АҚШ-тың әлемнің ең қуатты еліне айналуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 08:16, курсовая работа

Описание

Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде АҚШ-тың финанстық – экономикалық және әскери қуаты айтарлықтай күшейді. Американ монополиялары соғыс қаруларын жеткізіп беру есебімен қыруар пайда тауып, өнеркәсіптің өндірістік қуаты адам айтқысыз өсті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдары АҚШ әлемде айтарлықтай үстемдік етті. Олар өз мемлекеттерінің экономикасын нығайту мен гүлдендіру үшін барлық жағдайды жасауға тырысты.

Содержание

Кіріспе

I – тарау: АҚШ – тағы “мемлекеттік қайырымдылық” ішкі саясатының мәні.

II – тарау: АҚШ экономикасының жеке салаларының дамуы. Өнеркәсіптік монополияның құрылымы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

АҚШ 26 бет.doc

— 243.50 Кб (Скачать документ)

1 Астапович Т., Григорьев М., Кириченко С.С. США: экономика, дефициты,

   задолженность.  М, 1991.

2 Мозолин В.П. Корпорации, монополии и право США. М, 1966, 98-бет.

3 Мозолин В.П. Корпорации, монополии и право США. М, 1966, 99-бет.

4 Перло В. Неустойчивая экономика. М, 1975, 174-бет. 
 
 

7. Инвестиция  үстіне қойылған бақылау.

8. Шетелдік  валюта үстіне, операция арқылы  үстіне бақылау.

9. Импералистік  емес ішкі экономикалық саясат.

Осындай шаралар қолданды.

      Екінші  дүниежүзілік соғыс нәтижесінде  АҚШ-тың финанстық-экономикалық және әскери қуаты айтарлықтай күшейді. Америка монополиялары соғыс  қаруларын жеткізу есебімен қыруар пайда тапты. Өнеркәсіптің өндірістік қуаты адам айтқысыз өсті. Америка  имперализмінің ішкі даму табиғаты (капиталдың тез қорлануы, өндіргіш күштердің қаулап өсуі)

оны сыртқы экспонцияны кеңінен жүргізуге  итермеледі. АҚШ-тың негізгі импералистік бәсекелестері уақытша қатардан шығып қалды. Американ кредиторларына финанстық-экономикалық жағынан кіріптарлық халге түсті (Ұлыбритания, Франция).

      “АҚШ  жаңа рыноктарды иемденіп, экспортқа  товарлар мен капитал шығаруды ұлғайту  және кең көлемді “доллар империясын”  құру үшін осыны пайдаланып қалды”1.

      “Бостандық” пен “демократияны” қорғау деген желеумен американ имперализмі революциялық және ұлт-азаттық қозғалысқа, түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құру өзгерістерге қарсы күресте халыққа қарсы реакциялық режимдерді қолдауда басты күш ретінде көрініп социализм елдеріне қарсы “қырғи-қабақ” соғысты өрістетті2.

      Соғыс аяқталысымен американ имперализмі  атом қаруына бір өзі ғана ие болғанына, әскери базалары жүйесіне және финанстық-экономикалық артықшылығына сүйене отырып, дүниежүзілік үстемдік орнату жоспарларын жүзеге асыруға тырысты.

      “Монополистік буржуазияның идеологтары XX ғасырды  “американдық ғасыр” деп атай бастады. Бірақ өмір олардың бұл есептерін  жоққа шығарды”3

      Халықаралық аренадағы күштердің арасалмағында  социализм пайдасына жасаған  түбірлі өзгерістер американ монополияларының қызмет аясына елеулі шек қойды. АҚШ-тың бәсекелестерінің бұғанасы бекіп, товар өткізетін рыноктар, шикізат көздері мен капиталды жұмсау аймағы үшін өздерінің қуатты бәсекелестерімен күреске түсті.

      Құрама  Штаттар ең күшті импералистік держава  болып қала тұрса да, капитализм елдерінің экономикалық дамуының әркелкілігі салдарынан АҚШ-тың капиталистік дүниедегі жетекшілігінің рөлі әлсірей бастады.

АҚШ соғыстан кейін  экономикалық дамуының жоғары деңгейіне  жетті және де қуатты ғылыми-техникалық мүмкіндікке ие болып отырды. Ол капиталистік дүниеде өнер шығару, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық талдамаларға жұмсайтын шығындар көлемі жөнінде жетекші орын алды.

1 АҚШ-тың қысқаша тарихы. Алматы, 1998, 168-170-беттер.

2 Зинн Г. США после второй мировой войны 1945-1971 г.г. М, 1977, 98-бет.

3 Зинн Г. США после второй мировой войны 1945-1971 г.г. М, 1977, 98-бет. 

      Алайда, елдің экономикалық дамуы тұрақсыздығымен  ерекшеленеді. Өнеркәсіп өндірісі бірнеше  рет дағдарыстарды басынан кешірді.

      “АҚШ-тағы ұлттық жалпы өнім 1940 жылғы 200 млрд доллардан 1950 жылы 300 млрд-қа өсті, ол 1960 жылы 500 млрд доллардан асты. Көптеген американдықтар өздерін орташа тап қатарына қосты”1.

      Экономикалық  өсудің бірнеше себептері болды.

      Екінші  дүниежүзілік соғыс аяғында Америка капитал экспортеры ретінде ірі капиталистік держава арасынан бәсекелестер кездеспеді. Осы себептен АҚШ-тың экспорт товарлары жеңіл өтті.

      Екінші  дүниежүзілік соғысқа дейін АҚШ  теңіз саудасында басқа шетелдіктердің кемелерін қолданып келді. Ал соғыстан кейін, олар жекелеген ірі сауда флотын құрған.

      “1946 жылдың басында АҚШ-та 6 мың кемелер  болған. Яғни, бүкіл дүниежүзінің 61%-ін құраған. Екі жылдан кейін АҚШ  кемелердің жартысын жекеменшік компанияларға  сатты. Ал қалған кемелер әскери қор  ретінде сақталды”2.

      АҚШ экспортының сауда баланысындағы  жылдамдығы активті сальдоның өсуін  жеңілдетті. “Активті сальдо 1945 жылы 5568 млн. доллар болса, 1947 жылы 10813 млн. долларға жетті. Соғыстан кейінгі 4 жыл ішінде 1946-1949 ж.ж. 30 млрд. доллар сомасында болды. Экспорт капиталы өсті”3.

      Әскери  уақыт жылдарында басқа державалардың  экономикасынан АҚШ экономикасының ерекшеленуі, ол екі дүниежүзілік соғыста  өзінің байлығын кеңейтті. Американдықтардың  жағдайлары жақсарды.

      Соғыс қорытындысында мемлекет ішіндегі сұраныс және американдық товарларды, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылық өнімдерін шетелге шығаруға үлкен сұраныстар туды.

      Соғыстан  кейін пайда болған тұрғын үй салу құрылыстары, жаңартылған автомобиль парктері өздерімен бірге өндіріс  салаларының қатарын көбейтті. Ол үлкен өнеркәсіптік ақша қаражатын жұмсауға жұмыс істеу қажет болды.

      Соғыстан  кейінгі экспорт, АҚШ тауарлары  үлкен экспорт капиталына айналды. Соғыста Американың дамуы – басқа  ұлы капиталистік державалардың  шаруашылықтарының өте үлкен  күйзеліске ұшырауы нәтижесінде АҚШ-тың капиталистік дүниеде, экономикалық үлес салмағы едәуір көтерілді.

      “1945-1965 жылдарда экономикалық өсу қарқыны 2 %-тен жоғарылады. Мысалы: Франция, Италия және Батыс Германия 4 %-тей құрады. Ал Жапония таңқаларлық деңгей 8-10 % көрсетті. 1950 жылға дейін АҚШ барлық елдердің өсуі қарқынынан асып түсті”4.

1 Лон В.И. США в военные и послевоенные годы 1940-1960 г.г.

    М, 1964, 143-бет.

2 Мэдисон С.Т. Экономическое развития в странах Зонада. М, 1967, 92-бет.

3 США: Государство и экономика. М, 1976, 190-бет.

4 Манукян А.А. Некоторые явления циклического развития экономики США.

    // Международная жизнь. М, 1957, №  2, 38-бет. 

      Бұл көрсеткіште аздаған айырмашылық  болса да, күрделі процентке бұл  жеткілікті болды.

      Бірнеше ұрпақ бойына АҚШ жағдайларын жақсартуға, капиталистік дүниедегі экономикаға біртіндей билік етуге тиіс болды.

      Екінші  дүниежүзілік соғыс жылдарында АҚШ  шаруашылығы бірқалыпты жағдайда болса, ал соғыстан кейін ең күшті жағдай американдық капитал үшін алғашқы 1946-1949 ж.ж. еді. Соғыс жылдарында жеңіл автомобиль жасау, құрылыс, ауыл шаруашылық машиналар жасау өндірістері және көптеген  

өнеркәсіптік  өнімдерді кең түрде тұтынуға тыйым салды. Сонымен бірге өнеркәсіптік жабдықтардың физикалық және моральдық  тозуы – капиталистердің кірісін ұлғайтуға және едәуір халық топтарын сақтауға жол берді.

      Соғыстан  кейінгі жылдарда бұрын-соңды болмаған мемлекет ішіндегі сұраныс азаматтық  тұтыну заттарымен қамтамасыз етті. Басқа  ірі капиталистік мемлекеттің шаруашылығына  соғыс үлкен күйзеліс әкелгені бізге белгілі. Ал бұл АҚШ ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерін шетелге шығаруға аса ірі рынок құруына көмектесті.

      Экономикалық  өсуге қолайлы жағдай туды. Ірі  монополиялық капитал қолайлы жағдайды пайдаланып, соғыстан кейін өзінің байлығын, түсімін кеңейтті.

      “Капиталистік корпорация активті 100 млн. долларға бағаланды”1.

      Ортақ активтердің өсуі – ірі корпорациялардың нығаюы мен кеңеюі үшін қолайлы болды. Әскери уақыт жылдарында ірі монополиялық компанияны қосқанда, барлық корпорация тек 40 %-тей кіріс кіргізді. Барлық корпорацияның жартысы – көбінесе ұсақ фирмаларға қатысты шығынды көтерді. Барлық ортақ корпорация активтерінің өсуі тым маңызды болды.

      “1945-1953 жылдарда өңдеу өнеркәсіп корпорациясы капиталдарымен 50 млн. долларға дейін  өз активтерін 2 есе өсірді, ал капиталмен 50 млн. доллардан жоғары 3 есе көбейді. “Дженерал моторс” активі 1939 ж. 1936 млн. доллар болған. Ал 1947 ж. 2473 млн. доллар болды. “Дженерал электрик” 1939 ж. 392 млн. доллар болса, 1947 ж. 1027 млн. долларға өскен. Ал рокфеллерлік “Стандарт ойл оф Нью-Джерси” 1939 ж. 2035 млн. доллар, кейін 1947 ж. 2996 млн. долларға өсті”2.

      Екінші  дүниежүзілік соғыс соңында федералды  сауда комиссиясының хабарламасы  бойынша 62 ірі өңдеу өнеркәсіп  корпорациясы аса үлкен капитал 

жинады. Ол 90 % АҚШ-тағы басқа өңдеу өнеркәсіп корпорациясының активтерін сатып алуға жетерліктей капиталы болды.

1 Лон В.И. США в военные и послевоенные годы. М, 1964, 619-бет.

2 Хансен Э.С. Послевоенная экономика США. М, 1966, 312-бет. 

      “1945 жылы АҚШ-та өңдеу өнеркәсіптерінің 60 мың корпорациясы болған. Корпорация кіріс салығын төлеуге дейін 1939 ж. 9 млрд. болса, 1946 ж. 27 млрд-қа өсті”1.

      Соғыс кезіндегі сияқты, соғыстан кейінгі  жылдарда да ірі корпорациялар ерекше кіріс кіргізді. Өндірістер ірі компонияларға шоғырландырылды.

      “1947 ж. 200 ірі корпорацияға өңдеу өнеркәсіптерінің таза өнімдерінің 30 %-і кірді”2.

      Екінші  дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ  қуатты әскери өнеркәсіптерін құрды. Ал екінші дүниежүзілік соғыстан кейін  олар сақталып, жаңарған және модернизацияланған ірі әскери өнеркәсіпке айналды. Ол АҚШ экономикасында үлкен орын алды.

      Соғыстан  кейін шетелде американдық капиталдың үлкен экспонциясы бақыланды. “1939 ж. АҚШ-тың шетелдегі инвестициясының  ортақ саласы – 12,5 млрд. доллар болса, 1945 ж. бұл сома 16,9 млрд-қа, 1949 ж. 32,6 млрд. долларға көтерілді. 1939-1945 жылдары АҚШ-тағы шетелдік инвестициялар- шетелдегі американдық ақша қаражатын жұмсауын өсірді. 1949 ж. американдық инвестиция басқа елдерде АҚШ-тағы шетелдік ақша қаражатын жұмсауы 15 млрд-қа өсті”.  

      Гувер айтып кеткендей “Біз жақында, біздің елімізде қайыршылықтың жоғалғанының куәсі боламыз” деді.

      “Бірақ  АҚШ байлығы өсіп жатса да 10 млн. американдық қайыршылық халге түсті”3.

      Әрине, АҚШ шаруашылығының дамуының көрінісінде  жаңа

факторларды есептеуге, экономикаға әсерін жалғастыру үшін жұмыстар жүргізілген. Бұған, біріншіден өнеркәсіптерде әскери сұраныс туды. Әскери сұраныстарға дейін шығын 10 рет көтерілді. Әскери шығын федералды бюджетті ұлғайтты. Федералды бюджеттен бірге штаттық бюджет те өсті.

      “1947-1948 жылдары және жергілікті шығын АҚШ-тың  ұлттық салықтың 20 %-ін құрады. Екіншіден, белгілі ғылыми-зерттеу жұмыстары  үлкен шығынды тудырды. Жекеменшіктік  және мемлекеттік шығын ғылыми-зерттеу  жұмыстарына 1940 ж. 1 млрд. болса, 1953 ж. 10 млрд-қа өсті”4.

      АҚШ-тың  жекеменшік топтары мен мемлекеттік  органдары соғыстан кейінгі жылдарда кең құрылыс жүргізу жобасын  жасаған. 

1 Зинн Г.С. США после второй мировой войны 1945-1971 г.г. М, 1977, 199-бет.

2 Манукян А.А. Экономическое положение капиталистических стран.

   М, 1962, 95-бет.

3 Голдсмит Р.У. Национальное богатство США в послевоенный период.

   М, 1968, 115-бет.

4 Далин С.А. США послевоенный государственно-монополистический

   капитал.  М, 1972, 231-бет. 
 
 

“1947-1948 жылдары АҚШ-та жұмыссыздық 3,8 % (12,3 млн. адам) болды. Өнеркәсіп өндірісінің индексі (1947-1949 ж.ж. 100) 1945 ж. 110-нан 90-ға дейін төмендеді, 1946 ж. әскери өндірісті тоқтатып қойды және өнеркәсіпті әлемдік рельске ауыстырды”1.

      Американдық имперализмнің гобельді жаулаушылық  саясаты – бұл экономикалық ваккум, АҚШ-тың экономикасынан жағдай жасайтын нақты рычагқа айналды.

      Қалыпқа келтіру жылдары мемлекеттік  аппаратта қайта құру жүргізілді.

      “1947 жылғы шығарылған заң бойынша  Ұлттық қауіпсіздік Советі, осы конгресс өтісімен Ортақ барлау басқармасы (ЦРУ) және әскери орган қайта ұйымдастырылды. Әскери органдарында әскери басқару орны және қорғаныс министрлігін бекітті. 1949 жылы бұл ұйымдасқан комитеттің басқарма орны құрылды. 1947 жылы тағы бір негізгі акт – президент мирасқорлығы ретінде заң шығарды”2.

      Екінші  дүниежүзілік соғыстан кейін “Жаңа  бағыт” мемлекеттік-монополиялық капитализмінде өз күшінде қала берді. Бірақ, қажетті  белгісі – либералды-әлеуметтік реформаторлық жолын жоғалтып алды.

Информация о работе АҚШ-тың әлемнің ең қуатты еліне айналуы