Кедендік Одақ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 22:49, реферат

Описание

Кедендік одақ дегеніміз — екі немесе бірнеше аймақтардың бір кедендік аймақпен алмастырылуы. Нәтижесінде одақ аймағы арасындағы саудада баждар және сауданы реттейтін басқа да шектеу шаралары қолданылмайды немесе кем дегенде осы аймақтан шығатын тауарлар саудасына қатысты қолданылмайды; баждар және сауданы реттейтін басқа да шектеу шаралары одақ құрамына кірмейтін аймақтармен сауда-саттыққа қатысты әрбір одақ мүшесі тарапынан қолданылады.

Работа состоит из  1 файл

Кедендік Одақ Реферат.doc

— 138.50 Кб (Скачать документ)

Кедендік Одақ

 

Кедендік одақ дегеніміз  — екі немесе бірнеше аймақтардың  бір кедендік аймақпен алмастырылуы. Нәтижесінде одақ аймағы арасындағы саудада баждар және сауданы реттейтін басқа да шектеу шаралары қолданылмайды немесе кем дегенде осы аймақтан шығатын тауарлар саудасына қатысты қолданылмайды; баждар және сауданы реттейтін басқа да шектеу шаралары одақ құрамына кірмейтін аймақтармен сауда-саттыққа қатысты әрбір одақ мүшесі тарапынан қолданылады.

Басқаша айтқанда, Кедендік одақ үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік тариф (бірыңғай сыртқы сауда саясаты) қолдану және еркін сауда аймағының қисындасуы болып табылады. Ондай одақтың пайда болуына әртүрлі алғышарттардың болуы мүмкін.

Қазақстан, Ресей, Беларусь Кедендік Одағының құрылуының алғышарттарын атап көрсетсек, ең алдымен осы идеяны мемлекеттер саяси элитасы қолдауын айтуға болады. Біздің елдің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың КСРО ыдыраған кезден бері бұрынғы республикалар арасындағы интеграциялық байланыстарды дамытуға үздіксіз атсалысып келе жатқаны баршаға аян. Десе де, Кедендік одақты құруға тек ел басшыларының ықыласы мен тілегі ғана жеткіліксіз. Мұндай интеграциялық топ бірнеше дайындық дәрежесінен өтуі керек. Бұл оның екінші сатысы ғана. Сол сатыға жету үшін де көптеген алғышарттар қажет. Олардың қатарына саяси, мәдени, ақпараттық, өркениеттік, т.б. жатқызуға болады. Біз сөз етіп отырған осы одақ секілді халықаралық құрылымдарды құру үшін соған қатысушы елдердің экономикасы бір-бірімен үйлесімді болуы шарт. Кез келген экономиканың негізінде техника мен технологиялық даму деңгейі жатады. Ендеше, әлгіндей одақ құрудың басты алғышарты технологиялық даму деңгейі болып табылады. Біздің елдер әлемдегі дамыған елдер өтіп кеткен технологиялық дамудың 4-і деңгейінде тұр (ең жоғары деңгей — 6). Бұл жағынан үш ел бір-бірінен озып кете қойған жоқ, технологиялық деңгейіміз өзара шамалас. Дегенмен, егер тек аймақтық деңгейде қарастырсақ, әрине Ресей басым болып келеді. Сондықтан да, Ресейдің осы ұйымнан алар пайдасы да көп. Халық мұны түсінеді. Бұл қазірде құжаттарда да бекітілген, сондықтан Қазақстанда халық наразылығы артуда. Ал бұл әрине ел басшыларына ықпалын тигізбек. Сөйтіп, экономикаларымыздың дамуының деңгейлерінің әртүрлі болуы және де халық наразылығы дезинтеграциялық факторлар болып табылуы мүмкін. Екінші шарт — экономикасы күшті дамымаған елдер үшін интеграцияланудың ауадай қажеттілігі. Біз өзіміз өндірген өнімді көбінде Еуропаға экспорттасақ, импорттың көп бөлігін Ресейден аламыз. Тағыда осы ұйымның негізінен Ресей үшін тиімділігі көрінеді. Үшінші шарт — өркениетті даму деңгейіміздің бір-біріне жақын екендігі. Халықаралық деңгейде одақ құру кезінде бұл үш алғышартты ескеру айрықша маңызға ие. Рас, экономикалық жақындасудың әрқашан да саяси астары болады. Себебі, экономикалық ынтымақтастық кез келген елдің дамуында үлкен рөл атқарады. Әлемдік деңгейде алып қарасақ, бұған көптеген объективті себептер бар. Өйткені, қазіргі күнгі ауқымды жаһандану заманында экономиканың саясатсыз өмір сүруі қиын. Тіпті, сонау КСРО ыдыраған кездің өзінде әлемде 40-қа тарта экономикалық топ өмір сүрсе, қазір оның саны 150-ге жетті. Әлемдегі елдердің әрқайсысы сол топтың біріне кіріп отыр. Ал, Қазақстан — солардың бірнешеуіне мүше ел. Сондықтан осы Кедендік одақты құрудың алғышарты -  жаһандану заманының талабы. Сонымен қатар, Кедендік одақ ЕурАзЭҚ шеңберінде пайда болған ұйым болғандықтан, оның құрылуы тікелей осы ұйымға байланысты. Кедендік Одақ та ЕуразЭҚ сияқты посткеңістіктегі пайда болған интеграциялық ұйым болып табылады. Оның пайда болуыны алғышарт – мемлекеттердің 70 жыл бойы бір мемлекеттің құрамында дамуы. Әрине, тәуелсіздік алғалы даму қарқындарымыз әр түрлі болып, қазірде айырмашылықтар көп. Дегенмен, қазіргі кезде, жаһандану заманында, біріге отырып, халықаралық сахнаға шығу тиімдірек.

Кедендік Одақтың мақсаттарына тоқталып кетсек:

  • еркін сауда саласындағы жұмыстартарды толық аяқтау және қорытындылау;
  • кедендік тарифті құру және ортақ жүйедегі белгілі тарифті бақылау, белгілеу;
  • сауда айналымында және ішкі рынокқа енуінде ортақ ережелер құру;
  • қатысушы мемлекеттердің ВТО және басқада халықаралық ұйымдармен келісімді қарым-қатынасы;
  • кедендік жүйеге унифициялық бақылауды енгізу
  • Бірыңғай экономикалық кеңістік құру.

Ал Кеден органдары  кеден одағының кедендiк аумағында  мынадай негiзгi мiндеттері болса, олар:

  1. кеден одағының бiрыңғай сауда саясатын iске асыруға жәрдемдесу;
  2. орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген, кеден одағының кеден заңнамасын және кеден одағына мүше мемлекеттердiң өзге де заңнамаларын орындауды қамтамасыз ету;
  3. кедендiк операцияларды жасау және оның iшiнде, өзара әкiмшiлiк көмек көрсету шеңберiнде кедендiк бақылауды жүргiзу;
  4. кедендiк төлемдердi, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемақылық баждарды өндiрiп алу, оларды есептеу дұрыстығын және уақытында төлеудi бақылау, өз құзыретi шегiнде оларды мәжбүрлеп өндiрiп алу бойынша шаралар қабылдау;
  5. өз құзыретi шегiнде кедендiк-тарифтiк реттеу шараларын және кедендiк шекара арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулердi сақтауды қамтамасыз ету;
  6. өз құзыретi шегiнде кедендiк реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауды қамтамасыз ету және кедендiк шекара арқылы тауар айналымын жеделдету үшiн жағдай жасау;
  7. өз құзыретi шегiнде кеден одағына мүше мемлекеттердiң ұлттық қауiпсiздiгiн, адам өмiрi мен денсаулығын, жануарлар мен өсiмдiктер әлемiн, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету;
  8. кеден одағына мүше мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау, алдын алу және жолын кесу;
  9. өз құзыретi шегiнде кеден одағының кедендiк аумағында зияткерлiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз ету;
  10. кедендiк статистиканы жүргiзу.

Кеден одағына мүше мемлекеттердiң  заңнамасымен кеден органдары шешетiн  өзге де мiндеттер белгiленуi мүмкiн.

Енді осындай мақстапен  пайда болға ұйымның құрылу тарихына назар аударсақ, ол біршама уақытты қамтыды. 1995 жылы қаңтарда Қазақстан, Ресей, Белоруссия Кедендік одақ құру туралы келісімге қол қойды. Кедендік одақтың мақсаттары бірден анықталыд. Олар:

  • еркін сауда айналымындағы кедергілерді жою;
  • ортақ экономикалық ережелерді қалыптастыра отырып, жетілген бәсекеге ұмтылу;
  • келісімге қатысушы мемлекеттердің экономикалық саясатын координациялау, сонымен қатар әлемдік рыноктағы қызығушылықтарын біріге қорғау;

Одан кейін 1996 жылы Қырғызстан, 1999 жылы Тәжікстан Кедендік одаққа мүше болуға бейіл танытты. 1995 жылдан бастап Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан Кедендік одақ құру бағытында интеграциялық комитет құрды. Алайда бұл елдер Кедендік одақ құруға келіскенімен, ұзақ жыл үзіліс орнады. Интеграцияға жетелейтін құжаттар орындалмады. Ол аздай, Тәжікстан мен Қырғызстан Кедендік одақтан айнып шыға келді. Дегенмен экономикалық интеграцияны дамытудың жаңа сатысына көтерілу үшін Еуразиялық Экономикалық Бірлестік құру жөніндегі келісімге Астанада (Қазақстан) 2000 жылы 10 қазанда қатысушы мемлекеттер президенттері Белоруссия -Александр Лукашенко, Қазақстан – Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан - Асқар Ақаев, Ресей - Владимир Путин, Тәжікстан - Эмомали Рахмоновтың  қол қоюымен посткеңестік кеңістікте жаңа ұйым құрылды.  2003 жылы Душанбеде мемлекет басшыларының жиналуымен өткен ЕврАзЭҚ-тің мемлекетаралық кеңесінің отырысында  2003-2006 жылдары аралығындағы нақты интеграциялық бағыттағы приоритеттер мен даму жолдары анықталды. Оның ішінде: біріккен кедендік кеңістіктегі құрылымдар; ВТО ға кіру шарттары мен мерзімінің сәйкестігі; энергетикалық ресурстарды дамыту; еуразиялық транспорт бірлестігінің құрылуына ықпал ету; ортақ агрорынокты құру; көшіқон саясаты; нарко саудасымен күрес деген басты мәселелер қарастырылды. Мақсаттарды жүзеге асыру темпі әрқашан да екпінді болуын қарастырады, себебі бұл іс шаралар БАҚ назарынан тыс қалған емес. ЕврАзЭҚ-тің даму жолындағы бәсеңдік нәтижесі 2004 жылы келесі Бірлескен Экономикалық Кеңістік (ЕЭП) сияқты сияқты интеграциялық ұйымның құрылуына әкелді. Қырғызстан және Тәжікстан сияқты әлсіз мемлекетердің қатысуынсыз құрылған бұл бірлестікке Ресей, Белоруссия, Қазақстан және Украина да кірді. 

2006 жылы тамызда ЕврАзЭҚ-тің  Мемлекетаралық Кеңесінде тек  үш мемлекет: Белоруссия, Ресей, Қазақстанның қатысуымен Кедендік Одақ құру туралы принциптік шешім қабылданды.

2007жылы қазанда Душанбеде  өткен ЕврАзЭҚ-тің Мемлекетаралық Кеңесінде Кедендік Одақтың негізін салушы құжаттарға қол қойылды. Бұл құжаттар Кедендік Одақтың құрылымын, мүшелікке кіру тәртібін анықтады. 2009 жылы ұйымның құқықтық негізін жасауды аяқтауға бағытталған жұыстар атқарылады.

Минск қаласында Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы мемлекетаралық Кеңесінің «Қазақстан Республикасы,  Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы кедендік одағының бірыңғай кедендік-тарифтік реттелуі туралы» 2009 жылғы 27 қарашада №18 шешімі қабылданды.сөйтіп,  мүше-мемлекеттердің басқа үшінші мемлекеттермен саудадағы ортақ тарифтік және тарифтік емес реттеулер енгізілді. 2010 жылдың 1 шілдесінен жаңа кезең басталды деуге болады. Үш мемлекет ортақ кедендік территория құрып, Кедендік кодекс 6 шілдеде күшіне енеді бұл туралы 2010 жылы 5 шілдеде Астанада үш ел басшылары ортақ жариялауға қол қойды.2011 жылдың 1 шілдесінен бастап экономиканы реттеудің ортақ ережелерін бекітетін 14 құжат күшіне енді.  Бұл Ортақ Кедендік территорияны қалыптастырудың аяқтаушы кезеңі деуге болады. Дегенмен, Ұйым әлі де толық қалыптасып біткен жоқ.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  “бөлінгенді бөрі жейді, біріккендер  берекеге кенеледі” деген тарихи қағиданы басшылыққа алып, интеграцияға балама жоқ екендігін жалықпай айтып, өміршең бастамалармен дәлелдеп келеді. 2006 жылы 16 тамызда өткен ЕурАзЭҚ-тың мемлекет басшыларының ресми емес басқосуында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен ЕурАзЭҚ шеңберінде кедендік одақ құру туралы шешім қабылданды. Соның нәтижесінде Беларусь, Қазақстан және Ресей мемлекеттеріне болашақ кедендік одақтың келісімдік-құқықтық базасын жасау міндеті жүктелді. Осы шешімді жүзеге асыру мақсатында тараптар ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің аясында тұрақты түрде отырыстар өткізіп, кедендік одақ құру үшін қажетті халықаралық келісім-шарттардың жобаларын белгілеу және үйлестіру жұмыстарымен айналыса бастады. Кеден одағының кеден заңнамасы:

  1. Кеден Кодексінен;
  2. кеден одағына мүше мемлекеттердiң кеден одағындағы кедендiк құқықтық қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттарынан;
  3. Кеден одағы комиссиясының осы Кодекске және кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарына сәйкес қабылданатын кеден одағындағы кедендiк құқықтық қатынастарды реттейтiн шешiмдерiнен тұрады.

2009 жылдың 27 қарашасында  Минск қаласында Беларусь, Қазақстан  және Ресей мемлекеттерінің басшылары  Кедендік одақтың Кедендік кодексі туралы келісімге қол қойды. Бұл тарихи құжат 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап толық күшіне еніп, 3 мемлекет арасында жаңа экономикалық интеграциялық құрылым – Кедендік одақ жұмыс істей бастады. Сонымен бірге, осы басқосуда 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Кедендік одақтың Бірыңғай кедендік тарифі бекітілді. Сондай-ақ, кезең-кезеңмен күшіне енетін кедендік-тарифтік реттеу саласында мынандай құжаттар күшіне енеді:

– Кедендік одақтың тарифтік артықшылық жүйесін пайдаланатын дамушы елдер тізімі;

– Кедендік одақтың тарифтік жүйесінің артықшылықтарын пайдаланатын дамыған елдердің тізімі;

– тасымалданған кезде  тарифтік артықшылық берілетін дамушы және біршама дамыған елдерден әкелінетін және сол елдерде шығарылатын  тауарлардың тізімі;

– бірыңғай кедендік тариф  ставкаларынан ерекшелінетін және өтпелі кезеңде тараптардың бірі тасымал кезінде кедендік баж салығын салатын тауарлар мен ставкалардың тізімі;

– Кедендік одақ комиссиясы консенсус арқылы баж салығының  тасымал ставкасын өзгертетін ерекше тауарлардың тізімі.

Комиссия қызметін ұйымдастыру  негізіндегі тарифтік емес реттеу саласындағы бірқатар құжаттар бекітілді:

– ЕурАзЭҚ шеңберінде үшінші бір елмен сауда жасау  барысында Кедендік одаққа кіретін  мемлекеттерде ішке тасымалдауға және сыртқа шығаруға тыйым салынатын  немесе шектеу қойылатын тауарлардың  бірыңғай тізімі;

– шектеу қою туралы ереже;

– Кедендік одақ комиссиясының  ережелерінің тәртібі;

– Кедендік одақ аясындағы  Экспорттық кеңес жөніндегі ереже;

– Кедендік одақ комиссиясының  секретариаты құрылымының жаңа мәтіні;

– 2010 жылға арналған Кедендік одақ комиссиясының шығындарының сметасы.

Кедендік одақ шеңберінде қол қойылған барлық халықаралық  келісімдер тараптар мемлекет ішіндегі жағдайларды реттегеннен кейін  және Кедендік одақтың жоғары органы (мемлекет басшылары және үкімет басшылары  деңгейінде) тиісті шешім қабылдағаннан кейін ғана күшіне енеді. Қазіргі күнге дейін Кедендік одақ шеңберінде 14 халықаралық құжат күшіне еніп, жұмыс істей бастады. Олар:

1. 2000 жылғы 10 қазандағы  ЕурАзЭҚ құру жөніндегі келісімге  өзгерістер енгізу жөніндегі  хаттама;

2. Кедендік одақтың шарттық-құқықтық базасын  белгілейтін және одан шығуды немесе кіруді реттейтін халықаралық келісім-шарттардың күшіне ену тәртібі туралы хаттама;

3. Кедендік одақ комиссиясы  туралы келісім-шарт;

4. Кедендік одақ құру  және бірыңғай кедендік кеңістік жасау туралы келісім-шарт;

5. ЕурАзЭҚ шеңберінде  санитарлық және фитосанитарлық  шараларды, техникалық реттеулерді  жүргізу саласындағы келісілген  саясат жүргізу жөніндегі келісім;

6. Кедендік одақ тауарларымен  сыртқы және ішкі саудада кедендік  статистика жүргізу жөніндегі келісім;

7. Бірыңғай кедендік  тарифтік реттеу туралы келісім;

8. Тарифтік квотаны  қолданудың шарттары мен тетіктері  жөніндегі келісім;

9. Бірыңғай кедендік  тариф ставкаларынан ерекшеленетін  және ерекше жағдайда тасымалданатын  тауарларға кедендік баж ставкаларын қолданудың жағдайлары және тәртібі жөніндегі хаттама;

10. Тарифтік жеңілдіктер  жасау жөніндегі хаттама;

11. Кедендік одақтың  бірыңғай тарифтік артықшылықтар  беру жүйесі туралы хаттама;

12. Үшінші бір мемлекетке  қатысты тарифтік емес реттеулер жүргізу туралы бірыңғай шаралар туралы келісім;

13. Бірыңғай кедендік  аумақта үшінші бір елдерге  қатысты сауда жасаған кезде  қолданылатын тәртіптер туралы  келісім;

Информация о работе Кедендік Одақ