Тіршілік қауіпсіздігі негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2013 в 17:12, курс лекций

Описание

«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсы бойынша студент пәнінің оқыту-әдістемелік кешенін – оқыту үрдісін әдістемелік қамтамасыз етудің негізі ұйымы болып табылады. «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсы бойынша студент пәнінің оқыту-әдістемелік кешенін ҚР топтаулық сипатын, типтік және осы мамандықтардағы жұмысшы оқыту жоспары құрамымен сәйкес жасалынған. «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәннің ішіндегі қамтитын материалдар, төтенше жағдай кезіндегі өндіріс орынындағы апаттардан, өрттерден, жарылыстардан қалай қорғануды және ондай апаттардың болмауының алдын алу шараларын үйретеді. Апат болған жағдайда азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды, ұйымдарға хабар беруді, адамдарды апат болған жерден залалсыз жерлерге көшіруді т.б. үйретеді. Сондай-ақ «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңдары мен табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан (жер сілкінісі, сел, сырғымалар, аяз, дауыл т.б.) қалай құтылуды және апаттан жасырынатын панаханалар түрлерін оқытып үйретеді.

Содержание

Типтік бағдарлама
Силлабус (Sillabus) студенттерге арналған оқу бағдарламасы
Қысқаша дәрістер конспектісі (тақырып, негізгі сұрақтар, дәрістің қысқаша мазмұны, өзін-өзі тексеру сұрақтары, ұсынылатын әдебиет)
Семинар сабағының жоспары
Студенттің өзіндік жұмысының (СӨЖ) жоспары
Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысының жоспары мен әдістемелік нұсқаулары
Пәннің оқулықпен қамтамасыз етілу картасы
Бақылау мен студенттің оқу нәтижесін бағалау материалдары (тест, емтихан сұрақтары)
Глоссарий
Қосымша (аудио, видео) материалдар

Работа состоит из  1 файл

УМК ОБЖ...doc

— 853.50 Кб (Скачать документ)

6. Алған білімдері мен дағдыларын  нығайту үшін студенттер пәнінің  әр түрлі тақырыптары бойынша курс жұмысын орындайды.

7. «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері  пәнін» оқып-білу гуманитарлық  жоғары оқу орындары емтихан  тапсырумен аяқталады.

 

ТАҚЫРЫПТАР МЕН САБАҚТАРДЫҢ  МАЗМҰНЫ

1-ТАРАУ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА  ТІРШІЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН  ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

1-тақырып.  Тіршілік қызметінің қауіпсіздігін  қамтамасыз етудің ұйымдық негіздері.

Кіріспе. Курстың мақсаттары, мазмұны  мен міндеттері, оның ұйымға арналған мамандар дайындаудағы маңызы. Негізгі ұғымдарды айқындау: тіршілік қызметінің қауіпсіздігі (ТҚҚ), азаматтық қорғаныс, шаруашылық жүргізуші объект, ұйым.

Ғылыми-техникалық прогресс қарқындарының, ғылыми-техникалық және өндірістік қызмет ауқымдарының адамдардың денсаулығы мен- өміріне, қоршаған ортаға әсері. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агентгігі (ҚР ТЖжА), оның аты, құрамы мен кұрылымдық аумақтық органдары. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқару органының өкілеттіктері. Төтенше жағдай жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиялар.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы. Республика азаматтық қорғанысының негізгі міндеттері, құрылуы мен қызмет істеуінің ұйымдық қағидаттары. Азаматтық қорғаныс құрамалары, оларды құрудың мақсаты мен тәртібі. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың басқару органдары мен қызметтері.

 

2-тақырып.  Төтенше жағдайда халықтың тіршілік  қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз  етудегі азаматтық қорғаныстың рөлі мен міндеттері

Оқу орнының азаматтық қорғанысы, ұйымдық құрылымы, күштері мен  жабдықтары. Шаруашылық жүргізуші объектінің (ұйымның) азаматтық қорғанысының ұйымдық  құрылымы.

Азаматтық қорғаныс құрамаларын құрудың  ұстанымдары, ұйымдық-шарттық құрылымы, мақсаты, жеке құрамамен жабдықтау тәртібі.        Азаматтық қорғаныстың аумақтық және объектілік құрамалары. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай кызметтерінің құрамалары. Шұғыл құтқару отрядтары, шұғыл әрекет ету отрядтары. Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлауды ұйымдастыру.

 

3-тақырып.  Бейбіт және соғыс уақытындағы  төтенше жағдайлар.

Төтенше жағдайлардың негізгі ұғымдары, пайда болу себептері және жіктелуі.

Табиғи апаттар, өндірістік апаттар, қасіреттер, қақтығысу сипатындағы төтенше жағдайлар, оларға қысқаша сипаттама беру.

Соңғы тәуекелділік - өндірістік аварияның объективті алғы шарты. Төтенше жағдайлардың пайда болу ықтималдығы.

4-тақырып. Төтенше жағдай аймақтары.

 Зақымдану ошақтарының сипаттамасы.

 

Табиғи апаттар мен осы заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану нәтижесінде пайда болатын Төтенше жағдайлар аймақтарының сипаттамасы (жер сілкінулер, опырылулар, селдер, көшкіндер, қар көшкіндері, дауылдар, бұрқасындар, шаңды борандар, қар басулар, су тасқындары, орман және дала өрттері). Зақымданудың бастапқы және екінші факторлары.

Атом электростанциалары мен күшті  әсер ететін улы заттарды қолданылатын қауіпті объектілердің қирауы   кезіндегі төтенше жағдай аймақтарының ерекшеліктері.

Авариялардың апаттардың, табиғи қасіреттердің экологиялық зардаптары және қазіргі зақымдаушы құралдарды қолдану.

Толқын соққысына, жарық сәулеленуіне, өткізгіш радиацияға, жергілікгті жердің радиоактивті зақымдануына, электромагнитті импульсына қысқаша сипаттама беру.

Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, ядро жарылысындағы аймақтың радиоактивтік залалдануы.

Жергілікті жерлердің сәуле  алу мен ластануының табиғи және адам жасаған көздері. Радиацияның  адамға әсер етуі. Қауіпті органдар топтары бойынша жиынтықты сәуле  алудың негізгі мөлшерлі шектері. Жер бетінің және объектілердің, азық-түлік бұйымдарының, мал азығы мен судың ластануы. Табиғи кесапаттар, авариялар, апаттар мен осы заманғы зақымдаушы құралдарды қолдануы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкелетін себептер.

 Химиялық қауіпті объектілерде қолданылатын күшті әсер етуші улы заттардың сипаттамасы.

Химиялық қауіпті объектілерде қолданылатын күшті әсер етуші улы  заттардың (КӘЕУЗ) сипаттамасы мен  анықтамасы. Уландырушы заттардың (УЗ) сипаттамасы. КӘЕУЗ-мен, УЗ-мен химиялық зақымдану аймағы туралы ұғым. Қазақстандағы КӘЕУЗ-ды қолданатын аймақтар. Химиялық жағдайға баға беру.

Күшті әсер етуші улы  заттармен (КӘЕУЗ) уланғанда дәрігерге  дейін көрсетілетін алғашқы көмек.

Күшті әсер етуші улы заттармен (аммиак, хлор, ФОЗ және т.б.) уланған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетудін амалдары мен тәсілдерін пысықтау. Шприц-тюбикті қолдану, асқазанды шаю, көзді жуып-шаю әдістерін үйрету.

5-тақырып.Төтенше жағдайлар кезіндегі ахуалға баға беру.

Радиациялық, химиялық, бактериологиялық зақымданған аймаққа баға беру әдістемесі. Барлау мәліметтері бойынша ахуалға. баға беру.

6-тақырып.Төтенше  жағдайлар аймағында атқару және  басқа да шұғыл жұмыстарды  ұйымдастыру мен жүргізу негіздері.

Төтенше жағдайлар  аймағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізудің негіздері.

Табиғи апаттың болуына байланысты, құтқару және басқада шұғыл жұмыстар жүргізудің мақсаттары, мазмұны, шарттары. Қираулар мен опырылулардың сипатына қарай құтқару жұмыстарын жүргізудің тәсілін анықтау. Өндірістік авариялар мен табиғи кесапаттардың зардаптарын жоюға тартылатын күштер мен жабдықтар. Төтенше жағдайлар аймақтарында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарын ойдағыдай жүргізуге қажетті шарттар.

Төтенше жағдайлар аймақтарында құтқару  және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуді ұйымдасрыру мен жүйелілігі. Аралас зақымдану аймақтарында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшеліктері.

