Газбен пісірудің техникасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 07:44, курсовая работа

Описание

Пісіру жоғары пайдаланушыльщ сипатымен қоса, құрылымдар жасауға мүмкіндік беретін, бөлшектердің ажырамайтын қосылыстарын алудың ілгерілемелі технологиялық процесі. Пісірілген қосылыстардың артықшылығы, олардың әр түрлі міндеттердегі құрылымдарда кең қолданысқа ие болуына мүмкіндік туғызады. Пісіруді пайдалану құрылымдар өндірісі барысында материалдар мен уақытты үнемдеуге септігін тигізеді.

Содержание

Кіріспе
3
І. Газбен пісірудің техникасы

1.1. Пісіргіш жалын
4
1.2. Пісірген жалғастырулар мен жік (шов)түрлері
7
1.3. Пісіру техникасы
11

ІІ. Қауіпсіздік техникасы

2.1. Еңбек қорғау мәселелері жайлы мемлекеттік заңды актілер
24
2.2. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі
26
2.3. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген еңбек қорғаудың талаптары
27
2.4. Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері, еңбекшілердің жеке гигиенасы
29
2.5. Қауіпсіздік техникасының маңызы мен міндеттері
31
2.6. Өрт қауіпсіздігінің сипаттамасы. Өрттің алдын алу жүйелері
33
2.7. Жануды тоқтату әдістері және өрт сөндіргіш заттар
35
2.8. Өрт сөндіргіш құралдар
36
2.9. Өндіріс үдерісінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
38

ІІІ. Тест жұмыстары

Работа состоит из  1 файл

301.doc

— 799.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе

3

І. Газбен пісірудің техникасы

 

1.1. Пісіргіш жалын

4

1.2. Пісірген жалғастырулар мен жік (шов)түрлері

7

1.3. Пісіру техникасы

11

   

ІІ. Қауіпсіздік техникасы

 

2.1. Еңбек қорғау мәселелері  жайлы мемлекеттік заңды актілер

24

2.2. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі

26

2.3. Қазақстан Республикасының  Еңбек кодексінде белгіленген  еңбек қорғаудың талаптары

27

2.4. Өндірістік санитарияның  маңызы мен міндеттері, еңбекшілердің  жеке гигиенасы

29

2.5. Қауіпсіздік техникасының  маңызы мен міндеттері

31

2.6. Өрт қауіпсіздігінің  сипаттамасы. Өрттің алдын алу  жүйелері

33

2.7. Жануды тоқтату  әдістері және өрт сөндіргіш  заттар

35

2.8. Өрт сөндіргіш құралдар

36

2.9. Өндіріс үдерісінің  қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

38

   

ІІІ. Тест жұмыстары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Пісіру - металдарды өңдеудің жетекші технологиялық процестерінің  бірі болып табылады.

Пісіру жоғары пайдаланушыльщ сипатымен қоса, құрылымдар жасауға  мүмкіндік беретін, бөлшектердің ажырамайтын  қосылыстарын алудың ілгерілемелі технологиялық процесі. Пісірілген қосылыстардың артықшылығы, олардың әр түрлі міндеттердегі құрылымдарда кең қолданысқа ие болуына мүмкіндік туғызады. Пісіруді пайдалану құрылымдар өндірісі барысында материалдар мен уақытты үнемдеуге септігін тигізеді.

Ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен бірге әр түрлі қалыңдықтағы материалдар бөлшектерінің, ал осыған байланысты пісірудің қолданылатын түрлері мен әдістері де көбейді. Қазіргі кезде қалыңдығы бірнеше  микрометрден (микроэлектроникада) ондаған  сантиметрге дейін, тіпті метрге дейінгі (ауыр машина жасауда) бөлшектер пісіріледі. Құрылмалық көміртекті және төменгі қоспалы болаттармен қатар, арнаулы болаттар, жеңіл қорытпалар және титан, молибден, цирконий т.б. металдар негізіндегі қорытпалар, сондай-ақ әр текті материалдар пісіруге жиі қолданылады. Машина жасау, сондай-ақ құрылыс жұмыстарындағы белгілі табыстар үшін біз пісіру ғылымы мен техникасына қарыздар екенімізді айтуға тиістіміз. Пісірудің дамуы тойтармалы құрылымдарды пісіруге алмастыра отырып, олардың жұмыс сыйымдылығын төмендетіп, сапасын арттыруға мүмкіндік туғызды.

Газбен пісіру - пісірілетін  металл қырларын балқыту және оған қосымша металл ерітіп құю жолымен  жанған газдың жалыны арқылы ажырамайтын  қосылыс жасайтын процесс.

Қалыңдығы 2 мм-ге дейінгі металл қаңылтырларынан жасалған бөлшектерді қосымша металл балқытпай-ақ олардың өз қырларын ерітіп жалғастырады.

Газбен пісіру әдісі  аса қарапайым, ол өте қымбат жабдықтарды  қажет етпейді. Сондықтан да өндірістің барлық салаларында кеңінен қолданылады.

Газбен пісіруді қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі төменгі немесе орташа көміртекті болаттарды біріктіруге  кең қолданады; сол сияқты кіші және орташа диаметрлі (600 мм-ге дейінгі) құбырлардың  ұштарын пісіріп жалғауға, әр түрлі  қалыңдықтағы шойын мен түсті  металдарды пісіруге қолданады.

Газбен қалындығы 3-4 мм-ден  жоғары көміртекті болаттарды да пісіруге болады, алайда оған электр доғалы пісіргішті қолданған тиімдірек. Сол сияқты ете қатты және қоспалы болаттарды пісіруге де электр доғалы пісіргіш пайдаланған  жөн. Егер аргонды доғалы пісіргішті қолданса, пісірудің өнімділігі жоғарырақ болады.

 

 

 

І. Газбен пісірудің техникасы

1.1. Пісіргіш жалын

Пісіргіш газ жалыны - пісіру кезіндегі жылудың негізгі  көзі. Пісіргіш жалын газдың немесе жанғыш сұйық буының оттегімен қосылып жануынан пайда болады.

Ацетилен мен оттегі коспасының жалынын қолдану кең  таралған. Дегенмен басқа газдарды да (пропан-бутан, табиғи газ, керосин және т.б.) қолдануға болады.

Пісіргіш жалын үш аймақтан тұрады (1-сурет). Бірінші, аймақ "А" - жалынның ядросы. Оның сыртқы қабатында қозған көміртегінің бөліктері жанады да, сол ядроның қабы өте жарық қалыпта болады. Екінші, "В" - толықтай жанбаған аймақ. Оны байқау қиын. Жалын ацетиленнің немесе лонғыш газдың ыдырауының бірінші кезеңінде пайда болатын көміртегі мен сутегінің тотықтарынан құралады. Бұл тотықтар балқыған металдың оксидтерінен оттегіні алады да, оны тотықсыздандырады. Үшінші аймақ "С" - толық жанған аймақ. Бұл аймақта сырттағы оттегін пайдаланғандықтан жалынның толық жануы болады.

Ацетилен мен оттегі қоспасының жалынындағы температурасы (1 а,- сурет) - ең үлкен (3150 °С), ал метан мен оттегі қоспасында - 2100 °С.

Жалынның қалыпты күйіне екінші аймақта бос оттегі мен  көміртегі жоқ болғанда келеді. Бұл жағдай оттыққа ацетиленнің бір көлеміне оттегінің 1,1,-1,2 көлемін қосқанда туады. Ал ацетиленді айырбастайтын газдарды пайдаланғандығы осы қатынас төмендегідей болады:

табиғи газ бен оттегі - 1,5-1,6 (1 б-сурет); пропан- бутан мен оттегі - 3,4-3,8 (1 в-сурет).

Тотықтандыратын жалын  ацетилен мен оттегінің арақатынасы 1,3-тен көп болған жағдайда пайда болады. Оның температурасы жоғары. Бірақ төменгі көміртекті болаттарды пісірген кезде ондағы артық оттегі металды тотықтандырып жібереді де, пісірілген жік кеуекті, морт сынғыш болады.

Мұндай кезде жақсы сапалы пісіру жігін алу үшін, қоса балқытатын металл үшін СВ08ГС немесе СВ12ГС сымдарын пайдалану керек. Сол кезде ол сымдардың құрамындағы марганец пен кремний пайда болатын металл тотықтарын жойып жібереді.

Күйдіретін жалын ацетиленнің  артық қосылғандығынан болады, яғни бұл кездегі оның оттегімен қатынасы 0,95.

Пісіру кезінде мундштуктың  қызып кетуіне байланысты жалын  құрамын жиі реттеуге тура келеді. Себебі қатты қызғандықтан жалынның кері соққысы пайда болуы мүмкін. Егер оттық суық ұштықтары бар  кезінде "ацетилен қорымен" қамтамасыз етілсе, онда жоғарғы реттеуді жүргізуге болады. Бұл термин жанғыш газ вентилін толық ашпай-ақ қалыпты жалын алуға болатындығын түсіндіреді. Осы кезде мундштук қызып кетсе де жанғыш газдың вентилін бірте-бірте аша отырып, біраз уақытқа қалыпты құрамдағы жалын жасауға болады.

 

1-сурет. Пісіргіш жалын аймағы:

а - ацетилен - оттегі; б - метан-оттегі; в - пропан-оттегі;

А - ядро; В - толық жанбаған аймақ; С - толық жанған аймақ; I - ядро ұзындығы

 

 

 

 

2-сурет. Пісіргіш жалынның пішіні:

а – бейтарап; б – тотықтандырғыш; е – көміртектендіргіш

 

 

Жалын құрамын тек  көзбен ғана сыртқы пішініне (2-сурет) қарап анықтамайды, оған қосымша пісіру кезіндегі шашырау мөлшерімен, балқыған металл ваннасымен де анықтауға болады. Пісіргіш жалын құрамын үнемі қадағалап отыру керек және қажет болса ацетилен мен оттегінің қатынасын вентильдер арқылы ретке келтіреді.

Пісіргіш жалын балқыған металл ваннасына тек жылумен  ғана әсер етіп қоймайды, оған қоса механикалық  әсері де бар. Оған жанған газдың мундштуктан  үлкен жылдамдықпен (135 м/с) ұшып шыққандығынан пайда болатын қысым ықпал етеді.

Тәжірибелі пісірушілер  оттықтың жантаю бұрышы мен оның пісірілетін  металл бетінен қашықтығын реттей отырып, жалынның балқыған металл ваннасына  механикалық әсерін басқара отырып, пісірілген жіктің дұрыс дөңес болуын қадағалайды.

Төмен көміртекті болаттарды пісіргенде қалыпты жалынды пайдаланады. Ал болатқа қарағанда жылу өткізгіштігі артық түсті металдарды пісірген кезде тотықтыратын жалынды қолданады.

Артық ацетиленді күйдіретін жалынды кейде шойынды, сол сияқты қатты қорытпаларды пісіргенде пайдаланады.

 

 

1.2. Пісірген жалғастырулар мен жік (шов) түрлері

 

Пісірген жалғастыруларды  төмендегіше жіктейді:

- пісірілетін бөлшектердің  өзара орналасуына байланысты - түйістірілетін, айқастырылатын, таврлық, бұрыштық (3-сурет);

- кеңістіктегі орналасуына  байланысты - төменгі, көлденең, тік,  төбелік (4-сурет);

Жалғастыру түрі мен  жік пішіні пісіру тәсіліне, пісірілетін  бұйымның өзінің құрылысына және металл қалыңдығына байланысты белгіленеді.

- жіктің пішініне қарай - қалыпты, күшейтілген және осалданған бұрыштық жік (5-сурет).

Түйістіріп жалғастыру пісіретін металдың қалыңдығына  байланысты олардың қырларын арнайы дайындауды қажет етеді (1-кестеде). Қалындығы -3-6 мм болатын металды ацетилен айырбастағыш газбен пісірген кезде қырлардың жантаю бұрышын 70-90 °С, ал саңылауын 1,5-3,0 мм етіп дайындайды. Қырлардың бұл кездегі желіну қаупі ацетиленді-оттегімен пісірген кездегіден аз болады.

Әр түрлі пісіріп  жалғастырулар мен жіктердің  түрлеріне қарай газбен пісіру әдістерінің өзіндік ерекшеліктері көп болады. (2-кестеде).

 

 

3-сурет. Пісіріп жалғастыру түрлері:

а - түйістірілетін; б- айқастырылган; в- таврлық; г - бұрыштық

 

 

 

 

4-сурет. жіктердің кеңістікте орналасуы:

а - төменгі; б - көлденең; в - тік; г - төбелік

 

 

 

 

5-сурет. Жік түрлері:

а - күшейтілген; б - қалыпты; в – осалданған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Газбен пісіру кезіндегі  жік қырларын дайындау

1-кесте

Металл қалыңдығы.мм

Жік түрі

Жіктің көлденең қимасы

в,мм

S, мм

0,5-2,0

Шеті қайырылған

0-1

 

1-5

Қыры жантаймаған

0,5-2,0

 

3-5

Қыры жантаймаған

1-2

 

6-15

Қыры V тәрізді жантайтылған

2-4

1,5-3,0

15-25

Қыры Х-тәрізді жантайтылған

2-4

2-4


 

Әр турлі пісіру жіктерін жасау кезіндегі техникалық ерекшеліктер

2-кесте

Ерскше белгілері

Пісіру жігінің түрі

Пісіру техникасының ерекшеліктері

Кеңістікте орналасқан

Төменгі

Металл қалыңдығына байланысты оң немесе сол жақпен пісіру тәсілін пайдаланып пісіреді.

 

Тік

Қалыңдыгы 4-5 мм болатын металды пісіруге қолданады. Пісіруді төменнен жоғары қарай сол жақпен пісіру тәсілін пайдалана отырып жүргізеді. Бұл кезде балқыған металл ваннасындағы сұйық ағып кетпеуі үшін оттықпен үрлей отырып ұстап тұрады. Ол үшін оттықтың бағытталу бұрышын қадағалау керек. Ал жоғарыдан төмен қарай оң жақ тәсілді қолданып пісіру пісірушінің үлкен шеберлігін қажет етеді

 

Төбелік

Бұл өте қиындық туғызады. Пісіруді оң жақ тәсілмен жүргізеді. Балқыған металл төгіліп кетпес үшін пісіруші оны оттық жалынымен ұстап тұруы қажет. Бұл кезде пісіруді бірнеше рет аздаған қалыңдықпен жүргізген жөн болады. Қосып пісіретін сымды да оның бойымен балқыған металл ағып кетпейтіндей етіп ұстау керек

Жалғанатын бөлшектер өзара орналасқан

Түйістірілген

Қалындыгы 1-5 мм металдарды, қырларын жатқызып өңдемей-ақ, аралығындағы саңылауды 0,5-2,0 мм етіп пісіреді.

Қалыңдыгы 5-10 мм металды, қырларының бір жағын 45 °С-пен еңкейте өңдеп, аралығындағы саңылауды 1,5-3,0 мм етіп пісіреді. Қалыңдығы 10 мм-ден артық металдарды қырларының екі жағын бірдей 35-45°С-пен жантайта өңдеп, аралығындағы саңылауды 2-4 мм етіп пісіреді

 

Бұрыштық

Пісірілетін бөлшек қырларының аралығындағы саңылауды 1-2 мм етіп пісіреді. Металл қалыңдығы 5-6 мм- ден көп болса, онда оның қырларын 50-60 °С-пен бір немесе екі жағын жантайтып өңдейді

 

Айқастырылған

Мұны өте қажет жағдайда ғана (қорғасынды пісіргеннен басқа) қолдануға болады. Себебі бұл кезде пісірілген металл жігі әр түрлі температураға қызғандықтан майысып, томпайып кетеді. Бұл жағдайда ең дұрысы электр доғалы пісіргішті пайдалану болып табылады

Жік пішіні

Қалыпты

Түйістірілген жіктің биіктігі пісірілетін металл қалыңдықтарымен бірдей

 

Күшейтілген

Түйістірілген жіктің биіктігі пісірілетін металл қалыңдықтарынан 20 % -ға көп

 

Осалданған

Түйістірілген жіктің биіктігі гіісірілетін металл қалыңдықтарынан төмен (өте аз қолданылады, кейбір жауапкершіліксіз пісіріп жалғастырулар үшін)


 

 

1.3. Пісіру техникасы

 

Пісіру тәсілі. Газбен пісірудің негізінен екі түрі сол және оң (6-сурет) тәсілдері болады. Сол жақпен пісіру кезінде (6 а-сурет) пісіруші оттықты оңнан солға қарай жылжытады, ал қоса пісірілетін металды жалын бетіне ұстайды. Пісірілетін металды жақсы қыздырып дұрыс балқыту үшін оттық пен қоса пісірілетін металды жікке көлденец иректеп қозғап отырады. Бұл тәсіл жұқа қаңылтырлармен оңай балқитын металдарды пісіргенде қолданылады.

Оң жақпен пісіруді (6. б-сурет ) оттықты солдан оңға қарай, теңселтпей түзу сызық бойымен жылжытып жүргізеді. Бұл кезде жалын балқыған ваннаға бағытталады да оның соңында қоса пісірілетін металл жігі баяу суиды. Солардың нәтижелерінде жалғастырулардың сапалары жақсарады, газ шығыны 15-10%-ға азаяды, қырлардың ашу бұрышын 60-70°С-қа азайтқандықтан еңбек өнімділігі 20-25% -ға өседі.

Оң жақпен пісіру тәсілін  қалыңдығы 5 мм-ден артық бөлшектерді  немесе жылу өткізгіштігі жоғары металдарды (мыс, жез және олардың қорытпалары) пісіргенде пайдаланған тиімді.

Оттықты және қосып пісіретін. металды, жылжыту. Пісіру кезінде пісіруші оттықты егер пісірілетін металл қалыңдығы орташа болса, жік осінің бойымен спираль немесе жарты ай сызығымен жылжытады. Егер металл қалыңдығы жұқа болса (7-сурет) тура сызықпен жылжытады. Оттықпен тербелмелі қозғалыс жасау негізгі металл қырларының өрісін арттырады да, қоса пісірілетін металдың жақсы қызуын қамтамасыз етеді. Металдардың қызу тездігін оттықты оның бетіне қарай жантайту бұрышымен реттейді. Металл қалыңдығы мен жылу өткізгіштігі артқан сайын оттықтың жантаю бұрышын арттыра түседі (8-сурет). Пісіру алғаш бастаған кезде, металдың жақсы қызуы үшін оттықты оның бетіне тік, яғни 90°С-пен ұстайды. Одан әрі қарай металл қалыңдығына байланысты ол бұрышты азайта береді. Қоса пісірілетін металдың еңкіштік бұрышын, оттық бұрышына қарама-қарсы 45 °С жасап ұстайды.

Қоса пісірілетін  сымның қозғалысы.

Балқыған металл ваннада  жақсы араласуы үшін қоса пісірілетін  сымды да оттық бағытына қарама-қарсы  тербей қозғайды. Пісірілген жіктің тотығын кетуін болдырмау үшін қоса пісірілетін сымды балқытылған металл ваннасынан шығарып, пісіргіш жалын аймағынан алыстатуға болмайды.

Бұрыштық жік жасаған кезде  де оттық пен қоса пісірілетін  сымды жоғарыдағыдай қозғалтады. Бірақ оларды бұрынғыға қарағанда ұзағырақ ұстайды.Пісірілетін бөлшектерді дайындау мен жинастыру мына төмендегі жұмыстардан тұрады: пісірілетін қырларды тазалау, қырларды жантайту, жылжып кетуді болдырмайтын ұстағышпен бекіту.

Қырлар мен оның айналасын (ені 20-30 мм) металл жалтырап көрінгенше, күйіктен, бояудан, майдан және басқа ластанудан тазартады. Ол үшін металл щеткаларды немесе оттық жалындарын пайдаланады. Өте жауапты жалғастыруларды жасаған кезде ол беттерді қышқылмен немесе құм шашатын аппаратпен тазалайды.

Информация о работе Газбен пісірудің техникасы