Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 17:51, дипломная работа

Описание

Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік ─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл ─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген. Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың қаржысын тиімді қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру
негіздері........................................................................................................5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары.................14
1.3 Кәсіпорындағы қаржы менеджменті.......................................................22

2. Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
2.1 «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның қаржылық – шаруашылық
қызметінің нәтижелерін талдау................................................................32
2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................40
2.3 Кәсіпорынның капиталды тиімді пайдалануды факторлық талдау.....55

3. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Тереңдетілген операциялық талдау технологиясын пайдалану...........59
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру
бойынша нұсқаулар...................................................................................66

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................71

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................74

Работа состоит из  1 файл

последняя версия!асем.doc

— 1.73 Мб (Скачать документ)

Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайындағы басқару қаржы менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік‑экономикалық процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алуға, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.

Кәсіпорындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материялдық емес игіліктер.

Қаржы менеджменті уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді.

Жалпы қаржы менеджменті қаржыны басқарудың ілгеріде баяндалған қағидаттарына негізделген. Ол басқарудың тиісті элементтерін — ақпаратты, жоспарларды (болжауды), ұйымдастыруды, реттеуді бақылауды кіріктіреді. Қаржы менеджментін жүзеге асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып табылады, бұл орта бағалардың еркін жүйесі, тауар мен қызметтердің рыногымен қатар еңбек, капиталдар, өндіріс құрал-жабдықтары рыногының жұмыс істеуі, кәсіпорындардың қызметін мемлекеттік реттеудің заңнамалық реттемелеу кезіндегі кәсіпкерлік қызметті коммерциялық есеп негіздерінде жүргізуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, кәсіпорындардың қаржы менеджментінің шеңбері нарықтық факторлармен анықталады, бұл оны жеке буындарында басқарушы субъектілердің басқарылу объектілеріне ықпал жасауының экономикалық  элементтері басым болуы мүмкін қаржыны басқарудың жалпы шарттарынан ажыратады. Кәсіпорындардың қаржы менеджментінің жүйесі аса жылжымалы, өйткені бұл буындағы нысандардың, әдістердің арсеналы жалпымемлекеттік қаржылардағыға қарағанда тым әр түрлі. Мысалы, кәсіпорындардың қаржы менеджменті әр түрлі нысандардағы есеп айырысу (төлем тапсырмасы, төлем талабы (талапшоты), әр түрлі акредитивтер, есеп айырысу чектері және т.б.), барлық нысандардағы несиелендіру, бағалы қағаздармен және валютамен жасалатын операциялар бойынша көп таралған операциялардан басқа хеджирлеу1, кепілдік-ипотекалық және сенімгерлік (трасттық) операциялар, қаржы және операция лизингі, франчайзинг, бағалы қағаздар бойынша трансферттер сияқты нысандар мен әдістерді қамтиды; валютамен, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша, қауіптердің барлық түрлерін сақтандыру бойынша қаржы құралдарының жинақталымы айтарлықтай кеңейеді.

Қаржы менеджментін мына кезеңдердің дәйекті ауысымы ретінде елестетуге болады:

1) ақша қаражаттарын (капиталды) пайдаланудың міндетін қою және мақсатын анықтау;

2) ақша ағындарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдістерін, тәсілдерін таңдау;

3) қабылданған шешім бойынша инвестициялау жөніндегі шешімді бизнес-жоспар немесе басқа ресімдеу түріндегі іс-әрекеттердің бағдарламасын жасау;

4) жобаның орындалуын ұйымдастыру;

5) атқарылу барысына бақылау жасау және қажетті түзетулер жасау;

6) қайта инвестициялаудың мақсаттары үшін жоба нәтижелерін талдау және бағалау;

Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелдіктерімен, яғни жобаланған нұсқамен салыстырғанда табысты кем алу немесе зиянның пайда болуы ықтималдығымен кездесіп отырады. Тәуекелдікті талдау оның көздері мен себептерін анықтаудан, ысыраптың белгілі бір деңгейінің ықтималдығын өлшеуді, яғни тәуекелдіктің қолайлы дәрежесін белгілеуден басталады. Тәуекелдік статистикалық, сараптық және құрамдастырылған әдістермен анықталады. Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелдіктің барлық түрін — өндірістік, коммерциялық, қаржы тәуекелдіктерінің үйлесуін қажет етеді. /6, 58-70 б/

Алайда бизнеске экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік, саяси және табиғи сипаттағы секілді көптеген құбылыстар да әсер етеді: өрлеу мен дағдарыстар, банк пайызының, бағалардың ауытқулары, тұтынушылар ұнатуларының, бәсекелестер іс-қимылының өзгеруі, үкіметтің көлденең (болжанбаған) шешімдер қабылдауы, ереуілдер, табиғи катаклизмдер, апаттар және т.б.

Қолайсыз уақиғалар болған кезде келеңсіз зардаптарды азайтуға ақшаны, өндірістік қуатты, шикізатты, дайын өнімді резервте сақтау есебінен қол жетеді; коммерциялық қызметті қайта бағдарлау жөніндегі алдын ала жасалған шаралар болуы мүмкін. Жиынтық тәуекелді басқару кезіндегі кәсіпорынға төнетін тәуекелдердің түрлі тұрпаттарында бірігетін кәсіпорын қаржының әртараптандырудың ерекше маңызы бар.

Хеджерлеудің көмегімен қаржы тәуекелдігін (қатерін) барынша азайтудың техникасы қолданылады. Бұл кезде негізгі келісіммен қатар үшінші тараппен қосымша мәміле жасалынады. Оның шарты мынадай: негізгі мәміледегі қаржы ысыраптарына соқтыратын мән-жай болған кезде қатысушы залал шеккен ысыраптарды түгел немесе ішінара бейтараптандыра отырып, қарама-қарсы мәміледе ұтады. Хеджирлеу техникасында опциондар, фьючерстер, пайыздық айырбастар (своптар) сияқты және т.б. пайдаланылады.

Тәуекелдікті азайту мен төмендетудің дәстүрлі әдісі мүліктік сақтандыру болып табылады, бұл кезде сақтандырылушыға (сақтанушыға) сақтандыру шартымен шарттасылған сақтандыру оқиғасы болған кезде төленетін сақтық төлемі қамтамасыз етіледі.

Қаржы менеджментінде маңызды объект ақша ағыны − құн (Д-Т-Д1) нысандарын жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық процестерін ортақтастыратын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Ақша ағынының (ақша түсімі мен жылыстауы) құрамына қаржы көмегімен де қалыптасатын (қаржы ресурстары), сондай-ақ басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша ресурстары қамтылады. Қаражаттардың түсімінде анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден (сату көлемі) түскен түсім-ақша, онан кейін несие ресурстары, әр түрлі тартылған ресурстар алады. Қаражаттардың жылыстауы дүркін-дүркін төленетін төлеулермен де (тауар-материал құндылықтарын сатып алу, қызметкерлерге жалақы мен сыйақылар төлеу, несиелерді өтеу, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу және т.б.), сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестициялардың болжамы негізіндегі күрделілерімен де байланысты.

Қаржы менеджментінде ақша оның іс-әрекетінің мезгілдік (уақытша) межелдемелері тұрғысынан функцияларды атқару кезіндегі өзге нысанға, сапаға айналғанға дейін қаралады. Бұл аспектіде ақшаның «уақытша құнының» барлығы есепке алынады: мұндай сомада бүгінгі ақша мен келешектегі ақшаның сатып алу күші бірдей болмайды. Ақшаның қазіргі және келешектегі құны өзара қайтымды. Қазіргі (бүгінгі) құн келешектегі құнға компаундингілеу − күрделі пайыздарды есептеу арқылы, ал келешектегі құн қазіргі құнға дисконттау − пайыздарды пайдаланып төмендету арқылы жеткізіледі. Ақшаның келешектегі құнының есеп-қисабында инфляцияның индекстерін есепке алу, яғни ақшаның құнын инфляциялық құнсыздануға төмендету қажет.

