Антика философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2011 в 17:51, реферат

Описание

Античная философия

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

С.pptx

— 265.40 Кб (Скачать документ)

С.Ж.Асфендияров  атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті 
 

СӨЖ

Тақырыбы:       Антика философиясы 
 

Тексерген:    Абдразакова Н.А.

Орындаған:  Муслимова А.

Топ:  (10-031-2 ЖМ) 2 курс

Жоспары: 

    • Кіріспе
    • Негізгі бөлім
    • Қорытынды бөлім
    • Пайдаланылған әдебиеттер

Антика философиясы 

    • Көне антика философиясы өзінің маңызын әлі  күнге дейін жоймаған,адамзат  тарихында алатын орны ерекше философиялық мектеп.Қазіргі заманғы философияның бастауы грек философиясы десек,қателеспейміз  деуге болады.Грек философиясымен жақынырақ  танысқан адам бұл тұжырыммен толық  келіседі деп ойлаймыз.
    • Ежелгі Грецияда философия ісімен айналысушылардың саны өте көп болғанын ескерте  кеткіміз келеді,олардың бізге жеткен есімдерін тізіп шығудың өзі  оқулықтың  бірнеше бетін алар еді.Біз антикалық философтардың  тек негізгілеріне тоқталдық  және қазақ тіліндегі философиялық әдебиетте олар туралы мүмкіндігінше  толық мәлімет берілген философиялық тұлғаларды жалпы түрде ғана талдадық.

Ежелгі Греция философиясының ерекшеліктері 

    • 1) Грек философиясы мифологиямен  тығыз байланысты дамыды,бірақ  ғылыммен байланысы  басымырақ  болды.
    • 2) Грек философиясы өзінің  рухани бай мазмұнымен ,жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті.
    • 3) Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси,экономикалық,географиялық ерекшеліктері және грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.
 
 
    • 4) Қоғамның экономикалық  дамуының  қарқындылығы осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың өмір салтына,тұрмыс деңгейіне рухани дамуына айқындаушы әсер етеді.

  
 
 
 
 
Көне Греция философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері
 

     

    • Антикалық философияның алғашқы ошақтары:б.д.д.7-6 ғ.кіші Азияның батыс жағалауы Иония,Оңтүстік Италияның грек қалалары,Сицилия аралдарының қалалары,Афина.

         Көне  Греция философиясын салыстырмалы  үш кезеңге бөледі:

    • Табиғат философиясы(натурфилософия)-Милет мектебі.Фалес,Анаксимандр,Анаксимен;
    • Грек философиясының ең мазмұнды кезеңі.Сократ,Платон,Аристотель грек философиясын өте биік деңейге көтеріп,зерттеу өрісін кеңейтті.
    • Б.д.д. 4 ғ.соңынан бастап Грецияның ыдырауы,грек  демократиясының құлдырауы,грек полистерінің саяси тәуелсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің,философиясының дағдарысына әкелді.

Көне Греция философиясының негізгі ұғымдары 

    • Апейрон:шексіз,формасы  жоқ алғашқы зат,барлық заттар осы  апейрондардан құралған.
    • Апория:шешімі қиын немесе шешілмейтін мәселелерге байланысты қолданылған ұғым.
    • Жан:дене мен материяға қарама-қарсы субстанция,психикалық құбылыстардың,сезімдер мен ұмтылыстардың,тірі мақұлықтың негізгі және оның санасының талпыныстарының жиынтығы.
 
    • Материя:дүниеде  өмір сүріп отырған обьектілер мен  жүйелердің бәрінің шексіз көптігі.
    • Метафизика:болмыстың,білімнің және мәдениеттің тәжірибеден жоғары принцциптері мен бастаулары туралы философиялық ілім.

  
Көне Греция философиясының негізгі өкілдері 
 

    • Милет мектебінің өкілдері Фалес,Анаксимандр,Анаксимен және тағы басқа ойшылдар.Олар ашқан немесе болжамдаған жаңалықтар әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ.Мысалы,Фалес ашқан үшбұрыштардың теңдігі теоремасы,календарь идеясы,Анаксимандр ойлап тапқан глобус,географиялық карта,Анаксимен тапқан астрономиялық метеорологиялық жаңалықтар.
    • Пифагор алғашқы бастау деп сандарды түсінді.Оның ойынша,сандар дүниедегі заттар мен адам өміріне реттілік пен үндестік береді,оларды әлемдікке,космосқа ұластырады.
    • Сократ өзінің мақсатын адамдарды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінген.Сократ философиясының басты обьектісі:адам.Білім- ізгілікке,ал надандық -зұлымдыққа жетелейді деген.Оның әйгілі: “Менің білетінім-мен ештеңе білмеймін,басқалар оны да білмейді”қағидаларының негізгі мазмұны осында.
 
    • Аристотель  зерттеген мәселелер аумағы өте кең.Аристотель өз философиясын заттардың себептілік концепциясы ретінде қалыптастырды және бар болып отырғанның не екені туралы мәселені ең басты деп қарастырады.
    • Гректердің  мәдениеті дамыған болатын.Олар құдайлар әлемді басқарады деп ойлаған.Ал олардың сүйген пенделері немесе балалары жердегі патшалар.Табиғат  әлемінде олардың алатын орны ерекше.Әрбір  табиғат құбылысын құдайлар басқарып отырады.Мысалы,Зевс басты құдай:найзағайды басқарады.Афина:әділеттілік.Апалон:аң аулаушылықты желеп жебеп отырған.Афродита:Махаббат.

Пайдаланылған әдебиеттер: 

    • Нұрышева  Г.Ж.Философия тарихы
    • Кішібеков.Философия
    • Ғабитов. Философия
    • Мырзалы. Философия негіздері

Информация о работе Антика философиясы