Тілдің шығуы туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 12:26, реферат

Описание

Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.
1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.
а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, олады белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).
б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазірге тілге негіз болады.
в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар мен жестілер көп болған.

Работа состоит из  1 файл

Жасанды тілдер.docx

— 16.08 Кб (Скачать документ)

Жасанды тілдер — қолдан халықаралық қарым-қатынас құралын жасау әрекетінің нәтижелері. Жасанды тілдер жасау 17 ғасырда латын тілінің халықаралық маңызы бәсеңдеуіне байланысты, әлем халықтарының қарым-қатынасын жеңілдету мақсатынан туды.

Жасанды тілдердің ғылымда белгілі бірнеше түрі бар:

И.Шлейер жасаған воляпюк (1879),

Луи де Бофрон жасаған "идо" (1907),

Ж. де Вааль жасаған "оксиденталь" (1922),

О.Эсперсен жасаған "новиаль" (1928),

Нью-Йоркте А.Гоуданың жетекшілік етуімен “Көмекші тілдердің халықаралық ассоциациясы” жасаған (1950) "интерлингва", т.б.

Жасанды тілдердің ішінде көп тарап, кең қолдау тапқаны — 1887 жылы поляк дәрігері Л.Заменгоф жасаған эсперанто тілі. Жасанды тілдердің 200-ден астам түрлерінің жобасы жасалған. Бұлар әр түрлі тәсілмен жасалған: табиғи тілден сөз ала отырып, көбінесе, ойдан шығарылған сөздер пайдаланылған (волапюк, т.б.), интернационалдық лексика пайдаланылып жасалған (эсперанто). Жасанды тілдерде бірнеше оқулықтар мен сөздіктер жарық көрді.

Эсперанто – дүниежүзі  халықтарының арасына ең көп тараған халықаралық жасанды тіл, халықаралық қарым-қатынастың қосымша құралы. Эсперантоны алғаш 1887 ж. варшавалық дәрігер Л.Заменгоф құрастырған. Оның негізгі сөздік қоры еуропа тілдерінің роман тобындағы тілдерінің көпшілікке кеңінен танымал сөздерінен құрылған. Мысалы, teatro - театр, lampo - шам, лампа және т.б. Олар бір емес, бірнеше тілдерге ортақ халықар. сөздерден алынады. Герман, роман, славян тілдерінің элементі де аз емес. Эсперантода 16 грамматикалық ереже бар. Сөз таптары өзгермейді. Мысалы, Эсперантода сөз табына қатысты 11 вариантсыз қосымша бар: зат есім -о, сын есім -а, есімдік -е, тұйық рай -і жұрнақтары, т.б. (Мыс., feliĉo - феличо – бақыт, feliĉa - фелича – бақытты). Эсперантодағы 28 әріп латын әліпбиімен фонетикалық принцип бойынша жазылған. Сөз екпіні сөздің соңғы буынына түседі. 20 ғ-дың басындағы эсперантошылар қозғалысы жасанды тілді халықаралық деңгейге көтерді. 1905 ж. эсперантошылар одағының ең ірі халықаралық бірлестігі Жалпыға ортақ Эсперанто ассоциациясы (Unіversala Esperanto-Asocіo, UEA) құрылып, жыл сайын халықаралық конгресс өткізіліп тұрды. 1908 ж. Эсперантоны нормалау бағытын анықтайтын орган – Эсперанто академиясы құрылды. 1954 ж. ЮНЕСКО Эсперантоны халықаралық мәдени қарым-қатынасты өрістетуге пайдалануға шешім қабылдады. 1959 ж. Варшавада 63 елдің 3 мыңнан астам делегаты қатысқан дүниежүзілік 44-конгресі болып өтіп, эсперантошылардың бейбітшілік жолындағы бүкіләлемдік қозғалысы құрылды. 1986 ж. әлемнің 56 елінде эсперантошылардың ұлттық бірлестігі болды. Дегенмен, ғалымдар арасында Эсперанто туралы талас пікірлер әлі де көп. 50 тілден Эсперантоға ғылыми, көркем және көпшілікке арналған әдебиет аударылып, шығып тұрады. Бұл тілге Данте мен У. Шекспир, И.В. Гете мен А.С. Пушкин, Л. Н. Толстой мен Сергей Есенин, т.б. ақын-жазушылардың шығармалары тәржімеленген. 1980 – 1990 ж. Эсперантода 140 мерзімді баспасөз жарық көріп, 9 радиостанса хабар берді. Бұл тілді әлемнің әр түкпіріндегі кейбір ғалымдар, сондай-ақ Эсперантоға әуестенуші жеке адамдар ғана оқып үйренеді. Жалпы халықтық қолданыста жоқ тіл болғандықтан, лексикасында, фонетикасында, грамматикалық құрылымында ешқандай өзгеріс болмайды. Әдеб.: Дрезен Эсперанто, Очерки теории эсперанто, М., 1931; Сводост Э.П., Как возникает всеобщий язык, М., 1968; Проблемы интерлингвистики, М., 1976. С. Бизақов

Интерлингва (лат.inter аралык,lingua тіл) — 1903 жылы Джузеппе Пеано ұсынған халықаралық көмекші тіл. Оның грамматикалық құрылымы латынға негізделген, сөздік құра-мы әр түрлі еуропалық тілдердің түбір сөздерінен жасалған. ҚАРАҢЫЗ Жасанды тіл. Интер лингвистика — тіларалық қарым-қатынас құралы болып табылатын халықаралық тілдерді зерттейтін тіл білімінің саласы. Оның негізгі назар аударатыны — халықаралық жасанды тілдердің (қараңыз) қолданысы мен жасалу процесі. Сонымен бірге көп тілділікті, тілдердің бір-біріне әсерін, интернациалдық терминдердің жасалуын да зерттейді. И. жасанды тілдердің теориялық мәселелерімен бірге, олардың көмекші қатынас құралы ретінде тәжірибе жүзінде қолданылуын да қарастырады. Ол Р. Декарттын, кейін Г. Лейбництін лингво жобалық теориясы негізінде қалыптасты. 1879 ж. ең бірінші халықаралық жасанды тіл волапюктін пайда болуымен байланысты Интер лингваның әлеуметтік өмірде қолданылу кезеңі басталды. 1887 ж. эсперанто пайда болды. Интерлингва проблемалары халықаралық лингвистикалық конгрестерде (1931, 1948) көтерілді. Ондағы негізгі мәселе жоспарлы (жасанды) тіл жасау және оны қолдану мүмкіндігі болды. Көп тілділікті жеңудің ең тиімді жолы болып табылатын жасанды тіл жасау идеясын О. Есперсен, Э. Сепир, А. Мейе, М. Дж. Бартоли, Ш. Балли, Ж. Вандриес қолдады. Негізгі мақсаты жоспарды тілдер болғанымен, Интерлингва адамның тілге тигізетін әсері, ғылыми және техникалық номенклатураның халықаралық стандарт деңгейіне көтерілуі сияқты мәселелерге де үнемі көңіл бөледі


Информация о работе Тілдің шығуы туралы