Орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:29, курсовая работа

Описание

Ғылым, техника, мәдениет, спорт және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеуімнің қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру үдерісінде оқушыларды салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жетілдіруді жүзеге асыру үрдісі, сондай-ақ дене мәдениетін қалыптастыру мәселесін теориялық сараптау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.

Содержание

Кіріспе: түсінік..................................................................................................................3б
I-тарау.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене
тәрбиесінің ролі.
1.1. Дене мәдениеті............................................................................................................7б
1.2. Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері...........................................................................................................11б
1.3 Мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастырудың тәрбиелiк мақсаттары мен мiндеттерiнiң көрсеткiштері....................................................................................................14б
II-тарау.
Оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын» қалыптастыру.
2.1. Психалогиялық саулық пен тән саулығы туралы кейбір мәліметтер.........................................................................................................16б
2.2. Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер....................................................................................................................17б
III-тарау
Зерттеу бөлімі
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы......................................................19б
Қорытынды. .....................................................................................................23б
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................26б

Работа состоит из  1 файл

курсовая работа по педагогике.doc

— 199.50 Кб (Скачать документ)

-адамгершілік және  ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу,  психикалық үдерістер мен жеке  тұлғаның қасиеттерін дамыту.

     Дене мәдениеті бойынша бағдарламалық материалдарды оқушылар ойдағыдай меңгеруі үшін мынадай талаптарды орындайды:

-дене тәрбиесі сабақтарына  міндетті түрде қатысу;

-өзінің денесінің  даярлығын арттыру және спорттық  шеберлігін жетілдіру;

-жыл ішінде бағдарламалық  материалдың негізгі бөлімдері  жөніндегі бақылау көрсеткіштерін  орындау;

- мектепте спорттық-бұқаралық  бағытта өткізілетін іс-шараларға  және 

денені шынықтыру-сауықтыру  жұмыстарына белсене қатысу;

-дене тәрбиесі пәнінің  мұғалімінің нұсқау-кеңестерін пайдалана  отырып, дене жаттығуларын өз  бетінше жасау;

-дене тәрбиесі пәніне қосымша бағдарламаның теориялық бөлімінің талаптарын білу және тәжірибе жүзінде қолдану;

- әрбір оқу жылында  бітіретін сыныптарда дене мәдениеті  бойынша білімін

анықтау үшін сынақ тапсыру;

- әрбір оқушының жеке  спорт киімінің болуы.

     Дене мәдениетін қалыптастыру үдерісін жүзеге асыру, қажетті міндеттер үш тобын құрайды. Олар - сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттері.

Оқушылардың дене мәдениеті  бойынша білімі мен тәрбиесіне, олардың  дене мәдениетін қалыптастыруға біршама  ғылыми зерттеулер арналған. Алайда, аталған жұмыстарда жалпы орта білім беру мектептері  оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру, олардың тұлғалық дамуын ескерумен байланысты ерекшеліктер жеткілікті ашылмаған. Сонымен қатар, мемлекеттің одан әрі дамуы, жақын болашақта дене тәрбиесі және спорт саласында кәсіби іс-әрекетпен айналыса бастайтын оқушылар тұлғасының дене мәдениетінің қалыптасу деңгейіне тікелей байланысты болып отыр. Сондықтан, жалпы білім беру жүйесінде еліміздің жалпы орта мектептерінде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру міндеті қойылады және білім беруде дене тәрбиесіне, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру  жүйесі мен дене мәдениеті және спортты дамытуға орай  білім беру саласын реформалаудың маңызды бағыттарының біріне айналады. Осыған байланысты, жалпы орта мектептерде оқушыларға дене тәрбиесін оқытудың мақсаты, оларда дене мәдениетін қалыптастыру, заманауи технологиялар негізінде оқытып, үйрету мен білім беруді басқаруда пайдалану туралы білімді меңгеру, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру және оны жетілдіру мен еңбек етуге, отанды қорғауға дайындау болып табылады.

 

 

II-тарау. Оқушылар  арасында «Салауатты өмір салтын»  қалыптастыру.

