Ғылыми зерттеулердің әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 10:01, магистерская работа

Описание

1. Ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек.

Работа состоит из  1 файл

Ғылыми зерттеулердің әдістері.doc

— 114.00 Кб (Скачать документ)

Кеңестік философ Б.М. Кедров ғылымды қазіргі замандағы  жіктеуді әзірледі, ол материя қозғалысының нысандары туралы ұғымдарға сүйене отырып, ғылыми білімнің үш шамалы объективті жүйесін ұсынды, атап айтқанда органикалық және органикалық емес табиғат туралы ғылымдар, сондай-ақ адам туралы ғылымды ұсынды. Техникалық ғылымдар ғылыми жаратылыстану сипатты пәндермен тығыз байланысты болды. Ғылыми білімнің барлық жүйесі философиялық ғылымдармен – диалектика және логикамен, сонымен қатар математикалық пәндермен де ұштастыра қарайды.

Сондықтан, ХХ жүзжылдық  кезеңі басында төмендегі ғылымның анықталған жүйесі түзілді:

-  жаратылыстану ғылымдары  – табиғат туралы ғылыми білім жүйесі;

- техникалық ғылымдар – ғылыми жаратылыстану білімді іске асыруға бағытталған ғылымдардың техникалық жүйесі туралы ғылыми білім жүйесі;

- әлеуметтік және гуманитарлық  ғылымдар – адам және қоғам,  оның әлеуметтік мәдени ортасы  мен тіршілік ету ортасы туралы  ғылыми білім жүйесі.

Бұдан басқа, ғылым феноменін  өлшеудің  аспектілері шеңберінде іргелі және қолданбалы ғылымдар  ерекше атап көрсетіледі.

Іргелі ғылымдар – негізінен, практикалық бағыты болмайтын әлемнің  ғылыми бейнесін қалыптастырумен байланысты объективті шындықтың барынша терең қасиеттері туралы білім жүйесі. Қолданбалы ғылымдар, керісінше, заттық-практикалық бағдарды білдіретін білім жүйесі ретінде қарастырылады.

Іргелі ғылымдар табиғат  дамуының негізгі заңдылықтары және принциптерінің пайда болуымен тығыз  байланысты болады. Бұл деңгейдің дәстүрлі зерттеулері сыртқы әлеуметтік қажеттіліктер күшінде ғана емес, ал ішкі иманентті ынталар ретінде де жүргізіледі. Сондықтан іргелі  ғылымдар өзінің негізінде жауапты түрде белгіленген практикалық бағыты болмайды, бұл мағынада олармен аксиологиялық (құндылықты) бейтараптылық байланысады (ойға байланыстыру). Сонымен қатар, іргелі ғылымдардағы жаңалықтар әлемнің ғылыми жаратылыстану бейнесін қалыптастыруға, парадигмалар өзгерісіне принципті әсерлерін тигізеді, яғни ғылыми ойлаудың негізгі сипаттамалары, соның ішінде іргелі ғылымдарда танымның базалық модельдері өңделеді, қолданбалы ғылымның негізін құрайтын ұғымдар, принциптер және заңдар пайда болады.

Қолданбалы ғылымдар іргелі зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып, әлеумет мүддесімен байланысты нақты техника-технологиялық проблемаларды шешуге ерекше назар аударады. Бұл деңгейдегі ғылымдар амбивалентті, яғни қосымша саласына байланысты адам игілігі ретінде пайдалануы мүмкін, оған және оның тіршілік ету ортасына келеңсіз әсерлерін тигізуі мүмкін. Басқаша айтқанда, қолданбалы ғылымдарға құнды мазмұны да енгізілген.

Алайда, іргелі және қолданбалы ғылымдар арасындағы дихотомияның (қарама-қайшылық) тарихи сипаты болады. Сірә, іргелі зерттеулер жүргізу процесінде қолданбалы міндеттерді қою және шешу мүмкін, сонымен қатар қолданбалы зерттеулер жиі және маңызды сипаттаманы әзірлеуді талап етті.

Мысалы, электр магниттік  өрістің классикалық теориясын  әзірлеу радиофизика, радиотехника, электроника және т.б. сияқты ғылыми-техникалық білімдердің циклдері үшін негіз болып табылды. 

Кванттық механиканың  дамуы қолданбалы зерттеулердің  перспективалық бағыттарының мысалы, физикада жартылай өткізігіштердің  және т.б. мақсатты қатарларының пайда болуы үшін мүмкіндіктер ашты. Атомдық ядроның іргелі зерттеулері және тізбекті реакцияның ашылуы ядролық энергетиканың дамуын қамтамасыз ететін қолданбалы ғылымдарды қалыптастыру үшін бастапқы пункт болды. Демек, ядролық энергетикада қолданбалы зерттеулерді жүргізу ғылымның  салалары: физика және биологиядан бастап әлеуметтік мәдени зерттеулерге дейін қозғайтын іргелі әзірлемелердің кең спектрінің қажеттілігіне бұрды.

Сондықтан, бір  жағынан, қолданбалы зерттеулер саласына іргелі ғылымдар саласынан келіп түсетін идеялар, теориялар және тұжырымдамалар спектрі қолданбалы типті ғылымдардың қайта түрленуіне әкеледі. Екінші жағынан, қолданбалы ғылымдар іргелі типті ғылымдарға олардың практикалық мәнінің дәрежесін арттыра отырып, әсер етеді.

Біріншіден, табиғатты аспаптық танудың құралдары және әдістерді жетілдіреді; екіншіден, көбінесе қолданбалы міндеттерді әзірлеу кезінде жаңа идеялар және әдістер туындайды.   

Элементар бөлшектерді  жеделдету техникасын дамыту микроәлемнің іргелі заңдылықтары туралы теориялық білімдерінің көріністерін дәлелдеуге және тексеруге мүмкіндік берді. Бәрінен бұрын, тиісті зерттеулер жаңа элементар бөлшектердің ашылуына, олардың пайда болу заңдылығын анықтауға әкелді және ол Әлемнің эволюциясын анықтайтын микроәлемнің терең процестерін түсінуге жетеледі. 

Ғылымның қарастырылған "құрылымдығы" жеткілікті шартты сипатта болады. Шындығында, бір  жағынан, табиғи, техникалық және әлеуметтік ғылымдар, сонымен қатар  іргелі және қолданбалы ғылымдар да белгілі  бір өзгешелікте болады. Жаратылыстану, техникалық ғылымдар және адам туралы ғылымдарды қолдану саласы – бұл олар үшін  әдістерді пайдалану тән болып табылатын объективті шындықтың  салалары. Іргелі және қолданбалы ғылымдар болмыстың  деңгейін зерттеуге бағытталады.

Басқаша айтқанда, ғылым табиғи заңдылықтарды анықтай және зерттей отырып, объективті бірыңғай шындықпен ісі болады және танымның жалпы ғылыми әдістерін пайдаланады. Бәрінен бұрын, ғылыми жаратылыстану және техникалық пен технологиялық пәндер барлық үлкен шамада әлеуметтік мәдени білім жүйесімен өзара байланысты анықтайды. Іргелі және қолданбалы ғылымдар арасындағы өзара байланыстылық бір-бірінің қолдану саласын толықтыра отырып анық көрінеді.

Ғылымды дамыту ішкі және имманентті  жағдайларға  бағдарлау тән болып табылатын  объективті процесс болып табылады (латын тілінен immanentis –тән, тиесілі). Ғылыми білім жүйесін қалыптастыру барлық ең үлкен дәрежеде сыртқы әлеуметтік, мәдени, экономикалық, мәдени және басқа жағдайлардан болатын өзінің тарихи тәуелділігін анықтайды.

Басқаша айтқанда, ғылымның өзара байланысы және өзара әрекет процесі күшейеді.  ғылыми пәндер арасындағы өзара байланыс және өзара әрекеттің бірнеше нысандары тарихи жағынан атап көрсетіледі:

- ғылыми пәндердің  өзара байланысы, физикалық химия,  биофизика, экономикалық математика және т.б. арасында генетикалық және тарихи жағынан өзара әрекет жасайды;

-  бір цикл  ретінде ғылыми пәндердің өзара  байланысындай, мысалы, (ғылыми жаратылыстану), өзара байланысқандар, мысалы, бионика  тек биология және физикаға  ғана емес, сондай-ақ техникалық ғылымдарға да негізделеді;

-  циклді  және бейінді ғылыми пәндердің  өзара әрекеті тиісті белгілі  бір ғылымға мақсатты орындауды  іске асыру үшін жүзеге асырылады,  мысалы, кибернетика тек математика  және биологияны ғана емес, алайда  жүйе теориясын, басқару әдістемесін, әлеуметтану және т.б. да біріктіреді;

- ғылыми білімнің  бағыттарының өзара байланысы  нақты проблеманы шешу процесі  жүреді, интеграция дәрежесі оның  жергіліктіден ғаламдыққа дейінгі  деңгейінің функциясы болып табылады, мысалы,  ғаламдық экологиялық проблеманы шешу жаратылыстану, техникалық білімдер және адам туралы ғылымдардың барлық салаларына өзара әрекетті талап етеді.

Б.Г. Ананьев, Ж. Пиаж, И.Т. Фролов және басқа ғалымдардың  ХХ ғасырдың аяғынан бастап қазіргі  замандағы көзқарасы қалыптасты, ал оның ерекшелігі - ғылымның проблемалық шоғырлануы жақын арадағы перспективада неғұрлым адам феноменімен анық байланыстырады.

Олардың пікірінше  адамды зерттеу жаратылыстану ғылымдарының - физика, химия, биология, техникалық білім - эргономика, техникалық кибернетика және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесі - философия, психология, социология, мәдениеттану, саясаттану және т.б., сонымен қатар  медицинаны қоса отырып, арнайы пәндер қатарының өзара байланысын және өзара әрекетін ұсынады.

Ғылымдағы бұл  үрдістер оның функцияларымен байланысады, ғылымның мынадай бірнеше функциялары  байқалады: зерттеу, оқыту, коммуникативтік, әлеуметтік мәдени және дүние танымды.

Зерттеу функциясы. Ғылым нақты шынайылықты зерттей  отырып, оның жаңа жақтары мен сапасын ашады, танымның неғұрлым тиімді әдістерін және т.б. анықтайды. Ғылыми зерттеудің мақсаты объективті шындық заңдылық-тарын талдау болып табылады.

Оқыту функциясы. Оның шеңберінде ғылыми білімді ұдайы  өндіру,  бір зерттеу жүйесінен  басқасына ғылыми көріністерді беру жүзеге асады. Мұның барлығы өз кезегінде ғылым дамуының артықшылығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ жаңа ғылыми дәстүрлерді қалыптастыратын білім жүйесі, ғылыми мектептер арқылы ғылым кадрларын дайындау процесінде жүзеге асады.

Коммуникативтік функция. Ғылыми қоғамдастық мүшелерінің  арасын-дағы ақпаратпен алмасу процесі  өзіне, оған нәтижесінде ғылыми қоғамдас-тықтың өзара байланысы нығаятын және ғылыми-зерттеу  қызметінің тиімділігі мен ақпараттылығын арттыратын жарияланымдар, конференциялар мен пікірталастарды және т.б. өткізу кіреді.

Әлеуметтік  мәдени функция. Ғылым - өркениет негізін  құрайтын мәдениеттің базалық элементтерінің бірі болып табылады, ғылымды дамыту деңгейі және сипаты тарихи процесс  динамикасында әлеумет мәртебесін көрсететін, маңызды фактор болып табылады. Ғылымды дамыту - өркениеттің позитивті динамизмінің критерийі.

Дүинетанымдық функция. Ғылымның жиынтықты дамуы  объективті шындыққа мақсатқа сай келуін анықтайтын принциптер, сенімдер және түсініктер жүйесі ғылыми дүниетаным негіздеулерін қалыптастырады. Ғылыми көзқарас жалпыланған түр шегінде адамның (субъектінің) табиғатқа (объектіге) деген ұтымды қатынасымен байланыстырады.

Әлеумет дамуының  кезеңдерінде ғылымның сол немесе өзге функциялары басымдылық береді. Акцент антикалық кезеңде оның дүниетаным функция-ларына – дүниетанымның стихиялық диалектикалық нысандарына; орта ғасыр кезеңде оқыту функцияларына жасалды, бұл кезеңде ғылым негізінен универси-теттерде шоғырланды; Жаңа уақыт жағдайында – ғылымның зерттеушілік функциясы дамыды, қазіргі замандағы ғылыми білімнің қалыптасуы жүрді.

Ғылымның дамуы XIX ғасырға дейін нақтылықтың  әлеуметтік мәдени процестеріне елеулі әсер тигізетіндей негізінен тек  имманентті сипатта болды деп  айтуға болады. Тек XX ғасырдың ортасына қарай ғана ғылым функциялары танымдық процесінің динамизмін қамтамасыз ететін жүйелік тұтастықты құрастыра отырып, бірлікте болады. Соған қарамастан, XXI ғасырдың басына қарай ғылымның дүниетанымдық функциясы, оның тарихи қалыптасқан функционалдық ерекшеліктерімен біріге отырып, қазіргі замандағы өркениет-тің әлеуметтік мәдени процестерінде айқын басым орын алады.

Техникалық  ғылымдар - технологияның үрдісінде  қолданылатын механикалық, физикалық, химиялық байланыстар мен зандылықтарды  меңгеретін ғылыми пәндер.

5. Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айкындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қортындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі. Теориялық деңгей әдістері:

1. Әдебиет көздерін  оқып білу зерттеудің құрамдас  және бөлінбейтін бөлігі болып  табылады. Бұл кез-келген ғылыми  іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші  ғылымның осы саласында оған  дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрыңғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет.

Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші  мәдениетінін, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады. Ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық бағыттар, көзқарастар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардын арасынан өзіне керекті әдебиетті тандап алып, көптеген авторларға ортақ және білім беру процесіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет.

 Әдебиеттерді  зерттеу кезінде оларға талдау  жасау, оларды салыстыру, теңестіру,  жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі, ол қоршаған болмысты тануда үлкен рөл атқарады. Әдебиет көздерін зергтеу әдісі ғылыми танымнын белгілі бір кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттар мен міндеттерімен анықталады. Бұл әдістің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау, оқу мен жазып алу техникасын ескеру, тақырыптық белгілері бойынша жеке картотеканы құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеггерді зерттеу сияқты сатылары бар.

2. Талдау мен  жинақтау. Талдау келесі түрлерге бөлінеді; эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын аныктау; білім құрылымын ашып көрсету, зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау және т.б. Талдау элементарлы сипатта болуы мүмкін, бұндай талдауда элементтердің бір біріне және тұтастай бастапқы жүйеге қатынасы айқындалмайды. Сондай-ақ ол қисынды сипатта болуы мүмкін, мұндай талдауда элементтердің бір біріне қатынасы көрініс табады. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады, бұл ретте жоққа шығару ережесі қолданылады, яғни күрделі пікір болған жерде оның құрамды сөйлемдері де болуы керек. Конъюнкция (лат. сопіипсііоп – одақ, байланыс) ережесін де қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады. Талдау мен жинақтау диалектикалық түрде бір бірімен өзара байланысты, «талдау» термині көбінесе зерттеу процесін тұтастай зерттеу кезінде қолданылады. Сондай-ақ белгілі бір нәтижелері бар жүйеге кірерде және одан шығарда деректерге талдау жасап, салыстыруға болады.

Информация о работе Ғылыми зерттеулердің әдістері