Әлеуметтік жетімдікті қоғам жоюға қауқарлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 13:03, реферат

Описание

Әрбір мемелкеттің, ұлттың алға қойған мақсаты – қоғамын дамыту, өркендету және халқының жағдайын жақсарту, болашағын кепілдендіру болса, сол болашақ өсіп келе жатқан балалардың және жасөспірімдердің қолында екендігі бәрімізге белгілі. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағдайы және басқа да себептер адамдар қарым-қатынасы мен отбасылық жағдайларға кері әсерлерін тигізіп отыр. Қазіргі кезде әр мемлекеттің балаларының өмір сүру жағдайына қарап қоғамының қаншалықты даму үстінде немесе құлдырауда екенін айта аламыз. Балалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатынан көрініс табады. Жетім қалған балалардың негізгі бөлігі білім беру және әлеуметтік қорғау органдарының интернат мекемелерінде тәрбиеленуде. Мұндай мекемелерде бала бірінші кезекте, ата-анасының қамқорлығына зәру, бұл оның табиғи дамуына кері әсер етіп, нәтижесінде ауыр психологиялық салдарға әкелуі мүмкін.

Содержание

1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1.Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы балалардың әлеуметтік жағдайы.
2.2.Әлеуметтік жетімдік мәселесі бойынша қабылданған мемлекттік бағдарламалар.
2.3.Шетел азаматтарының Қазақстан жетімдерін асырап алуы.
2.4.Аталған өзекті мәселені шешуде мектеп оқушыларының көзқарасы.
3. Қорытынды.
4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

Әлеуметтік жетімдікті қоғам жоюға қауқарлы..docx

— 29.06 Кб (Скачать документ)

«№48 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ

 

 

 

 

 

«Әлеуметтік жетімдікті қоғам жоюға қауқарлы»

 

Құмар Мамыр Қанатқызы.

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекшісі:Аменова П.Б.

 

 

 

 

 

 

 

Семей-2013.

Мазмұны:

1.Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2.1.Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы балалардың әлеуметтік жағдайы.

2.2.Әлеуметтік жетімдік мәселесі бойынша қабылданған мемлекттік бағдарламалар.

2.3.Шетел азаматтарының Қазақстан жетімдерін асырап алуы.

2.4.Аталған өзекті мәселені шешуде мектеп оқушыларының көзқарасы.

3. Қорытынды.

4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Қазақ жерінде жетім-тастанды балалар деген ұғымдар мүлде  болған жоқ. Өйткені, жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған әлемде теңдесі  жоқ ең ұлы халық, ол – қазақ  еді. Сол кезең мен қазіргі  кезеңнің айырмашылығы жер мен көктей екеніне көзіміз жетіп отыр.

Әрбір мемелкеттің, ұлттың алға қойған мақсаты – қоғамын дамыту, өркендету және халқының жағдайын жақсарту, болашағын кепілдендіру болса, сол  болашақ өсіп келе жатқан балалардың және жасөспірімдердің қолында екендігі бәрімізге белгілі. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағдайы және басқа  да себептер адамдар қарым-қатынасы мен отбасылық жағдайларға кері әсерлерін тигізіп отыр. Қазіргі  кезде әр мемлекеттің балаларының  өмір сүру жағдайына қарап қоғамының  қаншалықты даму үстінде немесе құлдырауда екенін айта аламыз. Балалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатынан көрініс табады. Жетім  қалған балалардың негізгі бөлігі білім  беру және әлеуметтік қорғау органдарының интернат мекемелерінде тәрбиеленуде. Мұндай мекемелерде бала бірінші  кезекте, ата-анасының қамқорлығына зәру, бұл оның табиғи дамуына кері әсер етіп, нәтижесінде ауыр психологиялық  салдарға әкелуі мүмкін. Интернат мекемелері қызметкерлерінің, уақыттың шектеулілігіне және балалар санының көптігіне  байланысты әр балаға тиісті көңіл  аудара, тәрбие бере алмайды. Сонымен  бірге, мекеме жағдайларында баланың  әлеуметтік дамуы біртекті қарым-қатынас  ортасымен шектеулі және нақты шектелген  тәрбиеленуші, оқушы сияқты өзіндік  ролдік орындары бар. Барлық балалар  үйлерінің тұру жағдайларының ұқсас  болуының өзі балаға кері әсерлерді  тигізеді (тұрмыстық заттардың ортақ  болуы).

ХХІ ғасыр Қазақстан Республикасының  өзекті мәселелерін  шешуге бағыт  – бағдар алған уақыт десекте  болады. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты  жетім балалардың жағдайына жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі күні, елімізде жетім  балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды азаматтардың отбасыларына берудің әртүрлі нысандары бар. Осындай нысандардың ішінен тұру жағдайлары отбасылыққа неғұрлым жақын  халықаралық және ұлттық бала асырап алуды, қамқоршылық пен қорғаншылықты, патронаттық отбасыларын, отбасы үлгісіндегі  балалар үйлерін, балалар ауылдарын  айтамыз. Патронаттық тәрбиелеу  – бұл балаға қатысты қамқоршылық (қорғаншылық) міндеттердің  бір  бөлігін қамқоршылық және қорғаншылық  органдарда сақтай отырып, мемлекеттік  қорғауға зәру баланы, патронат тәрбиешінің  отбасына тәрбиелеуге беру нысаны. Қазіргі уақытта бұл жетім  балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың ең тиімді жүйесі ретінде дамып отыр.

 

Әлеуметтік жетімдікті қоғам жоюға қауқарлы.

          ХХ-ХХІ ғасыр біздің мемлектіміз үшін көптеген сынақтар алып келіп отырған ғасыр. Сол өзекті сынақ, мәселенің бірі – балалар тағдыры, соның ішінде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мәселесі.

2.1.Әр түрлі себептерге байланысты ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету, мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең қажетті бағыты болып табылады. Жетімдік әлеуметтік құбылыс ретінде, адам мен қоғамның бастапқы дамуынан келе жатқан құбылыс. Өкінішке орай, ол өркениеттің айырылмас элементіне де айналып отыр. 

Жетімдіктің екі негізгі  түрі бар: тұл жетімдік (ата-анасының қайтыс болуынан) және әлеуметтік жетімдік (ата-анасының баласын асыраудан  бас тартуы немесе асырауға мүмкіншілігінің  болмауынан  баланың  ата-ана қамқорлығынан  айырылуы). Ұзақ ғасырлар бойы тек тұл  жетімдік ғана қоғамнан орын  алып отырды. Бірақ та, ХХ ғасырдың ортасынан  бастап алдыңғы қатардағы мемлекеттің  өзінде де ата-аналары тірі жетім  балардың саны күрт өсіп, кең көлемде  тарап, қауіп-қатерге әкелді. Қазақстан Республикасының статистикалық орталықтарының соңғы нақты деректерінде некеге тұрмаган әйелдерден туылған балалар саны және ажырасқан отбасылар саны, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректерді көруге болады.  Сол деректерге тоқтала кетсек, некеде тұрмаған әйелдерден туылған балалардың бес жылдың қорытындысын салыстырған :

 

Жылдар

2004 ж

2005 ж

2006 ж

2007 ж

2008 ж

Балалардың саны, мың балаға шаққанда

68,0

68,1

68,4

67,8

75,4


 

Бұл статистикалық мәліметте,  некеден тыс туылған балалардың соңғы жылдары қаншалықты деңгейге көтерілгенін және әлеуметтік жетімдердің  қатарының көбейіп отырғандығын көреміз. Жоғарыда көрсетілген статистикалық  деректер  бойынша, біз еліміздегі жетімдер мәселесінің қаншалықты өткір  мәселе екендігін көре аламыз.

Қазiргi таңда Қазақстанда 42 мыңдай түрлi жетiмдер бар екен. Аталған 42 мың жасөспiрiмнiң бәрi балалар  үйiнде тәрбиеленiп жатқан жоқ. 25 мың бала ел азаматтарының қамқорлығына алынған, 15 мың бала денсаулық сақтау, халықты әлеуметтiк қорғау, бiлiм  беру жүйесiнiң ұжымдарында тәрбиеленуде. 

       Көрші мемлекетіміз Ресейдің өзінде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың 95 пайызын  әлеуметтік жетімдер құрайды екен. Заманауи заңның арқасында қазір Ресейде бала асырап алу жағдайлары көбейген екен. Айталық, осы мемлекеттен 9 мыңға тарта бала шетел асса, өз азаматтары тек 7 мың баланы асырап алған. Жаңа заң күшіне енген 9 мыңнан аса жетімек өз елінде жылы ұясын тауып, 4 мыңға жетер-жетпес бала ғана өзге мемлекеттерге кеткен екен. Бұдан не түюге болады сонда? Біздіңше, бұл ең алдымен өз отандастарымызға жәудіркөз жетімдерімізді асырап алуын жеңілдету үшін заңнамалық тұрғыдан жағдай жасау қажет дегенді аңғартса керек.

Жоғарыда көрсетілген  статистикалық деректер  бойынша, біз еліміздегі жетімдер мәселесінің  қаншалықты өткір мәселе екендігін  көре аламыз.

Тағы да қосымша айта кететін  жайт, Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша  (2005 жылғы 15 шілдедегі  шығыс № 2166-7415/02-4-1) Республикада 79000 бала 660 интернат ұйымдарында тәрбиеленуде, олардың ішінде: жалпы және санаторий  түріндегі мектеп-интернаттарда  – 37  541 бала, мектеп жанындағы интернаттар  – 15 096 бала, балалар үйлері мен жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған  түзету мекемелерінде -12 599 бала, ерекше тәрбиелеу жағдайларына мұқтаж балалар мен жас өспірімдерге, мінез – құлқы девиантты балаларға арналған мектеп интернаттарда – 884 бала, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарында – 281 бала, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінде – 247 бала тәрбиеленген екен.  Ал ол жылдан кейін қаншалықты ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың санының өсіп отырғанын айтып өттік. Бірақ та, жыл сайын мемлекет пен халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың бірігуімен көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.

2.2.Білім және ғылым министрлігі ЮНИСЕФ балалар қорымен бірлесіп Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облстарында Швеция тәжірбиелеріне сүйеніп, отбасын қолдау қызметін құрған. Бұқаралық ақпарат көздеріне де көптеген балаларға қатысты бағдарламалар ашқан, олар: «Біздің балалар», «Әр балаға отбасы», «Мен анамды іздеймін» және «Мама, мені ізде», «Әлемге мен керекпін,маған отбасы керек!» деген айдарлар ашылған. Соның нәтижесінде 2008 жылы 4 870 бала асыранып алынған. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда 1860-қа көп екен. Жетім балаларды асырап алуға ниет білдіргендердің қатары 33 пайызға көтерілген.

Сонымен қатар, Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 04.12.2009 жылы № 2010 Қаулысымен 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» Бағдарламасын  жүзеге асыру бойынша 2010-2011 жылға  арналған іс-шаралар жоспары бекітілген болатын, бағарламаның мақсаты балалардың өмір сүру сапасын әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерді қамтьамасыз  ету жолымен жақсарту болып табылады. Осы бағдарлама Үкіметінің 21.12.2007 жылы      № 1245 Қаулысымен қабылданды. Осы құжаттың жүзеге асуы балалардың құқықтары мен  мүдделерін қорғау саласындағы Қазақстан  Республикасы заңнамасын жетілдіруге, балалардың құқықтарын қорғау үшін кешендік іс-шаралар жүйесін қалыптастыруға, Республикадағы балалардың құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен ведомствоаралық өзара  іс-әрекетті қамтамасыз ету міндеттерін  шешуге мүмкіндік береді. 

Әлеуметтік жетімдіктің  алдын алуға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың альтернативті  түрін дамыту үшін шаралар қолдануға  көп көңіл бөлінуде. Осы мақсатпен  Республика бойынша жетім балалар  мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйі  мен мектеп-интернаттарды кезең-кезеңмен қысқартып, отбасы түріндегі мекемелерге  ауыстыру; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған отбасы түрінегі балалар ауылын ашу; балалар үйінің тәрбиеленушілерін әлеуметтік бейімдеу үшін екі облыста жастар үйін ашу  жоспарға алынған. Жетім балаларды тәрбиелеудегі бүкіл дүние жүзі тәжірбиесі бойынша кең өріс алып отырған, балалар ауылдары қызметінің өзіндік қағидаттары бар, олар:

  • Балалар ауылындағы ана – отбасы басшысы. Бұл қызметке арнайы конкурс жарияланып, қорғансыз қалған балаларға барынша мейірбандықпен қарайтын, білім беруге дайын жалғыз басты аналар іріктелінеді.
  • тәрбиеші аналар қажетті оқу бағдарламасын меңгереді;
  • Балалар ауылындағы жас мөлшері әр түрлі балалар тәрбиеленіледі, ағайынды балалар ешқашан бөлінбейді;
  • Әр отбасы шаруашылығын жеке жүргізе отырып, жеке үйде тұрақты тұрады.
  • Балалар үйлері 12-15 үйлерден тұрады.

Сонымен қатар, жоспарда ерекше күтімді қажет ететін баласы бар  отбасылармен әлеуметтік жұмыс түрі мен жаңа технологиялар еңгізу қарастырылған, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету бойынша  кешендік іс-шаралар әзірлеу, ерекше күтімді қажет ететін баланы тәрбиелеп  отырған заңды өкілге ай сайын  мемлекеттік жәрдем ақы тағайындау, қоғамға балаларды бейімдеу үшін қолайлы жағдай жасау қарастырылған. Тағы да қосымша айта кететін жайт, Қазақстан Республикасының Білім  және ғылым министрлігінің деректері  бойынша  (2005 жылғы 15 шілдедегі шығыс  № 2166-7415/02-4-1) Республикада 79000 бала 660 интернат ұйымдарында тәрбиеленуде, олардың  ішінде: жалпы және санаторий түріндегі  мектеп-интернаттарда – 37  541 бала, мектеп жанындағы интернаттар – 15 096 бала, балалар үйлері мен жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған  түзету мекемелерінде -12 599 бала, ерекше тәрбиелеу жағдайларына мұқтаж балалар мен жас өспірімдерге, мінез – құлқы девиантты балаларға арналған мектеп интернаттарда – 884 бала, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарында – 281 бала, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінде – 247 бала тәрбиеленген екен.  Ал ол жылдан кейін қаншалықты ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың санының өсіп отырғанын айтып өттік. Бірақ та, жыл сайын мемлекет пен халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың бірігуімен көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.

Баланы дамыту мәселесі мен  оның әлеуметтік белсенділігі «ХХI ғасыр  балалары: мемлекет және қоғам өміріне  қатысу» балалар саммитін өткізу арқылы, балалардың әлеуметтік бастамаларына қолдау көрсету, балалар-жасөспірімдерге арналған ұйымдар мен бірлестіктерді дамытуға көмек көрсету арқылы жүзеге асырылады деп қарастырған.

2.3.Шетелдік азаматтар 8169 қазақстандық баланы бауырына басыпты. Бұл – асырап алынған (37 450 бала) балалардың жалпы санының 21,7 пайызы. Ал соңғы он жылда 28 829 (77,1 пайыз) баланы қазақстандықтар және 452 (1,2 пайыз) баланы олардың шетелдердегі туыстары асырап алыпты. Өткен жылы 3 мыңнан астам жетімдер өзінің жаңа отбасын тапса, тағы да 1 мыңнан астам адам бала асырап алғысы келетіндердің кезегінде тұр.Айғақ болатын тағы бірер сандарды келтірелік. Он жыл ішінде жәудіркөз жетімдер әлемнің 30 еліне әкетілген.

 Біздің жетімдерімізді  асырап алудан бірінші орында  – АҚШ (6406), екінші орында –  Испания (600), үшінші орында Бельгия  (343) тұр. Одан әріде немістер  – 173, канадалықтар – 167, ирландықтар  – 140, француздар 131 жетімімізді асырап  алған. Енді мынадай бір қызық  дерекке назар аударалық. Шетел  асқан 8169 тұл жетімдердің 3752-сі  – қазақтар (45,9 пайыз), 4057-сі –  орыстар (49,7 пайыз) және 360-ы басқа  ұлттар (4,4 пайыз) екен. Онда да  басқа ұлттардың арасында өзбек,  тәжік, түрiкмен, қырғыз ұлтының  бірде-бір баласы жоқ. Неміс,  украин, белорус, татар, поляк,  молдован, грек, кәріс, грузин, шешен,  армян және ұйғыр ұлтының өкілдері  ғана бар.

2.4.Аталып отырған мәселеге байланысты біздің  мектептегі 410 баланың 5-і осындай жағдайдағы балалар, 4-і ата-ана қамқорлығынан айырылған болса, 1-і жетім. Яғни біздің мектептің 1,2% құрайды.Олардың әлеуметтік,материалдық жағдайлары жақсы, психологиялық жағдайы да жақсы қалыптасқан. «Жетім көрсең,жебей жүр»-демекші біздің мектеп ұжымы №8 балалар үйінің тәрбиеленушісі Хасенов А.  жеке есеп шотына болашақта баспана алу мақсаты үшін жыл сайын ақша аударымын жасайды.

Мен өзімнің құрдастарымның,сыныптастарымның арасында әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу  бойынша сауалнама жүргізіп көрдім,қатысқандар саны 50 оқушы.Сауалнама нәтижесі мынадай:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсыныстар.

Қолдады

Қарсы болды

1. Патронаттық отбасыны көбейту;

 

15.8%

 

6%

2. Отбасылық жетім балалар ауылдарын көбейту;

 

10%

 

4,5%

3. Қазақстандық жетімдерді шетел азаматтарының асырап алу;

 

8.5%

 

10%

4. Тастанды балалар санының азаюы бағытындағы жұмысты жүйелі жүргізу;

(мектептегі қыздармен  жұмыс,жыныстық тәрбие,ерте жүктіліктің  алдын алу).

 

 

13,2%

 

 

5%

5. Жетім балалармен әлеуметтік жұмыс жасау технологиясын дамыту;

 

9,5%

 

3%

6. Жетім балалар туралы бұқаралық ақпарат көздеріне айдарларды көбейту;

 

8%

 

6,5%

Информация о работе Әлеуметтік жетімдікті қоғам жоюға қауқарлы