Герберт Спенсер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 05:56, биография

Описание

Герберт Спенсер (1820-1903 ж.ж.) - ағылшын философы, әлеуметтанушысы, психологы және инженер, әлеуметтанудың негізін қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі. 1820 жылы Англияның Дерби деген шағын каласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді.

Работа состоит из  1 файл

Герберт Спенсер.docx

— 16.89 Кб (Скачать документ)

Герберт Спенсер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Герберт Спенсер (1820-1903 ж.ж.) - ағылшын философы, әлеуметтанушысы, психологы және инженер, әлеуметтанудың негізін қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі. 1820 жылы Англияның Дерби деген шағын каласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жаска дейін мектепке бармаған. Спенсер өз өмірінің көп бөлігін тұрлі академиялык және ресми қызметтерден бас тарткан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді. Еңбектер жазуға дейін ол теміржолда инженербақылаушы болып (1837 - 1846), "Экономист" журналының екінші редакторы (1848 жылдан бастап) болып қызмет аткарды, саяси өмірге араласуға тырысты. Спенсердің басты еңбегі — "Синтетикалық философия" жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қамтьщы: "Негізгі бастамалар" (1862, болмыстың алғашқы принциптері туралы кітап), "Биологияның негіздемелері" (1864 - 1867), "Психология негіздемелері" (1879 - 1893), "Әлеуметтану негіздемелері (3 томдык, 1876 — 1896). Баска да аса маңызды әлеуметтану еңбектері — "Әлеуметтік статика" (1850) және "Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде" (1873). Спенсер өзінің теориясывда эволюциялық сатылардьщ сызықтық емес тұжырымдамасын бейнелейді. Ол прогресті қоғам күрделілігінің дөрежесімен өлшемек болды. Адамзат қоғамы дамуының ортақ үрдісі С. бойынша қарапайым бөлінбеген тұтастықтан күрделі гетерогенді құрынымдарға өту қозғалысы болды, мүңда неғүрлым маманданған бүтіннің бөлшектері өзара байланыса отырып жеке-жеке салаларға бөлініп кетеді. Спенсердің айтуынша, қоғамньщ дамуы барысында бір әлеуметтік институттар орындаған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені ендігі жерде жаңадан пайда болған немесе бүрыннан бар институттар арасында бөлінеді. Саралану қоғамның өртұрлі бөлшектерінің үдемелі мамандануын білдіреді де, қоғам ішіндегі гетерогеңцікті көбейте түседі. Мәселен, бұрыңғы заманда отбасы репродуқтивті, экономикалық, құрылымдықжәне аздап саяси функциялар аткзрды. Алайда қоғам дамыған сайын, бұрындары бір ғана әлеуметтік институт — отбасы атқарған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені еңдігі жерде баска институттар арасында бөліске түседі. қалай дегенмен де, қазіргі қоғамдарда Жұмыс пен білімнің мамандандырынған институттары отбасынан тыс дамуда. Сонымен, Спенсер эволюция деп аталған процеске мынадай жалпы анықтама береді. Эволюция дегеніміз — қозғалыстың тармақталуымен қоса жүретін және оның барысында зат белгісіз, байланыссыз әртектілік күйінен белтілі, өзара байланыскзн әртеқті күйге әсер ететін заттар интеграциясы, ол зат сақтаған қозғалыс дәл осындай өзгерісті бастан кешіреді. Спенсер бірінші тәсілді — органикалық үқсастықты дәйекті тұрде жақтады. Бұл оның позитивистік ұстанымынан туған еді. Қоғамды организмнің ерекше тұрі деп карастыратынын айта келіп Спенсер бынай деп мәлімдейді: "Біз қоғамды ерекше мән ретінде карастыруға күқынымыз; себебі ол дискретті бірліктерден құралса да, әр қоғамньщ алып отырған орны шеңберіндегі жалпы ұқсастықтарды ғасырлар бойы және тұтас ұрпақтарда сақтау олардың күрған агрегатыньщ белтілі бір нақтылығын корсетеді". Бұл агрегатты қай тапқа — органикалық немесе органикалық емес тапқа жатқызу кереқтігі күдік туғыза қоймас: әрине, органикалық тапқа жатады. "әлеуметтану негіздері" деген еңбек тарауларының бірінде "Қоғам дегеніміз организм" деп аталады. Әлеуметтік және қоғамдық организмдердің үқсастықтары: 1) биологиялық организм сияқты қоғамның көлемі үлкейіп, өседі (органикалық емес агрегаттарда Бұлай болмайды); 2) биологиялық және әлеуметтік организмдер өскен сайын өзгеріп, олардың ішкі құрылымы күрделілене түседі; 3) биологиялық организмдерде де, әлеуметтік организмдерде де құрылымның күрделіленуі олардың органдарының әртұрлі функцияларының саралануын тудырады; 4) екінші және үшінші проңестер барысында құрылымды құрайтын барлық органдардың өзара әрекеті мен ықпалы дамып күшейеді; 5) қоғамда да, биологиялық организмде де тұтас нәрсе ыдырай бастаған кезде, жеке бөлшектер белтілі бір уақытта өзінің тәуелсіз тіршілігін жалғастыра алады. Сонымен қатар, агрегат өмірін қысқартатын ешбір апат болмаса, тұтас нәрсенің өмірі оның бөлшектеріне қарағанда ұзақ болады. Сонымен біз тұтас организмнің өмірі — биологиялық болсын, әлеуметтік болсын — оны күрайтын бөлшектердің өміріне, соларға тәуелді бола тұрса да, солардан түзілетін болса да, оларға мүлдем үқсамайтынын көреміз. Әйтсе де биологиялық және әлеуметтік организмдердің арасындағы ұқсастығының айқындығы соншалық, оны байқамау мүмкін емес. Спенсердің ойынша, әлеуметтік организм үш негізгі органдар (институттар) жүйесіне бөлінеді: реттеуші (басқарушы), өңдірістік (қолдаушы) және реттеп-таратушы (қатынас жолдары, көлік, сауда, т.б.) Ғылымға қазіргі мағынасындағы "эволюция" терминін енгізгеннен баска Спенсер жалпы ғылыми әлеуметтану парадигмасының қалыптасуына қандай жаңалықтар енгізді? Біріншіден, Спенсер қоғамдық күбыныстарды талдауда эволюциялық әдіс қолданды. Екіншіден, ол эволюция идеясының жануарлар-өсімдіқтер әлемі мен қоғамға ғана емес, сонымен бірге органикалық емес табиғатқа да қолданылатынын көрсетті — Бұл идея геологияда жақсы дамыды. Ал үшіншіден, эволюциялық әдіске сүйене отырып, Спенсер Еуропада жаңа заманнан бері қалыптасқан прогресс өлшемдері жөніндегі түсінікті қайта қарастырып, әлеуметтанудың ғана емес, сондай-ақ жүйелі талдаудың калыптасуына да маңызды рөл аткарған прогресс-эволюцияның өзіндік тұжырымдамасын жасады. [1]


Информация о работе Герберт Спенсер