Шешендік өнер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 17:39, реферат

Описание

Қазақ халқы қай заманда да сөйлеу өнерін жоғары бағалаған. Бұл жол арымай-талмай шешендік сырын зерттеуді, көл-көсір жаттығуды, мол білімді, ой өрісі мен қиял кеңістігін қажет ететіндігін анық білген. Сөз өнері өнердің ең алды ретінде саналған. «Өнер алды – қызыл тіл», – дейді қазақ мақалы. Абай: «Тіл өнері – дертпен тең», - деген. Қысқасы, халқымыз шын мәніндегі шешендікті асыл өнерге балап, осы жолда қайталанбас мұра қалдырған.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 62.50 Кб (Скачать документ)

Қазақ халқы қай заманда да сөйлеу өнерін жоғары бағалаған. Бұл жол  арымай-талмай шешендік сырын зерттеуді, көл-көсір жаттығуды, мол білімді, ой өрісі мен қиял кеңістігін  қажет ететіндігін анық білген. Сөз өнері өнердің ең алды ретінде саналған. «Өнер алды – қызыл тіл», – дейді қазақ мақалы. Абай: «Тіл өнері – дертпен тең», -  деген. Қысқасы, халқымыз шын мәніндегі шешендікті асыл өнерге балап, осы жолда қайталанбас мұра қалдырған. 
Қазіргі таңда қазақ әдеби тілінің ауызша түрін, оның  мәдениетін көтеруге, өз ойын топ алдында ауызша айтып беруге қалың көпшілікті тәрбиелеуді қолға алудың қажеттілігі, әсіресе қызмет бабына, мамандық сипатына қарай жұрт алдында жиі сөйлеуге тиіс адамдардың жазып алып оқудан гөрі, ауызша сөйлеуге дағдылануларын талап ететін кезеңнің келгендігі тілге тиек етіліп жүр. Ал сол болашақта маман иелері мектеп қабырғасында жүрген бүгінгі шәкірттеріміз. Көбінесе шәкірттеріміз мектеп қабырғасынан кейін өмірге араласқанда олардың сөйлеу тілінің бай еместігі, бір нәрсені толық  жеткізе алмай кібіртектенуі жаныңа қатты батады. Осы мақсатты көздей отырып, оқушылардың тіл байлығын дамыту мақсатында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныптарға арнап,  «Жақұт сөз» тақырыбындағы тіл білімінің шешендіктану ғылыми саласы бойынша, біршама жан-жақты білім-білік дағдыларын оқушы бойына сіңіру үшін 34 сағатқа  жоспарланған авторлық бағдарламамды ұсынып отырмын. 
Мақсаты: дарынды сөзге шешен жастарды тәрбиелеу. Оқушылардың пікірін дәлелдеп шығуға баулу, олардың  қоғамдық пікіріне ұйытқы болу. 
Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні – оқушыларды  шешендікке үйретеді. Адамгершілікке тәрбиелейді, ұлттық мақтаныш сезімді арттырып, ұрпақтың тілді,асыл сөздерді қадірлеу борышын баянды етеді. 
Мектептегі мерекелік кештерде шешендік сөздерді білетіндерге 
Сыйлық ұйымдастырып, шешендік айтысты қызықты өткізуге болады

