Қытайдың саяси жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 21:33, реферат

Описание

Б.э.д. ІІІ мыңжылдықтағы Қытайдың ежелгі тұрғындары Хуанхэ өзенінің орта жəне төменгі ағыс тұстарын, Бохай шығанағының жанындағы жазықтықты, жəне Қытайдың басқа аумақтарының кең жазықтарын мекендеген. Бұл аумақтарда өмір сүрген тайпалар түрліше аталған: солтүстікте — «ли», шығыста — «и», батыста — «цзян» немесе «жун», оңтүстікте— «мань». Ежелгі халықтар тайпаларға біріккен рулық қауым-дармен өмір сүрген жəне ортақ шаруашылықты жүргізген. Б.э.д. ІІІ мың-жылдықтың соңында өндірістік күштердің одан əрі дамуы, жеке меншіктің пайда болуы жəне қоғамның таптарға бөлінуі рулық құрылымның ыдырауына жəне оның орнына мемлекеттің пайда болуына алып келді. Шамамен б.э.д. 1600 ж. шығыс «и» тайпалары Солтүстік Қытайдың үлкен

Содержание

. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Ежелгі дәуірдегі Қытайдың саяси жүйесі
ә) Орта ғасырдағы саяси жүйе
б) Жаңа дәуірдегі Қытай
в) Республиканың жариялануы

ІІІ. Қорытынды
Төрт көсем мен төрт ұран

Работа состоит из  1 файл

қытайдың саяси жүйесі.docx

— 103.58 Кб (Скачать документ)

 

Жоспар:

І. Кіріспе 

ІІ. Негізгі  бөлім

      а) Ежелгі дәуірдегі Қытайдың  саяси жүйесі

      ә) Орта ғасырдағы саяси жүйе

      б) Жаңа дәуірдегі Қытай

       в) Республиканың жариялануы

 

ІІІ. Қорытынды

       Төрт көсем мен төрт ұран

 

 

 

Б.э.д.  ІІІ мыңжылдықтағы  Қытайдың ежелгі тұрғындары Хуанхэ өзенінің орта жəне төменгі ағыс тұстарын,  Бохай шығанағының жанындағы жазықтықты, жəне Қытайдың басқа аумақтарының кең жазықтарын мекендеген.  Бұл аумақтарда өмір сүрген тайпалар түрліше аталған:  солтүстікте — «ли», шығыста — «и», батыста — «цзян» немесе  «жун», оңтүстікте— «мань». Ежелгі халықтар тайпаларға біріккен рулық қауым-дармен өмір сүрген жəне ортақ шаруашылықты жүргізген.  Б.э.д.  ІІІ мың-жылдықтың соңында өндірістік күштердің одан əрі дамуы, жеке меншіктің пайда болуы жəне қоғамның таптарға бөлінуі рулық құрылымның ыдырауына жəне оның орнына мемлекеттің пайда болуына алып келді. Шамамен б.э.д. 1600  ж.  шығыс  «и»  тайпалары Солтүстік Қытайдың үлкен

аумағын жаулап алып, өз қарсыластарын жеңді де, Шан  (инь) мемлекетін құрды.  Ежелгі Қытайдың мемлекеті мен құқығы тарихының кезеңдері:

1  кезең —  Шан   «Инь»  кезеңі  (б.э.д.  ХҮІІІ-ХІ  ғ.ғ.) - құлиеленушілік қоғам-ның қалыптасуы жүзеге асады.  Бұл кезеңде, сонымен қатар, екі кезең көрініс табады: а) ерте Шан (б.э.д.  ХҮІІІ — ХҮ ғ.ғ.) — таптардың пайда болуының бастапқы кезеңдері ғана тəн; ə) кейінгі Шан (б.э.д. ХІҮ— ХІ ғ.ғ.)- таптық қоғам толығымен қалыптасып бітеді. 2 кезең — Чжау кезеңі  (б.э.д. ХІ — ІІІғ.ғ.) — иерархиялық əлеуметтік жүйе пайда болады; 3 кезең — Цинь кезеңі  (б.э.д. 221-201 ж.ж.) жəне Хань кезеңі  (б.э.д. ІІІ ғ.— б.э. ІІІ ғ.) — жаңа, феодалдық қатынастардың негізі пайда болады.

Қоғамдық құрылым. Кейінгі  Шан кезінде халықтың жалпы санынан артық-шылықты топ бөлініп шығады, оның құрамына билеуші —  ван жəне оның туыстары,  билеушіге жақын адамдар абыздар, шенеуніктер жəне бағынышты тайпалардың ақсүйектері кірген.  Чжоулық Қытайда бірнеше разряд —əлеуметтік ранглер пайда болды.  Ранг тұрғын үй мен жердің мөлшерін,  құлдардың саны мен жалақының мөлшерін анықтаған.  Цинь кезеңінде Шан янның жүргізген өзгертулері негізінде ақсүйектіліктің ранглері туралы жаңа ереже енгізілді,оған сəйкес ранглер ақсүйектік тегіне емес, билеуші алдын-дағы жетістіктері үшін берілген. Барлығы 20 ранг енгізілді, ал б.э.д. ІІІ ғасыр-дан бастап оларды сатып алуға рұқсат етілген.  Сонымен,  жаңа ақсүйектер пайда болды:  мүліктік,  əскери,  қызметтік жəне саудагерлік. Ең төменгі сатыда құлдар болған.  Құлдықтың қайнар көздері түрліше болған:  əскери қамау, қарыздық құлдық, сый ретінде алу, қылмыскерлер, шығынға ұщыра-ған шаруалар. Қоғамның үстем тобы мен құлдардың арасында жер өңдеумен айналысатын еркін қауым мүшелері болған.

Мемлекеттік құрылым. Құлиеленушілік Қытайда оның тарихының барлық кезеңінде басқарудың монархиялық нысаны болған. Билеуші — ванның қолында билік толығымен болған. Патша билігі құдайдың билігіне теңестірілетін Монархия мұрагерлік сипатта болған. Ежелгі Қытайда басқарудың сарайлық жүйесі болған, яғни, нақты анықталған құзіреті бар тұрақты түрде қызмет ететін мемлекеттік мекемелер болған жоқ, олардың орнына арнайы тапсырмаларды орындайтын тұлғалар, күңдер болған.

Шан дəуірінде патшаға жақын тұлғалардың арасында 20 жуық ресми титул-дар болған, олар функциялары бойынша үш топқа бөлінген:  біріншісі — азаматтық лауазымды тұлғалар, екіншісі —  əскери лауазымды тұлғалар,  үшіншісі —  əртүрлі кеңесшілер,  бал ашушылар мен көріпкелдер.  Чжоу кезеңінде ванның ең жақын көмекшісі болып сян табылған,  ол барлық шенеуніктерге басшылық жасап,  билеушінің əртүрлі тапсырмаларын орындаған. Сонымен қатар,  үш гундер —  патшаның басты кеңесшілері лауазымы болған.  Цинь дəуірінде императордың жақын көмекшілері болып екі бірінші кеңесшілер —екі ченсина табылады,  олар аппарат жұмысын басқарады, тайвэй — империяның қарулы күштерін басқарады жəне юйши дафу —  барлық мемлекеттік аппаратты басқарады.  Ченсяна, тэйвей жəне юйши дафу аса лауазымды тұлғалар болатын жəне «үш гун» атауын иеленді. 

Жергілікті басқару. Шан  жəне Чжоу дəуірінде Қытай өз көсем — билеу-шілері — чжухоулары бар көптеген иеліктердің жиынтығынан құралған болатын. Чжухоулар ванның жоғарғы 31билігіне бағынған.  Цинь дəуірінде Шан Янның əкімшілік реформасына сəйкес патшалықтың аумағы 41  цездке бөлінді, олар валостар мен тиналарға бөлінді,  ал алар, өз кезегінде, өз басқару органдары бар 10  қауымдастықтан құралды.  Қауымның тұрғындары фулаоны  (ақсақал)  сайлаған,  ал олардың арасынан староста — личжен сайланған.

Əскер. Шан патшалығында тұрақты əскер болған жоқ. Қажет болған жағ-дайда чжухоулар 3000, 5000, 6000  əскерлерден құралған отрядтарды ұсынған. Жиналған əскер əскербасы — қолбасшыға берілетін жəне жорыққа шығатын. Əскер екі бөлікке бөлінетін: жаяу əскер жəне арбалы əскер. Сонымен қатар,  халық мал мен арбаларды беретін.  Əскердің үш түрі болған: жаяу əскер, атты əскер жəне қарулы арбакештер. Цинь империясында əскер бестіктер мен ондықтарға бөлінген. Жоғарғы қолбасшы болып импера-тордың өзі даболған. 

Сот жүйесі. Сот функцияларын тармақтарға бөлінген мемлекеттік аппарат-тың көптеген өкілдері жүзеге асырған. Мемлекеттегі жоғарғы судья болып ван табылған.  Жергілікті жерлерде сот істерін қараумен болыстықтың бастығы айналысқан. 

Б.э.д.  Ү—  ІІ ғ.ғ.—  да бірқатар жинақтар жасалған,  олардың ішінде ең əйгілі 6 тараудан құралған  «Заң кітабы» (Фацзин).  Мұнда Қытайдағы қолданыс-тағы қылмыстық іс жүргізушілік заңнама көрініс тапқан. Шан мемлекетінде меншік құқығының обьектілері ретінде мал,  құлдар,  еңбек құралдары,  құнды асыл бұйымдар жəне басқа да мүлік танылған.  Тек б.э.д.  І мыңжыл-дықтың екінші жартысында ғана жерге деген меншік құқығы пайда болады. Қытайлық заңнамаға мына шарт түрлері тəн болған: сату-сатып алу, заем, кепіл, несие беру, жерді жалдау.Шан кезеңінің отбасы құқығында матриархаттың элементтері болған, туыстар арасындағы некеге рұқсат берілетін, алайда,  Чжоу мемлекетінде патриархатты отбасы орнығып,  көп əйел алуға рұқсат етіледі. Мұрагерлік құқықта əке мүлкін бірінші əйелдің үлкен ұлы иемденетін тəртіп орныққан.  Ұлы болмаған жағдайда мұра-герлікті күйеуінің басқа туыстары иеленетін. Қылмыстық заңнамада мемлекеттік қылмыстарға ерекше мəн берілген,  олар үшін мынадай жазалау жүйесі қолданылған:  таңба салу,  мұрынды кесу,  аяқты шабу,  еркектердің жыныс мүшесін кесіп тастау жəне өлім жазасы. Ежелгі Қытайдағы сот əкімшіліктен ажыратылмайтын. Алдын-ала тергеу мен сот талқысын бір тұлға жүргізе беретін.

 

Қытайдағы ортағасырлық кезеңнің басы 220  жылы Хань империясының ішкі тұрақсыздықтың,  ең алдымен  “сары белбеулілердің”  көтерілісінің нəтижесінде құлауымен сиаптталды. “Күшті үйлер” деп аталған бірнеше ақсүйек тектерінің арасындағы күрес өрши түсті. Бұл күрестің нəтижесінде Цинь жаңа династиясының (265-420 ж.ж.) негізін қалаған Сыма тегі алға шықты,  бұл кезде Қытай қайта бірікті. 280  жылы император Сыма Янь жаңа жарлық қабылдады,  оның негізінде əрбір жер иеленуші (16 мен 60 жас аралығындағы) 120 му (6,6 га)  жер алатын,  оның 215-і мемлекетке кетсе, 3\5  бөлігі жер иеленушіге қалатын.  Салық төлеуші халық жылына 20  күн мем-лекет үшін тегін жұмыс істейтін. ІІІ —  ғасырдың соңында Қытайға ғұндар,  кейін юн,  цян, жужан,  тобог жəне тибет тайпалары басып кірді.  ІV-VІ ға-сырларда Солтүстік Қытай нағыз соғыс алаңы болды. Жаулап алушылардың арасынан Солтүстік Вэйдің тоби династиясы бөлініп шықты,  олар V  ғасыр-дың соңында өз патшалығын орнатты. 477-485  ж.ж.  императордың жарлы-ғының нəтижесінде үлестіру жүйесі қайтадан енгізілді. Ол ауыл шаруашылы-

ғының көтеруге жəне Оңтүстік Қытайдағы халықтың қайтып келуіне біршама əсер етті. VІ ғасырдың екінші жартысында Солтүстік жəне Оңтүстік Қытайдың бірігуіне қажеттік туындады. Себебі, VІ ғасырдың ортасында (551 ж.) Қытайдың солтүстік шекараларына қауіп төндірген аса күшті көшпенді мемлекет Түрік қағанаты құрылды.  Бірігу əскери жолмен жүзеге асты. Қолбасшы Янь Цзюнь император жəне Суй (581-618  ж.ж.)  династиясының негізін қалаушы ретінде жарияланды.  Бұл династияның тұсында мемлекеттік биліктің орталықтандырылуы күшейе түсті.  Императордың билігі шексіз болды,  ол үлкен бюрократтық аппаратты басқарды.  Императордың жанында жоғарғы шенеуніктерден құралған үш палата жұмыс істеді. Одан кейін алты ведомство (шендер, қаржылық, рəсімдік,  əскери,  сот жəне жазалау,  қоғамдық жұмыс ведомстволары)  болды. Алайда, шаруа көтерілістері мен Когуремен (сол кезде Корей түбегіндегі мемлекеттердің бірі)  ұтымсыз соғыс Суй династиясының құлауына жəне Тан династиясының (618-907  ж.ж.)  негізін қалаушы император Ли Юаньның билікке келуіне алып келді. 624 жылы шаруалар үшін жеңілдіктер орнықтырған декрет қабылданды, оған сəйкес шаруаларға бау-бақша жерін өмір бойғы иелену құқығы берілді. Тан мемлекетіндегі жоғарғы жəне шексіз билік императорға тиесілі болды. Оның көмекшілері болып екі цзайсян табылды. Мемлекетті басқару үш палата арқылы жүзеге асырылатын: атқарушы,  заң шығарушы  (империя жарлық-тарын даярлау), салтанаттарды ұйымдастыру; одан кейін суй ведомство-ларына ұқсас алты ведомство тұрды.  Шенеуніктер тоғыз рангіге бөлінді жəне олардың жалақылары да тоғыз деңгейде болды. Шаруалар  “жақсы халық” жəне  “жаман халық” болып бөлінді. Бірінші топты еркін шаруалар, екінші топты құлдар, малайлар, бөтен жерді жалға алушылар құрады.  907-960  жылдары өтпелі кезең орнады,  бұл кез  “бес династия жəне он патшалық”  кезеңі деп аталды. 960  жылы əскер император ретінде генерал Чжао Куаниняны жариялады, ол Сун династиясының (960-1271  ж.ж.)  негізін қалады.  Бұл династияның басқаруы кезінде мемлекеттік құрылым өзгермеді.  Қытайдың солтүстік-батыс шекараларында тангуттар мемлекеті — Батыс Ся мемлекеті (982-1227 ж.ж.) құрылды, бұл мемлекет Қытайдың шекраларына үнемі шабуыл жасап отырды. 1234 жылы Солтүстік Қытайды монғолдар жаулап алды, ал жарты ғасырдан соң Оңтүстік Қытай да бағындырылды. Монғол ханы Құбылай жаңа Юань династиясының (1271-1368 ж.ж.) негізін қалады. Өз астанасы ретінде ол Пекинді таңдады. Ол қытайдың əкімшілік жүйесін өздеріне негізге алғанымен, монғолдар қытайларды биліктен аластатты. Осы жəне басқа да шаралар шаруалардың көтерілісіне алып келді. 1368  жылы шаруа қолын бастаушы Чжу Юаньчжанның əскері Пекинге басып кірді. Ол император болып, Мин династиясының негізін қалады. 1644 жылы Қытайды маньчжурлар жаулап алды, Мин династиясы құлады.  Маньчжурлардың басшысы Абахай Цин династиясының (1644-1911 ж.ж.) негізін қалады,  ал оның ұлы жаңа династияның алғашқы “богдыханы” болды (император титулы). Қытайдың құқығы өзгешеліктерге толы болды. Мұнда Конфуцийдың ілімдері негізге алынды,  ол бойынша балаларының ата-анасына,  əйелінің күйеуіне,  жауынгердің басшысына, шаруаның князьға,  халықтың императорға қатаң түрде бағынуы уағыздалатын. VІІ ғ. император Ли Ши-Минның бұйрығымен қылмыстық құқық жинағын —“Қылмыстық құқықтағы қылмыстардың тізімін” жасау басталды. Қылмыстардың тізімі ауқымды болды жəне олардың басым көпшілігі өлім жазасымен жазаланатын, себебі, конфуций ілімі бойынша қылмыскерге қатысты дене жазаларын қолдануға тыйым салынатын болған.  Əкесін өлтір-ген бала,  басшысын өлтірген жауынгер, сюзеренін өлтірген вассал қандай да болсын жағдайға қарамастан өлім жазасына тартылатын. 

 

ХVІІІ ғасырдың соңында — ХІХ ғасырдың басында Қытай Цин династиясының басшылығында құлдырау кезеңін бастан кешіріп жатты.  Осы кезеңде Англия жəне Франция сияқты мемлекеттердің Қытайды өзінің жартылай колониясына айналдыруға ұмтылысы өрши түсті. Осының нəтижесінде, 1850 жылғы маусымда Тайпиндік көтеріліс ретінде танылған шаруалар соғысы басталды. 1853  жылғы наурыз айында көтеріліске шыққандар Тайпин мемлекетінің астанасы болған Нанкин қаласын басып алды. Тайпин мемлекетінің басшылары  “Аспан династиясының жер жүйесі” атты мемлекет пен қоғамның реформасы бойынша бағдарламалық құжатты жариялады.  Елде теңдестірілген жер иелену жарияланды.  Тяньванның (“аспан князі”)  басшылығымен  “Ұлы жақсылықтардың аспан патшалығы”  құрылды.  Басқа басшылар əртүрлі мəселелерге қатысты бюрократиялық аппараттары бар ван атағына ие болды. Село əкімшілігін уездік басқарманың басшылығымен уездік бастықтар басқарды, одан жоғары үкіметпен тағайын-далатын округ бастықтары басқаратын округ басқармалары болды. 1864 жылғы шілдеде Нанкинді Цин əскері құлатты. Тайпин көтерілісін басудағы қиындықтар,  Англия жəне Франциямен соғыстың нəтижелері Цин империя-сының үстемдік құрушы таптарын реформа  (ең алдымен,  əскери) жасауға итермеледі. “Теңіздің ар жағындағы істерді меңгерудің”  ғалымдары пайда болды. 1862  жылы реформалардың негізін салушы ғалымдардың бірі императорға мемлекетті күшейтуге қатысты саясатты ұстануға меморандум ұсынды. Осыдан соң зауыттардың арсеналдардың құрылысы басталды,  шетелдік капиталдың ағымы күшейе түсті.  Алайда, “мемлекетті күшейту саясаты”  Қытайды 1894-1895  жылдардағы жапон-қытай соғысындағы жеңілістен құтқара алмады.  Шетелдік державалар Қытайға қатысты əсер ету салаларын күшейте түсті (1897 жылы Гонконг Ұлыбританияға 100 жылға жалға берілді).  Осының барлығы халық арасында кең көңіл толмаушылыққа жəне реформаға деген жаңа қозғалыстарға əкеліп соқты.  Қозғалыс өз көзқарастарын Ұжымдық меморандумда көрсетіп өтті,  мұнда мемлекетті басқару жүйесін өзгерту,  əскерді қайта құру,  конституциялық монархияны орната отырып, парламентті құру ұсынылды.  Бұл құжат үшінші талпыныс-тан соң ғана алдыңғы қатарлы күштерді басқарған жас император Гуансюйдің қолына тиді. Реформаторлар мемлекеттік басқаруға тартылды: “реформалық жүз күнде”  өнеркəсіптік дамуды күшейтуге,  университеттер ашуға жəне т.б.бағытталған бірқатар прогрессивтік жарлықтар қабылданды.  Алайда,  реформатарларға билікті сақтап қалу үшін саяси күштер жетіспеді. 1893  жылғы күзде император Цыси  (Қытайды 1861  жылдан бастап басқарған)  төңкеріс жасады, Гуансюйді билігінен айырып, оның атынан жарлықтар шығарды,  бұл жарлықтар бойынша ол регентша болып,  мем-лекетті басқару құқығын иеленді.  Консерватитвік құрылым сақталып қалды,  елде басылып-жаншылып отырған бірқатар көтерілістер бас көтерді. 1905  жылы Сунь Ятсен “Қытайдың жандану одағын” ішінара қайта құрды. Сол кезде ол өзінің  “Үш халықтық қағида” атты бағдарламасын ұсынды. Ол бағдарламаның мақсаты Цин империясын жою,  демократиялық реформа жүргізіп,  демократиялық халықтық үкімет құру болған. 1905-1908 ж.ж.  ел ішінде қайтадан көтерілістер басталды. Цин үкіметі 1906 жылы консти-туцияны даярлауға кірісті, бірақ ол император билігінің сақталуын көздеді. Жағдай күннен-күнге шиелене берді, ақырында, 1911 жылы қазанда Уган қаласындағы қарулы көтеріліс революциялық күштердің жеңуімен аяқталды. Синьхай революциясы басталды  (Синь Хай —  ескіқытай күнтізбесі бойынша 1911 жылы). 1911 жылғы қазан айының соңында көптеген провинцияларда Цинь патшалығының билігі жойылды. 1911 жылғы желтоқ-санда Нанкин қаласында Уақытша үкімет құрылды, мемлекет басшысы болып Юань Ши Кай тағайындалды.

 

1902-1904 жылдары Қытайдың бірқатар провинцияларында шаруалар  мен қолөнершілердің жаппай көтеріліске шығуы орын алды. Басында Сунь Ятсен тұрған “Қытайды қайта өрлету одағының” басшылығымен революциялық ұйымдар құрылды. 1905  жылы революциялық топтар Қытайдың революциялық біріккен одағына (Чжунго Гэмин Тунмэнхуэй)  бірікті,  оның президенті болып Сунь Ятсен сайланды. 1911  жылғы 10 қазанда Учан  (Уган)  қаласында солдаттар көтеріліске шықты, Синьхай революциясы басталды. 1911 жылғы 25 желтоқсанда Сунь Ятсен Қытайдың президенті болып сайланды. Монархия контрреволюциялық күштермен келісудің нəтижесінде жойылды. Президент болып контрреволюцияның таңдаған өкілі Юань Шикай сайланды. 1912  жылғы 10  наурызда Ұлттық жиналыс  (заңшығарушы орган) Қытайды президент басқаратын республика ретінде жариялаған уақытша конституцияны қабылдады. Заңшығарушы билікті парламент жүзеге асырды, оның құрамында екі палата болды:  сенат пен өкілдер палатасы.  Парламентке сайлау екісатылы сипатты иеленді. 21 жасқа толған, мүліктік ценз бен тұрақтылық цензіне (бір жерде кем дегенде 2  жыл тұрақты өмір сүрген)  тұлғалар ғана сайлаушылар болып табылды. Либералдық буржуазия мен Юань Шикайдың одағы революцияның аяқталуын қалады. Қытайлық революциялық бірлескен одақта (тунмэнхуй) либералдар жеңіске жетті. Олар партияның таратылуын жəне оның ұсақ буржуазиялық партиялармен бірігуін талап етті.  Бұған жауап ретінде Сунь Ятсен жаңа партия — Гоминьданды (Ұлттық партия) ұйымдастырды. Гоминьдандықтар 1913  жылы көтеріліске шықты,  бұл көтерілісті Юань Шикай басып тастап,  партияның қызметіне тыйым салды.  Содан соң Юань Шикай конституцияға өзгертулер енгізіп,  президенттің өкілеттіктер мерзімін 10  жылға,дейін ұзартты.  Осылай,  монар-хияны қалпына келтіруге əрекеттер жасалды,  Юань Шикайдың богдыхан  (маньчжурлық,Цин династиясы императорларының титулы)  ретінде жарияланатыны хабарланды. Алайда, 1916 жылы Юань Шикай қайтыс болып,  президент ретінде республиканы сақтап қалған,бұрынғы вице-президент Ли Юаньхун сайланды.,Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытайда күшейген ұлттық буржуазия мен қытай нарығындағы шетелдік монополистердің арасындағы қайшылықтар өрши түсті. Халықтың белсенділгі ұлт-азаттық бағытқа бет бұрды. 1919  жылғы 4 мамырда Пекинде студенттердің демон-страциясы өтті. 1919 жылғы маусымда студенттік толқулар “4 мамырдағы қозғалыс” атты революциялық қозғалысқа ұласты, оған жұмысшылар мен ұлттық буржуазия қосылды. 1921  жылы Қытайдың Коммунистік партиясы құрылды. 1924  жылы коммунистер Гоминьданға қосылды.  Халықтың белсенділігінің артуы Гоминьданның оң қанатының контрреволюциялық бағытты ұстануына түрткі болды.  Контрреволюцияның басында Гоминьданның Орталық атқару комитетінің төрағасы,  ұлттық-революциялық əскердің қолбасшысы генерал Чан Кайши тұрды.  Бірінші азаматтық соғыс басталды (1924-1927  жылдар),  бұл соғыс революциялық күштердің жеңілуімен аяқталды. Гоминьдан ірі буржуазия мен помещиктердің пар-тиясына айналды.  Гоминьданның съезді биліктің жоғарғы органы ретінде жарияланды, ал оны шақырудың арасындағы үзілістерде жоғарғы орган болып Гоминьданның Орталық атқару комитеті табылды, үкімет оған бағынатын болды  (Кеңестік Ресейдегі мемлекеттік органдардың құрылымына ұқсас болды). 1927 жылғы тамызда екінші азаматтық соғыс басталды. Осы кезде Қытайдың солтүстік-шығысына жапон əскерлері енді. Жапондықтарға төтеп бере алмаған Гоминьдон Шығыс Қытайдың жартысынан айырылды. Коммунистер соғыстың барысында революциялық базаларды  (революциялық күштердің бақылауындағы аумақтар) құрды.  Революциялық күштерді біріктіру мақсатында 1930 жылғы 7 қарашада Қытайдың барлық революциялық базаларының делегаттары —  жұмысшы жəне шаруа депутаттардың І съезді ашылды.  Съезд жер туралы,  еңбек туралы заңдардыбекітті,  уақытша конституцияның жобасын қабылдады жəне Қытайдың революциялық орталық үкіметін сайлады,  оның басында Қытайдың Коммунистік партиясының басшысы Мао Цзедун (1893-1976) тұрды. 1921-1932 жылғы сəуірде революциялық үкімет Жапонияға соғыс жариялады жəне Гоминьданға азаматтық соғысты тоқтатып, Жапониямен бірлесіп соғысуды ұсынды.  Алайда,  Гоминьдан соғысты тоқтатудан бас тартты,  сөйтіп,  соғыс тек 1937 жылы аяқталды. Жапондықтардан азат етілген аймақтардың барлығында билік органдары  “үш үштік”  қағидасы бойынша құрылды: орындардың үштен бір бөлігінің бірін коммунистер, екіншісін ұсақ буржуазия, үшіншісін орта буржуазия мен революциялық помещиктер иеленді. 1944  жылғы қарашада Чан Кайши коммунистерді əскери-саяси басшылықтан қуу арқылы үкіметте тазалау жүргізді, сөйтіп, жаңа азаматтық соғыстың басталуына негіз болды. 1945  жылғы күзде Кеңес Əскері Маньчжуриядағы Жапондық Квантун əскерін (1  миллион солдаттан құралған)  жеңді. Осыны пайдаланып, Қытайдың Коммунистік партиясы 8 жəне4  ұлттық-революциялық  (азаттық)  əскерін жіберді. 1945 жылдың соңында Қытайдың Коммунистік партиясы 150  миллион халқы бар Солтүстік Қытайға билік жүргізіп отырды. Гоминьдандық үкімет ұлт-азаттық əскерге қарсы тұрды, сөйтіп, үшінші революциялық азаматтық соғыстың (1946-1949 жылдары) басталуына жағдай туды. 1949 жылғы қаңтарда Чан Кайши Коммунистік партияның басшылығын бейбіт келіссөздер жүргізуге шақырды, бұлардың нəтижесінде екі жақтың арасында бейбіт келісім орнады. 1949  жылғы 21  қыркүйекте Халқытық саяси кеңесушілік конференциясының бірінші сессиясы ашылды,  оның жұмысына барлық демократиялық партиялар мен қозғалыстардың делегаттары қатысты.  Сессия Конференцияға біртұтас фронт ұйымы ретінде мəртебе беріп,  ҚХР  (Қытай халық республикасы)  Орталық халықтық үкіметін ұйымдастыру туралы заңды,  жəне Жалпы бағдарламаны  (ҚХР уақытша конституциясы)  қабылдады.  Конференция Мао Цзедун басшылық еткен Орталық халықтық үкіметті сайлады. 1949  жылғы 1қазанда Қытай халықтық республикасының құрылғаны туралы жарияланды.  Жалпы бағдарламада ҚХР-дің басында коммунистік партия құрған жұмысшылар мен шаруалар одағына негізделген халық диктатурасының мемлекеті ретінде жарияланды. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып Орталық халықтық үкіметтік кеңес  (ОХҮК)  табылды. Бұл орган келесі органдарды құрады:  Мемлекеттік əкімшілік кеңес  (жоғарғы атқарушы орган),  ұлттық-революциялық əскери кеңес,  Жоғарғы халықтық сот жəне Жоғарғы халықтық прокуратура. ОХҮК-мен біріге отырып олар ҚХР-дің орталық халықтық үкіметтін құрады. Оның төрағасы болып Мао Цзедун табылды, сонымен қатар ол ОХҮК-нің, Халықтық-революциялық əскери кеңестің жəне Коммунистік партияның атқарушы комитетінің төрағасы болды. 1953-1954  жылдары ел тарихындағы халықтық өкілдер жиналысына алғашқы жалпы сайлаулар өтті. 15 қыркүйекте Пекинде Халық өкілдерінің жалпықытайлық жиналысының  (ХӨЖЖ) бірінші сессиясында ҚХР-дің Конституциясы қабылданды.  Оған сəйкес,  биліктің жоғарғы органы болып ХӨЖЖ, ал оның сессияларының арасындағы үзілістерде ХӨЖЖ-нің Тұрақты комитеті табылды. 1958  жылғы мамырда коммунистік партия социализмді уақытынан бұрын құру бағытын ұстанды,  бұл  “Үлкен адым” деген атқа ие болды жəне өмірдің барлық салаларына тарады. Бұл бағыт жағдайдың сыртқы жəне ішкі саяси шиелінісіне алып келді. 60-жылдардың басында Мао Цзедун  “Үлкен адымға” тексеру жасады.  Партия идеялық жағынын  “Үлкен адымды” жақтаушылырға  (яғни,  Мао Цзедунды жақтаушыларға)  жəне оның қарсыластарына бөлінді.  Мао Цзедун жəне оның жақтаушылары  “Мəдени революция”  атты іс-қимылдарды жүзеге асырып, партиялық жəне мемлекеттік органдарда тазалаулар жүргізді. 1975 жылы “Мəдени революцияның” саясатын заңды түрде бекіткен конституция қабылданды.  Биліктің өкілдік органдарының кейбір құқықтары шектелді.  Алайда, Мао Цзедунның өлімі (1976  жыл)  мемлекеттік құрылымның демократизациялануына жəне 1978 жылы жаңа конституцияны (1954  жылғы конституцияның кейбір ережелерін қалпына келтірген)  қабылдауға алып келді. Елде құқық шығарушылық,қызмет белсендене түсті, бірқатар кодекстер қабылданды.1982 жылы экономикадағы реформаларды бекіткен конституция қабылданды.  Бұл реформалар Ден Сяо-Пиннің басшылығымен 1978  жылы басталған болатын (экономиканың жан-жақтылығы,  меншіктің бірнеше түрі бекітілді,  алайда,  билік басында коммунистік партия қалып қойды).  Осылай,  мемлекеттің саяси құрылымын өзгертусіз экономиканы басқарудың нарықтық əдістері үшін үлкен бостандықтар туындады.

Информация о работе Қытайдың саяси жүйесі