 

2.1. Психалогиялық  саулық пен тән саулығы туралы  кейбір мәліметтер.

    Денсаулық-  физикалық, психологиялық  және әлеуметтік болып үшке бөлінеді. Организмде денсаулықтың осы аталған түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болады.

    «Салауатты  өмір салты»деген ұғым тек  үстіртін көз қарасқа ғана  жай дүние болып көрінуі мүмкін. Тән- тамақты шамалап жесең,  барынша еңбектенсең, уақтында дем алсаң болғаны дегендей ұғымды білдіреді.  Бірақ істеген ісіңнің, еңбек тәртібін сақтаудың  мейлінше пайдалы болуы үшін әркімнің психалогиялық ерекшеліктерінің де әсері зор екенін ескерген жөн. Тек психалогиясы сау адам ауруду болдырмауды, ауырған күнде қайтсе де одан арылуды мақсат етеді. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыскерлігіне әсер еттетіні,  керісінше бір жері қатты ауыратын болса, ол адам тынышсызданатыны, мінез-құлқының  өзгеретіні де белгілі. Тіпті біреулер аурушаң келетін болса, екіншілері ауруы болмаса да ауруының барлығына өзін-өзі сендіріп,дәрігердің  абайламай айтқан  сөзіне сеніп,өзінше жобалап, мазасызданып жоқ ауруды өзіне бар дейтіндер де аз емес. Мұндай ауруларды медицинада ятрогендік (сендіруден болатын) ауру деп атайды. Кейде ауру күйзеліс жағдайды басынан кешірген немесе қатты ренжіген адамның ауыратыны да кездеседі. Осы айтылғанның бәрі  тән саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтың қажет екенін көрсетеді.

    Ауруды жұбату, оның жүрегінде сауығамын деген сенім тудырады,  кейде бұл дәрі ұсынылғаннан да пайдалырақ болады. Психика аурудың үдеуіне, сондай-ақ аурудан жазылуына рухани жағдай жасайды, яғни психика күйзелістің туындау себебі немесе оған қарсы төтеп беретін күш де бола алады.

    Бүкіл дүнйежүзілік  Денсаулық сақтау ұйымының мағлұматтары  бойынша  барлық аурулардың  45% күйзеліспен байланысты болмақ.  Сондықтан күйзелістің  тетік-тегершінін  білу, оның мүмкіндіктерін және  күйзеліс қақтығыстарының алдын  алу, оның кеселді салдарынан сақ болу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Залалды  дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік,  есірткіге және улы заттарға  үйірсектік-денсаулыққа қатер.

 

    Көп елдегі  тұрғындардың залалды дағдыларға  деген бой алдырудың, мұның  етек алып, кең таралуын бірқатар  ғалымдар және алдыңғы қатарлы әлеумет басқа келген ұлттық  «апат» деп таниды. Адамзат  үшін  бұл дегеніміз «заманарық» зілзаласымен бірдей.

    Бұл бел  алған көпшілік кемістігін  «өркениет  ауруы» деп те атайды. Бірте-бірте  осы дерт медициналық қана  емес, сонымен бірге әлеуметтік сипат алып келеді.

   Дағды- бір не  бірнеше қимылды әлденеше рет  атқару қажеттілігінен туындайтын, сондай-ақ табиғатына таңылып  қалатын мінездегі «автоматтандырылған  элемент» осы. Динамикалық таптаурын  істері туындайды, ми қыртысында кешенді шартты байланыстар, шартты рефлекстер тізбегі пайда болды.

     Егер де  осы шартты рефлекстер кешені  адам үшін пайданы  діттесе  және денсаулықты жетілдіруге  бағыттаса, жақсы ғой, айталық:  таңғы гимнастикамен шұғылдану,  ұйқы алдында серуен құру, тамақтану тәртібін бақылау т.б.  Бұлар –пайдалы дағдылар, бірақ дағдылардың басқа да түрлері бар, оларды залалды деп атайды. Тұлға ретінде өмір бойы өз мүмкіндігін жүзеге асыруға кедергі болатын, не мүмкіндіктен ажыратып ада қылатын дағдылар бар, оларды да залалды деп есептейді.

