Әлеуметтік психологияға қысқаша шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 11:52, реферат

Описание

Әлеуметтік психология (гр. psyche — жан және logos — сөз, түсінік, ілім) — әлеуметтік топтарғақосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.
Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағыалатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді.

Содержание

1. Әлеуметтік психологияға қысқаша шолу
2. Тренинг дегеніміз не?
Тренингтік топ жұмысының принциптері
Тренингтің мақсаты
Тренингтің сипаттамасы
3. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың әлеуметтік-психологиялық тренингтерге қатысуы

Работа состоит из  1 файл

алеуметтик психологиялык тренингтер кк ф.docx

— 49.53 Кб (Скачать документ)

«Айжан бүгін балабақшаға  ең әдемі қуыршағын алып келеген екен» ойынның мазмұнын алып көрсетелік. Тренинг жүргізуші алдын ала Айжанның өзіне ғана, кім сұраса да қалай сұраса да қуыршағын ешкімге бермеуін тапсырды. Ол үшін Айжан балалардың әрқайсысының өтінішіне нақты, тура жауап беру керек. Ал балаларға жүргізуші бар мүмкіндіктерін пайдаланып қуыршақты сұрап алып, ойнауларына бағдар береді. Бұл ойын барысында балалар бірін-бірі түсінуге,тыңдауға, қарсы жауап таба алуға, сендіруге, иландыруға, сыйлауға, өтініш айтуға, сөзін өткізе алуға үйренеді.

Рөлдік-импровизациялық ойндардың әсерін талдау «кілттері»

1)       Қарым-қатынас құралдарының  қолданылуы, сөздік қор, ым-ишара, (арақашықтық) дистанция, интонация;

2)       Қарым-қатынас біліктері мен дағдылары, өзара келісімге келу, қысым жасау, манипуляцияның көрінісі;

3)       Өзара әрекеттестік, өзара қатынас позициялары «тепе-теңдік», «жоғарыдан қарау», «төменнен қарау» болды.

Ал сюжеттік ойындардың алдын  ала даярлаған сценариі қажет. Онда ойынға қатынасушылардың өзара әрекеттесу, өзара қатынас жасау позицияларының толық сипаттамасымен нұсқаулары құрастырылды.        

 Сюжеттік ойын тренинг  мақсатының негізінде алдын-ала  ойластырылып, бүкіл сабақтың жоспарын  құруда ескерілді. Сюжеттік ойын  типтік коммуникативтіситуацияларды  яғни балалардың баршасына  дерлік тән жағдайлары талдауға бағытталды. Мұндай ойындарда күрделі коммуникативті ситуациялар моделденді. Әдетте имровизациялық ойынға қарағанда сюжеттік ойынға уақыт көп кетеді. Рөлдік-сюжеттік ойын барысында тренинг жүргізушінің көп кірісе бермеуі тиімді; ойын өздігінен ұйымдасатын болуы керек. Рөлдік ойындар тренингтік жұмыстың сөңғы кездесулерінде ойналады. Себебі балалардың топ ішіндегі қарым-қатынасы интенсивті болып, өздері қарым-қатынас кезінде әр түрлі позициялар, стратегиялар, инициатива коммуникация ережелерін біліп, ситуацияларға талдау жасай алатын кезде ғана ойын тиімді болды. 5-6 жастағы балалардың тренингтік тобында ойналатын сюжеттік ойынға 1-1,5 сағат уақыт  керек.

Мүмкіндік болса сюжеттік ойынды тұтастай бейнетаспаға түсірген жөн. Мұндай таспалар талдау жасағанда  кейбір ойын сәттеріне қатысты туындайтын даулы жағдайларды қарастыруда аса қолайлы.     

 Рөлдік-сюжеттік ойындарды сипаттағанда импровизация элементтерінің болмай қалуы мүмкін емес.    

 Сюжеттік-рөлдік ойындар  өзара байланысты позициялардың  негізінде жинақталды. Мынындай  ойындардың желісі құралды:

«Ойыншықтар сөйлейді», «Аңдардың  әңгімесі», «Әжесінің еркесі», «Қызғаншақ бала».

