Туған жерге тағзым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 16:47, доклад

Описание

Заманауи талапқа сай жаңа мектеп ғимаратында қазіргі заманғы талаппен білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Мектептің оқу кабинеттерін жабдықтауға «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жұмыстар атқарылуда .Соның негізгі айғағы Тана мырза ауылының тумасы ,ауған соғысының ардагері Марат Ахметхановтың мектептегі алғашқы әскери дайындық пәні кабинеті мен Даңқ залын жабдықтауға демеушілік жасауы еді.Оқу кабинеті мен Даңқ залын жабдықтауға 200 мың теңгеден аса қаржы жұмсалды. Ауған соғысының аяқталуына 24 жыл толу қарсаңында ,мектепте ардагер азамат атындағы оқу кабинеті мен Даңқ залының ашылу салтанаты болып өтті.

Работа состоит из  1 файл

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ.doc

— 23.50 Кб (Скачать документ)

Туған  жерге  тағзым

 

Тана мырза ауылында 2012 жылы жаңа мектеп құрылысы аяқталып,пайдалануға  берілді.

Заманауи талапқа сай жаңа мектеп ғимаратында  қазіргі заманғы  талаппен білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Мектептің оқу кабинеттерін жабдықтауға «Туған жерге тағзым» акциясы аясында  жұмыстар атқарылуда .Соның негізгі айғағы  Тана мырза ауылының тумасы ,ауған соғысының ардагері Марат   Ахметхановтың мектептегі алғашқы әскери дайындық пәні кабинеті мен Даңқ залын жабдықтауға демеушілік жасауы еді.Оқу кабинеті мен Даңқ залын жабдықтауға 200 мың теңгеден аса қаржы жұмсалды. Ауған соғысының аяқталуына 24 жыл толу қарсаңында ,мектепте  ардагер азамат  атындағы оқу кабинеті мен Даңқ залының ашылу салтанаты болып өтті.

Салтанатты  жиынға Өскемен қаласынан  облыстық  төтенше жағдай қызметінің  кураторы Б Нұрғалиев ,Жарма аудандық өртке қарсы қызмет бастығы,подполковник Т Ахметкаримов,

 Тарбағатай аудандық өртке  қарсы күрес қызметінің бастығы  ,                     майор Д Сағатбеков,аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ,ІІ бөлімшесінің бастығы капитан Н Айтахметов,Тарбағатай ауданының құрметті азаматы С Оспанов,Тоғас батыр,Сасан би, К Нұрбаев атындағы мектептердің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары  Х Қамзин, Қ Сейілханов,Б Байдалин тағы басқа қонақтар қатысты.Салтанатты шара мектептің Даңқ залында ұйымдастырылды. Жиын жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беретіндей  мағыналы мәнді ұйымдастырылған. Мектеп директоры Т Салқынбаев кабинеттің ардагер атына берілген педогогикалық кеңестің шешімін жариялап,құттықтау сөз сөйледі.Бұдан кейін сөз алған  азаматтар ардагер жомарттығына ризашылықтарын білдіріп,мұндай шараның жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуде маңызы жоғары екендігін атап өтті.Кабинет пен Даңқ залының лентасын ардагер мен С Оспанов қиды. Салтанаттың екінші бөлімі мектептің мәжіліс залында ұйымдастырылған мерекелік концертке ұласты.Мерекелік шарада интерактивті экраннан ардагер өмірбаяны көрсетілді.

Концертте мектеп өнерпаздары  әскери және патриоттық әндер шырқады.Концертке қатысушы өрендерді ардагер әр түрлі сыйлықтармен құттықтады.Мерекелік шара қазақтың қонақжай дастарханымен жалғасып,қатысушылар өздерінің ізгі-тілектерін жеткізді.


Информация о работе Туған жерге тағзым