Шохан Уәлиханов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 19:04, реферат

Описание

Шоқан (Мұхаммедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш және талантты өкілдерінің бірі. Ол – өз дәуіріндегі орыстың прогресшіл ғылымы мен әдебиеті, мәдениеті дәстүрінде тәрбие алған, әр алуан ғылым саласын меңгерген және оны алғаш зерттеген адам. Оньщ философия, этнография, тарих, экономика, құқық, жағрафия, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы жайындағы кұнды-құнды еңбектері мен пікірлері бар.

Работа состоит из  1 файл

Шоқан УӨЛИХАНОВ.doc

— 152.50 Кб (Скачать документ)

«Бағу-қагуда көп мағына бар»

«Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен қисық біткен? — деп сұрады баласы. «Ата-ананның тілін алсаң, ана ағаштай сен де түзу кісі болып өсерсін. Бағусыз кетсең, сен де мына қисык ағаштай болып, бағусыз өсерсің. Мынау ағаш бағусыз өз кал-пымен өскен» деді атасы. «Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой», — деді баласы. Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің кате жерінді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып әсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық біткен ағаштай өсерсің», — деді.

Ыбырай «Бақша ағаштары» атты әңгімесінде осылай деп жазады. Бұдан жазушыньщ жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге, оларды «бағып-қағуға», жаксы мінез-күлыққа үйретуге мән бергені көрінеді. Сондықтан да ол бірсыпыра әңгімелерінде

2-434

33тәрбие арқылы бала бойында қандай кдсиеттерді дамыту ке-ректігін көрсетеді.

Соның бірі — талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы алға баспаған болар еді. «Талапты ерге нұр жауар» деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған. Жастық шақ — жігер, қайраттың мол кезі, бойдағы жақсы касиеттерді жарыққа шығарып калатын кез, ол үшін талап керек. Талаптан да, өмірден керегінді тандап ал.

«Талаптың пайдасы» деген әңгімесінде Ыбырай осы идея-ны көтереді.

Даңқты I Петр шіркеуге барып ғибадат етіп тұрғанда, сурет са-лып жатқан бір баланы көреді де, оның не жасап жатқанын сұрай-ды. Бала: «Сіздің суретіңізді салып жатырмын!», — дейді. Петр суретті көрсе, мәз еш нәрсесі жок екен. Бірақ ақылды Петр патша ол баланың суретке талабы бар екенін аңғарып, сурет салуға үйре-тетін оқуға бергізеді. Кейін сол бала үлкен суретші болады.

Жазушының бұл арадағы көздегені — Петрдің акылдылы-ғын көрсету емес, жас баланың талабын, сол талаптың арқа-сында неге қолы жеткенін керсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дөлелдеу.

Мейірімділік, рақымды болу, адамға жақсылық ету, төзімділік сияқты жаксы қылықтар «Мейірімді бала», «Ауру-дан аяған күштірек» сияқты әңгімелерінде сөз болады.

Мейірімділік баланың үй ішіне деген махаббатынан баста-лады. Әркім алдымен өз ата-анасын, туғандарын жаксы көреді, сыйлайды. Ыбырай ата-ана мен бала арасындағы осындай жылы қарьш-қатынасқа ерекше мән береді. «Мейі-рімді бала» әңгімесінде ол патшаның үкімі бойынша, қолы кесілуге бұйырылған әкесі үшін 13 жасар қыздың патшаға арыз етіп, өз колын кесуге ұсынғанын жазады. Қыз: «Тақсыр, жұмыс істеп, бала-шағаларын асырайтын атамньщ қолын қал-дырып, мына менің қолымды кесіңіз», — дейді.

Ананы сүйе білудің айқын үлгісін жазушы «Аурудан ая-ған күштірек» деген әңгімесінде айқын керсеткен. Бұл әңгі-меде аяғы сынған Сейіт деген бала ауруы қанша батса да, анасын қиналтпау үшін кдбақ шытпағандығы айтылады. «Ау-ырмак түгіл жаным көзіме көрініп тұр, бірак менің жанымның қиналғанын көріп, әжем де қиналып жыламасын деп жатыр-мын», — дейді ол.

Алғашқы әңгімедегі қыз да, сонғы әңгімедегі Сейіт шын мәніндегі мейірімді қылықтарымен ерекшеленеді, мұның негізінде жалпы адамды сүйетін жаксы сезімдер жатыр. Олар біртіндеп жетіліп, отан сүю, ел сүю сезімдеріне ұласатыны даусыз. Ыбырайдьщ мейірімді балалары нағыз отаншыл аза-маттар болатынына сенесің.

