Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 17:51, дипломная работа

Описание

Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік ─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл ─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген. Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың қаржысын тиімді қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру
негіздері........................................................................................................5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары.................14
1.3 Кәсіпорындағы қаржы менеджменті.......................................................22

2. Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
2.1 «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның қаржылық – шаруашылық
қызметінің нәтижелерін талдау................................................................32
2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................40
2.3 Кәсіпорынның капиталды тиімді пайдалануды факторлық талдау.....55

3. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Тереңдетілген операциялық талдау технологиясын пайдалану...........59
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру
бойынша нұсқаулар...................................................................................66

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................71

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................74

Работа состоит из  1 файл

последняя версия!асем.doc

— 1.73 Мб (Скачать документ)

Ескертпе – 2004-2006 жылдардағығы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның қаржылық есептемесінен алынды.

Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып маневрлілік коэффициенті табылады. Коэффициент еркін маневр жасауға мүмкіндік беретін кәсіпорын меншікті капиталының қай бөлігі мобильді түрде екенін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің төменгі деңгейі кәсіпорын меншікті капиталының маңызды бөлігі қысқа уақыт аралығында қолма-қол ақша-қаражаттарына айналу мүмкіндігі жоқ, аз өтімді болып табылатын иммобильді сипаттағы құндылықтарға шоғырланғанын білдіреді.

Қаржылық көзқарасы тұрғысынан маневрлілік коэффициент деңгейінің жоғары болуы кәсіпорын үшін тиімді: меншікті капитал мобильді, оның көп бөлігі айналым капиталына салынған.

Маневрлілік коэффициентінің өсуі кәсіпорынның нақты мүліктік құрылымы тұсында мүмкін болатын шекте жағымды болады. Егер коэффициент ұлғаюы айналымнан тыс активтер өсуіне қарағанда меншікті капитал өсуінің артып шығуымен жетілсе, онда бұл кәсіпорын қаржылық тұрақтылығының өсуін нақты дәлелдйді.

Маневрлілік коэффициентінің жоғары мәні кәсіпорын қаржылық жағдайын жағымды етіп сипаттайды, бірақ көрсеткіштің тәжірибеде нақты бекітіліген қандай да бір қалыпты мән жоқ. Коэффициенттің қолайлы деңгейі үшін салыстырмалы мысал ретінде ≤ 0,5 мәнін алуға болады.

 

немесе ,                          (1)

мұндағы, ДО – ұзақмерзімді міндеттемелер,

ДА – ұзақмерзімді активтер.

Қаржылық көрсеткішетр динамикасына талдау жүргізіп отырған кәсіпорында маневрлеу коэффициенттің деңгейі 2004 жылы 0,464 бірлік, 2005 жылы 0,301 бірлік, 2006 жылы 0,293 бірлік құрады. Бұл көрсеткіш 2004 жылы жоғары мәнге ие болған, яғни таза айналым капиталының меншікті капиталдағы үлесі 2004 жылы 46,4 %-дан 2006 жылы 29,3 %-ға дейін төмендеген. Таза айналым капиталының меншікті капиталдағы үлесінің төмендеуі ұзақ мерзімді активтердің өсу қарқынының меншікті капиталдың өсу қарқынынан төмен болуы себебінен болған. /11, 312 б/

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бейнелейтін негізгі көрсеткіштердің бірі баланс валютасында меншікті қаражаттардың үлесін анықтайтын тәуелсіздік коэффициенті болып табылады:

 

= ,                                                                    (2)

мұндағы, СК – меншікті капитал, мың теңге;

∑К – капиталдың жалпы сомасы, мың теңге.

Оның өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігінің ұлғаюын, болашақта қаржылық қиыншылықтар тәуекелінің төмендеуін білдіреді.

Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті 2004 жылы 0,59 бірлік, 2005 жылы 0,573 бірлік, 2006 жылы 0,499 бірлік. Қаржылық тәелсіздік коэффициентінің нормативтік деңгейі 0,60 бірлік құрайды.

Тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын тәуелділік коэффициенті келесідей анықталады:

 

= немесе  = 1 - ,                                        (3)

Берілген коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды. Оның үлесі жоғарлаған сайын кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздеріне тәуелділігі сәйкесінше ұлғаяды.

