Ламаизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 17:59, реферат

Описание

Ламаизм буддизмнің кең тараған бір бағыты болып есептеледі. Бұл ерекше бағыттың атауы монахты немесе абызды білдіретін “лама” сөзінен шыққан. Ламаизм VІІ ғасырда тантризм мен махаянаның қытайланған түрінің негізінде Тибетте пайда болды.
Тантризм – бұл буддизм мен индуизмнің әр түрлі мектептері мен бағыттарының ортақ атауы. Бұл ілімнің негізгі идеясы ламаизм іліміне күшті ықпал еткендігін көруге болады. Ол адам тәні мен космостың бірлігі, барлық мәнділіктің энергетикалық бастамасы деген идея. Адам микрокосмос ретінде қарастырылады, оның денесі Жоғары Космосқа ұқсас. Тантризмнің бір ерекшелігі, мұнда жыныстық энергетикалық әйел бастамасына табынады. Буддистік тантра бойынша философия емес, практика, яғни қиял-ғажайып әрекет пен магия ең мәнді. Сондықтан да тантризм көзқарасы бойынша тұқымдастыру әрекеті имитациясымен табиғаттың молшылығын орнықтыруға, байлығын көбейтуге болады. Осындай имитация әрекеті ламаистік ғибадаттың бір формасының көрінісі болып есептеледі.

Работа состоит из  1 файл

Ламаизм.docx

— 20.76 Кб (Скачать документ)

                                   Ламаизм 

 

Ламаизм буддизмнің кең тараған  бір бағыты болып есептеледі. Бұл ерекше бағыттың атауы монахты немесе абызды білдіретін “лама” сөзінен шыққан. Ламаизм VІІ ғасырда тантризм мен махаянаның қытайланған түрінің негізінде Тибетте пайда болды.

Тантризм – бұл буддизм мен  индуизмнің әр түрлі мектептері мен бағыттарының ортақ атауы. Бұл ілімнің негізгі идеясы ламаизм іліміне күшті ықпал еткендігін көруге болады.  Ол адам тәні мен космостың бірлігі, барлық мәнділіктің энергетикалық бастамасы деген идея. Адам микрокосмос ретінде қарастырылады, оның денесі Жоғары Космосқа ұқсас. Тантризмнің бір ерекшелігі, мұнда жыныстық энергетикалық әйел бастамасына табынады. Буддистік тантра бойынша философия емес, практика, яғни қиял-ғажайып әрекет пен магия ең мәнді. Сондықтан да тантризм көзқарасы бойынша тұқымдастыру әрекеті имитациясымен табиғаттың молшылығын орнықтыруға, байлығын көбейтуге болады. Осындай имитация әрекеті ламаистік ғибадаттың бір формасының көрінісі болып есептеледі.

Тантризм мен йогалық практика тығыз байланысты. Йога адамның тыныштықтағы энергетикалық әлеуетін оятуға ұмтылады. Тантраның бұл жолына жету үшін адамдарға рухани ұстаз – гуру немесе лама, эзотерикалық дұғалар, мантралар немесе символдар, төменгі сатыдағы құдайлар, буддизм  уағызшылары мен бодхисаттвалар көмектеседі.

Тантризмнің ілімін игермей, ламаизмнің ерекшелігін, әсіресе діни сенімі мен  рәсімдерін  түсіну қиын. Бірақ, ламаизмге дейін Тибеттегі жергілікті халықтардың діні бон-по ( рухтарға, табиғат күштеріне табынатын анимистік сенім) болды. Әрине, ламаизмде бұл сенімнің көрінісі болуы табиғи құбылыс. Сондықтан да ламаизмнің доктриналық негізі буддизм болса да, ғалымдар бұл дінді синкретикалық сенім деп бағалайды.

Ламаизмде кең және тармақталған құдайлар пантеоны бар. Оған дәстүрлі буддизммен қоса жергілікті тибеттіктердің, моңғолдардың, буряттардың, қалмақ пен тувалықтардың құдайлары кіреді. Осы құдайлар пантеонының шыңында Будда Шакьямуни – қазіргі космостық ғасырдың буддасы тұр. Онымен қоса Будда Майтрейя – болашақтағы будда ерекше орын алады. Әлемнің қорғаушылары ретінде өздерінің ерекше қасиеттерімен Амитабха, Вайроган, Акайб бейнесіндегі алғашқы буддалар мойындалады. Бұл дінде буддалармен қоса бодхисаттваларға табынады. Бодхисаттвалардың ішінде Амитабха, Авалокитехара мен ұлы маг және Манджушридің данышпаны атанған Ваджранани ерекше құрметке ие.

Энергетикалық бастапқы негіз туралы түсініктің дамуынан құдайлардың серігі, олардың әйелдік ипостасы Шакти  образы қалыптасты. Нәтижесінде құдайлар мен бодхисаттвалардан көптеген отбасылар мен нөкерлер пайда  болды. Оларға құдайлардың серіктері – шактилер, рухани ұлдар – бодхисаттвалар, Будданың қорғаушылары мен қарсы күресушілер, перілер кіреді. Бұл пантеонға буддизмнің діни қайраткерлері де кіргізіледі, мысалы, ұлы уағыздаушы және маг Падмассомбхава (гуру Ремного VІІІ ғ.) есімін айтуға болады. Бұл ұстаз бен оның шәкірттерінің есімі Тибетте, Неполда, Сиккимде буддизм мен ламаизмнің пайда болуымен байланыстырылады.

Аңыз бойынша патша Сронцзан Гамбо мен оның екі әйелі, непалдық және қытайлық ханзадалар буддизмнің қасиетті жазбаларын Тибетке әкелген. Олар буддизмнің таратушылары ретінде  ерекше құрметтеліп, кейіннен оларға құдай ретінде табынған. Сронцзан Гамбо дүниеден өткеннен кейін Тибеттегі буддизмнің дамуы Падма Самбхаваның есімімен байланыстырылады. Ол тибеттік буддизмді тантризм ілімімен жаңартты. Бірақ бұл кезде буддизм қудалауға түсіп, орныға алмады. Тек ХІ ғасырда Үндістаннан келген Аттиша  Тибетте бірнеше үлкен монастырлар ашып, классикалық буддизмнің дәстүрлерін дамытатын реформалар жүргізді. Бұл реформаларға наразы болған Падма Самбхаваның ізбасарлары – қызыл бөріктілер, ал Аттишаның бағытындағылар – сары бөріктілер болып бөлінді. Тибеттегі моңғолдар билігі тұсында қызыл бөріктілер өздерінің рухани және саяси өмірдегі басшылығын күшейтіп алды. Буддизмнің соңғы жетістігі және оның тибеттік түрі – ламаизмнің пайда болуы Цзонхаваның есімі мен реформаларына байланысты.

Цзонхава өзінің реформаларында, ең алдымен, классикалық буддизмнің нормаларын қалпына келтіруді қолға алды. Ламаистердің қасиетті кітабына айналған Цзонхаваның еңбегі “Ламрим” (даналықтың баспалдақтарынан тұратын Ұлы жол). Бұл еңбегінде ол монахтар өміріне некесіздікпен қатал монастырлық тәртіпті кіргізді. Цзонхаваның ілімі кейіннен гэлукпа деген атпен белгілі болды. Екіншіден, ол Падма Самбхава кіргізген рәсімдерге қарсы шығып, шектеу салды. Өзінің трактаттарында тантризм рәсімдері, имитациялық-символдық әдістер мен  шакти қуатын игеру тәжірибесін уағыздайды.

Цзонхаваның кіргізген жаңалығының  нәтижесінде монахтардың беделі бірден көтерілді. Енді буддизмнің негізгі  талаптарын мойындау (Буддаға, дхармаға, сангхаға берілу) жеткіліксіз болды. Бұл ұлы ілімді меңгерудің бірден-бір жолы ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс болып есептеледі. Шәкірттің ұстазына сенімі, құрметі, сөзсіз бағынуы шарт. Осылайша ламаизм азаптан құтылудың жолын көрсетті.

Ламаизмнің діни әдебиеті “Ганджур” 108 томнан, ал оның түсініктемелері “Данджур” 225 томнан тұрады. Бұл жинақтарда, жоғарыда айтылғандай, буддизм тарихында жинақталған идеялардың синтезі берілген, әйтсе де ламаизмнің буддизм іліміне кіргізген жаңалығына көңіл аудармау мүмкін емес.

Ламаизмде нирвана азаптан құтылудың  жоғарғы мақсаты ретінде қарастырылмайды. Мұнда үлкен космологиялық жүйе беріледі. Оның шыңында буддалардың  буддасы – Адибудда – әлемдердің басшысы тұр. Оның негізгі атрибуты шуньята (бос кеңістік). Осы бос кеңістік буддалардың рухани тәндері, рухани мәнділік, ол барлық тірі жанды баурап алады. Әр адамда будданың бір бөлшегі бар, сондықтан да олар құтылуға деген ұмтылысты иеленеді. Егер адам өзіндегі осы буддалық бөлшекті күшейтудің қажеттігін түсінсе, ол адам бодхисаттва күйіне көтеріледі.    

Ламайлықтар төрт топтағы табиғаттан тыс күштерге сенеді:

*Перілер немесе асуралар –  мәңгілік өмір сүретін зұлым күштер;

*Преттер — өлген адамдардың  жаны беріледі. Олар тозаққа түскендерді жазалайды;

*Шамбалалық жауынгерлер – шамбала  деп аталатын ерекше елде тұрады. Бұл елдің қайда екенін адамдар білмейді, біле де алмайды. Осы елде Ригден деген патша басқаратын әскер бар. Олар құдайлардың (бурхандардың) үкімімен кез келген уақытта дінсіздерге қарсы  соғыс жүргізу үшін жер бетінде пайда болуы мүмкін.

*Бурхандар (құдайлар) ламаизмде  бірнеше мыңнан артық, бірақ  ламайлықтар кейбіріне ғана сыйынады.

Ламаизм сенімі бойынша болашақта  Будда – Майдари келеді, сонымен  қоса жер бетінде жаңа әділ өмір орнайды. Ламаизмдегі жан туралы ілім үш идеяны біріктіреді. Ол буддизм мен индуизмдегі дәстүрлі ұғым. Жан адамның тәніне тәуелсіз, мәңгілік өмір сүретін бөлігі. Жан пайда болмайды, ол әрқашан бар болмыс. Жан дхарма деп аталатын ұсақ бөлшектердің жиынтығы.

Ламаизмдегі о дүние екі деңгейден  тұрады. Біріншісі индуизмдегі сияқты сансара деп аталады. Жан бір денеден екінші денеге ауысып отырады. Ал жанның қайта тууы кармамен (тағдырмен) анықталады. Пәк жандар жұмаққа (сухаватиге), ал күнаһарлар тозаққа (нарокаға) түседі. Бірақ бұл уақытша ғана болып, пәк жандар  да, күнаһарлар да адам денесіне қайтып оралады.

О дүниенің екінші деңгейі ерекше діндарларға арналған. Ол – нирвана. Бұл да жұмақ, бірақ мұндағы рахаттың деңгейі сухаватимен салыстырғанда тым жоғары.

Жұмақтың бұл төріне жету үшін адам діни практикамен айналысуы керек. Ең алдымен Будданы оның ілімімен және рухани бірлестікті қабылдау керек.     

Ламаизмнің Тибетте дамуы бұл  ауданды ламаизмнің ұйымдастырушы  және рухани орталығына айналдырды. 1959 жылы Тибетте болған діни-ұлттық қозғалыстан кейін Далай-лама және жүз мыңнан астам ламаистер Қытайдан кетуге мәжбүр болып, Үндістан, Непал, Бутанға орнықты. Далай-ламаның өзі Үндістанда.

Моңғолия аумағына XVІ ғасырда  кіріп, одан XVІІІ ғасырда Ресейде мекендейтін бурят, тува және қалмақ халықтарына тараған.

Тибеттің астанасы Лхас қаласында 1959 жылы ламаизмнің ламайлықтардың басшысы  Далай-ламаның (монғолша – лама –  теңіз, яғни лама теңіз тәрізді ұлы ) резиденциясы болды. Ең бірінші Далай-лама дәрежесі Биндуидубке 1391 жылы берілді. Қазіргі кезде ламаистердің басшысы XІV Далай-лама қайта туғандардың ішіндегі ең жоғарғысы. Ол ұлы бодхисаттва Авалокитешвараның бейнесіндегі тірі құдай. Оның беделі ламайлықтардың арасында ғана емес, бүкіл дүние жүзіне белгілі. Оған әлемдік Нобель сыйлығының берілуі осыған дәлел (500 мың доллар көлеміндегі сыйақыны ол аш-жалаңаштарға көмекке берген). Далай-лама өзінің рухани ілімін тарату мақсатында әлемнің барлық елдеріне саяхат жасайды. 1980 жылдары Қазақстанда да болып қайтты.

Далай-ламаның орнын басу үшін белгілі  бір талаптар орындалуы қажет. Далай-лама ламаистер үшін тек басшы ғана емес, рухани бастама ретінде қабылданады. Сондықтан ламалардан құрылған комиссия дүниеден кеткен Далай-ламаның құдайлық қасиеті берілген деп тапқан жас нәресте таңдап алынады. Ол нәресте монастырға қабылданып, қажетті тәрбие қабылдайды. Жаңа Далай-лама кәмелеттік жасқа толғанға дейін оның қызметін регент атқарады.

Ламаизмнің діни өмірі монастырмен тығыз байланысты. Мұнда сыйыну, діни рәсім, оқу-ағартушылық, діни уағыз, саяси қызмет іске асырылады.

Монахтардың, тыңдаушылардың, шәкірттердің өмірі де монастырдың ішінде өтеді. Монастырларда икондар – такка, музыкалық аспаптар, Ганджур мен Ганджурдың қасиетті мәтіндері, ерекше мадақталатын құдайлардың бейнесі сақталады.

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдедиет 

http://overtone.ru/info/lamaizm/

Саяси түсіндірме сөздік. –  Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. 
Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.

 “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1


Информация о работе Ламаизм