Шығу жолдары мен жұмыстар учаскесіне барлау ұйымдастыру. Жұмыс орныңда  қалыптасқан радиациялық және химиялық жағдайға байланысты құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге берілетін уақыттың ұзақтығын анықтау.

Зақымданғандар мен  ауруларды тасымалдау.

Зақымданғандар мен ауырғандарды, әкету және тасымалдау тәсілдері. Иыққа, жауырынға, қолға алып шығу, зембілдердің көмегімен екі құтқарушының тасымалдауы, автобус салонында, автомобиль қорабында тасымалдау.

Зардап шегушінің тасымалдау кезіңдегі  жарақаттануы сипатына қарай негізгі  қабілетті (жағымды) ахуалдары, денені әсіресе суынудан қорғау.

Санитарлық зембілдердің құрылысы. Санитарлық зембілдерді жинау және ашып-жаю, зембілдік бауларды пайдалану. Ойдан шығарылған зембілдердің құрылысы, зақымданғандарды (ауруларды) зембілдерге көтеріп салу, жараланғандарды зембілдермен тасымалдау ережелері.

7-тақырып. Халықты қорғау тәсілдері.

Халықты корғаудың  негізгі тәсілдері. Халықты қорғаудың  ұжымдық құралдары.

Халықты, қоршаған ортаны және ұйымды төтенше жағдайларда қорғаудын  негізгі қағидаттары.

Халықты қорғаудың негізгі тәсілдері: халыққа дер кезінде хабарлау; радиацияға қарсы қорғану және химиялық уланудан сақтану; қорғану ғимараттарыңдағы бассауғалаулар; халықты төтенше жағдай аймақтарынан эвакуациялау; халықты жеке-дара және медициналық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету. Ұйымды және халықты қорғау режимдері. Дозиметриялық және химиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу. Жергілікті жерлердің радиоактивті және химиялық ластануы (залалдануы) кезінде халықты қорғау тәсілдері. Халық пен азаматтық қорғаныс құрамаларын радиациялық қорғаныс орны және химиялық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары.

Панаханалар, олардың мақсаты, жіктелуі, құрылысы, адамдарды, бассауғалау және өздерін ұстау тәртібі. Қалалардың жерасты кеңістіктерін, тау-кен орындарын пана үшін пайдалану.

Радиациядан қорғау орындары (РҚО), олардың мақсаты, құрылысы, адамдарды панаханаларға кіргізу тәртібі мен өздерін ұстау ережелері. Жер қабаттарды, ұраларды, басқа да ғимараттарды бассауғаға икемдеп келтіру.

Ескерту: Жоғары оқу орындарында  қорғану ғимараттары болса, сабақ сонда өткізіледі.

Жеке қорғаныс жабдықтары.

Жеке қорғаныс құралдарын жіктеу. Ересектер мен балалардың тыныс органдарын қорғау құралдары. Тыныс органдары мен теріні қорғаудың жеке-дара құралдарын таңдау мен пайдалану амалдарымен танысу және игеру.

Жеке қорғанудың медициналық құралдары (АИ-2, ИПП-8), оларды қолдану.

Балаларды қорғау ерекшеліктері. Балаларды  қорғау жөніндегі ересектердің міңдеттері.

8-тақырып.  Өткір сәуле ауруы. 

Өткір сәуле ауруы жөнінде түсінік. Сыртқы және ішкі сәулелену.Сіңірілген, экспозициялық және эквиваленттті (балама) мөлшерлері. Тері қабатының радиоактивті заттармен ластануы. Өткір сәуле ауруының даму сатысы және дәрежесі, алғашқы белгілері. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету тәсілдері.

9-тақырып.Адамдарды  санитарлық тазартудан өткізу.

Радиациялық, химиялық, бактериологиялық апат ошағында болған адамдарды санитарлық тазарту әдістерін жүргізу міндетті екенін түсіндіру. Санитарлық тазарту  әдістерін үйрету.

10-тақырып.Төтенше  жағдайлар ахуалында суды және  азық-түлікті қорғау.

Үй жағдайында су мен тамақ өнімдерін қорғау. Су көздерін қорғау және күзету: су тартатын скважиналар, құдықтар, бұлақтар, фермаларды сумен жабдықтау және суару көздері.

Жұмыс орындарын, пәтерлерді (үйлерді), тамақ өнімдерін зарарсыздандыру кезіндегі халықтың іс-қимылы.

Дезинфекция, дезактивация, дегазация жөніндегі ұғым.

11-тақырып.Мал  және өсімдік уларымен уланған  кезде дәрігер келгенге дейін  көмек көрсету.

Улы саңырауқұлақтар: сасық саңырауқұлақ, шыбынжұт, жалғанкөк және басқалар. Улану белгілері.

Өсімдік уларымен улану: цикутамен (мысықақ желке, су убалдырғаны), аконитпен (қара уқорғасын, көгілдір сарғалдақ) және басқалармен.

Улы жыландар: әбжылан, ордалы жылан, гюрза, эфа. Уланудың белгілері. Дәрі-дәрмектік  заттарды көрнекілеу.

 

2-ТАРАУ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАРАҚАТТАНУЛАР, КҮШТІ АУРУЛАР ЖӘНЕ УЛАНУ Я ЖАРАҚАТТАНУ

 

1-тақырып.  Жарақаттану.

Жарақаттар  түрлері. Балалардың жарақаттануы.

Жарақаттар түрлері, топтасуы. Жарақаттың белгілері, асқынуы, нерв жүйесінің  күйзелісі, яғни шок жағдайына түсуі  қауіптілігі жөнінде түсінік. Жарақат шогына түсірмеу жағдайын қарапайым әдістермен ұйымдастыру.

Жабық жарақаттар түрі, белгілері, дәрігерге  дейінгі көрсетілетін көмектің әр түрлі  әдістерін көрсету, үйрету. Аяқтың ауыр заттардың астында ұзақ уақыт  жаншылуы жөнінде түсінік. Балалардың жарақаттануы, алдын-алу шаралары.

Жара. Жаралардың індеттенуі.

 Жаралардың түрлері, белгілері,  асқынуы. Жаралардың індеттенуі, яғни инфекциялық ауруларға айналуы: жаралардың іріңдеуі, сіреспе ауруы.

Асептика және антисептика туралы түсінік. Ашық жарақатқа алғашқы көрсетілетін медициналық көмек.

Хирургияда қолданылатын таңу материалы. Таңулардың түрлері, таңу ережелері, қол-аяқ жарақаттанғанда таңып байлаудың әдістері, түрлері (амалдарды пысықтау).

Қансырау.

Қансырау анықтамасы, түрлері. Қан кетудің қауіптілігі. Қан кеткенде уақытша тоқтатудың тәсілдері. Қан құю туралы ұғым. Қан ағуды уақытша тоқтатудың тәсілдерін пысықтау, қан тамырын саусақпен қысу, қысып таңу, стандартты және қолдағы материалдармен бұрау салу, бұрау-орамал салу әдістерін көрсету және пысықтау.

Сүйектің сынуы. Жедел дәрігерге дейінгі көмек.

Сүйектің сынулар түрлері, белгілері, сүйек сынудың қауіптілігі. Дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің әдістері. Балалардың сүйек сынуының ерекшелігі. Омыртқа және жамбас сүйектерінің сынуы, дәрігерге дейінгі көмектің ерекшелігі.

Тасмалдау әдістері. Иммобилизация әдістері. Қол-аяқ сүйектері сынғанда арнайы медициналық шиналары мен, я болмаса қолдағы бар нәрселерді қолдану арқылы иммобилизациялау әдістерін көрсету және пысықтау.

Бас жарақатты.

Бас сүйегі мен мидың зақымдануы. Бастың жабық зақымдануының түрлері, белгілері. Бас сүйегінің сынуы. Мидың шайқалуы мен соғылуы. Осы  жағдайлардағы алғашқы дәрігерге  дейінгі көмек. Бас жарақаттанғандағы  таңулар түрлері, көрсету, пысықтау.

Кеуде мен  құрсақтың зақымдануы.

Көкірек қуысының жабық зақымдануы, соғылуы, қабырғалардың сынуы. Асқынуы. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек. Кеуде мен құрсақ жараланған кезде  таңулар салудың әдістері, ережелері. Герметизацияланған (окклюзивті) таңғышты салу мен үйрену.

2-тақырып.  Бақытсыз жағдайларда және қатерлі,  күшті ауруларға ұшыраған жағдайда дәрігер келгенше көрсетілетін көмек.

Информация о работе Тіршілік қауіпсіздігі негіздері