Адам денсаулығына оңдыртпайтын кесел келтіретіні айдай  әлемге мәлім дағдылар қатарына: темекі шегу, ішімдікке салыну, есірткіге және улы заттарға (токсикоманияға) бой  алдыру жатады.

   БДҰ сарапшылары  «тәкелділік тудыратын» заттар терминалогиясын анықтаған.

   А) алкогольді  –барбитурат түріндегі (этил  спирт, барбитураттар, седативті  мепробиромат, хлоралгидрат және  т.б.);

  Б) амфетамин   түріндегі заттар (амфетамин, фенметразин  т.б.);

  B) кокаин түріндегі  заттар (кокаин және коко жапрақтары);

  Г) каннабис түріндегі  заттар (марихуана, гашиш);

  Д) галлюцинаген  түріндегі заттар (лизегид.-ЛСД, мескалин);

  Е) ката түріндегі  заттар (Catha ectulis fovsk);

  Ж)апиын түріндегі  заттар (морфии, героин, кодеин, метадон);

  З) эфирлі ертінділер түріндегі заттар (толуол, ацетон және тетрахлорометан).

   Жоғаррыда аталған  дәрі дәрмектер (эфирлі ертінділерді  есепке алмағанда) емдеу мақсатында  пайдаланылады және және адам  организмі бұларға бой алдыра  бастайды-ослайша тәуелділік туындайды.

   Сондай-ақ есірткі заттарына темекі де жатады, ол денсаулыққа зиян келтіретіні айдай анық, оған деген тәуелділік тудырады.

Есірткі заттарға деген  тәуелділік тудырып, оны одан әрі  ушықтыратын  факторлар қатарына мыналар жатады: Организмнің жекеленген ерекшеліктері, есірткі қолданғанан кейін болатын түйсінулерді қабылдау,  ортаның әлеуметтік, мәдени сипаты есірткі заттар әсерлерінің тетіктегершігі.

   Қазіргі кезде  есірткі заттар мен  улы  заттар (токсикомония) проблемасы көкей  кестілер тізбесінен көрінеді. Есірткіні бір ғана рет қабылдаған өзінде көңіл-күйді көтеріп (эйфория), дауаламайтын жерге апарып тастауы, тез арада жаның бей-берекетін алатын  үйірсектіктің қалыптасуының негізгі себептерінің бірі  болып табылады. Организмге есірткі заттарды енгізгеннен кейін бет қызады, бүкіл денеге жылу таралуынан болатын жайлы бір сезім бой алады, тері жеңіл-желпі қышиды. Осыдан кейін-ақ пайда болатын жайбарақаттылыққа, тез өзгеріп құбыла бастайтын, түленіп түстенген елестер және қиял тектес әлем-жәлем дүние жетегіне алады. Есірткіге деген үйірсектік бірнеше апта ішінде-ақ біршама тез қалыптасады. Осыдан барып созылмалы «интоксикация» дамиды.

     Алкоголь-  құрамында этил спирті бар  ішімдіктер болып табылады. Алкоголь  – «рахаттану орталығына» әсерін  тигізеді, осындай сезім тудырып, адамдарды ұялу қасиеттерінен жұрдай етеді.

   Әр түрлі ішімдіктердің  спирттік мәні бірдей емес: сырада 3-6 %, шарапта-10-14 % , виски, арақ, бренди, ром, коняката- 40-50%  бар.      

   Профилактика- бұл  мемлекеттік, қоғамдық, элеуметтік, эканомикалық, медициналық, санитарлық, психалогиялық шаралардың бірегей кешенді жүйесі.

Әіресе өскелең  ұрпаққа  есірткі заттарды алуға тосқауыл қою және бұларға деген сұанысты азайту.

Залады дағдыларға деген  үйірсектікке бой алдырайын деп  жүрген тұлғадағы өзгерістер ертерек байқалғанда барынша психологиялық тосқауыл қоюға тырысу керек.

Барлық бұхаралық ақпарат  құралдарының мүмкін бұлар арналары арқылы жүйелі насихаттау (орталық  теледидар, радио, баспасөз), бұл іске мамандарды араластыру және тәуелділіктен  емделіп, құтылғандарды қатыстыру қажет.

Жастар арасында өткізілетін  медициналық, педагогикалық жұмысқа  адам организіміне деген залал дағдылардың  кеселін түсіндіру мәселесіне  ерекше назар аудару керек.

   Салауатты өмір  салтын насихаттау ісі басымдылықтар  қатарынан көрінуі керек. Залалды дағдылардың алдын алу ьақырыбына арналған әңгімелерде  Салауатты өмір салтын қалыптастыруды бала кезден бастау қажеттігіне басты көңіл бөлінуі қажет. Құлықсыз темекі тарту проблемасына жөні бөлек арнайы дәріс оқылуы ұсынылады.

    Осындай жұмыстардың басқа елдердегі өтілуі тиімділігі жөнінде  де тілге тиек ету керек.

    Әрине тек  жаппай тыйым салумен табысқа  жету мүмкі емес. Осыны есте  сақтаған жөн. Салынған таптаурын  осы деп үгіт насихат жұмысын  «никотиннің бір тамшысы атты  серейтеді» деген әпербақандықпен шектей қойсақ, темекі қораптары тысындағы көпшілік көзі түсетін  жазумен бітірсек, мақсатқа жетпеспіз. Темекі шегуді тастаңдар, арақ ішуді қойыңдар – деген салауатты ұрандар кері нәтижелерін алға тартатынын ұмытпаған дұрыс болар тегі!

 

  

                                                             

 

 

 

III-тарау

Зерттеу бөлімі

 

      Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Қостанай облысы Әуликекөл селосының №2 Шоқан Уәлиханов атындағы қазақ мектепте іске асырылды.

      Тәжірибелік-эксперимент жұмысы үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) өткізілді.

     Бірінші анықтау кезеңінде жоғарыда аталған жалпы орта мектептердегі оқу-тәрбие үдерісінің нақты жағдайы мен оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың бастапқы деңгейі анықталды. 

     Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың басты міндеттері мынадай мәселелерді анықтауды қамтыды:

- мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыруда дене тәрбиесі сабақтарының дидактикалық мүмкіндіктерін;

- оқу үдерісінде оқушылардың  дене мәдениетінің қалыптасуына  әсер етуші факторлар мен дидактикалық  шарттарын;

- мектеп оқушыларының дене сапаларының дамуы мен дене дайындығы, дене тәрбиесінде маңызды болып табылатын ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін кешенді анықтау әдістемесі жөніндегі қызғушылығы мен білімдерін анықтау;

- оқушылардың дене  тәрбиесі және спорт қызметінің  түрлеріне қызығушылық деңгейлерін;

- мектеп оқушыларының  дене тәрбиесі және спорт қызметінің  түрлеріне қызығушылығын қалыптастырудың мазмұнын, әдістемелік бағыттарын;

- ұсынылып отырған әдістемелік жұмыстардың тиімділігін дәлелдеу.

     Екінші қалыптастыру кезеңінде тәжірибелік-эксперимент жұмысы ұйымдастырылып, белгіленген іс-шаралар жүйесі жүзеге асты:

- эксперимент жұмысының  мазмұны іріктелді;

- педагогикалық бірізділік анықталды;

- оқу үдерісіне ендірілген бағдарламалар мен оқыту формаларының мазмұнының тиімділігі анықталды;

- экспериментте кездескен қиыншылықтар мен кемшіліктерді 
анықтау және оларды жоюдың жолдары іздестірілді.

    Үшінші бақылау кезеңінде:

- алынған эксперимент мәліметтерін талдау;

-талданатын  материалдарды зерттеудің мақсаты,  міндеті және болжамымен салыстырмалы түрде тексеру;

- эксперимент  нәтижелерін математикалық өңдеу;

- оқушылар мен мұғалімдер арасындағы өзара қарым-қатынас ерекшеліктеріне сипаттама беру және т.б. міндеттер жүзеге асты.

Информация о работе Орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру