Бактериялардың цитоплазмалы мембрана құрылысы және цитоплазмалы мембрана арқылы қоректену тасымалдау механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 22:19, реферат

Описание

Электронды микроскоптың көмегімен бактерия құрылымының толық жасушасын және оның ультражұқа кесіндісін зерттейді. Бактерияның негізгі құрылымына жатады: жасуша қабырғасы, цитоплазмалық мембрана, цитоплазмалық қосынды және нуклеоид деп аталатын ядро. Бактерияның қосымша құрылымдары болуы мүмкін: капсула, микрокапсула, шышыш, талшық,фимбрия, пили; кейбір бактериялар спора түзуге қабілетті. Өлшемі микрометрмен (мкм) өлшенеді. 1мкм-1000 нанометрге (нм) тең. Нм бактериялардың жеке компоненттері өлшенеді.

Содержание

Бактерия жасушасының құрылымы.
Жасуша қабырғасы.
Цитоплазмалық мембрана.
Нуклеоид.
Капсула.
Талшықтар.
Фимбриялар және пилилер.
Споралар.
Бактериялардың пішіндері.

Работа состоит из  2 файла

Бактерия2.ppt

— 755.50 Кб (Открыть документ, Скачать документ)

микроскопия.ppt

— 867.00 Кб (Скачать документ)

ТАҚЫРЫБЫ: МИКРОСКОПИЯ ТҮРЛЕРІ

Жаншылған " және "ілінген " тамшыларды дайындау техникасы.

 

  • "Жаншылған" тамшыны дайындау үшін пшнының ортасында пішендік тұнбаның тамшысын тамызып, жабатын шынымен ақырын жабады. Сұйықтықта ауа көпіршіктерінің түзілмеуін қадағалайды.
  • «Ілінген» тамшыны дайындағанда зерттелінетін материалды жапқыш шыныға тамызады. Шынының ай тәріздес ойығының жиектерін вазелинмен майлап, жапқыш шынымен ақырын жауып, төңкереді. Тамшы ауасыз жабық ылғалды камерада болады. Белсенді қозғалушы таяқшалар көру алаңын тез «қыйып өтеді».
  • «Жаншылған» немесе «ілінген» тамшыны микроскоптың үлкен ұлғайтқышында немесе иммерсионды жүйемен көлеңқелі көру алаңында тарылған диафрагма жөне түсірілген конденсор көмегімен көреді.

Леффлер бойынша бояу

 

  • Препаратты 18-24 сағаттық дақылдан келесі үлгіде дайындайды. Материалды конденсацияланған судың жанынан алады, 1-2 мл стерилді құбыры суы бар пробиркаға ауыстырады, суға араластырмай жайлап батырады, пробирканы бөлме температурасында 30-60 мин үстайды. Содан соң   бактерияның   сүйықтығын   шыныға   тамызылған   су   тамшысына
  • ауыстырады және оның кебуіне мүмкіндік береді. Талшықтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін машшуляция кезінде, жағындымен жүмыс істегенде өте сақ болу қажет.
  • 2. Бөлме температурасында келесі құрамды: 1 мл фуксиннің қанықтырылған спиртгік ерітінді қосылған 5 мл күкіртқышқылды темірдің сулы қаныққан ерітіндісі мен таниннің 25% сулы ерітіндісімен 10 мл қоспа.
  • 3. Сумен мұқият жуып ауада кептіріп құрғатады.
  • 4. Жайлап қыздыра отырып (буын шығармай) 3-4 мин Цильдік фуксинмен бояйды.
  • 5. Сумен жуып кептіреді (жалын үстінде).

Фазалы контрасты және  қара көленкелі микроскопия

 

  • Фазалы контрасты микроскоп боялмаған препараттарды, тірі объектілерді, микроорганизмдердің көбеюін жөне т.б. зерттеу үшін қолданылады. Осындай объектілерді зерттеу сонымен қатар қаракөлеңкелі көру   алаңында  да  (тарылған  диафрагма  және  түсірілген   конденсор) жүргізілуі мүмкін.
  • Жарық шоғырының боялған препарат арқылы өтуінде жарықтың жарқындылығының өзгеруі жүреді, яғни жарық толқынының амплитудасы езгереді. Осындай амплитудалық өзгерістер адам көзімен жеңіл көрінеді. Жарық шоғыры боялмаған мөлдір препарат арқылы ете отырып, өзінің жарқындылығын жоғалтпайды. Ал, тек жарықтық объект арқылы өту жылдамдығы әзгереді. Осындай фазалы тербелістер көзбен қабылданбайды, көрінбейді. Фазалы контрасты қүрылғының кемегімен фазалық керінбейтін өзгерістердің амплитудалық контрастылы көріністерге алмасуы жүреді.
  • Фазалы контрасты құрылғы сақиналы диафрагмасы бар арнайы фазалық конденсордан және сақина пішініндегі фазалық пластинкалар орналастырылған объективтен тұрады. Конденсор және объективтер кәдімгі микроскопқа орналастырылады

Жарық шоғыры объекті  және диафрагманың сақиналы саңылауы  арқылы ете отырып керу түтікшесімен  объективтің фазалы пластикасына  түседі

 

  • Фазалы контрастілеу әдісі оң (объектінің көлеңкелі бейнесі, жарық фонында) немесе теріс (көлеңкелі фонда жарық бейнесі). Жақсы нәтижелер оң фазалық контрастіде байқалады.
  • Фазалы контрасты микроскопияның негізгі шарты болып препараттың ең жақсы жарықталуы болып саналады.
  • Қара көлеңкелі микроскоп, қальтты микроскоптан препаратты жарықтандыру әдісімен ерекшеленеді: ашық бүйірлік жарықтандыру қолданылады, соның нетижесінде жарықтанушы объектінің бейнесі көлеңкелі фонда алынады. Бұл кезде қиғаш сәулелер объективке түспейді және керу түтігіне, соның әсерінен көру алаңы толығымен жарықтанбаған түрде болады (қара көлеңкелі көру алаңы).

Спирохеталар. Морозов бойынша  күміспен бояу. 
Спирохеталар

 

  • Спирохеталар бактерия класына жатады. Олар диаметрі 0,1-0,6 мкм болатын ұзындығы 500 мкм-ге дейін жететін спиральді иілген жіңішке торшалар.
  • Спирохетелар үзындығы, өлшемі және орамдарының саны бойынша ерекшеленеді. Электронды микроскоп астында үш құрамды анық көрінеді: сыртқы         мембрана,         цитоплазматикалық        мембранасы         бар
  • цитоплазматикалық цилиндр жөне сыртқы мембрананьщ астында орналасып, спирохетаның цитоплазмасының айналасында оралып тұрған сияқты оған бүранда терізді пішін беретін жіптен (фибрилден) тұрады. Спирохеталар қозғалыс процесінде екіншілік орамдар деп аталатын ілмектер, орамдар, иілімдер түзеді. Спирохеталар бояуды нашар қабылдайды. Сондықтан оларды арнайы әдіспен Романовский-Гимзе бойынша күмістендіріп бояйды.

 

  • Морозов бойынша кумістеу.
  • а)  жақсылап тазартылған шыныға зерттелінетін материалдан жұқа етіп жағынды дайындаймыз, жағындыны ауада кептіріп, оны 2-3 мин дистилденген суға салады және қайтадан ауада кептіреді.
  • б) жағындыны 1 минутқа Руге сұйықтығына (100 мл дистилденген су + 1 мл мұздатылған сірке қышқылы + 2 мл сатылатын формалин) салады.
  • в)  Руге сұйықтығын төгіп жағындыны танин ерітшдісш (100 мл дистилденген су + 5 г танин + 1 мл балқытылған кристалды карбол қышқылы) құямыз. Жағындыны 1-2 минут бу шыққанша қыздырамыз. Бұдан соң жағындыны дистильденген сумен мұқият жуады.
  • г)  жағындыны 1-2 минут күміс ерітіндісімен (100 мл дистилденген суда 5 г азаотқышқылды күмісті ерітіп 20 мл құйып алады. Қалған 80 мл ерітіндіге аммияктың күшті ерітіндісін тұнған тұнба ерігенше тамшылатып қосып отырады содан кейін ерітіндіні шамалап себелейді) өңдейді. Шамалап қыздырғанда препарат қара-қоңыр түске боялады. Микроскоптың астында элементарлық денешіктер қара түске боялады.

Романовский -Гимзе бойынша  бояу.

 

  • Романовский-Гимзе  бояуының құрамы - азур қоспасы  (метилен көгінен алынатын бояу), эозңн және метилен көгі.
  • Препаратты бояр алдында 10 тамшы бояуды 10 мл дистилденген суда ерітіп 45 мин-1 сағат дейін бекітілген препаратқа құйьш қояды.
  • Сосын бояудан алып, сумен жуып, кептіріп және микроскоппен көреді.

Информация о работе Бактериялардың цитоплазмалы мембрана құрылысы және цитоплазмалы мембрана арқылы қоректену тасымалдау механизмі