Табиғат және қоршаған орта арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 21:42, статья

Описание

Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан да бала – бақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі – балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға эстетикалық тәрбие беру болып табылады. Біз әрдайым табиғат сұлулығын іздей жүріп және оның жаңа қырларын табу арқылы балаларды қуанта отырып табиғаттың сұлулығын бірге қарсы аламыз. Осы сұлулықты іздеу барысында біз оның табиғи түрінен қолдан жасалған түріне, яғни табиғат сұлулығынан – сөз, әуен және бейнелеу өнерінің сұлулықтарына көшеміз.

Работа состоит из  1 файл

Мақала.doc

— 46.50 Кб (Скачать документ)


Табиғат және қоршаған орта арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру

 

 

 

Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан да бала – бақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі –  балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға эстетикалық  тәрбие беру болып табылады. Біз әрдайым табиғат сұлулығын іздей жүріп және оның жаңа қырларын табу арқылы балаларды қуанта отырып табиғаттың сұлулығын бірге қарсы аламыз. Осы сұлулықты іздеу барысында біз оның табиғи түрінен қолдан жасалған түріне, яғни табиғат сұлулығынан – сөз, әуен және бейнелеу өнерінің сұлулықтарына көшеміз.

Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тындауды үйренеді.

Баланың өміріндегі алғаш қабылданған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды қоршаған табиғаттың сұлулығына, байлығына тамсану, қызығу, оған мейірімділікпен қарауға, сақтауға, қорғауға тәрбиелеуге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында тұрған міндеттер  зор.

Біз күнделікті жұмысымызда баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге , оны қорғауға қызығушылығын арттыруға, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз. Табиғаттағы, ауа-райындағы, жануарлар мен өсімдіктер әлеміндегі, адамдардың киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға талпындыру арқылы эстетикалық талғам қалыптастырамыз.

Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес сонымен, бірге қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілекке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор. Біз табиғи факторлар – су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемі мен таныстыру арқылы оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейді.

Балабақшада тірі табиғаттың кішкентай бейнелі көрінісін елестете аласыз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында ,тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Барлық жастағы балалар топтарындағы табиғат бұрыштары, тірі жәндіктер бұрыштары ұйымдастырылған, олар арқылы балалар өсімдіктер мен жәндіктерді күтіп баптаудың жолдарын үйренуде.

Балабақшада «Табиғатты аялай біл», « Табиғат және біз», «Күзгі орманға саяхат», «Тірі объектілермен танысу», «Бөлмеде өсірілетін өсімдіктермен танысу» ашық сабақтары мен семинарлар ұйымдастыруға болады.

Сонымен қатар балаларды айналамен таныстыру үшін керекті көптеген материалдар жинақталған «Табиғат әлемі» мұражайын ұйымдастырып, «Қысқы бақ» жасақталатын болса, балаларға зор қуаныш болары анық.

Күнделікті ауа – райын бақылап, , оны табиғат күнтізбесінеи белгіленіп отыруда балаларды ойландыру үшін бірнеше сұрақтар қоюға болады. Бүгін аспан қандай? Ауа – райы туралы не айтуға болады? Егер де аспанды бұлт шалса,  ауа – райы бұлтты; егер аспан ашық болса – күн шуақты, ашық, ал егер жел соқса – деп суреттер салу арқылы ауа – райын белгілейміз.

Кейде жаз, күз айларында балабақша бағындағы ақ қайыңды бақылауға болады. Ақ қайың биік, түзу, жапырақтары ұсақ, қабығы ақ, қара жолақтары бар. Ақ қайыңның бүршіктері емге пайдалы. Көктемге ол басқа ағаштардан ерекше сұлуланып гүлдейді, шашақты гүл шоғыры пайда болады.

Осындай бір серуен кезінде өткізілген бақылаудан үзінді:

Тақырыбы: «Жұмыскер құмырысқа»

Мақсаты: Қоршаған орта құбылыстарына қызығушылық туғызу, тірі табиғат туралы түсініктерін молайту, құмырысқаның өмір тіршілігі туралы білімдерін толықтыру, оның келтіретін пайдасымен таныстыру. Құмырысқаларға, жалпы табиғатқа ұқыпты көзқарас тәрбиелеу.

Бақылауға қажет құралдар: құмырысқа бас киімі, үлкен қағаз парағы, жәндіктердің бас киімі.

Бақылаудың барысы: Балалар серуенге топ алаңына шығады.

Тәрбиеші: Балалар сендер ең күші көп жауарды білесіңдер ме?

-                     Жоқ піл емес, ең күші көп ол – құмырысқа. Себебі ол өз салмағынан 10 есе артық жүк көтеріп жүре алады. Бұған қоса олар жұмыскер, еңбекқор. Олардың илеулері көп қабатты үй секілді, бірнеше бөлмесі болады, ас бөлме, баларға арналған бөлме.

-                     Бөлмелері жайлы, жылы және таза. Есік алдында күзетші құмырысқа болады.

Осыдан кейін басында құмырысқаның бас киімі бар бала ортаға шығады:

-                     Мен құмырысқамын. Мен сендерді өзімнің үлкен отбасыммен таныстырғалы қонаққа келдім. Біз өте тату-тәтті өмір сүреміз.

Тәрбиеші: - Балалар, құмырысқаның үйі қалай аталады?

Балалар: Илеу.

Құмырысқа бала: - Біздер табиғатқа көп пайда да келтіреміз. Өйткені біз ұсақ орман зиянкестерін жеп құрытамыз. Сондықтан біздерді орман санитары деп атайды.

Тәрбиеші:  Балалар, құмырысқа қышқылының емдік қасиеті бар. Енді аула ішіндегі құмырысқа илеуіне жақындап, оларды сыртынан бақылайық. Қараңдаршы қандай жұмыскер, бәрі тыным таппай дән, шөптің қиқымдарын тасып жүр. Құмырысқаның илеуін бұзуға болмайды. Енді мен сендерге «Құмырысқаның  қанағаты» деген ертегіні айтып берейін.

-                     Енді балалар, құмға құмырысқаның суретін саусағымызбен салайық.

-                     Неге құмырысқаларды ең күшті деп атайды?

-                     Илеу деген не? Қандай бөлмелері бар?

-                     Орман санитары деп неге атайды?

Бақылауды қорытындылау.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды қоршаған табиғаттың сұлулығына, байлығына тамсану, қызығу, оған мейірімділікпен қарауға, сақтауға, қорғауға тәрбиелеуге байланысты жұмыстар осылайша жыл бойы үзіліссіз жүргізіле береді. Туған елін, табиғатын қадірлейтін, аялайтын жас ұрпақтың қалыптасуында қоршаған ортамен таныстыру жұмысы мен экологиялық тәрбие рөлі зор демекпіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экологиялық сабақ

Тақырыбы: Ақ жайығым - айдай ару мекенім (экологиялық мұражайға саяхат)

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, шығармашылық.

Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту.

Мақсаты: Балаларды өздері мекен еткен туған жердегі экологиялық жағдайларды табиғат және экология мұражайындағы мүсінді бейнелерден көре білуге, ондағы «Қызыл кітаппен» танысып, Ақжайық өңіріндегі аз қалған аң, құстарды, балықтардың аттарын білуге, өзен-көлдердің атын  атауға, олар туралы тақпақ, мақал-мәтелдер білуге үйрету.

Көрнекілігі: құстар, аңдар, балықтар, көлдердің суреті, ғажайып алаң үстелі.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Шараның барысы:  Экология мұражайына бару. Онда тәрбиеші балаларға Батыс Қазақстан облысын мекендейтін жануарларды, құстарды, жәндіктерді көрсете отырып әңгімелейді. «Қызыл кітап» туралы түсіндіреді.

Тәрбиеші:   Ал енді біз мұражай қызметкерлеріне рахмет айта отырып, өз өнерлерімізді ортаға салайық. «Ғажайып алаң» сазды бағдарламамызды бастаймыз. «Ғажайып алаң» ойынының дөңгелек үстеліндегі бағыттаушыны айналдырып, түскен тапсырманы орындау.

«1» санына түскен тапсырма: Туған жер туралы тақпақтар оқу.              

1-бала:      

Ақжайығым айдай ару мекенім,

Жыл құсындай сағынышпен өтемін.

Туған жердің ажары мен айбары

Жер ұйығым сені мақтан етемін.

2-бала:       

Жатыр әсем көл тұнып,

Көзіндей жас ботаның.

Құшақтаймын толқынын

Қуанышқа батамын.

3-бала:

Қазақ жері сәніміз

Мәуесі мол бағымыз.

Саясында жетілер

Балдай бала шағымыз.

«2» санына түскен тапсырма: Батыс Қазақстанды мекендейтін құстарды ата.

1.      Қарлығаш – достық құсы

2.       Аққу – құс төресі

3.       Бүркіт – жыртқыш құс

4.       Көгершін – бейбітшілік құсы

5.       Тоқылдақ – орман дәрігері т.б.

«3» санына түскен тапсырма: Туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.

1.      Туған жерге туың тік.

2.      Туған жер – алтын бесік.

«4» санына түскен тапсырма: Біздің өзен, көлдерімізде мекендейтін балықтарды ата.

Сазан, шортан, ақ балық, ала бұға, бекіре, жайын, т.б.

«5» санына түскен тапсырма: Батыс  Қазақстандағы өзен, көлдерді ата.

1.      Жайық өзені

2.      Шаған өзені.

3.      Деркөл өзені.

4.      Қара өзен.

5.      Аңқаты өзені.

6.      Шалқар көлі т.б.

Тәрбиеші: балалар, сендердің «Ғажайып алаң» ойынына қатысып, өз білімдерің мен өнерлеріңді ортаға салғандарың үшін алғыс айтамын. Әрқайсысыңа номинация бойынша мақтау қағазы тапсырылады («ақылды», «өнерлі», «білімді» т.б.).

Қорытындылау.

 



Информация о работе Табиғат және қоршаған орта арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру