Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 21:07, курсовая работа

Описание

Инфляция – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің басты экономикалық проблемаларына айнылып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсендетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер туғызады

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Бөлім 1. Инфляция мәні, түрлері, пайда болу себептері.
1.1 Инфляцияның мәні, пайда болу себептері,айқындалу белгілері....................... 4
1.2 Инфляцияның түрлері............................................................................................11
1.3 Қазіргі жағдайда инфляцияның даму факторлары..............................................15

Бөлім 2.Қазақстанның нарыққа көшу кезеңдері.
2.1 Нарықтық қатынастарға көшу барысында, инфляциялық процестердің
дамуы...............................................................................................................................18
2.2 Экономикадағы ақша массасының өсуі...............................................................22
2.3 Қазақстандағы инфляция серпінін талдау...........................................................30
Бөлім 3. Инфляциялық процестерді реттеу және инфляцияға қарсы саясат.
3.1 Инфляцияны тұрақтандыру кезеңіндегі инфляцияға қарсы
саясат................................................................................................................................34
3.2 Қазақстандағы гиперинфляцияны тұрақтандыру реформасы.............................36
3.3 ҚР Ұлттық қоры және оның инфляцияға қарсы саясаттағы ролі........................41
Қорытынды......................................................................................................................44
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................................45

Работа состоит из  1 файл

Kursavoi- inflyasiya.doc

— 350.50 Кб (Скачать документ)

      Нарық реформаларының ішінде қаржы секторындағы реформа экономикалық белсенділікті жоғарылатуға мүмкіндік жасайды.Республикада қазіргі талапқа сай банк жүйесі құрылған,кредит нарығы серпінді қарқынмен дамуда.Екінші деңгейдегі банкілер халықаралық стандартқа өту бағдарламасының негізгі сатысын жүзеге аыруда.2000 жылдан бастап Ұлттық банк ақша-кредит саясатының үш жылдық жоспарын белгілеп қызмет атқарады. Бұл елде макроэкономикалық тұрақтандыру орнатылғаннын,орталық банк жоспарланған инфляция көрсеткіштеріне жетуді мақсатетіп,инфляцияны таргеттеу ұстанымына көшкендігін көрсетеді.Бюджетті қалыптастыруда және салық реформаларын жүргізуде де нәтижелі өзгерістер бар.

       Республикада нарықтық инфрақұрылым құрылды.Олар өз қарамағына шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін банкілер жүйесін,инвестициялық және сақтандыру компанияларын аудиторлық фирмалар мен басқа субъектілерді қамтиды. 2004ж 1қаңтарында республикада 748875қызметкері бар 145160 шағын кәсіпорын тіркелді,олардың өнімдерін сатудан түскен табыс 2365661 млн теңгені құрады.Бірақ шағын бизнестің үлесі ЖІӨ-нің құрылымында 15%-дан аспайды.Экономикасы дамыған елдерде аталған көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Бұл шағын жәнеорта бизнесті әлі де болса дамыту қажеттілігін,олардың жоғары табысты жұмысына қолайлы жағдайлар жасау керетігін көрсетеді.

     2004 жылы Қазақстанда ғылыми-инновациялық  бағыттағы инвестициялық жұмыстар жанданды,барлық қаражат көздерінен қаржыландырылған 250 жоба жүзеге асырылды.2001жылы АҚШ Қазастанды нарықтық экономикадағы ел ретінде таныды.

      Бірақ жалпы макроэкономикалық жағдай жақсарып,экономика тұрақты өрлеуге бет бұрғанмен,соңғы жылдары тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі байқалады.        

   Әрине,қазіргі жағдайдағы бағалардың өсуі байқалады.Әрине,қазіргі жағдайдағы бағалардың өсуін 1990 жылдардағы инфляциялық процестермен салыстыруға болмайды.Қазіргі инфляция негізінде экономиканың қарқындап өсуінен «дерт»деп айтуға болады. Ол-экономиканы шикізаттық бағытынан,өндіріс құрылымындағы үйлеспеушіліктерден, экономикалық субъектілердің тез өсіп келе жатқан сұранысын бәсекелестігі жоғары тауарлармен қамтамасыз ете алмауынан туған «дерт». 2005 жылдың бірінші жарты жылдығында (2004жылдың маусымынан 2005жылдың маусымына дейін) ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 7,9%-ды құрады.2005жылдың қаңтарынан маусымына дейінгі есеппен инфляция 7,3%-ды құрады (2004жылы-6,7%болған). Бағаның көтерілуі серіппініне экономикалық субъектілердің сұраныс мен өндіріс шығындарының өсуі де әсер етіп отыр,олар өндіріс шығындары тұрғысынан-еңбекақының өсуі,қымбат ресурстар сатып алу және т.б жұмсалымдар болса,сұраныс жағынан-экономикалық субъектілердің табыстарының өсуі, «күтілетін инфляция», «импорттық» инфляция факторлары екенін айту керек.

    А.Иллаарионовтың, Н.Нұрсейіттің зерттеулері бойынша «...8%-дан жоғары және 3%-дан төмен инфляция қай елдің болмасын ұзақ мерзімді экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді;...нақты ЖІӨ-нің ұзақ мерзімді және жоғары қарқынмен өсуі жылдық инфляцияның 6-дан 7%-ға дейінгі (ЖІӨ дефлятор) шамасында болады».Сондықтан қазіргі жағдайда инфляцияның одан әрі шарықтауы экономиканың өсу қарқыны төмендетіп,оған кері әсерін тигізуі мүмкін.

     Экономикалық реформаның Қазақстанда табысты дәрежеде өтуіне нақты ықпал жасаған-республиканың табиғи ресурстық байлығы.Табиғи минералды шикізат ресурстарының байлығы,әсіресе мұнай және құрамында металы бар концентраттар ел экономикасы дамуының шешуші факторлары болып отыр.Республикада қазір жалпы ішкі өнімінің 42%-ын мұнай табыстары құрайды.ЖІӨ-нің тұрақты өсуі негізінен өнеркәсіптің өндіруші салаларының қызметінен туындайды. Мысалы, ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша қазір Қазақстанда шығарған өнімдердің көлемі кейбір салаларда-өнеркәсіпте,ауыл шаруашылығында,өңдеуші өнеркәсібінде және т.б. салаларда 1990 жылдың деңгейіне жетпей отыр. ЖІӨ құрылымын және экономиканың нақты секторының дамуын талдау негізінде экономистер елімізде өнім өндіру саласында көптеген проблемалардың сақталғанын көрсетеді: өнеркәсіп құрылымындағы үйлесімсіздік, шикізат секторы өнімдерінің қосымша құнының төмендегі, ұлттық экономиканың тиімсіздігі, оның бәсекеге төтеп бере алмайтындығы және т.б.

            Сонымен қатар сыртқы сауда операцияларының көлемі жыл  сайын өсіп келеді, шикізат ресурстарын  сыртқа сатудан түсетін валюта түсімдері  де өсуде. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша ағымдағы  экспорттық- импорттық операциялар бойынша 2004 жылғы сальдо 7,3 млрд доллар (2003жылы-4,573 млрд АҚШ доллары) құрады. Онан басқа сыртқы валюталық түсімдер экономиканың басқа секторларының операцияларынан да түсіп жатыр. Ішкі нарықтағы бағалардың әлемдік экономиканың даму қарқыны тәуелді екені бағалар индексінің өзгеруінен жақсы көрінеді. 2001 жылы әлемдік экономиканың  өсу қарқыны 2-4%-ға дейін төмендегені белгілі.  Бұл 2001 ж өнеркәсіп тауарларына баға индексінің 85,9%-ға дейін төмендеуіне алып келді және басқа да индекстердің өсу қарқынын баяулатты,оның ішінде тұтыну бағасының индексі де төмендетті. Берілген талдаудан республика экономикасынада инфляцияның дамуына себеп болатын біраз  факторлар бар екенін көруге болады. Бұлар – қарқынды ағыммен, реттелуге келмейтін  шетел валютасының ішкі нарыққа құйылуы ( шикізат экспортынан және  корпорациялық сектордың қарызынан); экономиканың  шикізаттық бағыты және осыған байланысты ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеті мен нәтижесінің төмендегі және оның әлемдік тауар нарығындағы баға конъюнктурасына тәуелділігі.

           
 
 
 
 
 
 

                  2.1 Нарықтық қатынастарға көшу барысында, инфляциялық    

                                   процестердің    дамуы.

     1990- жылдардың басында “әміршіл экономиканың әлеуметтік – экономикалық құрылымы елді дағдарысқа әкелгені және одан шығу үшін тек қана нарық жолымен даму қажет екені белгілі болды”. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланып, экономикада кең ауқымды нарықтық реформалар басалды. Мемлекет меншігіндегі мүлікті жекешелендіруге бағыт жарияланып, конституция алғаш рет жеке меншік құқығына айқындады, нарықтық қатынастарды дамытуға бастапқы қадамдар жасалды.

    Жалпы Қазақстандағы өтпелі нарықтық қатынастарға көшу кезеңі 1991 жылдың сәуірінде Қазақ КСР-ында 1991-1992 жылдарға арналған мемлекеттік меншікті жекешелендіру бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаны орындау 1991-1992- жылдардың ьасты мақсаты болуына байланысты үкімет оны белсенді түрде жүзеге асыруға кірісті.Алайда соңынан бағдарламаға түзетулер енгізулео тура келеді.

      1992жылдың 2 қаңтарынан Ресей бағаны  ырықтандыруға көшті. Ол кезде  Қазақстан  Ресеймен бірегей  «рубль аймағында» болғандықтан, республикада жоғарыда қабылданған  жекешелендіру бағдарламасын қайта  қарауға тура келеді. Оны орындау кейінге қалдырып, Қазақстан үкіметі де бағаны ырықтандыруға мәжбүр болды.

    Бағаларды ырықтандыру және оның инфляциялық  процеске әсері. 1990 жылдың соңында бұрынғы КСРО мемлекетінде өнеркәсіп саласында бағаны реформалау басталды. Бастапқы кезде кәсіпорындар өнімдерінің үлкен бір бөлігі (шамамен 60% -ы) –негізгі шикізат, отын, энергетикалық ресурстар, металлургия, машина жасау кешендерінің өнімдерін нақты бекітілген бағамен ( фиксированные цены), ал қалған бөлігін келісім бағаларымен (договорные цены) сату қарастырылды. Бірақ іс жүзінде бекітілген бағалар дамымады. Өнеркәсіпте (барлық салаларында) келісім бағалар кеңінен  таралды.Кәсіпорындарға тауарларын келісілген бағамен сату пайдалы болды, өйткені бұл оларға үлкен табыс әкелді. 1991 жылдың соңында келісім бойынша сату көлемі: мысалға, металл емес минералды өнімдер саласында -62%, химиялық өнеркәсіпте -41%, қара металлургияда -32%, күнделікті  сұраныс тауарларын сатуда -90%-ға жетті. Бұл, әрине, бірте-бірте нақты бекітілген бағалармен сатудан бас тартуға алып келеді. Өйткені мұндай бағамен өнімдерін сатқан кәсіпорындар табыс таба алмады. Шикізаттар мен тағы басқа жабдықтаушы материалдарды олар келісілген бағамен сатып алып, ал өнімді сатқанда нақты бекітілген бағалармен сатты.Мұндай кәсіпорындардар жұмыс істеу үшін бюджеттен қомақты демеу қаржылар қажет болды. Осындай орын алған қиындықтар тек сұраныс пен ұсыныс факторларына негізделген бағалардың табиғи жолмен қаыптасу қажеттігін туғызды, нарықтық бағаның пайда болуына алып келді. Сол кездегі үкімет ырықтандырылған бағалар бәсекелестік ортаны қалыптастырады, нарықты тауарға толтырады, нарықтық шаруашылықтың қалыптасуының негізі болады деп есептеді. Осылардың бәрі 1992 жылы қаңтарда бағаны кеңінен ырықтандыруға алып келді.

    Алайда  бағаларды ырықтандыру Ресейде  де, Қазақстанда  да ешқандай дайындықсыз  басталды. 1992 жылдың 4 қаңтарында Қазақстанда да бағалар тежелуден шықты (Президенттің «Бағаларды ырықтандыру шаралары туралы» жарлығы шықты. Президент өзінің халыққа үндеуінде жағдайының аса қиындығын, бұл шараның елге жеңіл тимейтіндігін, өз атынан қиналатынын айтып, үкіметтің мұндай шешім қабылдауға мәжбүр болып отырғанын жариялады. Ресей бағаны еркіне  жібергенде Қазақстанда бұрынғы бағаны ұстап тұру Қазақстан нарығында Ресей тұтынушыларын толық баға диверсиясына әкеп соғып, Қазақстан тауларын Ресей тұтынушылары толығымен алып кетуге жағдай туған болар еді.

    Нарықтық  экономикаға өтуге негізделген  толық бағдарлама болмаған жағдайда бағаны ырықтандыру асығыс жасалған саясат болды. Бірақ Ресей үкіметінде жаңа реформаторлардың көзқарастары үстем  болды  олар Халықаралық  валюта қорының ұсынымдары бойынша бағаның  ырықтануын жақтап, оған нарықтық  қатынастарды жеделдетуші және нарықтық экономиканың негізін қалаушы фактор есебінде қаралы. Осылайша нарықтық  инфрақұрылымдар әлі жетілмеген жағдайда, өндіріс пен оның өнімдерін бөлуде мемлекеттік монополияның үстемдігі жүріп тұрған кезде бағаларды ырықтандыру процесі басталып кетті.

Қазақстан ол кезде өз бетінше монетарлық саясат жүргізуге мүмкіндігі жоқ еді. Елде дербес ақша айналымының (ұлттық валютаның) жоқтығы макроэкономикалық тұрақтану  мүмкіндіктерін шектеді. Сонымен қатар жаңадан құрылған тәуелсіз мемлекеттердің «рубль аймағында» болуы әрбір елде бақылаудан ты эмиссиялық орталықтардың құрылуына жол ашты. Ал бұның өзі сол елдерде инфляциялық процестердің дамуына себеп болды. Бағаны  босатумен бірге елде инфляция орши түсті, ол алдымен гиперинфляцияға, соңынан стагфляцияға ауысып, Қазақстанда терең эклномикалық дағдарыстың басталуына алып келді. Қазақстанда бағаны ырықтандыру бірнеше кезеңнен тұрды. Бастапқы кезеңде экономиканың базалық салаларына бағаларды мемлекет шектелген коэффицент арқылы реттеп отырады. Реттелген бағалар біраз уақыттан кейін қайта қарастырылып, ұлғайтылып отырды. Бұл қуат көздеріне бағалардың бақылаусыз өсуіне тосқауыл қойды. Соған қарамастан 1992 жылы бағалар 1991 жылғы бағалармен салыстырғанда көмірге- 8,5 есе, мұнайға- 11,8 есе, шазға- 7,6 есе, электр қуатына- 6,7 есе өсті. Бірақ энергия көздеріне бағаны мемлекеттік реттеулерді сақтау кәсіпорындарға қиынға соқты. Материалдық ресурстарды еркін бағамен сатып алу оларға өзінің меншікті  қаржылық ресурстарын жасауға мүмкіндік бермеді. Туындаған қиындылықтар бағаларды реттеуден бас тартып, еркін бағаға өтуге әкелді. 1994 жылдың сәуірінен бастап мұнай және көмір бағалары босатылды, электр және жылу қуаттарына тарифтер тек 1994 жылдың ішінде үш рет жоғарылады. Инфляцияның деңгейін ескеріп, бағаны индекстеудің теріс іс-тәжірибесі жүргізілді. 1994 жылы экономиканың аграрлық секторында бағаның еркін қалыптасуына соңғы шектеулер алынды. 1991 жылғы бағамен салыстырғанда тұтыну тауарларының бағасы 1992 жылы 30 есе өсті (30,6), өнеркәсіп тауарларына баға 40 есе (39,17), жүк тасу тарифтері 21 есе асты.Зерттеулер бойынша бағалардың жалпы индексі (барлық өнеркәсіп өнімдерінің) 1992 жылғы деңгейі 1990 жылдан 72,4 есе асты. Бағаның орташа айлық өсу қарқыны 1992 жылы 33% - ды құрады. 1993 жылы -30,1%; 1993 жылдың қарашасында ай сайынғы бағаның өсімі ең жоғарғы деңгейге -55,5% - ға жетті.Таурлар мен қызметтер бағасын жаппай және тез жоғарылауының себептері көп болды. Бағалардың өсуінің ең жоғарғы деңгейі  Ресейдегі қуат көздеріне бағаның жоғарылау кезеңімен сай келіп отырды. Бағаның ырықтануы қоғамдық өндірістің құрылымында үйлесімсіздік туғызды, экономикада өндірістің құлдырауы, гиперинфляция және стагфляция құбылыстары орын алды. Бағалардың өсуі еңбекақыны жоғарылатуды талап етті, ал материалдық ресурстардың қымбаттауы және еңбекақының өсуі өнімдердің өзіндік құнын жоғарлатты. Мұның бәрі «баға- еңбекақы» сынды классикалық инфляция бұралымының дамуына алып келеді. Бағаның және атаулы еңбекақының тұрақты түрде өсуі 5 жылға созылды  (1992-1996 жж.).

    Бастапқы  кезде бағаның күрт көтерілуі  реформаға дейінгі ақша массасының шектен тыс көбеюіне болды. Ырықтандырудың нәтижесінде ТБИ ( тұтынушылар бағасының  индексі) 30,6 есе өсті, ал ақша массасы 9,9 есе өсті. Бағаның және ақша массасының өсуіндегі осындай үлкен айырмашылық айналымда есепке алынбаған ақша жиыныңың  болғанын көрсетеді. Тұтынушылар нарығында олар сұраныс инфляциясын ұлғайтса, өнеркәсіпте шығын инфляциясын дамытты. Ал бұл өндірісте қыруар материалдық және энергиялық қуат жұмсауды, шығарылған өнімдерде олардың үлкен үлес салмағы болуын қажет етті. Осылайша, асығыс түрде жүргізілген бағаны ырықтандыру саясаты республикадағы тамыры тереңге кеткен экономикалық дағдарыстың, гиперинфляция мен стагфляцияның негізгі шығу себептері болды. Жоспарлы экономика жылдарында жинақталған инфляциялық күш « баға- еңбекақы» инфляциялық бұралымын одан әрі айналдырып, ашық түрдегі баға инфляциясына өтті. Өнеркәсіп салаларының қуат көздеріне, шикізаттарға, материалдарға, сырттан жабдықтамаларға тәуелділігі және өндірістің бір жақты шикізатқа бағытталуы, нарықтық инфрақұрылымдардың жетілмегендігі Қазақстанда инфляциялық процестерді дамытып, одан әрі күшейтті. Инфляциялық проццесстердің дамуында монетарлық және монетарлық емес факторлар айқын орын алды.

                   
 
 
 
 
 
 

                          2.2. Экономикадағы ақша массасының өсуі.

    Экономикадағы ақша массасының негізгі өсу себебі орталық және коммерциялық банкілердің  кредиттік эмиссиясы болды. Ұлттық банкінің мәлімет- деректері бойынша  1993 жылдың тамызынан 1994 жылдың тамызына дейін (үкіметке, коммерциялық банкілерге, ЭЖҚ ( экономиканы жаңарту қоры) есебінен және басқа қарыз алушыларға) берілген кредиттердің сомасы 5,7-ден 22,4 млрд теңгеге дейін көбейді. Ұлттық банк бөлген кредит ресурстарының құрылымында коммерциялық банкілерге және үкіметке берілген кредиттердің үлесі елеулі орын алды.

          Әсіресе үкіметке берілген кредиттер көлемі көп өсті – 46 есе. Бұл 1993-1994 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің  тапшылығы (1994 ж.-7% ЖІӨ- ге) Ұлттық банкінің кредитімен қаржыландырылғанын көрсетеді. Мемлекеттік бюджеттің елеулі тапшылығы қолма-қол ақшаға айналып, ол соңынан инфляцияны қоздырушы  факторға айналды. Сонымен қатар 1994 жылдың наурыз-сәуірінде кәсіпорындардың, шаруашылық субъектілерінің берешегін «республикалық есепке алап, өзара өтеу» шарасы жүргізілді. Бұл шара Ұлттық банкінің айналымға қосымша ақша шығаруына (эмиссия) алып келді, ол инфляцияны өсіруге өз әсерін тигізді. 

Информация о работе Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі