Экология – ел тағдыры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 11:22, реферат

Описание

Кіріспе сөз. (Мұғалімнің сөзі) Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам
баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың ерекше қасиеті – ол өзінің бөліп шығарған қалдығынан адамның көмегінсіз-ақ өзін тазартып алады.

Содержание

1. Экология – тағдыры.
2. Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
3. Жер байлығы – ел байлығы.
4. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
5. Өз елінің тасын сыйламаған,
Өзге елдің тауын да сыйламайды.
6. Күте білсең, жер жомарт.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 37.70 Кб (Скачать документ)

Сабақтың тақырыбы: Экология –  ел тағдыры 
Сабақтың мақсаты:    Табиғатты қорғау.  Экологиялық тәрбие  негізін 
                                    қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге, 
                                    қадірлеуге үйрету және табиғат қамқоршыларының 
                                    қатарын молайту. Экологиялық   апаттарды 
                                    болдырмауға  атсалысу. 
Көрнекілігі: «Жер-ананы жылатпайық» суреттер топтамасы. «Қызыл кітап». Күлімдеген күн,  түнерген бұлт суреттері,  жалаушалар, бүктеме қағазадар – «Табиғатты аялайық», «Туған өлкем – тұнған шежіре». 
Нақыл сөздер: 
1. Экология – тағдыры. 
2. Табиғатсыз  адамдардың күні жоқ, 
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ. 
3. Жер байлығы – ел байлығы. 
4. Туған жердей  жер болмас, 
     Туған елдей ел болмас. 
5.  Өз елінің тасын сыйламаған, 
Өзге елдің тауын да сыйламайды. 
6. Күте білсең, жер жомарт.

Кіріспе сөз. (Мұғалімнің сөзі) Табиғат – бізді қоршаған орта,  ол адам 
баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған.  Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.  Табиғаттың ерекше қасиеті – ол өзінің бөліп шығарған  қалдығынан адамның  көмегінсіз-ақ өзін тазартып алады. Ал адам баласының  іс-әркеттерінен болған қалдықтардан  өзін-өзі тазарта алмайды, табиғат уланып, ластанады. 
Таза табиғат үшін күрес – өмір үшін күрес, келешек, болашақ үшін күрес  әрқайсымыз  өзіміз өскен ортаның  табиғатын қорғауға міндеттіміз. Табиғат адам баласын дүниеге келтірген  аяулы ана бүкіл тіршілік атаулының  алтын ұясы, аялы бесігі,  құтты қонысы  және өсіп-өнген мекені.  Сондықтан Табиғат-Анамыздың неден зардап шегіп  тұрғанын анықтап, өз көмегімізді  беруге дайын  болуымыз керек. 
Бүгінгі тәрбие сағатымыз  осы мақсатта ұйымдастырылып отыр. 
1-жүргізуші: 
Құрметті ұстаздар  мен оқушылар! Бүгінгі   5 «б»  сынып оқушылары дайындаған «Экология – ел тағдыры» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. 
  Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын, 
  Пәк табиғат – жүрегімнің тамылжыған  тынысың. 
  Ей, адамдар, қалай ғана қатігездік жасайсың, 
  Ол – анаң ғой, ал сен – кенже ұлысың! 
2-жүргізуші: 
Ей, адамдар! 
Күн мен гүлден жаралған, 
От сезім мен мейірім содан таралған. 
Тіршілік иесі – Жер анаға қараңдар! 
Зор қайғыдан күрсінгенде, 
Ах, ұрады  дүние, 
Жаратылыс заңдылығы бұзылса, 
Сонда болар, кім ие? 
1-жүргізуші: 
Пәк  ауаға кешегі кім налады? 
Түтін, тұман аспанды тұмшалады. 
Кір шалады аққулардың қанатын, 
Соны ойласаң, көңілді кір шалады. 
2-жүргізуші: 
Сексеуілдің орнында көмір қалып, 
Аман ба, өзі тұрған өңір налып? 
Ақ мамықтай ақша қар шаһарларға, 
Енді жауса жауады қоңырланып. 
1-жүргізуші: 
Бар дейсің бе, өмірде азап ондай, 
Дүние озса, ол енді азады оңбай. 
Адам таза болмайды ешқашанда, 
Айналайын табиғат таза болмай. 
1-оқушы: 
-Экология! Бөтен сөз. 
Бір туғаның бірақ та. 
Білгенге бұл көсем сөз, 
Мәңгі қалар құлақта. 
«Эко-эко» – үй, Отан, 
Ежелден-ақ грекше, 
Сөз патшасын ұнатам. 
Жүрегіме гүл ексе, 
Бізге ғылым – «логия». 
Тұтқасы бар әлемнің, 
Онсыз мекен жоқ  ұя. 
Жоқ киесі өлеңнің, 
Өз үйің – өлең төсегің, 
Табиғат боп қалады. 
Оған атқан кесегің, 
Өз басыңды жарады. 
2-оқушы: 
Экология – өмірдің, 
Соғып тұрған жүрегі. 
Ей, табиғат, балаңмын, 
Ертеңіңе алаңмын. 
Денсаулығы ғаламның, 
Денсаулығы адамның! 
3-оқушы: 
  Кеудемізді ұрғылап, 
  «Бағын, Табын, Жер» дедік. 
  Жер мен көкті бұрғылап, 
Арамды да жерледік, 
Табиғатты тонадық. 
Байлық үшін бір күндік, 
Жерді атомға мола қып, 
Кештеу жалған түсіндік. 
Айта алдық па, «Бұл сыйым – 
Ал табиғат саған!» деп, 
Тепе-теңдік заңы бар, 
Табиғатта,  ғаламда, 
Кім бұзса, сол –жануар, 
Ұқсағанмен адамға. 
4-оқушы: 
  Арал қашып алысқа, сағындырды, 
  Көбікті іздеп, кез еді сағым мұңды. 
  Сортаң жердің сораңын дауыл жұлқып, 
  Өртейді күн аптабы, шағыл құмды. 
1-жүргізуші: 
Табиғаттың сұлу-сымбат  мүсіні, көрікті келбеті бір тамаша туындылардың  бірі – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ  көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққ алған. Әсіресе, қарлығаш пен аққуға деген жан  ашырлық  ерекше орын  алған. 
  Тиме  аққуға! 
  Мендейлердің атын ал, түйесін ал, 
  Тиме аққуға! Аққудың киесі бар. 
  Мендейлердің затын ал, биесін ал, 
  Тиме аққуға  аққудың  иесі бар… 
  Кеудемде жүрек барда басыла  ма ой, 
  Тиме аққуға кіршіксіз  асыл ар ғой, 
  Тимеңдерші көлімнің көркі  болсын. 
  Жанарында мұңлықтың жасы бар ғой… 
«Аққу» биі. 
2-жүргізуші: 
Республикамыздың табиғат жағдайы нашар. Алайда  жағдайы қиын деп туған мекенді тастап қайсыбір ұлт,  ұлыс өкілдері тәрізді  басқа жаққа көшіп кететіндей біздің екінші отанымыз жоқ, не көрсек те, өз жерімізде көреміз. Ендеше ауыр табиғат жағдайына қарсы күрес әрқайсымыздың  азаматтық борышымыз. 
Жер бетінде ала шұбар дақтар көп. Соның бәрі де адам қолымен салынған таңбалар. Сулы-нулы көкорай жер шарын  талай ғасыр мекен етіп келген адамдар өзен, көлді суалтып, қу тақырға  айналдырып, жасыл шалғынды орман тоғайды күйдіріп өртеуде, тау мен даланы тескілеп, шаңын аспанға шығаруда. 
Жолаушы: 
-О, Жер ана, неге мұнша күңіренесің, неге мұнша зарланасың? Саған не болған сенімен бірге бүкіл далам түнеріп тұр. 
Жер Ана: 
- Мен неге күңіренбеймін, неге зарланбаймын. Қарашы  мына далама, не болып жатыр? Нені көрмеді жерім де, елім де тозды. Қарашы мына Аралыма, толқынды теңізім қайда, толқынды қуалап шалқақтаған шағалаларым қайда? Теңіздің суы тартылып,   жердің шаңы шығып, тілім-тілім болып жатыр. Қайықтарым аударылып, балықтарымның қаңқасы қалды. Адамдардың көбісі ауруға шалдықты. О, адамзат! Не ойың бар? 
1-оқушы: 
   Ей, табиғат! Шеберсің-ау, шеберсің, 
   Көрмегенді көрсетесің, бересің. 
   Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей, 
   Аш көзденген адамдарға не дерсің? 
  
   Айың анау, күнің анау, жер міне, 
   Ау, адамдар жетпей жатыр енді не? 
   Табиғатқа таласпаңдар ағайын, 
   Асырайды ол сені, мені, елді де. 
2-оқушы: 
   Безіндіріп құмдағы, сордағы аңды. 
   Жер соқтырды, 
   Жылатты мәз даламды. 
   Қоғам азған, ел, азған, Заман азған. 
   Бірақ жерім дәл бұлай азбағанды. 
3-оқушы: 
   Төнді қауіп адамға, төнді әлемге, 
   Мыңқ етпейді кей ауру емдеріне. 
   Суыңнан шөл, малыңнан жан уланып, 
   Айналды өмір өлімнің шеңберіне.

4-оқушы: 
Біздің көшіп, қонып жүріп, өмір сүрген ата-бабамыздың  өз денсаулығын сақтау үшін  күнделікті тіршілігінен  шығарған қағидасы – жер саулығы болғанда ғана адамның денсаулығы болатындығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. 
5-оқушы: 
   Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік, 
   Бір-бір ағаш егейік. 
   Текке отырмай жасымыз бен кәріміз, 
   Таза ауа үшін тер төгейік. 
1-жүргізуші: 
   Ей, замандас! 
   Ең алдымен досыңды ұқ. 
   Досың – жер, су, мөлдір ауа, өсімдік. 
   Ала жүріп осылардың сыйлығын, 
   Осыларды қорлау деген не сұмдық. 
Қорытынды сөз (мұғалім сөзі). 
Табиғат – бәріміздің  ортақ  үйіміз. Қазіргі кезде табиғат бізден үлкен көмек күтуде. Өз туған ауылымыздың, ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін жерді дұрыс пайдаланып, жасыл өсімдіктерді молайтып, суымызды ластамай табиғатымызды аялайық, сақтайық, оны таза күйінде болашақ ұрпаққа  табыс ету – біздің парызымыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Қазақтың тұңғыш ғарышкері –Тоқтар Әубәкіров» 
Мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға ғарышкер өмірінен мағлұмат беру, ойын дамыту. Ой-өрісін кеңейтіп, сауатты оқуға жаттықтыру 
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байытып, тіл байлығын молайтып, ойлауға, армандауға баулу; 
 Тәрбиелік: Ғарышқа тек қана өте білімді, денсаулығы мықты, спортпен үзбей шұғылданып, еңбеккер адамдар ұшатынын ұқтыра отырып, бүлдіршіндерді еңбек сүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оята отырып тәрбиелеу; 
Көрнекі құралдар: Ғарышкерлер суреті, тірек сызба;

Барысы

Тәрбиеші:

Ғарыкерлер мекені-

Қазақ жері Байқоңыр.

Қай жер саған жетеді,

Ғажап жерім Байқоңыр!

Айналады ол бір сенен,

Есіміңді білсе әлем.

Ғарышқа ұшқан қазақтың

Тұңғышына бір сәлем!

Тәрбиеші:

-Балалар, бүгін қандай мереке білеміз бе?

12-сәуір –Ғарышкерлер күні! Әрине, себебі 1961 жылы дәл осы күні адамзат тарихында алғаш рет Кеңес Одағының азаматы ғарышта болып қайтты.

Тәрбиеші:

1957 жылы 4-қазанда Ғарышқа жол ашылды. Бұл күні Жердің жасанды серігі ұшырылған еді. Жер спутнигімен «Лайка» атты ит ұшырылды.

Тәрбиеші:

1959 жылы 12-қыркүйекте Айға қарай зымыран ұшырылды.

Тәрбиеші:

1961 жылы 12-сәуірде Мәскеу уақыты  бойынша сағат 12 де Кеңес Одағының  барлық радиостанциялары адамның  ғарышқа сапарының сәтті аяқталғанын хабарлады. Ғарышқа бірінші рет Ресей азаматы Юрий Гагарин Байқоңыр космодромынан ұшырылды.

Тәрбиеші:

1963 жылы 16-шілдеде тұңғыш әйел  ғарышкер –орыс қызы Валентина Терешкова ұшты.

Тәрбиеші:

Ғарыш кемесі ұшырылатын ғарыш айлағы Қазақстан жеріндегі Байқоңырда орналасқан. Қазақстандық ғарышкерлерді білеміз бе? Ғарышкерлер туралы өлең білеміз бе?

Нұрсұлтан:

Сазарып жатса Сарыарқа,

Бетпаққа оны балама.

Шыңдарға жарық космосың

Жақын боп шықты далама.

Өкпелей берме өткенге,

Ұғып қой, ұрпақ бақытты.

Түн болса бабаң ғарышқа

Түнектен қарап жатыпты.

Дамир:

Адами қиял осылай,

Аспанға ұшып әрі ұшты.

Қазақтың жері ақыры –

Қақпасы болды ғарыштың.

Ән: «Айға аттанам!» Орындайтындар: Диляра, Хамза, Асылзат, Ерасыл

Тәрбиеші:

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров  –тұңғыш қазақ ғарышкер-ұшқышы.

Ол 1946 жылы 27 маусымда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге  келген. 1965-69 жылдары Армавир Әуе  қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында оқыды.

Сәния:

Әубәкіров ағаның

Даңқы көкке самғаған.

Тоқтар аға Гагарин

Салған жолды жалғаған.

Аружан:

Тоқтар ағам –жан ағам,

Бұрыннан да ер еді.

Менің батыр ағадан,

Аумай қалғым келеді.

Нұрсилам:

Тоқтамайды осы аңыз,

Біз жолыңды тосамыз.

Тоқтар –ерлік, ерлікті,

Күнде өлеңге қосамыз!

Жайна:

Қабанбайдың ұланы,

Бөгенбайдың қыраны.

Айтылатын мәңгілік,

Қазағымның жыр әні.

Саят:

Ерлікпенен жыр егіз,

Оны жастан білеміз.

Біз Тоқтар есімін,

Ту ғып ұстап жүреміз!

Ән: «Ел қорғауға әзірміз!» Орындайтындар: Дамир, Саят, Нұрдәулет

Көрініс: «Тоқтардың ғарыштан әкелген картобы»

Бір оқушы картопты әрлі-берлі аударып көріп отырады.

2-бала: Ой, мына картопты ексең  жақсы өнім беретін шығар, қандай ерекшелігі бар екен, ә?

1-бала: Оның тұқымын ғарыштан  әкелген дейді ғой!

3-бала: Сендер не істеп отырсыңдар?

2-бала: Мына картоптың тұқымын  ғарыштан әкелді дегенге таңданып  отырымыз.

3-бала: Мен де картоптың аты  «Тоқтар» деп аталғанын естігенмін.

1-бала: Онда жүріңдер апайдан сұрайық!

Үшеуі тездетіп апайына келеді.

3-бала: Мына картоп тұқымының  неліктен «Тоқтар» деп аталғанын  түсіндіріңізші. Бұның ғарышқа қандай қатысы бар?

Апайы: Бұл картоп ғарыштан селекцияланып, бүгінде ауылшаруашылығында жақсы  өнім беріп отыр. Ол картоптың атын тұңғыш ғарышкеріміз «Тоқтар» деп атаған. Осында отырып бүгінде спутниктік байланыс арқылы әлемнің әр түкпіріндегі хабарды теледидардан көріп, радиодан тыңдай аламыз. Ауа-райын болжау, табиғат апаттарының алдын алу секілді қажетті жағдайларды, қай алқапта егін еккенде көп өнім алуға болатынын да ғарыш арқылы білуге болады.

Балалар: Керемет, мен үлкейгенде ғарышкер боламын!

1-бала: Ғарышкер болу үшін қадай  пәндерді жақсы оқу керек?

Апайы: Физика, химия, биология, математика пәндерін жақсы білу керек. Ғарышкер болу үшін денсаулығымыз мықты, білімді болуымыз керек!

Аманжол:

Көңілі –дария, ойы –аспан,

Асқар шыңнан бойы асқан.

Ай, Күнімен аспанның

Әзілдескен, сырласқан,

Ұшқыш болғым келеді!

Тәрбиеші:

Жұлдыздарға мен құштармын жастан-ақ,

Тоқтар ағадай мен боламын космонавт.

Күн қасынан оралғанда баласы

Құшақтасын қуанышпен анасы.

Тәрбиеші:

Көкке ұшамын,

Ұшқыш болар баламын,

Соңына ерем,

Ер космонавт ағаның.

Айға ұшты ағамыз

Қандай жүйрік кемесі.

Жұлдызға біз барамыз

Кемелермен келесі!

Хор: «Біз ғарышкер боламыз!»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Менің Отаным – Қазақстан.

Мақсаты: 
Б.: Қазақстан Республикасына саяхат жасау арқылы “Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем” бөлімін қайталау. Шағын тест жазу. Бөлімді қайталау барысында ана тілі мен басқа пәндер арасында пәнаралық байланыс орнату. 
Д.: Оқушылардың ой өрісін, тілін, логикасын дамыту. Зейіндерін кеңейту. 
Т.: Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Патриоттық тәрбие беру.

Көрнекіліктер: мақал-мәтелдер, слайдтар. 
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ. 
Сабақ барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, құралдарын түгендеу. Түзу, тыныш отырғызу. 
ІІ. Психологиялық дайындық. 
- Балалар, далаға қараңдаршы, ауа-райы қандай? Жақсы, күн бізге 
жылулығын шашып тұр. Ендеше, бүгінгі сабағымызды осындай жылы жүзбен, жақсы көңіл күймен өткізейік. 
ІІІ. Өткенді қайталау. 
- Балалар, тақтаға қараңдаршы, мына шрифтограмманы шешсек, бүгінгі 
сабағымыздың тақырыбы шығады. Тақтада бірнеше әріптер шықты, осы әріптердің өз сандары бар: н-9,т-4,о-2,а-7. Ендеше, осы сандарды өсу ретімен қойсақ, бір сөз шығады. 2-о,4-т,7-а,9-н. Мінеки «Отан» деген сөз шықты. 
- Отан деген не? 
- Республикамыз қалай аталады? Астанасы қай қала? Біз қай облыста 
тұрамыз? Қай аудан? 
- Мынау – Қазақстанның картасы. Бұнда – әр облыстар мен қалалар 
жазылып, бейнеленген. Республикамызда 14 облыс бар. Әр облыстың өз орталықтары бар. Мысалы: Қарағанды облысының орталығы – Қарағанды қаласы. 
- Ендеше, балалар, бүгінгі сабақта Қазақстан Республикасына саяхат 
жасаймыз. Саяхат жасау арқылы “Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем” бөлімін қайталаймыз. Шағын тест жазамыз. Бұл сабақ – ерекше, әрі қызық болады. Бөлімді қайталау барысында ана тілін қазақ тілі, математика, дүниетану, музыка, бейнелеу, дене шынықтыру пәндерімен байланыстырамыз. Яғни, картамен жұмыс жасаймыз, сөзге дыбыстық талдау жасаймыз, есеп шығарамыз, ән айтамыз, жаттығу жасаймыз, сурет саламыз. 
ІV. Дәптермен жұмыс. 
- Дәптерлеріңді көлденең қойып, көлбеу жазумен бүгінгі күнді жазыңдар. 
V. Ауызша жұмыс. 
Мазмұндау. 
- Балалар, міне Павлодар қаласына келдік. Павлодар қаласының тапсырмалары: 
• Павлодар облысында қай атақты адамдар дүниеге келген? 
• Жүсіппек Аймауытов кім? 
• Роман деген не? 
• Ж.Аймаутовтың қай романынан үзінділер оқыдық? Қалай аталады? 
• Бұл әңгіменің кейіпкері кім? 
• 
• “Қартқожаның туған жері” әңгімесін мазмұндаңдар.

Жатқа айту. 
• Тағы қай ақын Павлодар облысында туған? 
• Дихан Әбілов деген кім? 
• Оның қай өлеңін жаттадық? 
• Кім жатқа айтады? 
Туған тілім 
Хормен: Туған тілім – бабам тілі – өз тілім! 
Туған тілім – анам тілі – өз тілім! 
Туған тілім – далам тілі – өз тілім! 
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!

Оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар, 
Туған тілде әнім менен сәнім бар. 
Туған тілім тіл болудан қалса егер, 
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

- Міне, балалар, Қарағанды  қаласын келдік. Қарағанды қаласының  тапсырмалары: 
• Қарағанды облысында қай атақты адамдар дүниеге келген? 
• Жақан Смақов кім? 
• Ол туралы не білеміз? 
• Ж.Смақовтың қай өлеңін жаттадық? 
• Өлеңді жатқа айтыңдар. 
Отан 
Оқушы: Гүлдердің ертемен 
Қауызын ашқанын, 
Көктемнің көкпеңбек, 
Мөп-мөлдір аспанын, 
Таулардың қол жетпес асқарын – 
Ұнатам бәрін де, 
Өйткені ол – Отан – 
Ұлы Отан. 
Хормен: Бәрін де, бәрін де 
Ұнатам, 
Өйткені ол – Отан – 
Ұлы Отан.

- Енді Алматы қаласына  жеттік. Алматы қаласының тапсырмалары: 
• Алматы облысында қай атақты адамдар дүниеге келген? 
• Мұқағали Мақатаев кім? 
• Ол туралы не білеміз? 
• М.Мақатаевтың қай өлеңін жаттадық? 
• Өлеңді жатқа айтыңдар.

Отан туралы. 
Оқушы: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, 
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем. 
Мен оның қасиетті тілін сүйем, 
Мен оның құдіретті үнін сүйем. 
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, 
Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған. 
Жаным менің, кеудемді жарып шық та, 
Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Хормен: Отан, Отан, 
Бәрінен биік екен, 
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем…

- Балалар, осы екі өлеңді салыстырыңдаршы. Ақындар Отанды неге тенеген?

VІ. Сергіту сәті. 
- Балалар, елімізде көптеген ақын жазушылар туыпты, сол сияқты 
спортшыларымыз да аз емес. Қандай спорт түрлерін білесіңдер? 
- Ақтөбе қаласында боксшылар, Қызылордада воллейболшылар, Өскеменде 
баскетболшылар және Қостанайда футболшылар көп екен. Ендеше бокс ойнаймыз, воллейбол ойнаймыз, баскетбол ойнаймыз, футбол ойнаймыз. 
VІІ. Мәтінмен жұмыс. 
Тауып оқу. 
- Мінеки Петропавл қаласына да жеттік. Петропавл қаласының сұрақтары: 
Петропавл Қазақстанның қай жағында орналасқан? 
• Сотүстік Қазақстан облысында қай атақты адамдар дүниеге келген? 
• Сәкен Жүнісов кім? 
• Ол туралы не білеміз? 
• С.Жүнісовтың қай әңгімесін оқыдық? 
• “Кімнің мекені жақсы?” әңгімесін нешеге бөліп оқыдық? 
• Осы әңгімедегі С.Жүнісовтың негізгі ойын айтыңдар. 
• Осы мәтіндегі әр кейіпкердің өз мекенін мақтаған сөздерін тауып оқыңдар.

Информация о работе Экология – ел тағдыры