Дін жайлы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:30, реферат

Описание

Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.

Работа состоит из  1 файл

Дін жайлы түсінік.docx

— 43.65 Кб (Скачать документ)

Алайда, қазіргі күні дін  мен мәдениеттің дәстүрлі формалары түбегейлі өзгерістерге бәрібір ұшырап отырады. Бүкіл әлемде біртіндеп, бірақ тоқтаусыз жүретін секуляризация процесі қамтиды, ол азаматтық және қасиетті салаларды адамның рухани өмірінде бір-бірін бөліп алып, сакральды-қасиетті ұғымдардың экономика және саясат аймақтарына араласпауын қалайды. Дін өркениетарлық қатынастарды (С. Хантингтон) реттеуде маңызды рөл атқарганымен, өзінің жалпы көрінісінде адамның жеке тылсымдық өміріне қарай көбірек ығысады. Әрине, С. Хантингтон болжаған діни-конфессиялық қайшылықтардан туындайтын суперөркениеттер қақтығысының болу мүмкіндігін абсолютті түрде бекерге шығара алмаймыз. Алайда, әлем дамуының әмбебапты тенденциялары әлем мәдениетіндегі тұтастану процесінің терендеп бара жатқанын көрсетеді. Элем барған сайын ашық, бірегей, толерантты болып келеді.

Мамандар, белгілі бір мәдени тұтастылықтың ажырамас бөлігі болып табылатын «халықтық діндерді» (диффузиялық діндер) және тікелей бір этномәдениетпен шектелмеген әмбебапты конфессияларды бір-бірінен айырады. Халықтық діндер, әдетте, нақтылы мемлекеттік биліктің қасиетті негізі болуға ұмтылады. Осындай діндер көмегімен харизматикалық басшылар өз билігін нығайтқысы келеді. Алайда, осындай тұтастану көптеген жағдайларда мемлекет азаматтарының жеке құқықтарын шектеуге бағытталуы мүмкін. Әмбебапты діндер де (христиандық, ислам, буддизм) саяси биліктің легитимациясын қолдануға ұмтылып, жалпы саяси-әлеуметтік жағдайға бейімделе әрекет етуге тырысады. Олар нақтылы қоғамның басты құндылықтарын негіздеу қызметін атқарады.

Дін, әрбір жеке тұлғаның өзіндік ісі деп жарияланған азаматтық қоғамда да тұлғалардың саяси-әлеуметтік өміріне тигізетін ықпалын жоғалтқысы келмейді, тіпті, бір діннің өзі эр түрлі саяси бағыттарға қолдау бере алады, себебі діни ағым өзімен-өзі емес, керісінше, белгілі бір зайырлы идеология немесе ұстанымдармен қосылып, адамдардың саяси бағдарларының құндылықтар жүйесін құрастырады.

Дін қызметі қазіргі күні де толастар емес. Миллиондаған мұсылмандар  Меккеге қажылыққа агылады, Рим  папасының уағыздары жүздеген мыңдар тобының аудиториясын жинайды, буддалық мейрам халық агынын әкеледі. Тек  әмбебапты діндер ғана нығайып келе жатқан жоқ. Дәстүрлі емес секталарға модалы сұраныс қалыптасып, магия мен астрология, шығыстық медитация техникалары қаулап өсіп келеді.

Осының барлығын зерделеу және мәдени әрекетте орынды қолдану қажет. Азаматтық қоғамдағы діни институттардың қызметі тек теориялық қызығушылық тудырмай отыр. Бұл, әсіресе, өзінің геосаяси және тарихи жағдайларымен ерекшеленетін Қазақстан үшін маңызды. Біздің еліміз үш өркениеттің (исламдық, православиялық, конфуцийлік) тоғысқан жерінде тұр және жоғарыда аталып өткен С. Хантингтон концепциясы бойынша, қақтығыстар шығуы мүмкін жолайырық болып табылады. Бірақ, басқа жағынан алғанда, Қазақстан территориясында ғасырлар бойы эр түрлі этностар, діндер, мәдениеттер бейбіт, келісімді өмір сүріп келген. Қазіргі кездеде «Қазақстанда 1300-дей діни бірлестіктер, 30 конфессиялар әрекет етеді. Алматьшың бір өзінде 100 діни ұйымдар бар: 18 мұсылмандық, 4 православиялық, 2 католиктік, 7 баптистік қауым, 2 лютерандық қауым, 10 Иегова куәгерлерінің жиналысы, 20 протестанттық және [[пресвитер|пресвитерлік, Бахайя қоғамы (синтетикалық сана), 2 ескіобрядтық қауым, 4 пятидесятниктердің қауымы, Кришна санасының қоғамы, Вайшнавов діни қоғамы, 8 мәдени-ағартушы және қайырымдылық миссиялары, иудейлік қоғамдар, адвентистердің Жетінші күні қоғамы, армян шіркеуі, 4 харизматикалық бағыт, 2 буддалық қауым, 1 сатанистер қоғамы». Қазақстан халқының күрделі конфессиялық құрылымы елде этнократиялық және исламдық мемлекетті құру идеяларының терістігін көрсетеді. Бір дін құндылықтарын әсірелеу біздің еліміздің жағдайында қоғамдағы жікшілдікке әкелуі мүмкін. Сондықтан Қазақстанда жарияланған демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғам құру бағдары дінаралық сұхбат пен келісімді қажет етеді.

Батыc пен Шығыстың қосарлы ықпал аймағында орналасқан Қазақстан үшін мәдениеттер мен діндер сұхбаты идеясыньщ берері мол. Сұхбат ықпалы аймағында орналасқан Қазақстанның елі үшін сұхбаттылық, адамдар арасындағы сыйластық өмір салты болып кеткен. Олар үшін құқықтық та, қара күш те адамдар бірлестігінің негізі бола алмайды. Олардан биік тұрған құндылықтар — сұхбатты қалыптастырушы сүйіспеншілік, төзімділік, мәміле-келісім болып табылады. Аталған құндылықтар кереғарлықты болдырмай, әлемде бейбітшілікті қалыптастыру үшін барын салады. Сондықтан болар әлеми діндердің барлығы дерлік жаңағы құндылықтардың өмірде терең тамыр алуы үшін қолдан келгенін аямайды. Әлем бұдан былайғы жерде діндер, мәдениеттердің ортақ тоғысу нүктесін айқындамай, олардың сұхбаттық болмысына тәнті болмай жалпыадамзаттық құндылықтарды дұрыс түсінуі әлде қалай.

Ғылым және оның қоғамдағы рөлі

Ғылым (араб.: علم‎ — тану; лат. scientia — білім) — жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы — ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы.

Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің  және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым - қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі. Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды. Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі - латынша «Sсіеnііа» сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы «білім» дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім - адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым - тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.

Түрлері

Негізінен ғылымдарды екі санатқа бөледі: Жаратылыс құбылыстарын (биологиялық өмірді қоса) зерттейтін жаратылыстану ғылымдары және Адамзат өмірі мен қоғамдарын зерттейтін гуманитарлық ғылымдар. Бұл санаттар эмпирикалық ғылымдар болып табылады, яғни ондағы білім табиғатта көруге және зерттеушілердің әлдебір шарттарда тәжірибе арқылы тексеруге болатын құбылыстарға негізделген. Кейде фундаменталды ғылым деп аталып үшінші санатқа жатқызылатын математика ғылымының жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдармен ұқсастығымен қатар айырмашылықтары да бар. Ұқсастығы — объективті, ұқыпты және жүйелі әлдебір білімді зерттегенінде болса, айырмашылығы білімді тексеру тәсілінде: ол эипирикалық емес, көбінше априори тәсілдеріне жол береді. Статистика мен логистика ғылымдары жататын фундаменталды ғылымдар эмпирикалық ғылымдар үшін өте маңызды. Фундаменталды ғылымдарының ірі жетістіктері физика және биология ғылымдарына да жиі ірі жетістіктер әкеледі. Фундаменталды ғылымдар нәрселердің қалай жұмыс істейтінін (жаратылыстану ғылымдары) ашу мен сипаттауда, сонымен қатар адамдар қалай ойлап, қалай әрекет ететінін (гуманитарлық ғылымдар) сипаттауға маңызды гипотезалар, теориялар және заңдылықтар құруда үлкен рөль атқарады.

Осы мақалада айтылғандай, ғылым, өзара  тығыз байланыста болатын, ғылыми зерттеулер нәтижелерін адамзат мұқтаждығына пайдалану болып табылатын қолданбалы ғылымнан ажырату үшін кейде тәжірибелік ғылым болып аталады.

Ғылым – адамның табиғат пен  қоғам туралы объективті білімін  қалыптастыруға мүмкіндік беретін  танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.

Ғылымның құрылымы және атқаратын функциялары

Объективті жаратылыстың философиялық түсінігі табиғат, қоғам  және адамзатты қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне білімнің үш сферасы нақты қарастырылады. Жаратылыс сферасына және зерттелетін ақиқат дүниенің түріне байланысты ғылыми білімнің үш бағытын анықтауға болады: жаратылыстану- табиғат туралы білім жүйесі, қоғамтану - қоғамдық емірдің түрлері мен формалары туралы білім жиынтығы, сонымен қатар адам-затты ойлау қабілеті бар жанды зат ретінде қарастыратын ойлау білімдерінің жүйесі. Табиғат туралы барлық білім жиынтығы жаратылыстану арқылы қалыптасады. Оның қүрылымы табиғат логикасының нақты көрінісі іспетті. Жаратылыс ғылымдарының білім жүйесі орасан зор және әр алуан. Мұнда заттар мен олардың қүрылысы, заттардың қозғалысы мен әрекеттесуі, химиялық элементтер мен қосылыстар, тірі материя мен тіршілік, Жер және Космос туралы білім жүйесі енеді. Жаратылыстанудың осы объектілерінен іргелі ғылыми жаратылыстану бағыттары бастау алады Денелер, олардың қозғалысы, олардың әр түрлі деңгейлердегі пайда болу формалары мен айналымдары физикалық ғылыми білімнің зерттеу объектілері болып табылады. Іргелі сипаты бойынша олар жаратылыстанудың негізіне жатады және басқа да білім салала-рын қамтиды. Химиялық элементтер, олардың қасиеттері, айналымдары мен қосылыстары химиялық білім жүйесінде көрініс табады. Физикалық білім жүйесімен көбірек байланысты болғандықтан, аралық пәндердің тобы - физикалық химия, химиялык, физика т.б. пайда болды. Биологиялық білімдер тіршілік туралы білім тобын қамтиды, олардың зерттеу объектілері клетка мен клеткадан пайда болған бар-лық ағзалар. Биологиялық білімнің негізіне зат, химиялық элементтер туралы білім жатады. Жоғарыда айтылғандай мунда да аралық пәндер, атап айтқанда, биофизика, биохимия т.б. дамиды. Жер Күн жүйесіне енетін бір планета есебінде геологиялық білімдердің зерттеу пәні болып табылады. Олар біздің планетамыздың қурылысы мен дамуын зерттейді. Басқа ғылымдар тобымен бірлесу арқылы геохимия, геофизика, палеонтология сияқты жаңа салалар пайда болды. Өте ертеден бері дамыған, сонымен қатар ғылымдағы жаңа бағыттардың да қатарына жататын білім жүйелелерінің бір тобы-космологиялық білімдер, олардың зерттеу пэні - Бүкіл әлем. Космоло-гия - космостық объектілердегі жағдайлар мен өзгерістерді зерттейді. Ғылыми білімнің тағы бір іргелі бағыты - қоғамтану. Оның пәні болып қоғамдық қубылыстар мен жүйелер, қурылымдар, жағдайлар процестер табылады, қоғамдық ғылымдар қоғамдық байланыстар мен цатынастардың жеке түрлері мен барлық жиынтығы туралы білім бе-реді. Өзінің сипаты бойынша қоғам туралы ғылыми білімдер сан түрлі, олар жалпы үш бағыт бойынша топтастырылған: зерттеу пәні қоғам болып табылатын әлеуметтік бағыт; халықтың еңбегін, меншіктік қатынасты, қоғамдық өндірісті, айырбасты, таралуды және осыларға негізделген қоғамдық қатынастарды зерттейтін экономикалық бағыт; сонымен бірге мемлекеттік-құқықтық құрылымдарды және қоғамдық жүйелердегі қатынастарды пәні ретінде қарастыратын мемлекеттік-құқықтық білімдер бағыты. Ғылыми білімнің үшінші іргелі бағытын адам және оның ойлау жағдайы туралы ғылыми жүйе құрайды. Адамзат жан-жақты аспектілерде қарастырылып, көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі. Ондай ғылым салаларына - гуманитарлық ғылымдар (психология, логика тағы басқа) және математика жатады. Аталған негізгі ғылыми бағыттармен қатар, ғылымның өзін зер-ттейтін ғылыми салаларды жеке топқа жатқызуға болады. Ғылымның бұл салалары XX ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болды және бұл өз бетінше ғылымның адамзат өміріндегі рөлі мен маңызын анықтай алатын дәрежеге көтерілгенін білдіреді. Ғылымтану қазіргі кезде өз бетінше, тез дамып келе жатқан ғылыми пән болып саналады. Ғылым, білімнің қурылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз - арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі. Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу: 1) түсіндіру - табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру; 2) жүйелеу - жиналған фактілік материалдарды сурыптап, бір жүйеге енгізу; 3) суреттеу - қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап көрсету; 4) болжам жасау - дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау; 5) қорытынды жасау - табиғаттағы болып еткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау; 6) жаңалық ашу - табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару; 7) өндірістік-тәжірибелік бағыт беру - алған білімді өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі; 8) дүниетанымдық - алған білімді әлемнің обьективті картинасымен байланыстыру. Адамзат өз тарихында сипаты бойынша сан алуан білімдерді жи-нақтады, ғылыми білім - сол білімдердің тек бір түрлі ғана болып са-налады. Сондықтан ғылымға қойылатын критерийлерді білу өте қажет.

Ғылымның, философияның және діннің арақатынасы.

Тарихта мәдениеттің бір сферасының екіншісіне зиянын тигізе оты-рып ерекше бөлініп шығуының мысалдары көп. Ең алдымен бул орта ғасыр мен Жаңа уақыттағы ғылымның, философияның және діннің арақатынасына байланысты. Ортағасырлық ғылым діннің билігінде болғандықтан, антикалық ғылымның жетістіктері ұмытылуға айналып, ғылым бірнеше қадам артқа шегінгені белгілі. Тек қана XIX ғасырда жаратылыстанудың жетістіктеріне байланысты ғылым адамзат пен қоғам дүниетанымында, мәдениетіндебасымдылыққа ие болды. Содан бастап ғылым мен философия арасында осы уақытқа дейін басылмаған дау-дамай басталды, олардың әр қайсысы шындықты айқын көрсету қүқығына ие болғысы келді. Ғылым ешбір шектеусіз барлық сүрақтарға жауап беріп, адамзатты жарқын болашаққа бастауды мақсат етті. Әдетте мұндай болашақ ғылым мен техниканың жетістіктерінен болатын материалдық игілік пен тоқшылықты білдіретін. XX ғасырдың басындағы адамзаттың көп бөлігіне қатысты тіршіліктің төменгі деңгейінде болашаққа деген мундай көзқарас бұқара халық тұрмақ саясаткерлерге де, тіпті ойшылдарға да (философтар, жазушылар, суретшілер) түсініксіз боп қала берді. XX ғасырдың басында фило-софтар мен мәдениеттанушылардың аз бөлігі бүл жолдың апатқа бас-тайтынын ашық айтты. Бұл XX ғасырдың ортасында атом қаруын жасау экологиялық апаттың төнуі арқылы расталды. Соған қарамастан, сциентизм идеологиясының қалдықтары - ғылымның жалғыз ғана құтқарушы екендігіне сену - осы уақытқа дейін сақталып келеді. Ағартушылық қойнауынан дамып, позитивизм философиясында дамыған бундай көзқарас XX ғасырдың екінші жартысында қоғамдық және гуманитарлық пәндерден жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін асыра мақтап көрсетуге көшті. Осы сенім планетаның қазіргі жағдайына, термоядролық апат қаупіне, ең бастысы - мәдениеттің этикалық және эстетикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, технократтық психологияның күшеюіне әкеп соқтырды. Сөз жоқ, ғылым - адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады. Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерек-шеліктері мен мақсаттары бар, бүларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым жеке өзі адамзат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол - тек адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты, үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де, адамзат мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады. Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз ғылымға нақты анықтама бере аламыз. Ғылым - жаратылыс туралы объективті білім жиынтығы болып саналатын адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бул түсініктің мазмунына сонымен қатар білімді алу процесі мен оларды адамзаттың тәжірибелік өмірінде қолдануының түрлері мен механизмдері кіреді.

Ислам және ғылым

Ислам діні – ғылымның нағыз  өзі. Құран кәрімнің көптеген жерлерінде білім алуды бұйыруда, ғалымдарды мадақтауда. Мәселен: “Зүмәр” сүресінің 9-шы аятында былай делінген: «Білгендер мен білмегендер тең бола ма? Білгендер әлбетте қадірлі болады.»

асулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” білімді мақтаған және адамдарды өнер-білімге шақырған. Мұны тіпті дұшпандар да біледі. Мәселен: “Ихийа-ул улум” және “Мәудуат-ул улум” кітаптарында ғылымның құндылығын айтыла келіп: «Ғылымды Қытайда болса да үйреніңдер!» делінген хадис шәрифі өткен. Яғни ғылым дүниенің ең алыс жерінде және кәпірлердің қолында болса да, барып үйреніңдер! “Бұл кәпірдің ойлап тапқаны, мұны үйренбеймін!” демеңдер. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Бесіктен мазарға дейін  білім алыңдар, ізденіңдер!»

«Ертең өлетіндей етіп ахирет жұмыстарын және ешқашан өлметіндей етіп дүние жұмыстарын істеңдер!»

«Біліп жасалған аз ғибадат  – білмей жасалған көп ғибадаттан артық.»

«Шайтанның бір ғалымнан қорқуы – надан болған мың абидтен (құлшылық етушілерден) қорқуынан да көп!»

Ислам дінінде күйеуінің  рұқсатынсыз әйел адам нәпіл қажылыққа  бара алмайды. Қонаққа, сапарға да шыға алмайды. Бірақ күйеуі ілім үйретпесе және рұқсат бермесе, оның рұқсатынсыз ілім үйренуге бара алады. Көріп отырғанымыздай, үлкен ғибадат болып саналатын қажылыққа күйеуінің рұқсатынсыз бару күнә бола тұра, ілім үйренуге рұқсатсыз шығу күнә болмайды.

Жаратылыстану (дүниелік) ғылымдарда, өнермен технологияда ілгерілеу, заманауи соғыс құралдарында да ілгерілеу  парыз кифая болып табылады. Дініміз дұшпандардан да көп еңбек етуді бұйыруда.

Исламға қарсы болғандар, дінімізге медицина жағынан да мін  таға алмауда. Пайғамбарымыз алейһиссалам медицина ғылымын да мақтаған. Хадис шәрифте: «Ғылым екіге бөлінеді. Олар дене ғылымы және дін ғылымы» делінген. Ислам дене ғылымын дін ғылымынан бұрын үйренуді бұйырады. Өйткені барлық жақсылықтар деннің саулығы ақасында атқарылады. (Садәти Әбәдийа).

 


Информация о работе Дін жайлы түсінік