Дипломатия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 07:14, реферат

Описание

Дипломатия - [ лат. duplicata- билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы мұрағатта сақталған көшірмесі немесе дубликаты] - үкімет органдары, оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері. Дипломатияны, көбіне, ресми қарым-қатынас жасау арқылы мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен мүдделерін іске асыратын мемлекеттік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырады. Дипломатия - сыртқы саясатты жүргізуге арналған аса маңызды құрал, үйлесімді құрамдас бөлік. Нақты айтқанда, дипломатия мемлекеттің сыртқы саяси және халықаралық қатынастарды жүзеге асыруш

Работа состоит из  1 файл

Дипломатия.doc

— 41.00 Кб (Скачать документ)

     Дипломатия - [ лат. duplicata- билеуші шығарған үкімнің  түпнұсқасы мұрағатта сақталған  көшірмесі немесе дубликаты] - үкімет органдары, оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің сыртқы саяси  міндеттерін іске асыру әрекеттері. Дипломатияны, көбіне, ресми қарым-қатынас жасау арқылы мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен мүдделерін іске асыратын мемлекеттік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырады. Дипломатия - сыртқы саясатты жүргізуге арналған аса маңызды құрал, үйлесімді құрамдас бөлік. Нақты айтқанда, дипломатия мемлекеттің сыртқы саяси және халықаралық қатынастарды жүзеге асырушы тәжірибелік тәсілдер, құралдар мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Бейбіт жағдайда бұл құрал аса жоғары мәнге ие болады және басқа да сыртқы саяси құралдардың көпшілігі оған бағынышты. Көптеген елдерде дипломатия мемлекеттердің бейбіт жағдайда бірлесіп, тыныш өмір сүруінің ғылымы немесе әдістемесі жайлы теориясы деп, мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға, әріптестікті орнатуға, олардың арасындағы қандай да бір қайшылықтарды бейбіт реттеудің саяси амалдары мен әдістері жөніндегі ғылым ретінде қарастырылады. Дипломатия тарихы, дипломатиялық құқық, дипломатиялық қызмет, дипломатиялық хаттама осы ғылымның салалары болып табылады. Кей жағдайларда дипломатияны келіссөздермен байланыстырады, яғни, дипломатия - халықаралық қатынастарды келіссөздер көмегі арқылы жүргізу; ол халықаралық қатынастарды елшілер мен өкілдер арқылы жүргізіп, реттеу әдісі немесе әртүрлі қайшылықты мүдделерді ыңғайлау тәсілі. Бұл тұрғыда дипломатия келісімнің көмегімен әрекет етеді. Жалпы қалыптасқан жағдай бойынша "дипломатия" ұғымын үш мағынада қолдану орын алған:

     Өз  мемлекетінің атынан саясат және келіс  сөздер жүргізу ғылымы әрі өнері;

     Қандай  да бір мемлекеттің өкілдігін, соның ішінде сыртқы істер мекемесін, әлде барлық сыртқы саяси агенттерін қамтитын кұрделі ұғым;

     "Құпия  дипломатия" "қасқырдың аузы  жесе де қан, жемесе де қанға"  айналған дүниежүзілік соғыс  дипломатының қызметі немесе  кәсібі.

     Дипломатияның құпиялылығы, жасырындығы о бастан-ақ оның ажырамас бөлігі болды. Жаңа заманда авторлар құпиялылық сияқты дипломатиялық әдістерге бұрынғыдай мән бермейтін қазіргі дипломатияның "құнсыздануы" жайлы айтуда. Қазіргі кезде "екіжақты дипломатия" және "көпжақты дипломатия" түрлері кеңінен таралған.

     Екіжақты  дипломатия деп екі мемлекет арасындағы ресми қарым-қатынастар кешенін  айтады.

     Көпжақты  дипломатия - бірқатар мемлекеттер  арасындағы ресми қатынастар кешені мен халықаралық конференция  немесе ұйымдар шеңберінде дипломатиялық әдістер мен құралдар арқылы жүзеге асырылатын өзара іс-әрекет

     Дипломатиялық тіл - қызметтік және халықаралық  саясат тілі, әдетте, шұрайлы журналистік, еркін әдеби тілдерден ерекшеленеді. Ол қысқа әрі нүсқа, еш өрнексіз, классикалық қарапайым. Дипломатиялық тілге нақтылы фактілер ғана емес, сонымен қатар, саясат пен үкімет әрекетін терең талдау, қысқаша мазмұндау тән. Дипломаттың басты қаруы - тілі. Ол көп әрі кәрнекі сөйлеп, аз мағлұмат береді 

     Ману  заңы (санскритше манавадхар-машастра) — үнділердің жеке және қоғамдық өмірдегі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын анықтайтын ежелгі діни-құқықтық нормалар жиынтығы. Үнді аңыздарына қарағанда оны адамдардың арғы атасы Ману құрастырған. Тарихи деректер бойынша Ману заңын шамамен б.з.б. 2 — б.з. 2 ғ-лар аралығында діни абыздар (брахман-риши) жазған. Діни-әдеби шығарма болғандықтан, Ману заңының мазмұны құқық мәселесінен өзге дін, саясат, әдеп мәселелерін, яғни ежелгі Үндістандағы қоғамдық қатынастардың барлық саласын қамтыды. Ману заңы 12 бөлімнен тұратын 2 652 шумақты өлең сипатында санскрит тілінде жазылған. Заңда варналардың, яғни таптардың пайда болуы егжей-тегжейлі баяндалып, олардың мұрагерлік-кәсіптік сипаты нақтылы көрсетілген. Ману заңы бойынша, брахмандар — абыздар ([[дінбасылар[[), кшатрилер — әскери ақсүйектер, вайшилер — қатардағы қауым мүшелері, шудралар — құлдар. Тіршілікті жаратушы Брахма құдайы брахмандарды өз аузынан, кшатрилерді қолдарынан, вайшилерді белінен, ал шудраларды өкшесінен жаратты делінген. Брахмандар ең биік дәрежеде болды. Әскери іс кшатрилердің құзырында болса, вайшилер жер өңдеумен, мал өсірумен, қолөнермен және саудамен айналысуға, ал шудралар осы варналарға қызмет етуге тиісті болды. Варнаның бірінен екіншісіне өтуге тыйым салынды. Ману заңында жеті түрлі меншік құқығының пайда болу жолдары нұсқалған: мұрагерлік, сыйға алу немесе олжа тауып алу, сатып алу, жаулап алу, өсімқорлық, атқарылған жұмыс ақысына алу, қайырымдылық жасау. Ману заңында патша өзіне қарастыларды қорғамай, салық салса, онда ол тозаққа барады делінген. Қарызын тиісті мерзімде өтей алмаған борышқор жұмыс істеп өтеуге міндетті болды. Бірақ төм. кастаға жататын несиегер жоғ. касталық борышқорды жұмыс істетіп өтетуге мәжбүрлей алмады, ол борышын біртіндеп беріп отырды. Борышқор қайтыс болса, оның міндеттемелері баласына немесе туысқанына көшті. Ману заңы бойынша әйел адам жас шағында әкесіне, кейін күйеуіне, ал күйеуі дүниеден озған соң балаларына бағынуға міндетті болды. Ер адам өзінен төмен варнадан әйел алуға ерікті болғанмен әйел адамның өзінен төмен варна адамына күйеуге шығуына тыйым салынды. Шудраның брахман әйел алуы сорақы күнә болып есептелді. Отбасы мүлкін қожайын басқарды. Қожайын өлген соң дүние-мүлік не әр балаға үлестірілді, не үлкен балаға қалды. Үлкен балаға қалған жағдайда ол басқа балаларды қамқорлығына алды. Қыздарға мұра тиесілі болмады, бірақ оларға бауырлары өз үлесінің төрттен бірін беруге тиіс болды. Заңда патша жауларына қызмет көрсету, қала қорғанын, қала қақпасын бүлдіру секілді мемлекеттік қылмыстар алдыменен сөз етілді. Түнде ұрлыққа түскен адамға тағайындалатын жаза — екі қолын да кесіп, шанышқыға отырғызу. Бір рет ұрлық қылған адамның қолының екі саусағы, екінші ұрлық үшін қол мен аяқ кесілді, үшінші рет ұрлық жасаған адамға өлім жазасы берілді. өрлықты көре тұра айтпаған адам да жазаға тартылды. Ал ұрлықтың ізін жасырушы ұрының өзімен бірдей жазаланды. Адам өлтірушіге де өлім жазасы тағайындалды. Жоғ. сот қызметін патша мен брахмандар атқарды. Қылмыстық және азаматтық іс жүргізушілік арасында айырмашылық болмады, сот отырысы жарыспалы түрде өтті. 

Информация о работе Дипломатия