Мангыстау отделениясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 21:24, реферат

Описание

Маңғыстау жері әр түрлі пайдалы қазбаларға бай. Баршаға белгілі мұнай, газ және көмірден басқа, Маңғыстау недрасы минералды – шикізатты кешенге де бай деп есептелінеді. Аталған шикізаттарды толық өңдеген кезде және ең аз есептеулер бойынша 250 жылдық қолданысқа жететіндігі анықталған.

Содержание

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1) Манғыстаулық үдеу

2) Маңғыстау облысы – инновациялық технологияның көне орталығы

III.Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Айдар реферат.doc

— 653.00 Кб (Скачать документ)

                                               
 
 

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1) Манғыстаулық үдеу

2) Маңғыстау облысы – инновациялық технологияның көне орталығы

III.Қорытынды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                          Кіріспе

     2007 жылдың маусым айының 21 жұлдызында Маңғыстау станциясында «ҚТЖ»ҰК» АҚ Темір жол бөлімшесінің ресми ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынды «ҚТЖ»ҰК» АҚ батыс аймағы бойынша директоры Амангелді Селбаев ашты. Мұндай маңызды оқиғаны аймақтың қаншалықты дамып, өркендеп келе жатқандығының дәлелі деп есептеуге болады.

     Маңғыстау жері әр түрлі пайдалы қазбаларға бай. Баршаға белгілі мұнай, газ және көмірден басқа, Маңғыстау недрасы минералды – шикізатты кешенге де бай деп есептелінеді. Аталған шикізаттарды толық өңдеген кезде және ең аз есептеулер бойынша 250 жылдық қолданысқа жететіндігі анықталған.

     Осыған  орай, еліміздің экономикасындағы алдыңғы қатарлы салалардың бірі мұнай – газ саласы, оның дамуы. Қазақстандағы мұнай мен газ кен орындарының таралу географиясы айтарлықтай кең. Дегенмен, анықталған ресурстардың басым бөлігі Батыс Қазақстан облысында, атап айтқанда, Маңғыстау жерінде орналасқан. Маңғыстау облысы Қазақстанның оңтүстік – батыс аумағында орналасқан және ауданы 165,6 мың кв.км құрайды. Облыстың оңтүстік бөлігінде Желтау таулары (221 м), сонымен қатар Мыңсауалмас (148 м), Қарақұм, Сұм және тағы басқа құмды массивтер және Бозашы түбегі орналасқан. Ал облыстың орталық бөлігінде Маңғыстау түбегі және ТМД аймағындағы ең терең ойыс – Қарақия (-132 м) орналасқан. Оңтүстік – батысында Кендірлі – Каясан үстірті, оңтүстігінде – Қарындарық ойысы, шығысында – Үстірт.

     Биоклиматтық  жағдайына байланысты Маңғыстау  облысының территориясы шөлейт зонаға жатады. Жердің көп бөлігін құм  алып жатыр. Облыстың орталығы – Каспий теңізінің порты болып есептелінетін, 1963 жылы құрылған Ақтау қаласы болып табылады. Территоиясы – 156,6 мың кв.км. Ауасы құрғақ, қаңтар айында орташа температура – 4-9˚С құрайтын болса, маусым айында -+25-29˚С болады. Жылдық жауын мөлшері 100-150мм. Ал халықтың орналасу тығыздығы 2,2 адам, яғни 1 кв

                    2.1 Маңғыстаулық үдеу (ускорение)

      Маңғыстау облысы – Қазақстанның қарқынды дамып  келе жатқан аймақтарының бірі. Осыған дәлел ретінде  кейбір сандық көрсеткіштерді ұсынуға болады. 2006 жылдың есептілігіне қарағанда, жалпы ұлттық өнімі Қазақстандағы жоғары көрсеткіштердің бірі болып отыр және орташа республикалық деңгейде 2,5 есе жоғарылығын көрсетеді. Ағымдағы жылдың 9 ай ішінде Маңғыстаулық кәсіпорындар 790 млрд. теңге көлемінде өнім өндірсе, қазіргі таңда ол көрсеткіш 1 триллион теңгеге дейін жетті.

      Экономиканы модернизациялауға бағытталған  Мемлекеттік Комиссия бекіткен 79 макрожобалардың 13 жобысы Маңғыстау облысында іске асыралатын болады. Аймақтың экономикасына 9 ай мерзімі ішінде құйылған қаржы салымдары 113 млрд. теңге, осы салымдардың 77 пайызын отандық қаржылық салымдар құрап отыр.  «FITCH» Халықаралық рейтингтік агенттігі Маңғыстау облысына «ВВВ+» ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді рейтингті беріп, «тұрақты» деп жорамалдады, бұл инвестициялық тұрғыдан қарағанда жағымды деп есептелінеді.

      Облыстың  көліктік – коммуникация жүйесі көліктік және байланыс жүйесінің барлық жаңа түрлерімен ұсынылған. 2006 жылы көліктің барлық түрлерімен 125,6 млн. тонна жүк тасымалданған болатын.

      Темір жолдар. Маңғыстау облысының территориясынан  екі халықаралық коридорлар, яғни ТРАСЕКА және Оңтүстік – Солтүстік өтеді, олар Шығыс Еуропаны Орталық Азиямен және Солтүстік Азияны парсы шығанағының елдерімен қосады. Яғни ТРАСЕКА-ның Қазақстан үшін үлкен маңызы бар және Каспий теңізі, Кавказ және Қара теңіз арқылы Еуропа елдеріне шығуға мүмкіндік береді. Каспий алабында пайдаланылатын автомобиль және темір жол көліктеріне қызмет ететін аймақты қалпына келтіру жөніндегі ТРАСЕКА жобасын дайындау және «Солтүстік - Оңтүстік» жобасын жүзеге асыру Қазақстан Республикасында транзиттік тасымалдарды жүзеге асыруға арналған Ақтау портының мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, көліктік – коммуникация аймағының негізін Батыс коридор ұсынады (Ақсарай – Қандыағаш – Мақат – Бейнеу - Маңғышлақ).

      Маңғыстау облысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ Темір  жолдың ұзындығы 819 км, соның ішінде «Опорная - Бейнеу» телімі – 125км, «Бейнеу - Ақжігіт» -90км, «Бейнеу - Маңғышлақ» -404км, «Маңғышлақ - Жаңаөзен» - 179 км.

      Құрық станциясының дамуына бағытталған генералдық жоспарға сәйкес инженерлік құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылым бойынша шаралар іске асырылады, соның ішінде, сумен қамтамасыздандыру, электрмен, байланыспен, газбен қамтамсыздандыру жобаларының құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылым объектілері, сонымен қатар көліктік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы жоспарлануда, соның ішінде:

  • Ералиев  - Құрық (14,4 км) жаңа темір жол желісі.
 

   Сондай - ақ, «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның қаржы құралдарының негізінде ағымдағы жылда «Жезқазған - Сексеуіл» телімінде «Жезқазған - Бейнеу» темір жолының салынуының басталуына байланысты мәселелер шешілді.

       - Екінші телім «Бейнеу – Шалқар» құрылысы концессиондық негізде жоспарлануда.

  • «Узен – Түркменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісінің құрылысы бойынша сметалық – жобалау аяқталуда, бұл желі «Оңтүстік - Солтүстік» транзиттік коридорының маңызды бөлігі болып табылады. Осы жылдың екінші жартысында объектінің құрылысы басталады. Осы мақсатқа ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді.
  • Бейнеу станциясындағы көліктік – логистикалық орталығының құрылысына және Бейнеу ауданындағы Тажен селосындағы еркін сауда аймағын құруға байланысты ТЭО аяқталды. Бұл жобаның құрылысы «Бейнеу – Шалқар» темір жол телімінің құрылысына байланысты мәселелер шешілгеннен кейін басталады деп жоспаралануда. Осы жоба шегінде Тажен селосын қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыздандыру бойынша барлық жобалардың іске асырылуы аяқталуда. 
 

    2.2 Маңғыстау облысы  – инновациялық технологияның көне орталығы 

     Маңғыстау облысы – инновациялық технологияның  көне орталығы, сонымен қатар үлкен  бәскелестік қабілетке ие. Кеңес  Одағы кезінде Маңғыстауды «қазына  аралы» деп те атаған, мұның себебі, бұл облыстың жері көмірсутегі қорына бай, сондай – ақ, Менделеев кестесінің элементтерінің көп бөлігі орналасқан. Осылайша, осы жерде өте күшті ғылыми – техниканың потенциял құрылған болатын.

     Аймақтың бәсекелестік деңгейін көтеру жайлы мәселе туындағанда, негізге оның жетістіктері алынды, сондай – ақ, күшті материалдық – техникалық, ғылыми – инновациялық база аймақтың потенциялын ашуда және қаржы салымдарын тартуда көмектеседі.

     Қазақстан үшін Маңыстаудың көліктік – логистикалық қабілеті өте маңызды орынға ие. Біздің Елбасымыздың Тегеранға барып келген кезінде Қазақстан, Түркменстан, Иран арасында Жаңаөзеннен Түркменстанға дейін темір жолдың салынуына байланысты мәмілеге қол қойылған еді, кейінірек ол Иран арқылы өтіп, парсы шығанағына шығатын болады. Қазіргі таңда, Ақтау теңіз порты арқылы Еуропаға шығатын боламыз, сондай – ақ, біздің территория арқылы ТРАСЕКА және Оңтүстік - Солтүстік халықаралық көліктік коридорлары өтеді. Сонымен қатар, Жезқазған – Бейнеу темір жолының салынуына байланысты мәселелер шешілетін болады, яғни ол жолдар арқылы Қытай тауарлары Еуропаға және қайтадан кері шығарылатын болады. Бүкіләлемдік банктерінің мамандарының айтуы бойынша, 2015 жылға Еуразия бөлігінде жүк айнаылымынң көлемі 1,5 триллион долларды құрайды. Егер де, біз осы тасымалдаулардың негізгі бөлігін өзімізге қарай қаратып алатын болсақ (ол солай болуға тиіс, себебі көліктік – логистикалық қызметтің негізгі нүктесі – Хоргос, Достық, Ақтау), Қазақстан үшін, әсіресе Маңғыстау үшін мүльтипликативтік әсері өте маңызды болмақ. Көмірсутегімен байланысты операцияға қарағанда, көліктік – логистикалық қызметтен пайда көбірек табуымыз мүмкін. Осыған қарамастан, Маңғыстаудан 2015 жылға мұнайды 65 млн тоннаға дейін экспорттау жоспарлануда, бұл барлық Қазақстан бойынша табылатын мұнай көлемімен тең. Осының бәрі инновациялық технология орталығын құруға итермелейді. Әсіресе, «МАЭК – Казатомпром», «САТ - Оперейтинг», «Казазот» сияқты кәсіпорындарға жаңа технологияларды енгізу қажет. 
 Елбасы біздің алдымызға Қазақстанды инновациялық мемлекет ету керек деген мақсат қойды. Бұл өз кезегінде, экономиканың барлық профилінде өзгертулер керек екендігін білдіреді, соның ішінде Маңғыстауда да. Егер қазіргі таңда экспорттық өнімдердің басым бөлігін, яғни 92 пайыз мұнай мен газ құрайтын болса, біз кем дегенде экспорттық өнімнің 45 пайызын шикізаттық емес секторға аударуымыз керек. Міне сондықтан да, СЭЗ «Ақтау теңіз портының» территориясын 982 гектарға дейін ұлғайтылған болатын, бұл жерде жоғарғы технологиялар мен жаңа жетістіктерді қолдана отырып, бәсекеге қабілетті өндіріске бет бұрылған.   
 
 
 

                                        
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                    

                                        Қорытынды 

     Республикамыздағы Ақтау теңіз портын - Қазақстанның теңіз қақпасы деп атайды. Қазіргі таңда Құрық және Баутино порттарының құрылыс жұиыстары жүргізілуде.  

     Ақтау теңіз порты қазіргі таңда  солтүстік бағытқа қарай кеңеюде. Оның территориясы 46 гектарға үлкейтілетін болады және алдағы уақытта 98 гектарға дейін жеткізіледі. 

     Екінші  теңіз порты – Баутино –  қызмет көрсету сервистік порты ретінде дамып келе жатыр. Қашаған жобасы бойынша 52 жасанды арал салынуы тиіс. Ал ол үшін құрылыс – монтаждау жұмыстарын, платформаларды көтеру, тастармен қамтамасыздандыру және осы сияқты жұмыстарды жүргізу қажет. «Казмұнайгаз» және «АДЖИП ККО» компаниялар жарты миллион доллар көлемінде қаржы салымдарын құйып, теңіз – мұнай операцияларын қолдауға бағытталған екі база құрды.  

     Үшінші  ең күшті порт – Құрық болмақ. Осы жердегі теңіздің тереңдігі Ақтау және Баутино теңіз порттарымен салыстырғанда (олардың тереңдігі 5 метрден аспайды), 23 метрге дейін барады. Міне сондықтан, Құрық бізге үлкен су ығыстырғыштық танкерлерді алуға мүмкіндік береді. Оның айналасында кеме жасайтын және кеме жөндеу зауыттары, судоверфь, мұнай терминалы, теңізде мұнай операцияларын қолдауға бағытталған базалар, 4 мұнай – газ зауыттары , 2 мұнай – химиялық кәсіпорындар, құтқару жұмыстарымен айналысатын орталықтар, әскери – теңіз базасы, жұмысшы кенті салынуы тиіс. Қазіргі таңда кентте 6 мың адам тұрып жатыр, бірақ жорамалдаулар бойынша осы жердің тұрғындарының саны 30 мың адамға дейін барады деп жоспарлануда.  

     Қыркүйек  айында Маңғыстауға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сапары кезінде, Казмұнайгаз елбасыға Құрық портының дамуын сипаттайтын генералдық жоспарды, оның инфрақұрылымын, жұмысшы кентін көрсеткен болатын.  

     Нұрсұлтан Әбішұлы жобаны қолдап, содан кейін 2008 жылдан бастап үлкен шаралар басталып кеткен еді. 2010 жылдың ортасына қарай порттың инфрақұрылымының негізгі объектілерінің құрылысы іске асты. Мердігерлердің жұмысының, тікелей инвестициялардың көлемі 7 млрд долларға бағаланып отыр.

Информация о работе Мангыстау отделениясы