«Жақұт  сөз» 
(үйірме жұмысы, жылдық сағаты -34сағат) 
р/с    Сабақтың тақырыбы    Сағат саны мерзімі    Сабақтың түрі    әдебиеттер, әдістемелік құралдар    Білімділік дағдыларын бақылау түрі 
1    Шешендіктану тарихы 
А) антикалық шешендіктану; 
ә) Қазақтың шешендік өнері    2    Лекция    Шешендіктануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері    Мазмұндау, реферат дайындау 
2    Шешендік және сөз мәдениеті, шешендік құралдар    2    Әңгіме-лекция    Шешендіктануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері    Шешендік сөздерді жаттау 
3    Шешендік сөз түрлері, қағидалары, заңдары    3    Баяндама -лекция    Шешендіктануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері    Сөйлеуге дайындалудың басты кезеңдеріне сызба жасау 
4    Шешен сөйлеу талаптары    2    Әңгіме-лекция    Электронды оқулық    Көріктеу құралдары, айшықтау тәсілдері туралы мәліметтер білу 
5    Шешендік сөздердің сапалары    2    Әңгіме-лекция    Электронды оқулық    Спалараын жаттау 
6    Жұрт алдында сөйлеу    2    Баяндама     Электронды оқулық    Сөйлеуге дайындық 
7    Сөздің құрылымы    2    пікіралысу    Электронды оқулық    Сөздің құрылымын жасау 
8    Пікірталас мәдениеті     3    Баяндама    Электронды оқулық    Пікірталасқа дайындық 
9    Қарсыласқа  тойтарыс    2    Баяндама    Электронды оқулық    Қарсыласқа тойтарыс беру шарттарын жаттау 
10    Ұлттық шешендік өнер    3    Әңгіме-лекция    Электронды оқулық    реферат 
11    Шешендер өмірінен    2    Әңгіме-лекция    Электронды оқулық    Интернеттен мәліметтер алу 
12    Ұлы билер    2    Лекция 
ойын    Электронды оқулық    өмірі, шығармашылығы 
13    Ұлы шешендер    3    Әңгіме-лекция    Электронды оқулық    реферат 
14    Шешендік сын    2    сахналандыру    Қазақ шешендік сөздерінің халықтық сипаты     Қойылымға дайындалу 
15    «Өнер алды – қызыл тіл»      1    Ойталқы    Шешендіктануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері 
16    Деңгейлік тапсырмалар    2        Шешендіктануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері 
17    Тест     1        Шешендіктануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері

Сабақтың  тақырыбы:  Тіл дамыту 
Сабақтың мақсаты: 
А) білімділік: Оқушыларды таза, нақты, әдеби номаны сақтап сөйлеуге үйрету; 
Ә) тәрбиелік: өз пікірін қалыптастыруға, Отанын, елін, сүюге тәрбиелеу; 
Б) дамытушылық: тіл байлығын, ой ұшқырлығын дамыту. 
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес 
Сабақтың типі: ойын сабақ 
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, география, балалар әдебиеті 
Сабақтың барысы: 
І. Үйымдастыру кезеңі. 
Мұғалім оқушыларды іскерлік ойын тәртібімен, барысымен таныстырады, әділқазылар алқасын сайлайды. 
ІІ. Жүргізілуі: 
1. Рефераттарын қорғау 
Тақырыбы: 1) Шешендік өнер және оның оқушылар танымын кеңейтудегі маңызы. 
2. Рефераттары бойынша сұрақтар қою. «Ойнайық та ойлайық….» сұрақ-жауап кезінде екі топ 5 минут ішінде бір-біріне ойын тапсырма құрастырып, оны шешеді . Бұл тақырыпқа кез келген ойын түрлерін алуға болады. Мұндай ойындар оқушылардың шаршағанын басып, ойларын ширатуға септігін тигізеді. 
Сұрақтар: 
1. Шешендік өнер деген не? 
2. Шешендік өнерді  зерттеген ғалымдардан кімдерді білесің? 
3. Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде не дейді? 
4. Риторика ғылымының негізін салған кім? 
5. Шешендік сөз нешеге бөлінеді? 
6. Ежелгі Грецияда біздің жыл санауымыздан бұрын қанша шешен өмір сүрген? 
ІІІ. «Cөйлем құра» Төмендегі сөздерден сөйлем құрауға бола ма? Болса, сөйлем құрап, олардан мәтін құра 
Жапырақ, планета, кірпі 
ІV. «Үш арыстың үлгілері»(қойылым) 
Қатысушылар: 
Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би. 
Сахна XV-XVІІІғғ. өрнектерімен безендірілген.Тәттімбеттің мұңды күйлері тартылады.Сахнаға үш би шығады. 
Төле би: 
Уа, халқым, сөз қадірін білесің; 
Жаңбыр жаумаса, жер жетім, 
Басшы болмаса, ел жетім, 
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.

Атың жақсы болса, 
Ер жігіттің пырағы. 
Балаң жақсы болса, 
Жан  мен тәннің шырағы. 
Қазыбек би: 
Аты жаманның арманы кетер, 
Баласы жаманның дәрмені кетер. 
Әйтеке би: 
Биікке шықсаң, көзің ашылады, 
Жақсымен  жолдас болсаң, көңілің ашылады. 
Төле би: 
Сөз таныған жастарға айтатын он түрлі жұмбағым бар. 
Әйтеке би: 
Айтыңыз ұлыаға. 
Төле би: 
Айтсам он түрлі жұмбағым мынау: бір,екі, үш, төрт, бес, 
Алты,жеті, сегіз, тоғыз,он. 
Дауыстар:Бұл не деген жұмбақ! 
Осындайда жұмбақ бола ма 
Қазыбек би: 
Ұлы аға!Бұл жұмбақты мен шешейін,рұқсат етсеңіз! 
Төле би: 
Рұқсат,қаз дауысты Қазыбегім, рұқсат! 
Қазыбек би: 
Бір дегеніңіз-билігі кеткен ел жаман. 
Екі дегеніңіз-егесіп өткен ер жаман. 
Үш дегеніңіз-үш бұтаққа бөлінген ағайын жаман. 
Төрт дегеніңіз-төсектен безген жас жаман. 
Бес дегеніңіз-белсеніп шапқан жау жаман. 
Алты дегеніңіз-асқынып кеткен дерт жаман. 
Жеті дегеніңіз-жесір қалған жас жаман. 
Сегіз дегеніңіз-серпілмеген қайғы жаман. Тоғыз дегеніңіз-торқалы той мен топырақты өлімде бас көрсетпесе, сол жаман. 
Он дегеніңіз-оңалмас кәрілікке дауа болмас деген сөзіңіз, ұлы аға! 
Төле би: 
Рақмет, дәл тауып шештің, 
Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің… 
Әйтеке би: 
Суалмайтын суат жоқ, 
Тартылмайтын бұлақ жоқ. 
Тамыры суда тұрса да, 
Уақытысы жеткенде, 
Қурамайтын құрақ жоқ … 
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады. 
Төле би: 
Дұрыс айтасың, Әйтеке, ал, Қаз дауысты Қазыбек би, 
Мынау жиылған халайыққа не айтасың? 
Қазыбек би: 
Өркенім өссін десең, 
Кекшіл болма- 
Кесапаты тиер еліңе. 
Елім өссін десең, 
Өршіл болма- 
Өскеніңді өшірерсің. 
Басына іс түскен пақырға 
Қастық  қылма- 
Қайғысы көшер басыңа. 
Жанашыры жоқ жарлыға 
Жәрдемші бол асыға. 
Қиын-қыстау күндерді 
Өзі келер қасыңа. 
Бүгін сағы сынды деп, 
Жақыныңды басынба. 
Төле би: 
Сөзің асыл, қаз дауысты Қазыбек! 
Уа, халайық! 
Көсіле шабар жерің бар, 
Тау көтерген ерің бар, 
Қол боларлық елің бар, 
Атадан қалған сара жолың бар… 
Сөз қадірін біліңдер! 
V..Әділқазылар сабақты қорытындылап,топқа, жеке-жеке оқушыларға баға қояды.

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Шешендіктануды оқытудың ғылыми әдістемелік  негіздері А.С. Қыдыршаев    Алматы 2000 
2. Қазақ шешендік өнерінің халықтық сипаты. Б. Адамбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: "Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері"  
Сабақтың мақсаты

1) шешендік  сөздің мазмұндылығы,сөз дәлдігі,  тіл тазалығы, тіл көрнекілігі  жөнінде білім беру:

2) шешендік  сөздегі термин сөздер,фразеологизмдер,мақал-мәтелдер,тура  және ауыспалы мағыналы сөздердің табиғатын таныту:  
3) қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін үйрету,бос сөз сөйлеуден аулақтату,тауып сөйлеуге төселдіру,тіл тазалығын сақтауды насихаттау.  
Түрі: аралас  
Әдісі: саралап деңгейлеп оқыту,іздендіру,топтастыру  
Көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы сызбалар,кесте,портрет суреттер.  
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.  
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.  
Қызығушылықты ояту сатысы:  
Ой қозғау  
Ой толғаныс  
Ой түрткі  
Бет бұру  
Оқушылармен жүздесіп,амандасу,түгендеу.  
Үй тапсырмасын пысықтау.  
1) Шешенге қандай талаптар қойылады?  
2) Шешендіктің отаны қай елдер болып табылады?  
3) Шешендік сөздің сапаларына не жатады?  
Тілдің тазалығы  
Ой жүйелілігі  
Сөздің мазмұндылығы  
Сөз қысқалығы  
Сөз түсініктілігі  
Сөз әуезділігі  
Сөз байлығы  
Сөз анықтылығы  
Сөз дұрыстығы  
Сөз дәлдігі  
Ал қазір «Көкпар» ойынын ойнайық, бұл ойынды қай топ ең жылдам, ең тапқыр сол топ жеңеді.  
1. Кеше деген сөздің екінші буынын алыңдар.  
2. Пішен деген сөздің екінші буынын алыңдар.  
3. Мүмкіндік деген сөздің жұрнағын алыңдар.  
Қандай сөз шықты, кім айтады?  
Жауабы: «Шешен»  
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз "тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады.  
"Өнер алды – қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көзсалсақ, қай халықтың болмасын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз.  
Қазақ халқында белгілі бір мәселені талқылау кезінде шешен адамдардың тапқыр ойымен, шебер тілімен ауызша айтқан мазмұнды, көркем пікірін шешендік сөз дейміз.  
Би-дау-жанжалға билік айтушы.  
Шешен-сөзге шебер,тілге жүйрік адам.  
Шешендік сөздер көркем әдебиеттің жанрлары: ерте-гі, батырлар жырлары, мақал-мөтелдер, жүмбақ, жаңылт-паштар, қара өлең, термелер т.б. ойыңды өрістетіп, тапқ-ырлыққа баулып, үлгі-насихат арқылы тыңдаушының та-ным дүниесін кеңейтіп, биік адамгершілік қасиеттерге үндеп қана қоймайды, олар сонымен қатар, қазақ дала-сында олеуметтік қызмет атқару ерекшелігімен де дара-ланады. Сондықтан да дана халқымыз шешендікті терең меңгерген адамды киелі санап, жүйесін тауып сөйлеген сөзге тоқтаған, шешендікті «шешендік өнер» деген сөз тіркесімен атауы да тегіннен-тегін болмаса керек.  
Шешендік сөз парасатты ойға, үшқыр шешімге, тап-қыр логикаға қүрылады. Шешендік сөз айтылған ойға әрі қисынды, әрі жедел жауап қайтару. Яғни, шешендіктің басты қасиеті - тапқырлық, шапшаңдық.  
Жалпы сөз тапқырлығында шешендердің алатын орны ерекше.  
Шешендік өнердің қайнар көзі  
Төл әдебиетіміз ХУ ғасырдан басталады. Ендеше ақын-жыраулардың толғау, термелері, айтыстары т.б. осы шешендік сөздердің алғаш-қы баспалдақтары. Сондай-ақ, аты аңызға айналған Асан, Жиренше, Абыз, Қарашаш, Әнет баба, Жетес би, Төле би, Қазыбек, Әйтеке т.б. билер мен шешендер туралы өңгіме-лер, насихат өлеңдер де шешендік өнердің алғашқы табалдырығы екендігінде шүбә жоқ.  
Ой толғаныс  
Жігіттер:Ассалаумалейкум,биаға!  
Шешен:Уалейкумассалам!Жолболсын,жігіттер!  
Жігіттер: Би аға,сізге сәлем беруге,өзімізді сынатуға келдік.  
Шешен:Олай болса,менің мына сұрақтарыма жауап беріңдер.  
-Тәттіде не тәтті?  
-Қаттыда не қатты?  
-Жұмсақта не жұмсақ?  
1-жігіт:Тәттіде бал тәтті.  
Қаттыда тас қатты.  
Жұмсақта мамық жаұмсақ  
Шешен;Ай,балам-ай, таппадың? Ал енді сен жауап берші.  
2-жігіт: Тәттіде ананың сүті тәтті.  
Қаттыда атаның жүрегі қатты.  
Жұмсақта ананың алақаны жұмсақ.  
Шешен:Өзің бір болайын деп тұрған бала екенсің!  
Жарайсың, балам.Мұратыа жет, қатарыңның алды бол.  
Міне,балалар, үш жүзге аты мәлім Төле би талай сыңнан сүрінбей өтіп бата алған, халқына қалаулы жан болған екен.  
Ой түрткі Ауыл ақсақалы  
Ру басы  
Отағасы  
Биағасы  
Ел билеу ісінің тұтқасы  
-Шешендік сөздің мәнін қалай түсінеміз:  
 
Бет бұру кезеңі  
Бес жолдан тұратын қорытындылау тақпағы  
1.Зат есім: Шешен  
2.Сын есім: шешендік сөз  
3.Етістік: Айтысады.Тартысады.Шешіледі.  
4.Сезіну: Шешендік сөз – ұлттық өнер  
5.Синоним: Шешендік сөз--өнер падишасы  
Үйге тапсырма: «Шешендік сөз--өнер падишасы» тақырыбында шығарма жазып келу.

 


Информация о работе Шешендік өнер