратқан адамның дәмді айыруы бәсең болатындығы — дәм, иіс түйсіктерінің араласып жататындығына жақсы мысал. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді — тілдің ұшы, ащыны — тілдің түбі, қышқылды — тілдің екі жақ шеті, тұзды тілдің ұшы мен екі шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затты тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дәмін ажырата алмайды. Өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды.

 
В. Тері түйсіктері:

 
       Тері түйсігінің рецепторы — денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мұрынның кілегей кабықтарында да мол. Тері түйсіктерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль (сүйкеніс), қысым (дуыл түйсіктері), температура (жылыны, салқынды білдіретін түйсіктер) және ауырғанды білдіретін туйсіктер. Тері түйсігі рецепторларының есебі жоқ. Тек ауырғанды білдіретін нүктелердің өзі ғана денемізде 900 мыңнан асып жатады. Терінің түрлі алаптарында сезгіштік бірдей емес.

 

Г. Сипап сезу түйсіктері: 
           Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын түйсіктерінің бірі-сипап сезу түйсігі. Мұның екі түрі бар. Біріншісі — пассив сипап сезу. Бұған тері түйсігі түгелдей кіреді. Екіншісі — актив сипап сезу. Актив сипап сезу тері және қозғалыс түйсіктерінің ұштасып келуінен көрінеді. Актив сипап сезу түйсігінің рецепторы адамның қолында (саусақ, алақан) орналасқан.

       Осы түйсік — әрекеттің нақтылы бір түрінің ықпалымен күшті дамып отырады. 

        Сипап сезу түйсіктерінің жалпы еңбек процесінің «ұсақтүйек» ерекшеліктерін меңгеруде, мектепте оқушыларды қол еңбегінің дағдыларына үйретуде, сондай-ак, соқыр, мылқау, керең адамдардың тіршілігінде ерекше орын алатыны түсінікті.

 
Ғ. Органикалық туйсіктер: 
         Түйсіктердің екінші тобына — органикалық туйсіктер жатады. Бұлардың рецепторлары ішкі мүшелердің қабаттарына (өңеш, қарын, ішек, тамыр, өкпе, жүрек т. б.) орналасқан. Ашыққанда, шөлдегенде не сусын қанғанда, жүрек айнығанда, іш ауырғанда және т. б. осындай жағдайларда болатын сезінулер органикалық түйсіктерге жатады. Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бұл түрін байқай бермейді.  
И. М. Сеченов сондықтан да түйсіктердің бұл тобын «көмескі түйсіктер» деп атаған. И. П. Павлов мектебінің зерттеулері көрсеткендей, дені сау адамның органикалық түйсіктері оның жалпы «хал-күйінің» негізі болып табылады. 

 
                                    Д. Кинестезиялық  туйсіктер:

 
         Кинестезиялық түйсіктер дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді. Кинестезиялық түйсіктерді кейде қозғалыс түйсігі деп те атайды. Оның рецепторлары – ет, тарамыс, сіңірлердегі жүйкелерінің ұштары.

 
                                        Ж. Тең  басу  түйсіктері:

 
         Мұндай  түйсіктерді статикалық түйсіктер деп те атайды. Статикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибулярлық аппаратта орналасқан. Статикалық түйсік — бастың қозғалысын, дененің кеңістіктегі алып тұрған орнын, яғни адамның тең басуын бейнелейді.

 

З. Вибрациялық  түйсіктер:

 
         Вибрациялық түйсіктер қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкіл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болады. Негізгі анализаторлары (түйсіну мүшелері) сау адамдар көбінесе өздерінде бұл түйсіктердің болуын байқамайды. Көзі, құлағы, тілінен бірдей айрылған американдық Елена Келлер мен орыстың ғылыми қызметкері Ольга Скороходованың өмірі мен творчестволық әрекеті анализаторлардың адам таңқаларлық жағдайда бір-бірімен байланысып отыратындықтарын, әсіресе, мұнда вибрациялық түйсіктердің кандай маңыз алатындығын жақсы көрсетеді.

 

Қорытынды:

Сонымен сөз соңында  қорыта келе, түйсік — материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс.

И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндірсе, ал Ш.Құдайбердіұлы: “Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек” деп түйсік процесін сипаттайды.

Термин 4 түрлі мағынада қолданылады:

  • 1) берілген биологиялық түрге тән алынбаған реакция;
  • 2) белгілі бір түрге тән белгілі тәсілмен жауап қайтара алуға бейімділік. Бұл бейімділік бақыланатын мінез-құлықтың негізі болып табылады;
  • 3) дамудың белгілі бір шартында, әуестену күйінде, стимулды жағдайларда пайда болатын күрделі әрекеттер жинағы. Бұл мағына көбінесе этологияда қолданылады, мысалы, белсенділіктің тіркелген паттерндері;
  • 4) алынбаған, тұқым қуалау арқылы берілетін тенденциялар, мінез-құлықтың күрделі модельдерінің мотивациялық күштерінің функцияларын орындайды. Бұл мағына классикалық психоанализде қолданылады.

Фрейдизм мектебі үшін түйсік негізгі термин. Фрейд алғашқы еңбектерінде түйсіктің екі класын көрсетті: эготүйсік немесе өзін-өзі сақтау түйсігі және жыныстық немесе репродуктивті түйсік. З.Фрейд кейінгі еңбектерінде бұл терминді Танатос (өлім түйсігі) пен Эросқа (өмір түйсігі) дейін шектеді. Алайда бұл екі сұлбада да Фрейд түйсіктің мінез-құлықтың мәнді мотивациялық күші екенін, бірақ мінез-құлықтың ерекше көрінуін анықтамағанын айқын көрсетті, яғни түйсіктің 1), 2), 3) мағыналары ескерілмеді. Ағылшын-американ психологі У. Мак - Дугаллдың (1871-1938) гормикалық психологиясында түйсік ұғымы 1), 2) және 4) орталық теориялық тұжырымдама ретінде қолданылды. Барлық мінез-құлық мақсатты бағытталған және мотивацияланған түйсік деп қарастырылды. Алдымызда тұрған бір затты, мысалы, үстелді көруіміздің арқасында біз оның түсін, формасын, көлемін белгілейміз; сипай сезіну арқылы оның қатты, тегіс екенін; қолымызбен қозғап көріп оның салмағын т.с.с. білеміз. Мұның бәрі-сол материалдық заттың жеке қасиеттері, олар туралы мәліметтерді бізге түйсік хабарлайды. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Түйсік таным үрдістеріне жатады. Өйткені адам соның арқасында дүниені таныды. Түйсік басқа психикалық үрдістерге — қабылдауға, еске, ойлауға, қиялға материал жеткізеді. Бір сөзбен айтқанда, түйсік адам өмірінде үлкен мағынаға ие бола отырып, көрсетер пайдасы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы,2004.

2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, 1993.

3. Алдамұратов Ә.Ж. Жалпы психология. Алматы, «Білім», 1996.

4. Интернет. «Google.kz»

5. Интернет. «kazmkpu.kz», "Психология" пәнінен оқу-әдістемелік кешен

6. Интернет. http://kk.wikipedia.org

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Түйсіну процесі

 

 

                                        

 

 

Орындаған: Кульназарова Г.Т

                                              Қабылдаған: пс.ғ.к., доцент

                                                                      Шайжанова К. У.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013жыл


Информация о работе Түйсіктің дамуы мен қалыптасуы