Жарақат ұгымы жэне түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 20:04, реферат

Описание

Механикалық жағдайда түскен жараның түрлері: сырып кету, жара, қан ұю, сүйек сыну, ішкі органдардың зақымдануы.
Сырып кету – терінің сыртқы бөлігінің бұзылуы, мұнда эпидермис (дененің сыртқы бөлігі) зақымданады. Бір тәулікте суланады, кейіннен кеуіп кетеді. 12 – 24 сағаттақабыршықтанады, 4 – 6 тәулікте түсіп қалады, 15 тәулікте орыны қызарып, кейіннен білінбей кетеді.

Работа состоит из  1 файл

жаракат турлери.doc

— 70.00 Кб (Скачать документ)

                                ЖАРАҚАТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ  
Денсаулыққа зиян келтіретін немесе өлімге әкелетін экзогенді әсерлер:  
1. Механикалық жарақаттар  
2. Оттегі жетіспеу  
3. Физикалық жарақаттар  
4. Биологиялық жарақаттар  
5. Психикалық жарақаттар  
6. Физиологиялық кернеулер  
Жарақат дегеніміз – бір немесе бірнеше факторлардың әсерінен ағза құрылысы мен функциясының бұзылуы.  
Жарақаттаушы факторлар дегеніміз – материалдық дене немесе жарақаттаушы қабілеті бар матералдық құбылыстар.  
Жарақаттаушы заттар: материалдық дене, құбылыстар (электр тоғы, сәулену, жоғарғы немесе төменгі температуралар) болуады. Жарақат бір жерге немесе бірнеше жерге әсер етуі мүмкін.  
Жарақаттың түрлері:  
Өндірістік жарақаттар  
1.Өндірістік  
2.Ауыл-шаруашылық  

Өндірістік емес жарақаттар  
1.Транспорттық жарақаттар  
2.Тұрмыстық жарақаттар  
3.Спорттық жарақаттар  

Әскери жарақаттар  
1.Соғыс кезінде  
2.Бейбітшілік кезде  

Механикалық жағдайда түскен жараның түрлері: сырып кету, жара, қан ұю, сүйек сыну, ішкі органдардың зақымдануы.  
Сырып кету – терінің сыртқы бөлігінің бұзылуы, мұнда эпидермис (дененің сыртқы бөлігі) зақымданады. Бір тәулікте суланады, кейіннен кеуіп кетеді. 12 – 24 сағаттақабыршықтанады, 4 – 6 тәулікте түсіп қалады, 15 тәулікте орыны қызарып, кейіннен білінбей кетеді. Жалпы жазылу уақыты 7 – 40 тәулік. Тірі кезінде түскен жарада жазылу процестері жүреді, яғни жара теріден жоғарырақ тұрады.  
 
Жара – терінің сыртқы қабаты, тері асты клетчатка және кейбір органдарының зақымдануы. Жараның кіру және шығу тесігі де болуы мүмкін. Шығу тесігі болмаса оны соқыр жара деп атайды.  
 
Жараның морфологиялық ерекшелігі оның қандай затпен болғанын және механизімін айтады. Аққан қанның бағдары дененің координациясын айтады. Жараның ұзақтығын оның жазылу процесіне байланысты айтады:  
 
а. хирургиялық өңдеу жағдайында - 5 – 9 тәулікте жазылады;  
б. үлкен жарада және инфекцияланғанда бірнеше апта және айлар;  
в. 1 – 1,5 айда қызғылт, қызылдау, жұмысақ болады, кейіннен бозарады, қатаяды. 12 айдан кейін тыртықтар бірдей болады.  
 
