Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 05:51, реферат

Описание

Алғаш рет кәсіпкерлік және кәсіпкер терминін ХVII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж) енгізді. Ол: «Кәсіпкер– тәуекел негізінде пайда табу мақсатында өндірісті ұйымдастыратын адам» деген.
А.Смит «Халықтар байлығы мен себебі туралы зерттеулер» еңбегінде кәсіпкердің сипатына көп назар аударады. Ол кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатында тәуекел ететін меншік иесі деп сипаттайды. Кәсіпкер өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді.
Атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950) : «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу».
Француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832) былай деген: « Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». Яғни кәсіпкерлер– алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар.
Еуропа және Қытай арасындағы сауданың даму негізінде тұрған саяхатшы Марко Поло да кәсіпкерлікке анықтама беріп өтті: « Кәсіпкер – сыртқы саудамен айналысатын адам» деген.

Содержание

І. Кәсіпкерліктің теориялық негіздері.
ІІ. ҚР-дағы кәсіпкерлік.
ІІІ. Жамбыл облысындағы кәсіпкерлікке сипаттама.
Қорытынды.