Жыныстық жолмен берілетін аурулар түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 15:06, реферат

Описание

Жыныстық жолмен берілетін аурулар күрделі проблема болып табылады. Мерезбен ауыру 2004 жылы 100 мың адамға шаққанда 79,3 оқиғаны құрады, соның ішінде әйелдердің арасында – 78,1, ерлердің арасында – 79,8, гонококк жұқпасымен ауыру 100 мың адамға шаққанда 76,2 оқиғаны құрады.

Жыныстық жолмен берілетін аурулар немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар жыныстық қатынастар арқылы беріледі.

Содержание

Кіріспе

2. Негізгі бөлім
СПИД-XX ғасырдың обасы
Мерез(сифлис), одан құтылу жолдары
Соз(гонорея)
Хламидиоз, оның алғашқы белгілері
Трихомоноз
Гонорея
С, В Гепатиті, жұқтыру тәсілдері мен шарттары
Герпес, оның алдын алу жолдары
Уреоплазмоз, Микоплазмоз
Үшкір кандилома

3.Қорытынды

4. Пайдалынған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

ОБЖ.doc

— 198.00 Кб (Скачать документ)

Бұл жатырдың кілегей қабатының зақымдалуына әкеледі. Бұл жағдай іштің төменгі жағын ауыртып, температурасын жоғарылатып, қынаптан ретсіз қанның бөлінуіне әкеп соқтырады. Жатырдың кілегейлі қабығының зақымдануы қауіпті, біріншіден ол жатыр түтігіне, жұмыртқасына және құрсақ қуысына инфекцияның өтуіне жол ашады; екіншіден- егер әйел жүкті болса, жатырындағы ұрық зақымдалып, оның дамуы нашарлайды.

Тағы бір  жағдай, жеткіліксіз емделсе, жұмыртқаның  зақымдануына, ал бұл келешек ұрықсыздыққа әкеледі. Егер құрсақ қусы зақымданса, онда қатерлі ауру құрсақ пердесінің қабынуына немесе перитонитке әкеледі. Ал, бұл, күрделі хирургиялық ауру.

Гонореяда иммунитет  болмайды, сондықтан тез қайтарылып жұғу пайда болуы мүмкін. Гонорея  жедел сатысында ғана адамға жұғады, бірақ ол созылмалы кезінде де жұғуы мүмкін.

 

Хламидиоз

 Хламидия–жұқпалы хламидиоз ауруын тудыратын бактерия. Хламидияның қауіптілігі-ағзада ешбір белгі білдірмейтіндігі жатыр. Індеттің бар-жоғын анықтау үшін арнайы медициналық тексерулерден өту қажет. Егер жұқпалы ауруды уақытылы ауыздықтамасаң оның зиянды салдарына душар болады. Хламидия жатыр түтікшелерінің қызметін бұзып, оның салдары бедеулік пен жатырдан тыс жүктілікке әкеп соқтырады. Инфекцияның алғы белгісі іштің төмен жағына ауырлық түсіретіндігінде. Ол басқа мүшелердің ауруын қоздырады. Хламидиядан қорлық көріп жүрген еркектердің жұмыртқасына суық тиіп, қуық жолары ісініп, кей жағдайда қызарып, дәрет сындыра алмайтындай жағдайға түседі.

 Хламидиоздың алғы белгілері. Сұйықтық түсінің өзгеріске ұшырауы, іштің төмен жағының бүріп ауыруы әйелдер ағзасындағы асқынған хламидияның көрсеткіші болып табылады. Еркектерде де сұйықтық мөлшерден көп бөлінеді. Хамидия әрқашан жаныстық қатынас арқылы жұғады. Берекетсіз жыныстық қатынасқа түсетіндерде бұл қауіпті індетке шалдығу мүмкіншілігі зор. Әсіресе 20 мен 30 жас аралығындағы ер азаматтар көп емделеді. Емделу процесі ұзақ инфекциядан сақтанудың бірден бір жолы-сауатты сақтану, әрі медициналық жолмен тексеріліп тұру. Ауруды жұқтырған адам міндетті түрде екі тарап та емделу керек. Бірі емделіп, екіншісі ем қабылдаудан бас тартса уақыттың зая кеткені. Сонымен қатар инфекцияның қайталануына жол бермеу керек, болмаса оның ауыртпалы көп болады.

Трихомоноз

Трихомониаз – бұлда жыныстық жолмен жұғады. Тұрмыстық: анальді-тік ішек, оральді-ауыз, ванигальды-күнделікті. Бедеулік, белсіздік, түсік, жарым-жартылай, өліп қалуы. Қоздырушысы қынап трихомонадасы, латынша “Trichomonas varinalis” деп аталады (1-сурет). Трихомоноз мерез және соз аурулары сияқты көп тарайтын аурулардың қатарына кіреді. Сулу ортада жыныстық қатынасқа түскенде жұқтыру қауіпі бар. Теориялық жағынан қарағанда ылғалды сүлгі мен дене ысқыштар қолданған кезде жұқтыруға болады, өйткені ондай ылғалды өмір сүру қабілеті бар трихомоноз қоздырғыштары сақталады. Дегенмен, тұрмыстық жолмен жұқтыру сирек кездеседі. Алғашқы белгілері 1-2 аптадан соң байқала бастайды. Ал еркектерде трихомоноз белгілері жасырын болуы мүмкін.

1-сурет. Трихомоноздың үлкейтілген көрінісі

Трихомоноздың еркектердегі алғашқы белгілері:

Ақшыл сұйықтықтың  бөлінуі;

Зәр шығару кезіндегі  қиналулар мен аурулар;

Простатит белгілерінің пайда болуы.

Трихомоноздың әйелдердегі алғашқы белгілері:

Қынап түтігінен  көп молшерде көпіршікті сұрлау-сары сұйықтықтың бөлінуі;

Қышу мен  жыныс мүшесінің сыртқы қабатының  қызаруы;

Зәр шығару кезіндегі  аурулар;

Жыныстық қатынасқа  түскен кездегі аурулар.

Трихомоноздың қауіпті екенін алдын мамандар біле қоймады, бірақ қазіргі таңда  трихомоноздың ВИЧ қоздырғышын жыныстық қатынас кезінде жұқтыру қауіпіннің ықтималдығын және уақытынан бұрынғы босанулардың болуын арттыратыны анықталып жатыр. Ал еркектерде аурудың соңы простатитпен аяқталуы мүмкін.

Соз( гонорея )

 Гонорея – жыныс жолымен жұғады. Тұрмыстық: төсек- орын, ішкі киім арқылы жұғады. Гонореямен ауырған адамға бедеулік, белсіздік пайда болады, түсік болады. Күннің жылуы кейбір жұқпалы аурулардың көбеюіне жол ашатыны белгілі. Әсіресе жыныстық жолмен жұғатын аурулар қатары арта түседі. Солардың бірі – гонорея (соз) ауруы. Сырқаттардан 999 адам 18 бен 44 жас аралығында, ал 63 кісі ата сақалы аузына түскен азаматтар. Кейбір азаматтар қауіптің қайдан келетінін білмеуі мүмкін. Бұл гонорея деген жыныстық жолдан бөлек тамақтан, ыдыстан және сүйісіп амандасқаннан да жұға береді. Сондықтан мүмкіндігі барынша бейтаныс немесе өзің сенбейтін адаммен сүйісіп амандаспаған абзал. Сол секілді бұл жерде тазалықтың басты орында болатынын ұмытпауымыз керек. Отбасындағы тазалыққа мән бермейтін әйелдердің балалары гонореяға ұшыраған кездері де жоқ емес. Гонореяның жедел, созылмалы және «белгісіз» деп аталатын үш түрі бар. Ең қауіптісі – белгісізі, яғни үшіншісі. Оны кім болса да білмей уақыт өткізіп алуы әбден мүмкін. Бұл уақытта талай адамға жұқтыруы да мүмкін.

Гонореяның  өзіндік белгілері бар. Адам өзінің гонорея жұқтырғанын жыныстық мүшесінен сары су немесе ірің аққанда барып біледі. Жеңіл дәрет кезінде қинап, қышуы да мүмкін. Әйелдерде белінен төменгі жағы тартып ауырып, «айлық қонағы» кезінде жағымсыз иіс пайда болады. Мұндай белгілер анықталысымен азаматтардың дәрігерге қаралғаны жөн. Өз бетімен емделіп уақыт өткізу сырқаттың алдағы өміріне қатер тудырады. Сонымен бірге гонореяның соңы белсіздікке де ұласуы ғажап емес. Сондықтан біз жаңадан үйленетін қыз-жігіттерге дәрігерлік тексеруден өтуі керек. Мұны әрбір жас сенімсіздік емес, тазалық, сақтық талабы деп қабылдауы керек. Себебі екеуінің де өмірлері алда болғандықтан қателікке жол бермегендері дұрыс.

C Гепатиті

 С Гепатиті вирусының ең басты қасиеті – оның генетикалық өзгергіштігі, өзгеріске өзгеше бейімділігі. С Гепатитінің вирусының 6 негізгі генотиптері белгілі. Дегенмен, вирустың өзгергіштік белсенділігі жоғары болғандықтан, адам организмінде бір генотиптің ішінде ішінара түрлері кездеседі. Бұл ең маңызды факторлардың бірі, өйткені бұл С Гепатитінің вирусының созылмалы түрінің тіршілік ету ұзақтығының жоғары жиілікте екенін көрсетеді. Адамның иммундық жүйесі антиденелерді уақытылы өңдей алмайды, өйткені вирусқа қарсы антиденелер өңделіп жатқан кезде тағы ол өзгеріске ұшырап, оның жаңа ішкі түрлері пайда бола бастайды. С Гепатиті вирусын жұқтыру үшін, яғни вирусы бар қанның келесі бір адам қанына енсе болғаны. Осы жолмен вирус қанмен бірге бауырға жетіп, бауырдың ішкі жасушаларына еніп, көбее бастайды. Бауыр жасушаларының зақымдануы вирустардың (жұмысына байланысты) адам организмінің иммундық реакциясына қарсы жұмыс істеуіне байланысты. Келесі суретте С Гепатиті вирусының көрінісі көрсетілген(2-сурет).

2-сурет. С Гепатитінің  үлкейтілген көрінісі

Инфекция көзі ретінде ауру адам және тасымалдаушылар  болып табылады. Қан арқылы жұғатын  болғандықтан тіс дәрігерінде болғанда, жалпы медициналық өызмет көрсету кезінде және шаштараздағы қызмет көрсетулер мен жыныстық қатынас кезінде жұқтыруға болады. Зақымдалғаннан күннен бастап клиникалық белгілер байқалғанынша 2-26 апталарға дейін созылуы мүмкін. Көпшілік жағдайда клиникалық белгілер байқалмағандықтан адам ұзақ жылдар бойы өзінің ауру жұқтырғанын білмейді де және онымен қоса ол зақымдаушы көзі болып табылады. С және В Гепатиттері вирустары өміршең келеді: 60 градус температурада жарты сағатқа дейін өлмейді. Жетерліктей қан бөлігінде басқа да биологиялық сұйықтықтарда өмір сүре алады. Құралдардың кейбір бөліктері мұндай жоғары температураны көтере алмайды, оларды химиялық заттармен өлтіруге болады. Бұған қоса тек дұрыс дезинфекция жасау ғана емес, сонымен қатар құралдардың дұрыс жуылуы да маңызды рөл атқарады. Шет елдерде бұндай жұмыстарды арнайы автоматтар орындаса, біздің елде олар санаулы болғандықтан, көбінесе қолмен жуады. Ең жаманы бұл вирустардың спирттен де жойылмайтыны қорқынышты.

 

В Гепатиті

 В Гепатиті – бауырды зақымдайтын вирустық ауру. Ауру жыныстық қатынасқа түскенде және қан немесе биологиялық сұйықтықтар арқылы ауру адамнан немесе вирусты тасымалдаушыдан жұқтыруға болады. Ауруды аз мөлшердегі қан арқылы да жұқтырып алуға болады. В Гепатиті вирусы СПИД вирусына қарағанда 100  есе қауіпті болып саналады. Өйткені оның таралу жолдары көп. Ауру жұқтырудың көп бөлігі құралдық аспаптардан жұғады, мысалыға, шприц, ине, тісдәрігерінің аспаптары және басқада құралдардан. Сонымен қатар анадан балаға тығыз байланыстар кезінде берілуі мүмкін. Жыныстық қатынас кезінде және тұрмыстық жолмен, тері жаралары арқылы да берілуі мүмкін. Егер жанұяда вирусты тасушы болса, онда ол жанұя түгелімен 5-10 жылда ішінде ауруды жұқтырады.

 Ауру жұқтыру қауіпі қан құю кезінде, және арнайы әлеуметтік топтар гомосексуальды- еректертертер, жалпы еркек жыныстылар, нашақорлар мен жүзекшелер арасында көп болады. Сонымен қатар аурулар медицина саласының мамандары арасында көп болады, өйткені олар үнемі қан мен байланыста болады. Егер  жүкті әйел В Гепатиті вирусын тасушы болса, онда инфекцияны орамал арқылы тасымалдау қаупі 5%-ды құрайды. Ал босану кезінде бұл көрсеткіш жоғарылайды, яғни ананың қаны арқылы баласына жұғуы мүмкін. В Гепатиті ауруын зиянды, бірақ қауіптілігі аз А Гепатиті  аурумен шатастыруға болмайды. А Гепатиті ауруы тамақ пен су арқылы беріледі. Ол сирек созылмалы болады және жазылып кетуде сирек кездеседі.

 

Герпес

  Герпес – жыныстық қатынас арқылы берілетін вирустық инфекция. « Герпес» атауы көне грек сөзі «герпейн», янғи жорғалау деген сөзден шыққан. Бұл ауруға тән характеристикалық қасиеті бір кішкентай көпіршіктен бүкіл денеге таралады. Генитальды герпестің бір-біріне ұқсамайтын, бірақ туысқан түрлері бар, бірінші типі көбінесе ерінде көрініс табады және екінші типі. Көбіне қауіпті болып саналатыны екінші типтісі болып табылады. Дегенмен бірінші тип бойынша пайда болған еріндегі жара көз бен жыныс мүшелеріне жұғуы мүмкін. Ауру вируспен зақымданған адаммен жыныстық қатынасқа түскен кезде және унитазды ортақ пайдаланған кезде де жұғу қауіпі бар. Генитальды герпестің алғашқы белгісі ретінде жыныс мүшелеріндегі ақ көпіршіктердің көрініс табуы мүмкін. Уақыт өте олар жарылып, орны жараға айналады. Әйелдерде өз-өзінен түсіктің болуы немесе уақытынан бұрын босанудың болуы мүмкін. Босану кезінде бала зақымданса, онда оның басы мен көзі ауруларымен ауруы мүмкін. Мұндай түрдегі жұқтыру 50% құрайды. Екінші типті қарапайым герпес қауіпті болып табылады, өйткені бұл аурудың соңы қынап пен аналық жатыр басының рагіне айналуы мүмкін. Герпеспен ауыратын адамдар СПИД-ті шақыратын ВИЧ-инфекцияларын қабылдағыш келеді. Герпеспен ауырғанда қышулар, терінің қызуы, кейде қалтыраулар мен ауыр тартулар болуы байқалады.

 Алдын алу жолдары:

Мүшеқапты қолдану. Осының өзі 100% ауру жұқтырмауға кепілдік бере алмайды, толығымен жабылмаған жыныс мүшесінің жарасы арқылы да берілуі мүмкін;

Антисептикалық  заттар. Вирус қонуы мүмкін жерлерге қолданылады, мысалыға, мирамистин және осыған ұқсас заттар.

 

Уреоплазмоз

  Уреопламоз ( Ureaplasma urealyticum ) – көлемі бойынша вирустарға жақын және ДНҚ мен жасушасы жоқ микроорганизмдер тудырады. Кейде оларды вирустан бір жасушалыларға өту кезеңінде деп айтады. Көбінесе, зақымдану жыныстық жолмен жұғады және ауру анадан балаға вирустың ішке енуі мен босану кезінде жұғуы мүмкін. Баланың жыныс мүшесіне өтіп, ол жерде өмір бойы сақталуы мүмкін, белсенді күйге енгенінше. Уреоплазмоздан кез-келген зәр шығарушы мүшенің ісінуіне әкеледі, ал әйелдерде қынап пен жатырдың қабынуы мүмкін. Еркектердің шауқаттарының жұмысын бұзады, яғни оларды жансыздандырып отырады. Тағы да буындардың қақсауына әкеледі. Уреоплазмоз күшті және созылмалы түрлері бар. Басқа көптеген инфекциялар сияқты белгілері бола бермейді. Клиникалық байқаулар зақымданған денемүшесінен көрініс табады. Сау әйелдердің өзінде қоздырушыларды анықтау мүмкін емес, өйткені басқа инфекциялық аурулармен жасырылуы мүмкін. Кейбір белгілері зақымданған күннен 3-5 аптадан соң біліне бастайды. Оның белгілеріадамға онша байқала бермейді, ал әйелдерде мүлдем байқалмауы мүмкін.

 Уреоплазмоздың еркектердегі белгілері:

Зәршығаратын  жолдар арқылы аз мөлшердегі ақ заттың бөлінуі;

Кіші дәретке  шыққан кездегі аурулар мен қиналулар;

Простатиттің  белгілері, отырғызушы бездің дұрыс  жұмыс істемеуі;

 Уреоплазмоздың әйелдердегі белгілері:

Қынап түтігінен  аз мөлшердегі ақ заттың бөлінуі;

Кіші дәретке  шыққан кездегі аурулар мен қиналулар;

Іштің астыңғы  жағындағы аурулар ( жатырдың қабынуы мен қосымша аурулар кезінде )

 

Микоплазмоз

 Микоплазмоз – күшті инфекциялық ауру, микоплазмаларға негізделген. Микоплазмалар – бұл бактериялар, саңырауқұлаұқтар мен вирустар аралығындағы микроорганизмдер болып табылады. Олар өздігінен өмір сүре алмайды, өйткені олар адам жасушасындағы қоректік заттармен қоректеніп паразиттік тіршілік  етеді. Көбінде микоплазмалар эпителий жасушаларында өмір сүргендіктен ішекке, тыныс алу мен зәршығару жолдарында жасушаға жабысып тіршілік етеді. Микоплазмоздың көптеген түрлері ішінді тек адам денесінде төрт түрі ғана тіршілік ете алады. Олардың бірі – Mycoplosma pneumonia – тыныс алу жүйесін зақымдайды, сонымен қоса тамақ пен кеңірдек жолдарын жеңіл қабынуларға әкеледі. Қалған үшеуі – Mycoplasma genitalium, Mycoplasma hominis, Ureaplasma urealiticum – қазіргі таңда жыныстық жолмен кең тарайтын зәршығару мүшелерінің қалыпты жұмысын бұзатын микоплазмоздар болып табылады. Дегенмен микоплазмоз тез өліп қалады, сол себепті негізгі зақымдану жыныстық немесе тығыз тұрмыстық байланыстың болуының себебі. Тұрмыстық жағдайға тоқталатын болсақ, ішкиім мен барлық жұмысшыға ортақ суға түсетін киімдерді қолданғанда және монша орамалын біреуге бергенде жұғуы мүмкін және тағы басқа жағдайларда. Микоплазмоз өзінің білдірмейтін белгілерімен сездіртпей енуге қабілетті. Аурулардың 40%-ы қандай да бір ауруларды сезбейді де, тек соңғы кезеңінде байқайды. Мысалы, түсік болған кезде және тағы басқа жағдайларда. Олар өте аз кездесетіндіктен оларды анықтау өте қиын. Жасушаларға өзінің талшығын енгізе отырып, бекітіледі. Ал талшықтар сау жасушаның қызмет бұзады. Микоплазмоздан сауығу – өте қиын процесс, өйткені олар көптеген дәрілерге қарсы тұра алады. Өйткені бұл дәрілер жасушаларға ғана әсер етеді, ал микопдазмоздардың жасуша қабықшасы болмайды (3-сурет).

3-сурет. Микоплазмоздың  үлкейтілген көрінісі

Кандилома

  Үшкір кандилома – қоңыршаң түсті өсінділер жыныс мүшелері мен сыртқы шығу жолдарында, кейде ауызда болуы мүмкін. Бұл вирустың ауру қоздырғышы ретінде адам папиллома вирустары қызмет етеді. Адам паиллома вирустары ( кейінрек-АПВ) көптеген тері мен қабыршақты қабықтың ауруларын тудырады. АПВ түрлері әр түрлі ауруларды тудырады. АПВ бірінші типі- ұзын өсінділерді, екінші типі-жай өсінділерді, үшінші және оныншы типтері-жалпақ өсінділерді, алтыншы және он бірінші типтері- үшкір кандиломаларды, 16,18,31,33 және 35 типтері жатыр мойынының жарасының болуының қауіпін үлкейтеді. Сау адамға вирус тері мен қабыршақты заттардан сау адамға жұғуы барысында зақымдалады. Ол қан мен басқа мүшелерге түспейді. АПВ терінің терең қабаттарында көбееді. Ол жерде дами келе терінің үстіңгі қабатына шыға бастайды. Қауіпті вирус ретінде терінің сыртқы қабатына көтерілгендері саналады. Оның тағы бір жері ол ұзақ уақыт бойы жасушадан сақталады. Асқынған кезде келесідей ауруларға шалдықтыруы мүмкін:

Информация о работе Жыныстық жолмен берілетін аурулар түрлері