          Қан ұю – бұл терінің және тері астындағы қан тамырларының, зақымданып, қанның сол жерде ұйып қалуы. Мұны қан құйылу немесе гематома дейді. Қан кейбір қуыстарда, ткань аралықтарында тұрып қалады. Гематома – қысым, соққы гематомалық мөлшері кеткен қанның шамасына тканьге және құйылу орнына байланысты. Қан құйылудың өзгерістерін анықтау: көгеруі (1-4 күнде жүреді, ал 3-8 күнде жойылады); көк-жасыл сарылау түстіболуы (3-8 күнде, ал 8 – 12 күнде кетеді); аралас түсте болуы (6-9 күнде, ал 12-16 күнде кетеді). Гематоманың маңайы ісінеді, тканьдерде эритроциттер табылады.  
          Сүйек сыну. Сүйек сыну жартылай немесе толық деп аталады. Көбінесе жұмысақ тканьдер мен ішкі органдар зақымданады. Өкпе эмболиясы болуы мүмкін - өкпенің тесілуі.Ашық сынықта тері кесіледі, зақымданады. Жабық сынықта терінің зақымдану көріністері болмайды. Морфологиялық өзгерістер сынықтың түрін, механизімін қай затпен ұрған немесе бағдарын, күшін анықтайды.  
          Тура сынық дегеніміз – ұрған жердің сынуы. Қисық сынық дегеніміз – қисайғанда шыдамай сынуы. Компрессионды сынық – сынықтардың ажырап кетуі, мыжылып қалуы, жаншылу. Бас сүйегінің сынығы жарықшақ болуы мүмкін тігістердің сөгілуі, жаншылуы (мыжылуы), тесілуі, кесілуі мүмкін.  
          Ішкі органдардың зақымдануы: Жабық жара, ашық жара, жаншылу болуы мүмкін. Бұл кезде соққыдан немесе ауыр затпен мыжылудан, қан тамырларының кесілуі болуы мүмкін. Ауыру жағдайларында кездесуі мүмкін.  
                     МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАРАҚАТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ  
         Механикалық жарақаттардың түрлері: жалпақ заттармен түскен жарақаттар; қарусыз адамнан болатын жарақаттар; құлағаннан ,болған жарақат;спорттық жарақаттар; көлік жарақаттары; үшкір заттан жарақат; қарудан болған жарақат; жарылыстан болған жарақаттар.  
         Жалпақ затпен болатын жарақаттарда сырып кету, соққы алу, қан құйылу, ұлпаның жаншылуы, дененің қысылуы, сүйектің сынуы, буын шығу, созылу кездеседі.  
Жалпақ затпен ұрғандағы оқиға болған жерді зерттеу:  
Сыртқы ортаның ерекшелігі  
Тексерудің белгілері  
Жарақат алыну жағдайларын анықтау  
Белгінің орналасуы, мөлшері, кірлену деңгейі (киім, дене), қарудың сәйкестігі, жарақаттың түрі.  
Қарусыз адамнан түскен жарақаттар: тістеу арқылы, баспен соққан жарақат, қолмен, қолмен, тырнақтарымен, аяқпен, саусақтарымен, алақанымен, шынтақпен соққан, денесімен қаққан жарақат және т.б.  
Құлағанда пайда болатын жарақаттар биіктікке байланысты, түскен орнына байланысты, адамның позасына байланысты ерекшеленеді.  
 

Құлаудың екі түрі бар:  
1. Жазықтықта құлау;  
2. Биіктіктен құлаудағы жарақаттар.  
 
Жазықтықта құлаудағы жарақатта ішкі жарақат көп (көгеру, басын ұрып алу, сынық, ішкі органдардың бөлінуі) болуы мүмкін.  
 
Биіктіктен құлау: тура құлау; қиғаш құлау.  
 
Сот медециналық экспертиза құлау кезін зерттеуде орынның жағдайын қарайды, денеге түскен жарақаттар мен сәйкестігін тексереді.  
 
Үшкір заттан жарақат алуы. Үшкір зат деп бір жақ қыры немесе бірнеше жағы үшкір және ұшы үшкір заттар аталады. Соған байланысты келесі жарақаттардың түрлері болады: кескіш заттар; тескіш заттар; кескіш-тескіш заттар; шапқыш заттар; қиғыш заттар.  
 
Кескіш заттарға – пышақ, бритва, әйнек және т.б. жатады. Олардың лезвиясы теріні кесіп, қалың етке енеді. Көбінесе ашық жерде түзу, доға тәрізді, тесік тәрізді жаралар қалдырады. Жара ашылып ай тәрізденеді. Жараның ұзындығы терендігінен үлкен. Маңызды белгісі – жараның шеттерінің біркелкі тегіс болуы және ұштарының үшкірленуі және қанның ағуы. Қан қай бағдарда ақса адамның тұрғысы солай болғаны. Адамның өзін-өзі кесуі немесе басқа адамның кесуі болуы мүмкін.  
Мойын жарасының ерекшелігі:  
 
Өз қолымен кескенде  
Бөтен қолмен кескенде  
1.Солдан төмен астыға қарай сызық қиғаш келеді;  
2.Сол жақтағы жарада тереңдігі артығырақ;  
3.Жараның шетінде кіргізген тұсы көрінеді (насечка);  
4.Қанның тік ағуы.  

1.Көлденең сызық;  
2.Екі жағынан да бірдей тереңдік;  
3.Шеткі енгізген тұстың болмауы;  
4.Көптеген жара;  
5.Тереңдігінің артуы;  
6.Қан көлденең ағады.  
 
Эксперттің мақсаты қандай затпен кескендігін анықтау, қаруды зерттейді (қан бар ма, саусақ іздерін және киімнің талшығын) ткандерді зерттейді.  
 
Тескіш затпен болған жарақат. Тескіш зат деп – ұзын, үшкір заттарды айтады (айыр, ине, қайшы, біз). Бұл заттардың кіру тесігі, жара каналы, кейде шығу тесігі болады. Кіру тесігінің формасы, мөлшері, кіргіш заттың формасымен және оның диаметіріне байланысты. Цилиндр, конус тәрізді заттар үлкен тесік қалдырады. Ал кейбірінен (ине) тесік көрінбеуі мүмкін. Затты енгізгенде, бұлшықет жиырылып денедегі тесік заттан кішірек болады.Затты шығарғанда сүргтілген із қалады. Бұл затта да киімде де қалуы мүкін. Ткань ығысып, қабынады. Қан көп ақпайды. Жалпақ сүйекті тескен, оқ тескен тәрізді із қалдырады.  
 
Кескіш-тескіш заттардан болған жарақат. Ұшы үшкірленген пышақтар жатады және екі жағы немесе бірнеше жүзі бірдей қайралған. Бұл зат тескен және кескен жара қалдырады. Формасы ұршық тәрізді. Шеттері тегіс немесе қарудың түріне байланысты. Негізгі ерекшелігі кескен жарасынан тескен жарасы артық. Жараның шеттері қанталайды және қарудың ізі қалады.  
 
Шапқыш заттар – балта, қылыш. Жарасы сызық, шеттері тегіс, үштері үшкір болып келеді. Негізгі ерекшеліктері: тканьдегі жара терең емес, бірақ жарасы үлкен және сүйектерді де жаралайды. Жараның сипаты әртүрлі. Балтаның түбімен ұрғанда онда жара әр түрлі түседі. Ұшымен ұрса жара шеттері үшкір болып келеді. Жанынан ұрғанда бір жағы үшкір екінші ұшы п тәрізді болып келеді.  
 
Үшкір затпен болған жараны тексеру:  
Оқиға болған жерді тексеру  
Тексеру белгілері  
1.Қан, киімдердің талшықтары, адам заттары (тырнақ, шаш);  
2.Қаруды табу;  
3.Қарудың орналасу жерін іздеу.  

1.Жараның орналасуы;  
2.Мөлшері;  
3.Оның сипаты;  
4.Жара механизмі (кесілу, тесілу, шапқан).  
5.Киімнің бүлінуін тексереді және оның басқа жарамен сәйкестігі  
6.Денедегі қанның орналасуы және сипатын тексереді.  
 
                           ТРАНСПОРТТЫҚ ЖАРАҚАТ ТҮРЛЕРІ  
 
             Темір жолда болатын жарақаттар: дөңгелекпен кесіп кету, поезд қағып кету, вагоннан құлап қалу, вагон ішіндегі жарақаттар. Дөңгелекпен кескенде бір жағы зақымданады онда қайшымен кескендей із қалады немесе екіге бөлінеді. Жолдың басында «Т» тәрізді тыртық, із болса аяғында ол үшкірленбейді. Бірнеше дөңгелекпен кессе денені бөлуі мүмкін. Поезд қағып кетуде ашық жарақат, сынықтан бастап жабық ішкі органдардың зақымдануының кездесуі мүмкін. Сүйреп кеткенде рельстің ізі қалып басы жарылуы мүмкін, рельстің майы, құм киіміне жұғуы мүмкін. Вагоннан құлағанда немесе биіктіктен секіргенде құлағандай әсер алады. Жарақат деңгейі биіктікке байланысты және алғаш рет қай жермен құлағанына байланысты және құлаған жеріне байланысты. Вагондармен платформаның ортасында қысылу, вагон және басқа затпен қысылу. Мында көбінесе тканьдер жаншылады немесе сол жердің ізі денеде қалады. Вагонның ішіндегі жарақат қатты соққыдан, жатқанда құлау, әр түрлі денеге жаншылудан түседі.  
 
Темір жолда болған жарақатты зерттеу:  
Сыртқы ортаны зерттеу  
1.Адам сүйретілген орнын қарайды  
2. Дене бөлшегін қарайды  
3. Барлығының орналасуын  
4. Екі шетін біраз жерге дейін тексеру  
5. Транспорттан айғақтық дәлел іздеу  

Белгілерді тексеру (өлікті, киімін,аяқ киімін тексеру)  
1. Кесілген дененің әр бөлігін жеке жеке тексеру  
2. Өлікті айқындау үшін киімін тексеру  
3. Денесінде қалған іздер, жұлындар олардың формасы, размері, сипаты  
 
Автокөлікпен болатын жарақаттар екі автокөліктің соғылуынан, машинадан құлау, дөңгелекпен басып кету, кабинадағы жарақаттар болып бөлінеді.  
Автокөлікпен және басқа заттармен дененің соғылуы, зақымдануы. Адамның автокөлік кузовымен қозғалмайтын затпен, яғни, соғылу механизмінің басылуынан әдетте осы түрі бойынша автокөлік жарақатынан зақымдау пайда болады. Зақымдалу көлемі контакт учаскесі және жәбірленуші жағдайымен, соғылу дәрежесімен анықталады. Қатты соғылу қысылған дененің жалпайған бөлігін , екі жақты сыну кеуде клеткасы және жамбас, жарылу тағы басқа, кейде ішкі органдардың жұлынуына әкеледі.Автокөлік жарақатындағы зақымданудың соттық медициналық бағасы. Автокөлік жарақатындағы зақымданудың ең керекті бастапқы дұрыс соттық медициналық бағасы: автокөлік оқиғасы жағдайындағы алғашқы мәлімет; жәбірленуші мен оның киімін, автокөлікті, сот медициналық шешімі қарастыру.  
 
Мотоциклден болған жарақаттар. Мотоцикл жарақаты – бұл зақымдану, жүргіншілермен, сонымен қатар мотоцикл жүргізушісі және жолаушылары нәтижесінде мотоциклді апаттан пайда болған оқиға. Мотоцикл үлкен транспорттық құралмен мысалы, автокөлік, трамвай, поезд соғылған кезде зақым түрі сәйкесінше автокөлік, тромвай, теміржолдардағы жарақаттарға сәйкестенеді.  
 
Келесі мотоциклдік жарақаттарды айырады: жүріп келе жатқан мотоциклмен адамның соғылуы; жүріп келе жатқан мотоциклмен өтіп кету; жүріп келе жатқан мотоциклден құлау; мотоциклмен қозғалмайтын заттардың соғылуы.  
 
Біріккен және қалыпты емес жарақаттар түрлері мотоциклдің жарақаттар кездеседі. Жеке түрде мотоцикл жарақаттарда жүргізушіде, артқыорындықта отырған және дөңгелекте отырған жолаушылар зақымдануы көлемі сипатымен ерекшеленеді. Қарсы транспорттың және қозғалмайтын жолдағы заттар (мотоциклмен соғылғанда) жәбірленушінің оқиғаға байланысты ерекшеліктері мотоциклдің ерекшелігіне сәйкестенеді.  
 

Авияциялық жарақаттар:  
1. Сомолеттың ішінде (ұшу кезінде)  
2. Жерге соғылғандағы жарақаттар  
3. Сомолеттың қағып кету жарақаттар  
 
Авияциялық жарақаттағы зерттеу  
Оқиға болған жерді зерттеу  
1. Сомолеттің бөлшектерін (мамандардың тексеруі, эксперттердің анықтамасы).  
2. Өліктердің орналасуы және сомолет бөлшектерінің орналасуы  

Белгілерді тексеру  
1. Өліктің орналасуы, бөлшектердің орналасуы.  
2. Жарақаттың деңгейі.  
3. Денедегі сомолет бөлшектерінің іздері.  
4. Бөгде иістері.  
5. Өліктің ерекше белгілерін тексеру.  
 
Сомолет ішіндегі жарақаттар: жарылыстан, өрттен, бүтіндігінің кетуі, бүлінуі, басқа сомолетпен, құспен соғысып қалуы. Катапульттенген кезде адамдарда өзгерістер болады, мұндағы болатын динамикалық күштен анемия, көз көрмеу, естен тану, жерге соғылғаннан көптеген жарақаттар алу, ішкі органдар, бас миына қан кету, ішкі органдар орнынан қозғалып кету болады. Адамның жұмсақ тканьдері жұлынып, ұшуы мүмкін. (Катапульттену – орындықтарымен бірге жерге түсу).  
 
Ауада жарылғанда себеп бактан немесе соққыдан болады. Мұнда сомолет те адамдарда толығымен зақымданады. Бөлшектерді 300-500 м радиуста табуға болады. Ал, ауада жарылғанда 3 км дейінгі бағытта бөлшектерді табуға болады. Самолеттің құлаған жерінен 1.5 км маңайын дазерттеу қажет.  
 
Өлген денелердің бөлшектерін, тканьдерді тапқанда жанармай иісі сезіледі. Өрттен болған болса онда адам күйіп кетеді немесе уланады (көмірқышқыл) газымен. Өртенбей уланған жағдайда жоғарғы тыныс органдарында көмірқышқыл газының қара ізі қалады және тканьдерден 60-90 % карбоксигемоглобин табылады.  
 
ОҚ-ҚАРУДАН БОЛҒАН ЖАРАҚАТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ  
Қарудың түрлері  

Әскери қарулар  
Спорттық қарулар  
Аң аулайтын қарулар  
1.Әскери винтовкалар, коробиндер;  
2.Тапанша,пулеметтер,автоматтар;  
3. Әскери тапаншалар;  

Аз колибрліқосауыз, аз колибрілі  тапанша, револьверлер  
Мылтықтар, кескіндер және т.б  
Дәрігер алғашқы тексеру кезінде оқтың енген орнын, жараны өте толық сипаттауы қажет және де оқ тиген адамның киімдерін міндетті түрде сақтау керек.  
Қазіргі қол қарудың патрондары графит, камфора қосылған нейтроклетчаткадан дайындалады. Бұл оқтың түтінсіз атылуын жүзеге асырып оқты жан-жаққа шашпайды. Түтінді оқ калий селитрасы, күкірт және көмірден тұрады. Оқтан басқа атқан кездегі жарақаттаушы факторларға: бытыра газы, қысымды ауа, ұсақ металдар, гильза, жанған бытыралар жатады. Бұл жарақаттар жақын қашықтықтан атқан кезде түседі. Бытыра газының атқан кездегі температурасы 1000-3000 градусқа жетеді. Ал олар денеге термикалық және химикалық әсер береді.  
 
Оқ атылуының қашықтығын анықтау:  
 
Оқ атылу қашықтығын анықтау  
Денеге тигізіп ату  
Жақын қашықтықта ату  
Алыс қашықтықтан ату  
 
Қару ұшының ізі денеден хтабылады  
Адам денесіне оқтан басқа атылудың қосымша факторлары әсер етеді  
Адам денесіне тек оқ әсер етеді  
Алыс қашықтықтан атылған оқты анықтау. Алыс қашықтықтан атылған оқтың ерекшелігі - оқтың кинетикалық энергиясы және дененің анатомиялық ерекшелігі. 230 м/с жылдамдықпен ұшқан оқ денені теседі және тиген бөлікті ішіне енгізеді. Оның диаметрлері калибрден аз болады. Бұл «минус ткань» деп аталады. 150 м/с жылдамдықпен ұшқан оқ денеде қалады, соқыр жара түсіреді. Ал өте аз кинетикалық энергиямен ұщқан оқ тек контузия қалдырады. Сұйығы бар органдарға тиген оқ ( бас миы, жүрек, асқазан) гидродинамикалық әсер береді, яғни жарылыс тәрізді көрініс болады.  
 
Оқтың кіру және шығу тесіктері. Оқтың кіру тесігінің формасы, мөлшері оқтың калибрына, ату дистанциясына, оқтың кинетикалық энергиясына, оқтың тию орнына байланысты. Үлкен кинетикалық энергиямен тиген оқ денеде 1-2 мм «минус ткань» жасайды. Аз кинетикалық энергияда дене созылады, тері жыртылады, бірақ ішіне кірмейді. Оқ сүйір бұрыш жасап кірсе, үлкендеу жырық қалдырады, жатып кірсе, доға жара қалдырады, тік кірсе тесік қалдырады. Оқтың енген тесігінде кіру белбеушесі (поясок осаднения) қошқыл сары түсті, 1-3 мм келетін сақина түседі. Оқтың сыртында металл, күйе және т.б лас зат болуы мүмкін. Оқ денеге енгенде бұның барлығы денеге сүртіледі. Кіру тесігінде ені 0,5-2,5 мм сұр, қара сұр белбеуше қалдырады. Бұл сүрту белбеушесі «поясок обтирания» деп аталады. Бұл бөлшектерді әртүрлі зерттеулер арқылы анықтауға болады (спектральді, электрографикалық, ренгенографикалық).  
 
 

Оқтан болған жарақат  
Оқтың шығу тесігінің формасы да, көлемі де әртүрлі болады. Жұлдызша, жырық, доға, дөңгелек, сопақ болуы мүмкін және кіру тесігінен үлкен болады. Тесіктің шеті біркелкі емес, сыртқа шығынқы, кейде одан сүйек, бұлшық ет тканьдері көрінуі мүмкін.  
Жара каналы әртүрлі болады: тура, қисық, сызық, үзік. Бұл кездескен кедергілер мен дененің тығыздығына да байланысты. Каналдан оқтың өзін табуға болады, және олардың қалдықтырын, күйе, металл табылады.  
Жақын қашықтықтан атылған оқтан түскен жарада оқтың әсерінен басқа "жақыннан ату факторлары" да әсер етеді; бытыра газдары, күйе, металл тағы басқа заттар. Олар механикалық, термикалық, химиялық әсер береді. Денеге тигізіп атқанда (1-3 см қашықтықта) бытыра газы теріні жыртады, оқтың артынан жүретін газ денеге тигенде теріні көтеріп, қайта артқа итереді де өзі енген тесікті жаралайды. Ату кезінде столбтың ішіндегі ауа қысымы оқтың алдында түтіктен шығарылып оқтан бұрын денені жаралайды. Қаруды денеге тигізіп атқан кезде теріде қарудың ұшының ізі қалады. Бұл сырған тәрізді жаралайды. 30-40 см қашықтықта атқанда атылған жерінің маңында күйе қалады. Күйенің түсуі қашықтыққа, объектіге байланысты. Көбінесе қап-қара немесе қара сұр күйе, дөңгелек, сопақ, сақина тәрізді түсуі мүмкін. Қашықтық артқан сайын күйе көбейеді.


Информация о работе Жарақат ұгымы жэне түрлері