Тәрбие әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 16:51, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазiргi кезде жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қолданылатын тәрбие әдістерінің ерекшеліктерінің мағынасын ажырату. Бұл жөнінде ой-пiкiрлер ғылыми түрде дәлелденген. Осы ретте аса күрделi үдерістерді талдау, тәрбиенің қазiргi әлеуметтiк-мәдени жағдайдағы рөлiн айқындау маңызды. Бұл орайда қат-қабат проблемалардың қордаланып қалғанын ешкiм де жоққа шығара алмайды. Жалпылама дүниетанымдармен қатар жоғалып келген немесе бұрын күштеу нәтижесiнде айрылған аса маңызды қасиеттердiң орнын толтыруда адамның рухани мәдениетiнiң негiзiн қалау тек мектепте тәрбие әдістеріне түрлендіру арқылы ғана жүзеге асырылады.

Содержание

КІРІСПЕ
І ТАРАУ. Тәрбие әдісінің теориялық мәселелері
1.1. Тәрбие әдісінің мәні мен бөліну ерекшеліктері.
1.2. Тәрбие әдісінің жаңа міндеттері
1.3. Қазіргі кездегі білім беретін орындарындағы тәрбие әдістері.
ІІ ТАРАУ. Қазіргі жаңа тәрбие әдістерін мектепте қолданылу жолдары.
2.1. Мектепте қолданылатын жаңа әдіс түрлері.
2.2. Тәрбие әдістерінің қолданылу жолдары.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Работа состоит из  1 файл

Тарбие адистери.doc

— 202.50 Кб (Скачать документ)

Баланың табиғатында "Мен  өзім" деген белсенділігі бар, ол тәрбиеленушілердің әрекетіне және өздерінің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне тәрбиешілердің берген бағасына енжар қарамайды. Сондықтан, тәрбие мен баланың өзін-өзі тәрбиелеуі үнемі қатар жүреді. 
Мадақтау - оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы. 
Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігін сезінуіне, мінез-құлқы мен көңіл-күйіне бақылау жасауға, өзін-өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлқы қандай болуы керектігін түсінеді, жағымды мінез-құлықты дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады, жақсы істерді жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады. 
Мадақтау түрлері: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, марапаттау. Жазалау - жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін балаға үғындыру және істеген теріс ісіне қынжылту.

Мұғалім мектептегі жазалау  шарасына өте сақтықпен қарауы тиіс. Оған қойылатын талаптар: 
• жазаны талап қою әдісімен ұштастыру; 
• жазаның кек алу, баланың жеке басының адамгершілік қасиетін кеміту, намысын қорлау, жәбірлеу түрінде болмауы; 
• жазаның әділдігі, әділетсіз жаза балаларды тәрбиеленушілерден алыстатып, ұжымнан бөлектенуіне әкеліп соғады; 
• жаза қолдануда педагогтік әдепті сақтау. Тәжірибелі педагогтар оқушылар ұжымының көмегіне, қолдауына сүйеніп, тәртіпсіз оқушыны жазалайды. 
Жазаның түрлері оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай болып, тәрбиенің басқа тәсілдерімен байланысты болуы шарт. Жазалаудың түрлері: ескерту, сөгіс, т.б. 
Жарыс жастардың бір-бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс-әрекетіне жаңа серпін, жаңа өріс беріп, өзіне талап қоюына мүмкіндік туғызады. 
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.

Тәрбие әдістерінің  ықпалын, оның сапасын және нәтижесін  анықтау және талдау үшін мінез-құлық  пен іс-әрекетке бақылау жасау, адамның  өзін-өзі бақылауы және өзіне-өзі  баға беру әдістері қолданады. 
Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері тобындағы әдістің бірі -тәрбиелейтін жағдаят туғызу әдісі. Тұтас педагогикалық процесте жеке адам ең алдымен әр түрлі әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сондықтан баланың өмірін, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша жауап беретіндей ұйымдастырылуы керек. 
Балаға өмірде әр түрлі жағдаяттарды шешуге тура келеді. Зерттеулер бұл жағдайда баланың дайындығы жеткіліксіз екендігін дәлелдеді. Автобуста отырғанда жаныңа келген қарт кісіге орын бересің бе? Ескертуді естімеген боласың ба? - деген мұғалімнің сұрағына оқушы өзінің көзқарасына, мінез-құлқына сүйеніп жауап беруі жаңа талаптарға сай іс-әрекеттері мен қарым-қатынасын өзгертеді.

Тәрбие жұмысының нәтижелерін  оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады. Педагогикалық бақылау әдісі тәрбиелілікті анықтауға арналған. Ауызша және жазбаша сауалнама, тестілер, тәрбиелік мақсат көзделген шығармалар, оқушыларды өзін-өзі сендіруге үйрету, оқушылардың барлық іс-әрекетіне талдау жасау қорытынды шығару әдістері - баланың өзіндік педагогикалық психологиялық ерекшеліктерін тану-дамыту мақсатында кеңінен қолданылуда.

Тәрбие әдістерін дұрыс  таңдау және оларды тиімді пайдалану 
Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді. 
Тәрбие әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар: 
• оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйеніп ұйымдастыру. 
• тәрбие процесінің үздіксіз, әрі кешенді ерекшелігін ескеру. 
• педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы.

Тәрбие әдістері бір-бірін  толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Әдістермен бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.

Тәрбие материалдық  игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер  адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан  идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.

Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды  анықтайды.

Сонымен, әр түрлі авторлардың  анықтамаларына сүйеніп, мынадай қортынды жасауға болады. Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байлайыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықтама ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика мұғалім мен балалардың, бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді, табысқа жеткізеді. 
Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұны анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі. 
Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс-әрекеттерінінде құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет.

Әдістерді іске асыру  барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық  ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері  мен құралда рын да қолданады.  
Тәсіл әдістің құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілді нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма т.б. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, ол құбылмалы (өзгергіш), жылжымалы болады.  
Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т. б.) жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану қажет.  
        Қорыта айтқанда, тәрбие әдісі - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ.

 

1. Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991. 
2. А.О.Пинт. Ата-аналар сіздер үшін. - Алматы, 1990. 
3. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. -Алматы, 1994. 
4.  Қ.Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995. 
5. Қ.Жарыңбаев, Ж.Базарбаевт.б. Инабат. - Алматы, 1995. 
6. С.Қалиев, т.б. Қазақтың салт-дәстүрлері. - Алматы, 1994. 
7. Наурыз. Жаңарған салт-дәстүрлер. - Алматы, 1991.




Информация о работе Тәрбие әдістері