1. «Ойыншықтар сөйлейді»  бұл ойында әрбір бала топтағы ойыншықтардан бір-біреуден қолдарына алып, соның рөлінде, сонын атынан өзінің ренжігенде, қуанғанда, өкінгенде, ашуланғанда, өтініш білдіргенде, ұялғанда не дейтінін, нені армандайтынын ортаға салады.

2. «Аңдардың әңгімесі» әрбір бала бір-бір ойыншық аңның рөлінде қу түлкі, ашулы арыстан, қорқан қоян, кекшіл кірпі т.т. бірігіп өздері куә болған бір-бір қызықты оқиға айтады.

Біздің бұл қарастырғанымыз  тренингтік бағдарламаның бірінші блогына қатысты болған.    

 Енді тренингтік сабақтарға  балалардың жаңа қарым-қатынас дағдыларын біліктерін бекітуге арналған кезеңге енгіземіз.

Бұл кезеңде әрбір баланың өзіндік ішкі потенциалы, коммуникативті іс-әрекетке деген ішкі ресурсы анықталды. Тренингтік бағдарламаның бұл бөлігі екінші блогты құрайды. Бұл блог балаларға тренингтің жасаған әсерін, яғни балалар топтарының жоғары ұйымдасушылық көрсетуін, әрбір баланың коммуникативтілік деңгейін ғана анықтап қоймайды. Сонымен қатар ол өзіндік бір диагностикалық тәсіл болады. Әрбір баланың қарым-қатысының жетілуі , белгілі бір коммуникативтіә дағдылар мен біліктердің қалыптасып, дамуы белгілі болды.

2-ші блоктың 5-6 жастағы  балаларға арналған тапсырмалары шығармашылық негізінде болады. Онда балаларға қойылым қою, ертегі құрастыру сияқты драматизациялау тапсырмалары берілді.сонымен қатар, ойын-пікірталас та осы блоктың құрамында. 

«Таңертең», «Түстен кейін» атты тақырыппен балаларға «үнсіз»  қойылым қою ұсынылды. Оны- балалардың балабақшаға кіргеннен бастап сәскеге дейінгі және одан кешке дейінгі және ситуациялық қарым-қатынасты вербалды емес жолмен көрсетіліп отыратын сюжеттік ойынның бір түрі деп санауға болады. Бұл ойындар тренингтік сабақтардың бас кезінде бірі, соңында бірі ойналады.екі ойынға да 20 минуттан уақыт бөлінеді; «Таңертең», «Түстен кейін» . қойылым салыстыра отырып, балалардың вербалды емес қарым-қатынас жасау техникаларының жетістігін бағалалуға болады.   

 «Үнсіз» спектакльді  екі шағын топ балалары ойнайды.  Бірінші шағын топ балалар біріне бірі қарамай, әрқайсысы басқа да бір топтағы құрбысының рөлінде ойнай береді.Екінші шағын топ балалары олардан өздерінің бейнесін тауып алуы қажет.10 минуттан соң екінші кіші топ осы тапсырманы орындайды. Бұл ойын бойынша талдау көрсеткіштері:

1 Қимыл-қозғалыс-өзінен басқаларға бағытталса-балаланың теріс, жағымсыз деп санайтын ситуациялары, адам бойындағы қылықтары.

2. Қимыл-қозғалыс өзіненқарай бағытталса, балаланың ұнататын оңды ситуациялары, адам бойындағы қылықтары.

3. Ашықтықты, тұйықтықты бейнелейтін қимыл-қозғалыстар болады (Л.А.Петровская).

И. Плотникстің ертегі құрастыру  әдістемесінің негізінде қазақ  ертегілерінің бірі «жаңаша құрастырылды».мұны түсіндіреміз: тренинг жүргізуші  ертегі бастайды: «баяғыда бір А мен Б болыпты». Оларда С болмапты. Бірде Д жағдайы болыпты.т.с.с.Бұл ертегінің желісінің басталуы.Балалар бұл ертегіні «өңдеп», яғни кейіпкерлерді нақтылап алады да  қатарынан бір-бір сөйлем қосып, аяқталған ертегіні шығарады.

