Басқару психологиясының пәні және міндеттері туралы түсініктерді талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:33, реферат

Описание

Адамзат қызметінінің көптеген саласында ғылым мен өнер бірінен-бірі оңашаланбай, керісінше бірін-бірі толықтырады. Басқару бір мезетте көне өнер болып та, жаңа ғылым болып та есептеледі.
Басқару ұйымның мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, үйлестірілген шаралардың жиынтығы деп саналады.
Кейде «басқару» түсінігінің синонимдері ретінде «менеджмент» және «жетекшілік» ұғымдары қолданылады, алайда олардың мазмұнында әлдебір айрықшылық бар.

Содержание

Басқару психологиясының мәдени-тарихи аспекттегі негіздері.
Басқару психологиясының объектісі, пәні, мақсаттары мен міндеттері.
Басқарушылық ойдың эволюциясы.
Басқарушылық қызметтің психологиялық ерекшеліктері.

Работа состоит из  1 файл

реферат психология.doc

— 83.50 Кб (Скачать документ)

3. Басқарушылық қызмет өзінің үрдісі бойынша да өте ерекше. Оный мәні – басқа адамдардың қызметін ұйымдастыру, яғни «қызметтің ұйымдастырылуы бойынша қызмет» («екінші тәртіп» қызметі). Бұл қасиет теорияда жалпы алғанда негізгі деп қарастырылады – басқарушылық қызмет үшін атрибутивті. Олар сол себепті метақызмет ұғымымен өрнектеледі.

4. Басқарушылық қызмет өзінің мазмұны бойынша белгілі бір әмбебап басқарушылық функциялардың (жоспарлау, болжам жасау, ынталандыру, шешім қабылдау, бақылау жүргізу, т.с.с.) жүзеге асырылуын көрсетеді.

5. Басқарушылық қызметтің мақсаты белгілі бір ұйымдастырушылық жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету болып табылады. Соңғысы жүйелердің ерекше түрі – социотехникалық жүйеге жатады. Олар өз құрамы бойынша сапалы біріңғай емес, оный екі негізгі құраушысы – «технологиялық» және «адамдық». Сол себепті басшының еңбегі екі негізгі аспектіні кіріктіреді – технологиялық процесті қамтамасыз етумен байлансты және тұлғаралық қатынастарды ұйымдастырумен байланысты.

6. Басқарушылық қызмет оның субъектісі – басшының ұйымдастырушылық статусы бойынша да ерекшеленеді. Бұл статус екі қырлы. Басшы анықтама бойынша ұйымның (топтың) мүшесі болып табылады және де өзінің иерархиялық жоғары жағдайына байланысты,оның ішінде емес, оның үстінен тұрады. Осы жағдаят тәжірибелік сипаттағы көптеген қиыншылықтарды тудырады.

 

7. Басқарушылық қызмет оған тиесілі жағдайлар бойынша жеткілікті түрде ерекшеленеді. Олар ішкі және сыртқы ерекшелеіктерге бөлінеді.

Сыртқы жағдайларға, ең біріншіден қатаң уақыт шектелімдері, созылмалы ақпараттық белгісіздік, соңғы нәтиже үшін жоғары жауапкершіліктің бар болуы, еңбектің реттелмегендігі, ресурстардың тұрақты түрде жетіспеуі, экстремальды – стресс жағдайларының туындауы жатқызылады.

Ішкі жағдайларға бір уақыта бірнеше әре кет жасау және көптеген міндет тапсырмаларды шешу қажеттілігі, нормативтік (соның ішінде - заңнамалық) нұсқмалардың бір-біріне деген қайшылығы, олардың белгісіздігі, кейде – мүлдем болмауы, тәжірибелік тұрғыдан қызметтердің біріңғай еместілігі, талаптардың бір-біріне деген қайшы келуі жатқызылады.

Басқарушылық қызметтің  барлық сипаттамалары мен белгілері  жиынтықта және өзара байланыста психологиялық ерекшеліктердің  белгілі бір симптомокомплексін құрайды.

    1. Иллюстративті материал:

Кесте «Басқару психологиясындағы жалпы түсініктер».

Басқару (менеджмент)

Маңызды мақсаттарға  қол жеткізуге бағытталған үйлестірілген  шаралар жүйесі.

Ұйым

а)  Аясында белгілі  бір мақсаттар қойылып қол  жеткізілетін құрылым.

б)  Басқарудың бір функциясы

Мақсат (мақсаттар)

Ұйымда — бұл соңғы жай-күй немесе бастапқы нәтижелер. Формальды ұйымдар мақсаттарды жоспарлау процессі арқылы анықтайды

Мотивация Топ

Адамның ынталандырушы  күштер жүйесі. Бір тұлға екіншісіне ықпал ететіндей арасындағы өзара  байланысқан екі не одан да көп тұлғалар.

Қызметті  бағалау

Қойылған міндет-мақсаттарды  орныдау туралы ақпаратты жинау  арқылы қызметкер жұмысын бағалаудың формальды рәсімі

Жүйе

өзара байланысқан бөліктерден  құралған, әрбіреуі белгілі бір нақты  біртұтастың сипаттамасын енгізетін бірлік

Жүйелік амал

Құбылыстар анализі  өз элементтеріне жинақталмайтын жүйе ретінде қарастырылатын анализдік 

Жағдаяттық  амал

Оңтайлы шешім бұл  ұйымның өзіндегі және айналаған  ортадағы орта факторларының функциясы  деп тұжырымдайтын амал.

Процестік амал

Басқару бұл өзара  байланысқан іс-әрекеттер немесе қызметтер деген тұжырымдамаға  негізделген басқарушылық теорияға амал


 

Әдебиет

1.Кабаченко Т.С. Психология  управления. М.: Педагогическое общество  России, 2005.

  1. Морозов А.В. Управленческая психология: учебник для вузов Gaudeamus. – М.: Трикста, Академический проект, 2006.
  2. Островский Э.В. Психология управления: учебное пособие. – М.: Инфра-М, Вузовский учебник, 2008.
  3. Чередниченко И. П., Тельных Н. В. Психология управления / Серия «Учебники для высшей школы». — Ростов-на-Дону: Феникс, 2004.
  4. Столяренко Л.Д. Психология управления: Учебное пособие для вузов. Ростов: Феникс, 2005.

 


Информация о работе Басқару психологиясының пәні және міндеттері туралы түсініктерді талдау