34

«Түрлі орыс хрестоматияларынан»

«Қазақ хрестоматиясына» жазған алғы сөзінде Ыбырай біраз шығармалардың «Түрлі орыс хрестоматияларынан, көбі-несе Паульсонның хрестоматиясынан» аударылып алынғанын айтады. Бұл — Ыбырайдың қазақша оқулық жасауда орыс оқу-лықтары үлгісін пайдаланумен бірге, балаларға тәрбие беретін шағын шығармалардың басқа халықтағы нұсқаларын да кітап-қа кіргізу ниетін ұстағанын көрсетеді. Сол арқылы Ыбырай жастарды озық әдебиеттер үлгілерімен, орыстың ағартушылык ой-пікірімен таныстыруды мақсат етті.

Сөйтіп, ол «Қазак хрестоматиясына» кірген біраз матери-алдарды И. И. Паульсонның «Книга для чтения и практичес-ких упражнений в русском языке», К. Д. Ушинскийдін «Детский мир», «Родное слово», Л. Н. Толстойдың балаларға арналған кітаптарынан алды.

Олардың аудармалары көп жағынан еркін. Жазушы кей-біреулерінің сюжеті мен такырыбын алып, езінше жазған. Қа-зақ тұрмысына жақындатып, өзінің тел әңгімелерімен қатар қойған. «Бір уыс мақта», «Алтын шеттеуік», «Тәкаппаршы-лык», «Әдеп» (Паульсоннан), «Силинчи ханым», «Мұңсыз адам», «Данышпан қазы», «Үш ұры», «Жаксылықка жаман-дық», «Жаман жолдас» (Л. Толстойдан), «Түлкі мен ешкі», «Сауысқан мен қарға» (К. Ушинскийден), «Қайырымды түлкі» (И. Крыловтан), т. б. әңгіме-мысалдардың Ыбырай-дың өзінің төл шығармаларындай болып тұратыны да сон-дықтан.

Ыбырай — қазақ әдебиетіндегі тұңғыш аудармашы. Сон-дықтан ол аудармаға үлкен маңыз бере ұқыптылықпен қара-ды. Бірақ бұл ұқыптылық аударманың дәлме-дәлдігін сақтауда емес, шығарманы өзінің ағартушылық мақсатына лайықтап ала білуінде жатыр. Сол шығармалар арқылы ол озық мәдениеттің алдыңғы кдтарлы демократтық көзқарас-тарын әкелді, оның дамуына мүмкіндік жасады. Аударма жасау арқылы өзінің жазушылык шеберлігін де жетілдіре түсті.

Сонымен қатар, «Қазак хрестоматиясына» қазақтың балаларға лайық ауыз әдебиеті үлгілерінен әр түрлі аңыз әңгімелер («Лұқпан Хакім», «Жиренше шешен», «Таза бұлақ» т. б.), ертегілер («Қара батыр», «Тазша бала», «Ал-тын айдар»), эпостық шығармалардан («Қобыланды») үзінділері кіргізілді.

35

 

Мектеп инспекторы

1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспек-торы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылык қыз-метінің кең өріс алуына жол ашады. Ол жаңа үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879—1883 жылдар ара-лығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) уездік жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылады. Бұл мектеп қа-зак, даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды.

Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл беледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір саласы есебінде карайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйым-дастыруы — ұлы ағартушының бұл тұрғыда жасаған үлкен еңбегі.

Қазақ даласында мектептер санының артуына байланыс-ты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды күн тәртібі-не қояды. 1881 жылы Орск қаласында тұңғыш мүғалімдер мектебі ашылды.

Ыбырайдың инспекторлық және ағарту саласындағы қыз-метін аталған мектептерді ашу ісімен шектеуге болмайды. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оку жұмысының жанды ұйтқысы болды. Оқу-тәрбие ісін жаңаша ағартушылық бағыт-та ұйымдастырды. Бұл тұрғыда ол мұғалімнін атқаратын рөлін айрықша бағалады. «Халық мектептері үшін ең керектісі — оқытушы, — деп жазды ол. — Тамаша жақсы педагогика кұралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспектор бакылауы да оқытушыға тең ке-ле алмайды».

Ыбырай туған халкын ерекше сүйді, оньщ болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ағарту ісін айрықша ша-бытпен жүргізді. «Қазактарға — осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа_=--*ешікпей рухани және қоғамдық даму жолына ^сетшдүрыс бағыт беру — қалай дегенмен де аса қажет бо-лып отыр», — деп жазды ол 1883 жылы Торғай облысының әс-кери губернаторына жолдаған баяндамасында.

Осы жолда, халық пен оны ағарту мүддесін қорғау жолын-да, ол кәп қиыншылықтар да кездестірді. Ел ішіндегі ескішіл көзқарастарды, паракорлык пен өсекшілдікті аяусыз өшкере-леп отырды. «Заман осылай болған соң, амалын тауып, мүмкіндігі бар жерде қазақ халқының елдігін бұзып, болаша-ғын бүлдіріп жатқан жауыздықкд қарсы күресе беру керек», — деп санады. Бұл — Ыбырайдын демократтық, ағартушылық көзкдрастарынын толысқавдығының көрінісі.

36

Оқытудан, мектеп жұмысынан бос кезінде халық көпшілігімен қоян-қолтық араласып, олардың мұң-мұқтаж-дарына көңіл бөлген Ыбырай халық ортасынан шыккан та-лант иелері — ақын, әнші, әр алуан өнерпаздардың өсу, ілгерілеуіне көмек көрсетіп, жетекшілік еткен.

Көп акындар Ыбырайды өздерінің рухани камқоры деп білген. Сондықтан да олар Ыбырайдың іс-әрекетіндегі бұқа-рашылдықты, ел камын жеп, жұрт пайдасын ойлауын, ел ара-сындағы дау-шар мәселелерінде турашыл, әділдігін өздерінің елең-жырларына арқау еткен. Оны әділдікті қолдаушы адам-ның үлгісі етіп алған. Мысалы, Сейтахмет ақын өзінің «Бір на-шардың әділ төреге айтқан сөзі» деген өлеңінде бай мен кедейдің арасындағы бір дауға төреші болған оқымысты қа-зактың әділдігін керсетеді. Дауды тындап болып, оқымысты шындық кедей жағында, байдікі — дәукестік, әлсізге жасап отырған зорлық екенін айтады да, билікті кедейдің пайдасына шешеді.

Ы. Алтынсарин сол кездегі Орынбор, Қазан қалаларында-ғы Шығыстану ғылымымен шұғылданушы В. В. Григорьев, Н. И. Ильминский, В. В. Катаринский, халық ағарту қызмет-керлері — Я. П. Яковлев, А. А. Мазохин, тағы баскалармен тығыз карым-қатынаста болған. Оку-ағарту мәселелері жөнінде олардан көп көмек алған. Әрине, олармен істес бол-ғанда қазақ халкының келешек тағдырымен байланысты бар-лық мөселелерде бір пікірде болмаған. Бірақ олармен сол үшін қарым-қатынасын бұзбай, тартыспай-ақ Ыбырай өзінің ойға алған жұмысын жүзеге асыра берген. Мәдениетті де та-лантты педагог-жазушы, әрі мінезге бай, адамгершілік, жол-дастық қасиеті мол Ыбырай орыс жолдастарының арасында мейлінше беделді, құрметті саналған.

Қазак халқын мәдениетке үндеп, халық ағарту мәселесін-де көп еңбек еткен қазақтың тұңғыш педагогі, әрі ақын, әрі жазушы Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы дүние салған.

«Тұңғыш кемеңгер»

Ыбырай қайтыс болғанда «Оренбургский листок» газетін-де берілген казанамада оның орыс достары: «Ыбырай Алтын-сарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдени-еттің жарық сәулесін таратты және оларды Ресейді сүюге ша-қырды», — деп жазды.

Бұл — Ыбырайдың тарихи еңбегіне берілген зор баға еді және ол күні бүгінге шейін маңызын жойған жоқ.

37

 

Ыбырайдың педагогтік, ағартушылық, жазушылык көзка-растары орыстың революцияшыл-демократтарының, озык ойлы ағартушылары мен жазушыларының шығармалары, пікірлері негізінде калыптасты. Ол мектепте жүргенде-ақ Пушкин, Лермонтов шығармаларын оқыды. Бертін келе Гер-цен, Белинский, Чернышевский, Толстой енбектерімен та-нысты. Ушинский, Паульсон, Бунаков, Корф, Водовозов сияқты ағартушы-педагогтердің кітаптарымен жақсы таныс болды.

Ыбырай казақ қоғамының мешеулік күйін терең танып, оны өз замандастарынын алды болып прогреске жетеледі. Қо-ғамдық жаңарудағы орыс мәдениетінің рөлін айқын түсініп, қараңғы қазақ халқы арасында оны таратудын белсенді жар-шысы болды. Онын бүкіл өмірі, ағартушылык еңбегі осыған арналды. Ескішіл қараңғылықтың ортасында жалғыз жүрген Ыбырай өз ісіне бөгет болған кертартпалықтың бәріне кдрсы күресе білді. Осы негізде оның демократтық кезқарасы те-реңдеді.

Қазақтын оқу-ағарту жүйесіндегі тұңғыш қайраткері бола отырып, Ыбырай озык ойлы ағартушылардың көзқарасы негізінде жас үрпақты тәрбиелеуге ұмтылған жана ғылымның іргетасын кдлады. Оқулықтар көлемінде болса да, қазақтын жазба керкем әдебиетін дамытты. Орыс өдебиетінен үйрене отырып, казак прозасын, әсіресе, оның шағын үлгілері — әнгі-ме мен новелланың негізін салды. Қазақ елеңін мазмұн жағы-нан жаңартып, өз мақсаты үшін үгітке пайдаланды. Табиғатты жырлауға арналған түңғыш өлендер жазды.

Шығармаларында өз заманының шындығын жан-жақты бейнелеп, дәуірдің озык идеяларын насихаттау, феодалдык ескілік пен ел билеуші орыс чиновниктерінің әділетсіздігін сынау арқылы Ыбырай өмірді реалистікпен суреттеу деңгейі-не көтерілді. Оның реализмінің ағартушылык сипаты педа-гог-жазушының бүкіл шығармашылык еңбегімен, көзкара-сымен байланысты туды. Кей шығармаларда («Бай баласы мен жарлы баласы», «Залым төреге») Ыбырай орыс сыншыл реа-лизмінің үлгісіне бетбұрыс танытты. Бүл — Ыбырай Алтынса-риннің қазақ әдебиетіне орыс реализмінің суреттеу, бейнелеу жолдарын кіргізудегі тарихи еңбегі.

Ыбырайдың әдебиет саласындағы негізгі еңбегі балаларға арналған. Ол өз шығармаларын да, аудармаларын да, қа-зақтың ауыз әдебиетінен алған үлгілерін де балалардың ой-са-насына, ұғымына лайықтап жазды. Шығарманың баланы кызықтыратын оқиғалы болуын, кыскд, тартымды жазылуын қадағалады. Мазмүны жағынан әдебиеттің бала тәрбиесіне тікелей өнеге болатын жағын ескерді. Мүның бәрі Ыбырай

38

Алтынсаринді қазак, балалар өдебиетінің негізін салушы деп айтуға мүмкіндік береді.

Ыбырай көркем әдебиет тілінің тазалығы үшін күресті. Балаларға таза ана тілін үйретуді мақсат етті. Оның қазақ тілін былғап, татар, парсы сөздерімен араластырып жүрген діни адамдармен күресі мүны анық дөлелдейді.

Сөйтіп, Ыбырай шын мағынасында, оның орыс достары дәл көрсеткендей, «қазақ арасынан шыққан тұңғыш ке-меңгер» болды, өз еліне «Еуропа мәдениетінің жарық сәу-лесін таратты». Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы және оны озық ойлы әдебиеттердің арнасына түсіруші есебін-де де ол ірі қайраткер болып саналады.

ТАПСЫРМА

1.   Ыбырай   Алтынсарин   өмірінің   басты   кезеңдері   жайында   айтып беріңдер.

2.  Ыбырай неге әкімшілік қызметтен гөрі мұғалім болуды таңдады? Оның    мұғалімдік,     мектеп    инспекторы    қызметіндегі    еңбегін    еске түсіріңдер.

3.  «Қазақ хрестоматиясын» жазуға не себеп бопды? Ыбырайдың оны жазудағы мақсаты мен принциптері қандай?

4.  «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдерінің мазмұны мен идеялық-көркемдік ерекшеліктері жайында айтыңдар. Екі өлеңді де жаттап алыңдар.

5.   Ыбырайдың   табиғатты   суреттеуге   арналған   қандай   өлеңдерін білесіңдер?  Ол өлеңдердің қазақ әдебиетіне әкелген жаңалығы,  көр-кемдігі жайында әңгімелеңдер.

6.  Ыбырай әңгімелерінің тақырыптық, көркемдік, идеялық мазмұнын ашыңдар. «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейтқұл» әңгіме-леріндегі өмір суреттерінің реалистік сипатына назар аударыңдар. Ыбырай-ды неге қазақ балалар әдебиетінің атасы дейміз?

Информация о работе Шохан Уәлиханов