Жобаларға жұмсалатын инвестициялар нысанындағы ақшаның, рента төлемдерінің, жүйелі жарналарджың, кірістердің және басқа ақша операциялары есептеулерінің бір жолғы, сондай-ақ дүркін-дүркін түсулері мен төленулері жай және күрделі аннуитеттердің есеп-қисабы, «капиталды бюджеттендіру», табыстылықтың ішкі мөлшерлемесі» тәсілдері арқылы жүргізіледі.

Капиталды бюджеттендіру (капиталдық бюджеттендіру) - өтеудің қарастырылған мезгілінде қаражаттарды кейінгі дүркін-дүркін қайтаруларымен жабылатын ақша қаражаттарының бір жолғы жылыстауы. Бюджеттендіру тұжырымдамасы негізгі активтер бойынша шығыстарды жоспарлау кезінде пайдаланылады, бұл жобаларды талдау және ақша қаражаттарының ұзақ мерзімді және ірі жұмсалымы жөнінде шешімдер қабылдаудың процесі.

  Табыстылықтың ішкі мөлшерлемесінің есеп-қисаптары жобаларды салыстыру және пайдалылықтың пайыздары бойынша инвестициялық шешімдерді таңдау үшін және жобаның есепті табыстылығы мен пайыздың қолданыстағы нарықтық мөлшерлемесін салыстыру және жобаны жүзеге асыру мезгіліне оның болжамы үшін жүргізіледі.

Қаржы менеджментінің маңызды аспектісі кәсіпорынның қаржылық жай-күйін талдау болып табылады. Бұл кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын (рентабельділік, төлем қабілетін, несиені өтеу қабілетін), оның рыноктағы жағдайын (бәсекеге жарамдылығын) сипаттау үшін қажет. Талдауға қажетті ақпараттар бухгалтерлік баланста қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте (пайда және зияндар туралы есепте), ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте болады; сондай-ақ толығырақ ақпарат қолданылады.

Қаржы менджментінің жалпы мақсатты нұсқамасы – экономикалық дамудың ішкі және сыртқы факторларын есепке алу негізінде кәсіпорынның тең қаржы саясатын жүзеге асыру.          

Кәсіпорын мен корпорацияларды басқарудың қаржылық механизмі – бұл оның экономикалық және әлеуметтік даму міндеттерін шешу мақсатында қаржыларды пайдаланудың нысандары, әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Мемлекеттің басқарушы ісіне әсер етуі ретінде қаржылық механизм мен басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі өте тығыз байланысты. Мысалы, салықтық жоспарлау көмегімен салықтық ауыртпалықтың төмендеуі, негізгі құралдардың амортизациясын жеделдету жүйесін қолдану және т.б.

Кәсіпорындар мен корпорацияларда қаржылық механизмнің әрекет етуінің негізгі қағидалар болып келесілер табылады: кешенділік, функционалдылық, біркелкілілік және бейімделгіштілік.

Кешенділік – бұл бір-біріне қосымша болатын қызметті реттеуші қаржылық тетіктерді қолдану. Мысалы, өнімді, қызметті өткізуден түскен түсімді қалыптастыру мен пайдалану бюджеттік жүйе мен мемлекеттік бюджеттік емес қорлар,инвестициялар мен инновацияларды қаржыландыру төлемдерімен тығыз байланысты.

Функционалдылық – қойылған мақсаттарға сәйкес қаржылық механизмнің қызмет етуін қамтамасыз ету.

Бейімдену – қоршаған экономикалық ортаның өзгерісін есепке алу және серіктестермен шаруашылық қатынастарды реттеу процесіне түзетулер енгізу мүмкіндігі.

Біркелкілілік – реттеуші фактор ретінде қаржылық механизмнің бір түрлілігі. Басқарудың барлық субъектілері бірлік азаматтық заңнама шегінде және міндетті түрде әр кәсіпорын немесе корпорацияның қызметінің ерекшеліктерін есепке ала отырып қызмет етеді. Қаржыларды басқарудың  мақсаттары мен міндеттері басқарудың функцияларының бейнесі болып табылады.

Қаржыларды басқару келесі функцияларды атқарады:

· өндірістік немесе кәсіпорын қаражаттарының айналымын ақшалай ресурстар көздерімен, ақшалай ағымдарын қалыптасуымен қамтамасыз ету. Шаруашылық және қаржылық қызмет процесінде кәсіпорын толық көлемде және теңдестірілген меншікті, тартылған және қарыздық көздермен қамтамасыз етілуі қажет. Қаржыларды басқару процесінде ақшалай ағымдар қалыптасады және кәсіпорынның даму және меншік иесінің табысын арттыру мақсаттарына сәйкес негізгі және айналым капитал құрамында, қаржылық нарықта ақшалай қаражаттарды орналастырудың оптимизациялану және рационализациялау сұрақтары шешіледі.

· бөлу немесе кәсіпорынның ақшалай ресурстарын пайдалану және бөлу, ақшалай ағымдарының қалыптасу функциясы. Бұл функцияның орындалу процесінде кәсіпорынның капитал немесе мүлкінің құнын, меншік иесінің табысын арттыру немесе оны сақтау үшін қаражаттарды, есептер, төлемдер мен аударымдарды аванстау мен инвестициялау нұсқауларын таңдауда, шаруашылық жүргізуші басқа субъектілермен қатынастарды таңдауда кәсіпорында бар қаржылық ресурстарды пайдаланудың рационализациясы сұрақтары шешіледі.

· бақылау функциясы. Берілген функцияның мазмұны кәіспорын ресурстарынынң айналымын түрлі әдістер мен тәсілдер арқылы нақты бақылау мүмкіндігіне негізделеді. Қаржылық көрсеткіштер мәндерінің өзгерістерін сандық бақылау қаржылық жағдайды, капитал мөлшерін, оның өтімділігі мен төлемқабілеттілігін, сонымен қатар меншік иесінің табыс көлемінің өсімін нақты бағалауға мүмкіндік береді. Инвестициялау және қаржыландыру процестерін бақылау көмегімен болашаққа қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану мен оларды сақтау  және түрлі факторларды есепке ала отырып, капитал құны мен оның құрылымын бағалау жүзеге асырылады.

Қойылған мақсаттарға жету үшін қаржылық қызметтің негізгі міндеттерін келесідей көрсетуге болады:

· Өткен шаруашылық тәжірибені бағалау, талдау және есепке алу, және даму мақсаттарына сәйкес болашақ кезеңге оның экстрополяциясы.

· Шаруашылық жүргізудің сыртқы ортасындағы мүмкін өзгерістердің және даму беталыстарын, пайдаланылатын қаржылық ресурстардың құрылымын өлшеу қажеттілігін болжамдау, бағалау, талдау және есепке алу.

· Капитал мен табыстарды сақтаудың перспективалары мен стратегиялық мақсаттарын бағалау, талдау және есепке алу.

· Қабылданатын шешімдер немесе жүргізілетін өзгерістердің жедел сипаттамасына бағытталу.

· Кәсіпорынның қызметіне кейбір сыртқы және ішкі факторлардың әсер етуінің дәйектемесі және тәуекелділікті мойындауы.

· Қаржылық заңнамалар талаптарын нақты орындау және өндірістік емес жоғалтуларды төмендету үшін нормалар мен  нормативтерді сақтау.

· Қабылданған шешімдерді орындалуын және қаржылық ресурстарды маневрлеу мүмкіндігін бақылау.

Қаржыларды басқару процесі өзімен бірге кәсіпорын экономикасын жалпы басқаруының негізігі бөлігін құрайды және ол келесі кезеңдер арқылы жүреді:

- талдау;

- жоспарлау;

- орындау, түзету;

- бақылау.

Кәсіпорынның қаржылық менханизмі келесі элементтерді қамтиды:

қаржылық әдістер;

қаржы құралдары (тетіктер);

Информация о работе Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері