Ойын арқылы бала тілін дамыту
Доклад, 04 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Ойынның негізгі ерекшелігі - балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның,негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Работа состоит из 1 файл
Ойын арқылы бала тілін дамыту.docx
— 29.34 Кб (Скачать документ)Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады:
а) ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) эстетикалық тәрбие беру – өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі – ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады