Шағын жіне орта кәсіпкерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 20:00, реферат

Описание

Кәсіпкерлік дегеніміз - бұл өзінде үнемі түрдегі тәуекел жағдайларында тауарлық ұсыныс пен сұраныс өзара сәйкес келтіріліп отыратын экономикалық қызмет. Бизнестің отаны ретінде АҚШ елін қарастырады. Өйткені бұл елдің кәсіпкерлікті дамытудағы тәжірибесі анағұрлым мол, екіншіден, ел үкіметі де кәсіпкерліктің дамуына ерекше көңіл бөледі.

Работа состоит из  1 файл

шағын және орта кәсіпкерлік.doc

— 87.50 Кб (Скачать документ)

Шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында 2004 және 2007 жылдар аралығындағы кезеңде мемлекет шағын кәсіпкерлікті жақын келешекте қолдаудың негізгі бағыттарын, соның ішінде кәсіпкерлік климатты, бәсекелес ортаны, қоғамдық институттар жүйесін  қалыптастыруды белгіледі, бұлар жекеменшік секторды жоғары қосылған құнға ие өндірістерді құруға ынталандырып отыратын болады. Қазақстан Республикасындағы 2004-2006 жылдарға арналған Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның шараларын орындау шеңберінде шағын кәсіпкерліктің әртараптандыруға ауысуына, салалығын кеңейтуге, инвестициялық ағымдарды жаңа салаларға көшіруге, шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарының активтерін арттыруға, ғылыми еңбекті қажет ететін экспортқа бағытталған өндірістерді құру және шағын кәсіпкерлік өнімдерінің (жұмыстарының, қызметтерінің) сыртқы нарықтарға шығуына арнап институттық жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер қойылған болатын.

2004-2006 жылдарға арналған Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасындағы шаралардың аяқталуын күтпестен Үкімет тағы бір бағдарламаны қабылдаған болатын – бұл Қазақстан Респуликасы Президентінің 2005 жылдың 18 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауына сәйкес әзірленген 2005-2007 жылдарға арналған Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған жедел шаралар бағдарламасы. Бағдарламада шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту жөніндегі аса тиімді шаралар ескерілген, бұл шаралар 2003-2015 жж. арналған Қазақстанның индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы мен 2030 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының  даму стратегиясына негізделген мемлекеттің жүзеге асырып отырған макроэкономикалық саясатымен қисынды түрде үйлесуде.

1997 жылы Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ шағын бизнеске қолдау көрсетуге арнап жіберіліп отырған мемлекеттің қаржылық құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құрылған болатын.

1997 жылдан бері «Даму» қоры Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету жөніндегі шаралар бағдарламасы бойынша, сондай-ақ Еуропаның қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен Азияның даму банкінің (АДБ) несиелік желілері бойынша мемлекеттік бюджеттен алынған қаражаттарды пайдаланудың есебін жүргізу және бақылау агентінің қызметін орындап келеді. Бүгінде «Даму» қоры – бұл шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылық, сондай-ақ қаржылық емес қолдау аспаптарын ұсынуға қабілетті ұлттық институт, Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау шараларының негізгі операторы және интеграторы.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің жеңілдік несиелік ресурстарға кеңінен қол жеткізуі үшін «Даму» қоры шағын және орта бизнесті қолдаудың төмендегідей қаржылық құралдарын әзірлеген болатын:

2009-2012 жж. арналған «Даму-Қолдау» Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін және тамақ өнімдерін шығаратын ұйымдарды тікелей несиелендіру бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнестің сапалы дамуына және олардың Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыру барысындағы рөлін күшейтуге ықпал ету;

Франчайзингті дамыту. Бағдарламаның мақсаты – өзінің қызметін ұлттық және шетелдік коммерциялық кәсіпорындардың сәтті үлгісін қайталау арқылы жүзеге асырып отырған шағын және орта кәсіпкерлікке инвестициялық қолдау жасау;

Орта және шағын кәсіпкерліктің несиелерін кепілдендіру бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелік ресурстарға кеңейтілген және тең түрде қол жеткізуі мақсатында оларға екінші деңгейлі банктердің алдындағы міндеттемелерін орындау жөніндегі жартылай кепілдіктерді ұсыну арқылы қолдау;

Аймақтардағы нүктелік қаржыландыру бағдарламалары. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламаларды жүзеге асырудың тиімділігін сол аймақ үшін басымдылыққа ие болатын салалардағы немесе жекелеген аймақтық бірліктердегі жобаларды қаржыландыру арқылы арттыру;

Лизингілік компанияларда негізделген түрде жайғастыру бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – лизингілік мәмілелерді жеңілдік шартпен қаржыландыру арқылы экономиканың басымдылыққа ие салаларындағы шағын және орта бизнестің мүмкіндіктерін кеңейту және негізгі құралдарын жаңарту мүмкіндігін қамтамасыз ету;

Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бағдарламалары. Бағдарламаның мақсаты - экономиканың басымдылыққа ие салаларындағы жобаларды жүзеге асырып жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін олардың банкілік займдар бойынша пайыздарын төлеу жөніндегі шығындарын азайту арқылы қолдау;

Аймақтардағы пайыздық мөлшерлемені жергілікті атқару органдарының қатысуымен субсидиялау. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламарын жүзеге асырудың тиімділігін сол тұлғалардың банкілік займдар бойынша пайыздарын төлеу жөніндегі шығындарын азайту арқылы арттыру;

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің несиелік қоржындарын Қордың кепілдік етуімен қамсыздандыру. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендірудің көлемін одан әрі арттыру мақсатында активтермен қамсыздандырылған құнды қағаздарды шығару арқылы қаржы тарту.

Мемлекет тарапынан түрлі қолдау бағдарламаларының жүзеге асырылуына қарамастан Ақтөбе облысы бойынша әрекет етуші және өз бизнесін енді бастағасы келетін әлеуетті кәсіпкерлер бизнесті ашу және одан әрі дамыту барысында бірқатар мәселелердің бар екендігін атап өтеді. Олардың қатарына төмендегілер жатқызылған:

Бизнесті ашу үшін рұқсат қағаздарын алуға уақыт пен қаржының мол жұмсалуы, түрлі рұқсат қағаздарын алуда жемқорлықтың, бюрократизмнің кең етек жаюы, бұл әсіресе газ жүргізу мәселесі бойынша;

Ақтөбе өңіріндегі бірқатар қаржылық ұйымдардың өз бизнесін енді бастағалы жүрген әлеуетті кәсіпкерлерге жеңілдікті несие ұсынбауы;

Облыс аудандарында кейбір рұқсат қағаздарын алуда облыс орталығына бару қажетілігі;

Жалпы әрекет етуші кәсіпкерлердің бизнес, маркетинг, салық, қаржы жүйесі, т.с.с. бизнестің маңызды тетіктері бойынша білім деңгейінің төмендігі;

Облыс орталығындағы сауда үйлері, автокөлік кәсіпорындары сияқты ірі «бизнес-акулалардың» арендалық, рұқсат төлемдерінің қымбат болуы;

Аталмыш мәселелерді шешудің мүмкін жолдары ретінде төмендегі шараларды қарастырамыз:

Бизнесті ашу барысында әлеуетті кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау, кеңес беретін ақпараттық қолдау орталықтарын ашу;

Әрекет етуші және әлеуетті кәсіпкерлерді өз бизнесін ашуда және дамытуда облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасымен анықталған басымдықты бағыттар бойынша жеңілдікті қаржылық қолдау, оны «мөлдірлік» қағидасына негізделе отырып жүзеге асыру;

Жоғарыда атап өткендей, қоғамда монополисттік позицияны ұстанып отырған «бизнес-акулалардың» қызметін мемлекет тарапынан бір ретке келтіру, олардың төлем алу саясатын қадағалау;

Кәсіпкерлік белсенділікті инновациялық сипатта дамыту, ол үшін мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсету үшін шетелдік тәжірибені үйрену;

Қоғамда кәсіпкерлікке қолайлы жағдай қалыптастыру.

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу барысында ғана елімізде шағын және орта бизнесті өз деңгейінде дамытып, «Қазақстан-2030» стратегиясын толыққанды жүзеге асырып, бәсекеге қабілетті қабілетті 50 елдің қатарына кіруіміз хақ.



Информация о работе Шағын жіне орта кәсіпкерлік