Ертегі тапсырма бойынша  балалардың:

1.     Ертегі кейіпкерлерінің қарым-қатынастарының анықталынуы;

2.     Қарым-қатынас құралын қолдана алуы;

3.     Пауза, интонацияларды тиімді қолдана алулары;

4.     Мазмұндағы эмпатиялық, идентификациялық қарым-қатынас жүйелерін актуализациялауы.

5.     Ертегінің позитивті немесе неготивті аяқталуы.

6.     Бірін-бірі тыңдап ертегі мазмұнын біртұтас етіп беруі

7.     Театрландырылған элементтер енгізуі талданады.    

Балалардың қарым –  қатынасын жетілдіруге арналған тренингтік сабақтардың базалық  әдісі – ойын пікірталас болды. Оның негізінде тренинг жүргізушінің балаларымен, балалардың өзара қарым – қатынасы жатады.

Сондықтан пікірталас контекстінен тісқары қарым – қатынасқа дағдылану мүмкін емес. Балалардың жа ерекшелігі ескеріліп пікірталас ойын формасында өтеді. Басқаша айтқанда пікіталас барысы қарым – қатынасқа ойын арқылы оқытумен сипатталады. Ойын пікірталасының құндылығы оның әрбір баланың өзін өзі көрсетуін талап ете отырып, бір – бірін, ересектерді тыңдауға, әңгіме мазмұнына назар аудару біліктерін дамытып, әңгімені толықтыруға, пікір айтуға, сұрақ қоюға, суырып салушылыққа дағдылануға мүмкіндік беретіндігінде.

Ойын – пікірталасты ұйымдастырудың қажетті шарты – топтың жұмысына психологиялық, эмоциялық қолайлы жағдай жасау. Ойын – пікірталас кезінде балалардың дөңгелене отыруы тиімді әсер береді. Ұялу қасиеттері бар балалардың да топтық пікірталасқа қатынасуы үшін сөз кезекпен дөңгелек бойынша беріледі. Жасқаншақ балалрды да ойын пікірталасқа тарту үшін, асықтырмай, ойлануға уақыт бөлінеді.

Ойын – пікірталасты ұйымдастырып, жүргізу алгоритмі төмендегідей болады:

1.     Пікірталас тақырыбы мен мақсатын тұжырымдау.

2.    Тақырып бойынша мәлімет жинау: балалрға сұрақтар беріп, пікірін тыңдау барлық балалардың пікірін білу және қысқаша қорытынды жасау.

3.    Алынған мәліметтердің ішінен ең мәндісін бөліп көрсету.

4.    Жалпы қорытынды жасап, әрбір баланың мақсатқа сәйкес пікірталас жасауда қосқан үлесінің аталып өтілуі.

Ойын – пікірталасқа 30 минут уақыт беріледі. Тренингтік сабақтың мақсатына орай, ойын пікірталас тақырыптары іріктелді. Соларға тоқтала кетейік.

«Қандай сөздерге мен қуанамын?»  тренинг жүргізуші тақырып сұрағын  балаларға айтып, сол сөздерді іздестіруге  кіріседі. Біреуі: «рахмет» деген сөз деп қосса, жүргізуші оны ары қарай тиянақтай түседі. Ол сөзді қалай әдемі айтуға болады? Жауаптардың жиынтығы: асықпай. Адамға жақындап келіп, бетіне тура қарап айту керек. Адамның есімін атап барып «рахмет» деп айту керек. Адамды кунатындай етіп айту керек. Осылайша пікірталас жалғаса береді.

«Бізде былай, ал сендерде?». Тренинг жүргізуші кешке барлық отбасындағылардың уйге жиналатындығын айтады да, әрбір баладан кешке не істейсіндер?» деп сұрайды. Балалар кешкілік іс – әрекеттері жайлы мәлімет береді. Жүргізуші: «кешкісін отбасындағы адамдармен қандай әңгіме айтсын?». Мамаларынан (басқалардан) қандай жаңа әдемі сөз естідің?

«Жаңа сөздерді түсіне алдың ба?». «Ол сөздерді өзің әңгіме айтқанда қолданасың ба?». т. т. Осылайша баланың отбасындағы құндылықтары, қарым – қатынасы айқындалды.

« Дөрекі, ол кім?». Тренинг жүргізуші «көпшілік орында, қонақта кейбір балалар қандай жаман қылық жасауы мүмкін? Қай кезде айқайлау орынды? Ал қай кезде орынсыз? Басқаларды мазақтау, айғай салып, ашу шақыру, бар дауысымен жылап, үлкендер сөйлесіп тұрса кірісе кету – дөрекілік болады» деп, балалардға мақал жаттатамыз:

Ақылсыз адам айқалай келеді, жан – жағын жайпай келеді.

Ақылды адам жайнай келеді, жан - жағын байқай келеді.

Бұл мақалдың әрбір жолы бойынша талдау жасалады да, тұтастай мағынасы анықталады.

«Мені әжем (атам, әпкем…) жақсы  көреді». Бұл пікірталас баланың өз жақындарын бағалауға, оларға зейн қойып, жеке бастарын сыйлауға бағытталады. Тренинг жүргізуші балалардан әжелерінің ең ұнататын тағамын, киімін, киносын, іс – әрекетін, өлеңін, түсін, әсемдік бұйымдарын атап – атап көрсетулерін сұрайды. Ал ең негізгі сұрақ «сен не істесен, калай сөйлесен әжең қатты суйсінеді деген сұрақ соңынан барып қойылды. Бұл пікірталасты ұйымдастырғанда бір топқа осы нұсқа, ал екіншіге тәрбиеші – педагогқа қатысты пікір – талас болған. Соңғы тренингтік сабақтарда «әдемі сөйлегенше, мұқият тыңдау керек пе, әлде ауызын ашылып» тыңдағанша әдемі, шешен сөйлей білу керек пе?» дилеммасы талданды. Бүл пікірталас техникасы меңгерудегі балалардың академиялық түсінігі жайлы мәлімет береді.

Ойын – пікірталастың әсері;

1.     әрбір баланың әртүрлы ситуацияларда үнсіз қалуы;

2.     біреулердің әңгімесіне кірісе кетіп, бөліп жіберуі;

3.     сезімін адекватты вербалды және вербалды емес бейнелуі;

4.     сезімін адекватты емес – вербалды және вербалды емес бейнеленуі;

5.     басқаларының ситуацияға байланысты көзбен контакт жасауы;

6.     басқаларды қолдай алуы;

7.     басқаларды бағалауы;

8.     әңгімені жалғастыруы;

9.     жасықтық реакциялары;

10.   ұялшақтық реакциялары бойынша ерекшеліктері басты көрсметкіш ретінде талданылуы.

Осы қарастырылған 5 – 6 жастағы  балалар тренингінің құрамдас компоненттерімен қоса рәсімдік сәттерде бар.Ол әрбір тренингтік сабақтың бастапқы және соңғы кезеңдеріндегі сәлемдесу және қоштасу рәсімдерінің жасалынуы болып табылады. Тренингтік сабақтардың құрылым компоненттерінің – жаттығу, ойын түрлері және пікірталаспен рәсімбердің мазмұны әр жақты. Сондықтан шығармашылық қадам жасалса, яғни түрлі әр мақсат – міндеттер, топтық ерекшеліктер ескеріле отырып тренингтік сабақтар әсері күшті болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. М.М. Байбекова, П.М. Ибраева  «Әлеуметтік-психологиялық тернингтер, әдістемелер  мен жаттығулар» 2009ж.

Информация о работе Әлеуметтік психологияға қысқаша шолу