Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 18:03, контрольная работа
«Кәсіпкерлік» (ағыл. business) ұғымын алғаш рет XVIII ғасырда ағылшын банкирі әрі экономисі Ричард Кантильон (1680 – 1734) қолданған болатын.
Кәсіпкерлік дегеніміз - бұл өзінде үнемі түрдегі тәуекел жағдайларында тауарлық ұсыныс пен сұраныс өзара сәйкес келтіріліп отыратын экономикалық қызмет. Бизнестің отаны ретінде АҚШ елін қарастырады. Өйткені бұл елдің кәсіпкерлікті дамытудағы тәжірибесі анағұрлым мол, екіншіден, ел үкіметі де кәсіпкерліктің дамуына ерекше көңіл бөледі.
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі 1997 жылдың 26 сәуірінде Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құрған болатын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылдың 26 сәуіріндегі № 665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қаулысы).
3) 1999-2000 жылдарға арналған Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданды, ол өзінің нарықтық экономикадағы ерекше рөліне орай дәл осы шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын белгілеген болатын.
2001 жылы Қазақстан Республикасындағы 2001 - 2002 жж. арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау жөніндегі кезекті мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, ол шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғаудың құрылып отырған инфрақұрылымының тиімділігін арттыруды, шағын кәсіпкерлік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруді, шағын кәсіпкерлікті қолдаудың қаржы-несиелік механизмдері мен инвестициялық саясатын жетілдіруді, шағын кәсіпкерлікті мамандармен, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуді, аймақтардағы шағын кәсіпкерлікті дамытуды көздеген болатын.
Шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында 2004 және 2007 жылдар аралығындағы кезеңде мемлекет шағын кәсіпкерлікті жақын келешекте қолдаудың негізгі бағыттарын, соның ішінде кәсіпкерлік климатты, бәсекелес ортаны, қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыруды белгіледі, бұлар жекеменшік секторды жоғары қосылған құнға ие өндірістерді құруға ынталандырып отыратын болады. Қазақстан Республикасындағы 2004-2006 жылдарға арналған Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның шараларын орындау шеңберінде шағын кәсіпкерліктің әртараптандыруға ауысуына, салалығын кеңейтуге, инвестициялық ағымдарды жаңа салаларға көшіруге, шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарының активтерін арттыруға, ғылыми еңбекті қажет ететін экспортқа бағытталған өндірістерді құру және шағын кәсіпкерлік өнімдерінің (жұмыстарының, қызметтерінің) сыртқы нарықтарға шығуына арнап институттық жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер қойылған болатын.
2004-2006 жылдарға арналған Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасындағы шаралардың аяқталуын күтпестен Үкімет тағы бір бағдарламаны қабылдаған болатын – бұл Қазақстан Респуликасы Президентінің 2005 жылдың 18 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауына сәйкес әзірленген 2005-2007 жылдарға арналған Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған жедел шаралар бағдарламасы. Бағдарламада шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту жөніндегі аса тиімді шаралар ескерілген, бұл шаралар 2003-2015 жж. арналған Қазақстанның индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы мен 2030 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының даму стратегиясына негізделген мемлекеттің жүзеге асырып отырған макроэкономикалық саясатымен қисынды түрде үйлесуде.
1997 жылы Қазақстан
Республикасындағы шағын
1997 жылдан бері «Даму»
қоры Отандық тауар өндірушілер
Шағын және орта бизнес субъектілерінің жеңілдік несиелік ресурстарға кеңінен қол жеткізуі үшін «Даму» қоры шағын және орта бизнесті қолдаудың төмендегідей қаржылық құралдарын әзірлеген болатын:
Мемлекет тарапынан түрлі қолдау бағдарламаларының жүзеге асырылуына қарамастан Ақтөбе облысы бойынша әрекет етуші және өз бизнесін енді бастағасы келетін әлеуетті кәсіпкерлер бизнесті ашу және одан әрі дамыту барысында бірқатар мәселелердің бар екендігін атап өтеді. Олардың қатарына төмендегілер жатқызылған:
Аталмыш мәселелерді
шешудің мүмкін жолдары ретінде
төмендегі шараларды
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу барысында ғана елімізде шағын және орта бизнесті өз деңгейінде дамытып, «Қазақстан-2030» стратегиясын толыққанды жүзеге асырып, бәсекеге қабілетті қабілетті 50 елдің қатарына кіруіміз хақ.