Тәуелсіздік коэффициентінің төмендеуі меншікті капиталдың пассивтегі үлесінің төмендеуінен туындаған. Меншікті капиталдың пассивтегі үлесі 2004 жылы 59 %-дан 2006 жылы 49,9%-ға дейін төмендеген. Тәуелсіздік коэффицентінің  төмендеуі әсерінен тәуелділік коэффиценті жоағрылаған.    

Тәуелділік коэффицентінің нормативтік деңгейі 0,40 бірлік құрайды. Тәуелділік коэффициентінің жоғарылауы қаржылық тәуелділікті жоғарылатады. Тәуелділік коэффиценттерінің пассивтегі үлесі 2004 жылы 41 %-дан 2006 жылы 50,1 %-ға дейін жоғарылаған, яғни қарыз капиталының пассивтегі үлесі жоғарылағандығын көрсетеді.

Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын келесі көрсеткіш қаржыландыру коэффициенті болып табылады, оның формуласы:

 

= ,                                                         (4)

мұндағы, ЗК – қарыз капиталы, мың теңге.

Коэффициент кәсіпорынның қызметінің қай бөлігі меншікті қаражаттар арқылы, және қай бөлігі қарыз қаражаттары арқылы қаржыландырылатынын көрсетеді. Оның мәні ≥ 1 болуы қажет.

Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қарыздардың пассивтегі үлесінің жоғарылауы себебінен қаржыландыру коэффицентінің мәні төмендеген. 2004 жылы қаржыландыру коэффиценті 1,442 бірлік құраса, 2005 жылы 1,340 бірлік және 2006 жылы 0,992 бірлік құраған. Сонымен меншікті капиталдың 2004 жылы және 2005 жылы ұзақ және қысқа мерзімді қарыздардан сәйкесінше 44,2 %-ға және 34%-ға артық болуын көрсетеді. Ал меншікті кпаиталдың үлесінің 2006 жылы төмендеуі әсерінен қаржыландыру коэффиценті 0,992 бірлік құрайды.

Инвестицияларды өтеу коэффициенті немесе қаржылық тұрақтылық коэффициенті кәсіпорын активтерінің жалпы соммасында меншікті капитал мен ұзақмерзімді міндеттемелер үлесін сипаттайды:

 

.                                                 (5)

Бұл көрсеткіш тәуелсіздік коэффициентімен салыстырғанда жұмсақтау шектеулерге ие. Батыс тәжірибесінде берілген коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең, ал оның шекті мәні 0,75 болып табылады.

Ұзақ мерзімді активтерді қаржыландыру көзі ретінде кәсіпорын ұзақ мерзімді капиталды да пайдалануы мүмкін, сондықтан «Интергаз Орталық Азия» АҚ қаржылық тұрақтылық коэффициенті 2005 жылы 0,886 бірліктен 2006 жылы 0,918 бірлікке дейін жоғарылаған.

Қарыз және меншікті қаражаттар арақатынас коэффициенті меншікті капиталдың 1 теңгесіне активтерге салынған қанша қарыз капиталы тартылғанын сипаттайды:

 

= .                                                         (6)

Бұл көрсеткіштің қалыпты шегі ≤ 1.

              Қарастырылып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш келесі мәндерге ие:

2004 жылы-0,693 бірлік, 2005 жылы- 0,746 бірлік, 2006 жылы – 1,008 бірлік құрайды. Бұл көрсеткіштерден қарыз капиталының меншікті капиталдан 2006 жылы артық болғанын көреміз.

Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштері деп тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу деңгейін көрсететін көрсеткіштерді айтамыз.

              Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерін сипаттау үшін үш негізгі көрсеткішті анықтайды:

1. Меншікті айналым капиталы. Ол меншікті айналым қаражаттарын сипаттайды, өткен кезеңмен салыстырғандағы оның ұлғаюы кәсіпорын қызметінің онан арғы дамуын дәлелдейді. Бұл көрсеткіш келесі формуламен анықталады:

 

= – = ,                                             (7)

мұндағы  Со.к. – меншікті айналым капиталы;

Да – ұзақ мерзімді активтер;

Ір.П – баланс пассивінің бірінші бөлімі;

Ір.А – баланс активінің бірінші бөлімі.

