Абайдың нақыл сөздерінің тәлім-тәрбиелік маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 15:08, курсовая работа

Описание

Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге саяды. Абай "Өлең сөздің патша сы" өлеңінде "сөз түзелді, тыңцаушы сен де түзел!" -деп жүртшылықган ақындық сөзге зор маңыз беріп қарау-ын, поэзияның жоғары қо-ғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қа-зақ өмірінің сол кездегі жағ-дайында толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы тү-сінді, мүны оның "Мен жаз-баймын өлеңці ермек үшін" деген өлеңіндегі мына шумақ-тар толық дәлелдейді: ..." Шу дегенде қүлагаң тосаң-сиды, Өскен соң мүндай сөзді бұрын көрмей".

Содержание

КІРІСПЕ
І тарау. Нақыл сөздер (афоризмдер) туралы жалпы түсінік
1.1. Абай – қазақтың ұлы ақыны, философы
1.2. Абайдың қара сөздері мен нақылдары
ІІ тарау. Абайдың нақыл сөздерінің тәлім-тәрбиелік маңызы
2.1. Абай қара сөздеріндегі ақыл мен нақыл ислами тұрғыда
2.2. Абайдың философиялық ойлары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Абай нақыл сөздерінің тәлім-тәрбиелік маңызы.docx

— 45.07 Кб (Скачать документ)

     Ақын  мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың  көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында “… адам мен адамгершілік, ар, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір  көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері  бар екені даусыз. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 1920-30 жылдарда ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай  философиясын» діншілдігі басым  әдеттегі буржуазиялық идеалистік философияның жамап-жасқаған біртүрі деп дәлелдемек болушылар да табылды (Қабдолов З. Қазақ  ақыны Абайдың философиясы және оған сын. «Советская степь», 1928, 2 тамыз).

     Көрнекті  мәдениет қайраткерлері мен жазушылар: М.О.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұбанов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, І.Жансүгіров т.б. Абайдың  ақындық мұрасын анайы-социологиялық  шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. «Көзқарасының қарама-қайшылықтарына карамастан, - деп жазды Мұқанов, - Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде  ең озық реалист-суреткер болды және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы біз  үшін баға жетпес байлық болып табылады, тап солай болғандықтан да қазақ  халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі» («Казахстанская правда», 1934, 30 көкек).

     Ақын  шығармалары 19 ғасырда да Қазақстанда  демократиялық қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты  идеялық үш қайнардан нәр алды:

     1) қазақтың ауыз әдебиеті мен  өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен  сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық  дәстүр;

     2) ежелгі және орта ғасырдағы  Шығыс ойшылдарының таңдаулы  шығармалары;

     3) орыстың материалистік философиясы  мен демократиялық мәдениеті,  сол арқылы дүниежүзілік (ең алдымен  Батыс Европаның) философиялық  ойдың жетістіктері.

     Әуезов  бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен  табиғи ұштасып, жалғасып кететіндігін айта келіп, Абай дәуірі үшін осылардың  ішінде үшінші қайнармен, орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы аса зор болғанын, Қазақстандағы  қоғамдық ойдың болашақта жандана  түсуіне ықпал еткенін атап көрсетті.

     Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және философиялық озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының санымен немесе оған революционер демократтар идеясы ықпал  етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған «жеңіл-желпі, қара дүрсін пікірлерге» қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының өткен заман  ойшылдарының теориялық мұраларымен  байланысын анықтайтын мәселелердің тым  тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді; Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес, сонымен қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне қатынасын тұтастай даму үстінде «орыс және қазақ халқының байланыстарын сол кезеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз органикалық байланыста карастыратынының» методологиялық маңызы аса зор. (Әуезов М. Әр жылдардағы ойлары.-Алматы, 1961, 148-149 6.)

     Өз  заманының ғұламасы болған Абай көптеген орыс жазушылары мен философтарының, әсіресе, А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың, В.Г.Белинскийдің, А.И.Герценнің, Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың  шығармаларын оқып, зерттеді, орыс революционер-демократтарының  озық ойы, оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті.

     Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ, Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен  де жақсы таныс болды; Батыс Европа философиясын, дәлірек айтқанда Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Спенсер, Л.Фейербах еңбектерін оқыды: «...өзінің рационалдық философиясын Абай кездейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осындай бай мектептердің оқуынан өтіп алып, сөйтіп, бұларды  өзінің творчестволық өңдеуінен  өткізген соң ғана жасай алды» (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. А. , 1969, т.15 , 141-б.).

     Ол  Ч. Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық  ілім негіздерін білді. Абайдың жаратылыстану  ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың материалистік психологиясы, нақтырақ айтқаңда И.М.Сеченов пен  К.Д.Ушинский еңбектері маңызды қызмет атқарды. Ақынның дүние-танымына сол  кезеңде Семейде тұрған, саяси  аударылған адамдарымен достығы  игі әсерін тигізді. Олардың арасында Е.П.Михаэлис, Н.И.Долгополов т. б. демократтардың идеясында тәрбиеленген алдыңғы  қатарлы зиялы қауым өкілдері бар еді. Абайдың көптеген өлеңдерінде  терең философиялық ойлары, табиғатқа, таным, ақыл жайлы толғаныстары көрініс  тапқан:

     «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Көк тұман - алдыңдағы келер заман» т. б., 45 «сөзден» тұратын қара сөзбен жазылған «Ғақлиялары» - ақынның философиялық көзқарасының мәйегі, өзінің мәні мен тұжырымдарының тереңдігі жағынан ұлттық мәдениет шегінен әлдеқайда асып түсіп жатқан маңызды мұра. Бұл «Сөздер» қазақ хапқының сан ғасырғы тәжірибесінен (мәдениет, тарих, дәстүр, әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттер т. б.), адам және адамзат туралы ойларынан сусындаған. Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады. Атап айтқанда, ол былай деп айтты: «Балаларды ата-аналарынан алып, мектепке беру керек, олардың біразын мамандықтың бір түрін, біразын басқа мамандықтарды игеруге бағыттау керек. Мектептерді көбейту қажет, оларда тіпті қыздар да оқитын болсын».

     Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғылыммен белсене айналысуға үндеді. Әркімді  өзінің өткен әр күніне міндетті түрде есеп беріп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды.

     Абайдың пікірінше, адам болу үшін оның бойынан үш түрлі фактор табылуы тиіс. Біріншіден, баланың шыққан тегі жаксы болуы керек, екіншіден, оның әлеуметтік жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт, ушіншіден, балаға адамгершілік тұрғысында тәрбие берілуі қажет. Абай парақор билеушілерді, ашкөз судьяларды, надан молдаларды әшкерелеп отырды. Халықтың игілігіне жету жолындағы Бұл қырсықты ғылым мен білім аркылы ғана жоюға болады деп есептеді. Ол жастарға үздіксіз еңбек етіп, білім алуды міндет етіп қойды. Білім алуға жұмылған еңбек әрқашанда жемісті және ізгілікті болатынын қадап айтты. Қараңғылықтан шығар, елді өркениетке жеткізер жалғыз жол — оқу-білім екенін көзі қарақты жастарға түсіндірді. 

 

     ҚОРЫТЫНДЫ 

     Қорыта  айтқанда, Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол қазақ тілінің  мәйегінен көптеген өлеңдер мен  дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазды.    

     Абайды  Абай еткен, асыл сөзімен өлең етіп ұйытып, жүрегіне жыр болып байланған  қасиеті - өмірден әділет, мейірім, сенім, адалдық іздеу барысында тапқан танымдық олжалары, санасын сарғайтып  барып көзін ашқан тұжырым  тоғыстары өлең арқылы өріліп жатыр.    

     Абай  өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты  әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты  өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы  «қазақ қоғамының айнасы» деп  те аталады.

     Абай  қарасөздерінде әңгіме-сұхбат түрінде  адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім-ғылымды  игеру, қоғамдағы әртүрлі топтардың  қылып жүрген адамгершілік, имандылық  мәселелерін кеңінен толғайды. Ақын қарасөздері арқылы халық өмірін, мінез-құлқын, ойын сөз етеді. 33- қарасөзінде: «Егер мал керек болса, қолөнер  үйренбек керек, мал жұтамайды, өнер жұтамайды» дей келе, сол жолда  «Алдау қоспай, адал еңбекті сатқан өнерлі-қазақтың әулиесі сол» деп  таза өнер адамына жат қасиеттерге  әуестенбеуін, қазақтың кейбір өнерлерінің  талапсыздық, керенаулық, еріншектікке бой ұратынын қынжылу арқылы түсіндіреді.

     Абай  ой тұжырымдауды себеп пен салдардың  объективті байланысының қорытындысы  деп қарайды, оның бұл түсінігі - сол байланыстың нәтижесінде  күмәнсіз білім туындайды дейтін ғылыми социологизм принциптеріне  толық сай келеді. Ол силлогистик. тұжырымдау ережелеріне сүйене отырып, ойлаудың түр жағынан ғана емес, мазмұны жөнінен де, объективті шындықтың  сәйкестігі жағынан да дұрыс болуын талап етті. Силлогизмді тиянақтылық  пен тұжырым жасаудың байланысы  деп қараған ойшыл ақын тұжырымдаудың  шындық пен жалғандық жағдайларына толық қорытынды жасап, куәлардың толық немесе ішінара жалған тиянақсыз сөздерінен мысалдар келтіреді. «Осындай ой түйіндеу арқылы теріс те, оң да қорытындыға келуге болады - түсініктемелер ұқсас па, демек, олар - жалған; ақиқатқа көз жеткізу үшін түсініктемелер бір-бірімен қабыспайтын болуы қажет; бірақ, мынадай дасиллогизм жасауға болады - түсініктемелер бір-бірімен қабыспайма, демек, олар жалған; ақихатқа көз жеткізу үшін түсініктемелер бір-біріне ұқсас болуы керек» (сонда). Ол логик. қарама-қарсылықтар заңына сүйеніп: қарама-қайшы пікірлер шын, не жалған болуы мүмкін, ал ешуақытта да екеуі қатар болмайды деген тұжырым жасайды. Ол силлогизмге қарама-қарсылықтар арқылы ой жүгірткенде де жоғарыда көрсетілген заңға сүйенеді. Абай шартты силлогизм теориясын негізге апа отырып, қарама-қарсылықтар арқылы шыңдыққа жетуге болатынына көңіл бөледі. Егер шындық ретінде тиісті объективті шындыққа сай дәлелді пікірлер айтылса ғана ой тұжырымдау дұрыс болады деп есептейді. «Логикалық жағынан екі жағдайдағы түйтіңдеу де дұрыс, бірақ, мәселе онда емес, - деп жазды Абай, - мәселе болған оқиғаның ақиқаттығына көз жеткізу үшін соның негізінде ой түйінделген жеке бастың уәж нанымы ғана емес, фактілерге негізделген уәж-нанымның қажеттігіңде болып отыр, ал мұндай наным болмаған жерде - түсініктемелер мейлі ұқсас, мейлі әрқилы болсын - бәрібір оқиғаға сайма-сай келетін түйін жасауға болмайды, фактіге негізделмеген пікірге ғана келуге болады» (сонда). Абай дерек туралы ой тұжырымдауда нақты бар заттардың байланыстары мен қатынастарының объективті көрінісіне негізделген логик. операциялардың негізгі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ұсынады. Абайдың тарихи еңбегі оның өз дәуірі үшін философия саласында қазақтың қоғамдық ойының дәстүрлі қағидаларына бірқатар соны да жаңа пікірлер ұсынғандығында болып табылады. Ақынның идеялық мұрасы қазақтың қоғамдық-филос. ойы мен мәдениетінің даму тарихын сапалық жаңа белеске көтерді.  

     ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

     1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,

     2. Абай. Қара сөздер. Поэмалар.- Алматы: Ел, 1992.

     3. Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея.- Алматы: Жеті жарғы, 1997.-

     4. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,

     5. Абай. Нақыл сөздер. - Алматы: Көшпенділер, 2007

     6. Абай. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар, қара сөздер. - Алматы: Мектеп, 2007

     7. Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. - Алматы: Санат, 1997

     8. Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. - Алматы: Санат, 1997


Информация о работе Абайдың нақыл сөздерінің тәлім-тәрбиелік маңызы