              Меншікті айналым капиталының сомасы:

2004 жылы: 57955541-63188494= - 5232953 мың теңге құрайды;

2005 жылы: 67814703-84535234= - 16720531 мың теңге құрайды;

2006 жылы: 86520298-134099971= - 47579673 мың теңге құрайды, яғни қарастырылып отырған 2004-2006 жылдар аралығында меншікті капитал ұзақ мерзімді активтерді толығымен қамтамасыз ете алмайды.

 

2. ТМҚ-ның меншікті және ұзақ мерзімді қарыздық қалыптасу көздері немесе перманентті айналым капиталы. Ол алдыңғы көрсеткіштің ұзақ мерзімді міндеттемелер соммасына ұлғаюымен анықталады, оның формуласы:

 

,                                                    (8)

 

мұндағы ДО – ұзақмерзімді міндеттемелер.

              Жоғарыда көрсетіліп өткен меншікті айналым қаражаттарына деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелерді алды, яғни тауарлы- материалдық қорларды меншікті және ұзақ мерзімді қарыздық қалыптасу немесе ТМҚ қаржыландырудың қалыпты көздері келесі соманы құрайды:

2004 жылы: - 5232953 + 32170596 =26937643 мың теңге;

2005 жылы: - 16720531 + 37140314 = 20419783 мың теңге;

2006 жылы: - 47579673 + 72949713 = 25370040 мың теңге

Сонымен, ұзақ мерзімді қарыздардың жоғарылауы себебінен 2004-2006 жылдар аралығында ТМҚ қаржыландырудың қалыпты көздері жоғарылаған.

 

3. ТМҚ негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері келесі формулымен анықталады:

 

,                                                 (9)

 

мұндағы,  КК – қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар.

              ТМҚ негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері келесі соманы құрайды:

2004 жылы: 26937643 +  8016740=34954383 мың теңге;

2005 жылы: 20419783 + 13443757= 33863540 мың теңге;

2006 жылы: 25370040 + 14226560 = 39596600 мың теңге.

              Осы аталған көрсеткіштердің ТМҚ қаржыландырудың дәрежесі бойынша кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық деңгейлері анықталады. Қаржылық тұрақтылық деңгейлері келесі 4 типке бөлінеді:

1)    абсолютті қаржылық тұрақтылық;

2)    қалыпты қаржылық тұрақтылық;

3)    тұрақсыз қаржылық тұрақтылық;

4)    кризистік қаржылық жағдай.

Қаржылық тұрақтылықтың деңгейлері келесі теңсіздіктердің орындалуы арқылы анықталады (18 кесте):

 

Кесте 18.

Қаржылық тұрақтылық типтері

 

Қаржылық тұрақтылық деңгейлері

Теңсіздіктердің орындалуы

1

Абсолютті қаржылық тұрақтылық

ТМҚ < Сок

2

Қалыпты қаржылық тұрақтылық

Сок < ТМҚ < СокД

3

Тұрақсыз қаржылық тұрақтылық

ТМҚ > ИО

4

Кризистік қаржылық жағдай.

 

ТМҚ > ИО және мерзімінде қайтарылмаған несиелер мен қарыздардың, мерзімінде өтелмеген несиелік және дебиторлық қарыздардың бар болуы жағдайы

Ескертпе – 2004-2006 жылдардағығы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның қаржылық есептемесінен алынды.

19 кетеде «Интергаз Орталық Азия» АҚ қаржылық тұрақтылық деңгейлерінің типтері жылдар бойына анықталған.

 

Кесте 19.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ қаржылық тұрақтылық

деңгейлерінің типтері

 

жыл

Қаржылық тұрақтылық деңгейлерінің типтері

Абсолютті қаржылық тұрақтылық,

ТМҚ < Сок

Қалыпты қаржылық тұрақтылық,

Сок <ТМҚ < СокД

Тұрақсыз қаржылық тұрақтылық,

ТМҚ > ИО

Кризистік қаржылық жағдай

2004

-

6026349мыңтеңге<       

< 26937643мыңтеңге

-

-

2005

-

5247679мың теңге <

<20419783

-

-

2006

-

4785406мыңтеңге< <25370040 мың теңге

-

-

Информация о работе Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері